Материалдар / Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы. Екпін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы. Екпін

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2018
7033
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қараманова Айсұлу Төлеуқызы

Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебі, Қазалы ауданы

Қазақ тілі, 6 –сынып


ҰМЖ тарауы

2 – бөлім: Ұлттық және отбасылық құндылықтар

Мектеп: Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебі

Сынып: 6

Пәні: қазақ тілі

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы. Екпін . 1- сағат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу

6.ӘТН.2. Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

«Ұлттық құндылықтар- ел қазынасы» тақырыбында ой толғам жасайды. Диалогтік сөйлесімде екпінге мән береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» тақырыбында тыңдалым арқылы терминдерді орынды қолданып, мазмұндауда екпін түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Түрлі жағдаяттарды шешуде ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады. Сөйлесім барысында екпін түрлерін қолданады.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

«Ұлттық құндылықтар- ел қазынасы» тақырыбында ой толғам жасай алады.

Тыңдалым арқылы терминдерді орынды қолданып, мазмұндауда екпін түрлерін ажырата алады.

Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриотизм, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік, ашықтық , құрмет, сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, 5- сынып Ф. Оңғарсынова »Оюлар» өлеңі, қазақ тілі 5-сынып «Отбасылық мерекелер мен дәстүрлер»


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсінеді. Екпін түрлерін қолдана отырып, диалогтік қарым – қатынасқа түседі.

Негізгі сөздер мен тіркестер: (пәнге арналған сөздік және терминология)

Еуразия – Евразия – Eurasia (Еурэйша)

Кең – байтақ дала – широкая степь – wide steppe (уайд степпи)

Отан – родина- motherland ( мазеләнд)

Тәуелсіз – независимость –independence (индепенденс)

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Атамекен, жерұйық , атажұрт , пайдалы қазбалар, ұлан- байтақ дала

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. «Құндылық» дегенді қалай түсінесің?

  2. Ұлттық құндылықтарда қандай сыр бар?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Туып - өскен жеріңді, ата – бабаларыңның мекенін көркейту үшін не істер едің?

Алдыңғы білім

Екпін ( 4- сынып, қазақ тілі), «Тіл – ұлттық құндылық»

(3- сынып, қазақ тілі)

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин




















2 мин





2 мин








3 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату

«Мейірімділік шеңбері» әдісімен оқушылар адам бойындағы құндылықтар туралы айтады.

Топқа бөлу. Сынып оқушылары есімдерінің буын санына қарай оқушылар топқа бөлінеді

  1. топ – бір буынды сөздер

  2. топ- екі буынды сөздер

  3. топ- үш буынды сөздер

ҚБ Мадақтау

Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

  1. «Атамекен», «атажұрт» сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?

  2. Туып - өскен жеріңді, ата – бабаларыңның мекенін көркейту үшін не істер едің?

  3. Екпін туралы не білесің?

  4. «Құндылық» дегенді қалай түсінесің?

  5. Ұлттық құндылықтарда қандай сыр бар?

ҚБ Бармақ арқылы бағалау


Оқушылардың пікірін қорытындылай келе, жаңа сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.


Қорапша қима қағаздар, буын саны әртүрлі сөздер

Түрлі – түсті қағаздар, инт. тақта


Қазақ тілі ,

6- сынып Б. Әрінова,

Г. М.Раева, Г.С.Каримова,

Л.К.Жұмекенова

«Атамұра» баспасы-2018жыл

Сабақтың ортасы


28 мин

9 мин











5 мин









5 мин








5 мин














4 мин


ТЖ. «Топтық зерттеу» әдісі.

«Ұлттық құндылығым - байлығым» тақырыбында мәтін тыңдалады. Тыңдалған мәтін бойынша топтық жұмыс жасалады.

  1. топ. Мәтіндегі негізгі ойды, мазмұнды нақтылап анықтайды.

  2. топ. Мәтіннің мазмұнына сәйкес сурет салып , ойларын айтады.

  3. топ . Мәтіндегі дауыс интонациясы арқылы екпіннің түрлерін ажыратады.

ҚБ Дескриптормен бағалау

Ж. Дәптермен жұмыс. Мозайка» әдісі. Сандықтың ішінен қима қағаздарға жазылған екпіннің және оның түрлерінің анықтамасы жазылған сөздерді тауып құрастырып, ережелерді тағы қайталап шығады.

ҚБ Көңіл – күйді білдіретін смайликтер

Тілдік бағдар. Екпін. Оқушылар екпіннің ережесімен танысады. Оқушылардың орындаған жұмыстарын қорытындылап, екпін және оның түрлері туралы ақпаратты толықтырамын.

ЖЖ. «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» тақырыбында жұпта өзара диалогтік сұхбат жүргізеді.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс »

Ж. Оқулықпен жұмыс

4- тапсырмамен жұмыс жүргізіледі.


Мәтіндегі ақпарат

+

-

1

Қазақстанның жері кең- байтақ, табиғаты көркем



2

Еліміз Еуразияның орталығында орналасқан.



3

Қазақстан - көпұлтты, тәуелсіз мемлекет



4

Халқының саны 15 миллионнан асады.



5

Елімізде сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер көп.



ҚБ Мадақтау

Кері байланыс.

«Сиқырлы қалам» әдісі.

Бір –бірлеріне сиқырлы қалам ұсыну арқылы ұлттық құндылықтар туралы түйінді сөздер айтады.

Оқулық, дәптер, қалам

АКТ мүмкіндігі, бейнежазба








Оқулық







Таратпа қағаздар



Сабақтың соңы

5 мин













3 мин

Рефлексия.

«Сауалнама» әдісімен оқушыларға шағын сауалнама ұсынылады.

Сабақта мен ... жұмыс істедім.

белсенді / енжар

Мен сабақта өз жұмысыма...

ризамын / риза емеспін

Менің көңіл –күйім ...

жақсы болды / нашарлады.

Сабақ материалы маған ...

түсінікті/ түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

қызықты / зеріктіретін

Үй тапсырмасы маған ...

жеңіл / қиын

қызықты / қызықсыз


Сауалнама

парақшалары



2 мин

Үйге тапсырма.

  1. «Ұлттық құндылық – ел қазынасы » тақырыбында эссе жазады.

  2. Екпін және оның түрлері туралы оқып келеді.


Қосымша ақпарат

Саралау –

Бағалау –

Денсаулық - ҚТС

  1. Топтық , жұптық және жеке жұмыстарды бірлесіп, ынтымақтаса атқаруда белсенді оқу әдістерін қолданамын.

  2. «Ой қозғау» әдісімен өтілген сабақтарды пысықтауға байланысты сұрақтарға тыңғылықты жауап беруге дағдыланады.

  3. Жеке жұмыс орындау үшін «Мозайка» әдісі таңдап алынды.

  4. Барлық оқушыларға «Топтық зерттеу» әдісі бойынша тыңдалым дағдысына түрлі тапсырмалар беріледі. «Ұлттық құндылығым – ел қазынасы» тақырыбында жұпта өзара диалогтік сұхбат жүргізеді.

Оқушылардың ілгерілеуін, уәжін дамыту мақсатында бірнеше бағалау түрлерін пайдаланамын.

Бірлескен топтық, жұптық , жеке жұмыстарын бағалауда «Мадақтау», «Бармақ арқылы бағалау», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» , «Көңіл- күйді білдіретін

смайликтер», рефлексия алуда «Сауалнама» , кері байланыста» Сиқырлы қалам» «Мозайка» әдістері қолданылады.Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.

АКТ мүмкіндігі

Техника қауіпсіздігін сақтау

Жоспарлаудағы рефлексия.

Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары SMART өлшеміне сай шынайы жоспарланды. Оқу мақсатындағы дағдыға байланысты әдіс –тәсілдерді таңдау мен үшін қиынға соқты. Сыныпта қолайлы орта қалыптастыру үшін белсенді оқу және саралау әдістерін пайдаландым. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатылды. Оқушылардың ілгерілеуін, уәжін дамыту мақсатында бірнеше қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдандым. Оқушылар топтық , жұптық және жеке жұмыстарды бірлесіп, ынтымақтаса атқарды. Тақырыпқа сай жұпта өзара диалогтік сұхбат жүргізді. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылды.Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушы қажеттілігін ескере отырып, тапсырмаларды жүйелі қолдануды мақсат еттім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Қалыптастырушы бағалау кезінде қолданған әдістерім

  2. «Топтық зерттеу» әдісі кезінде оқушылар белсенді болады

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. ЖЖ. «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» тақырыбында жұпта өзара диалогтік сұхбат жүргізу.

  2. Кері байланыс

  3. Уақытымды тиімді жоспарлау

Осы сабақтың барысында барлық сынып пен жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

Әдіс – тәсілдерді оқу мақсатындағы дағдының түрлеріне сай таңдау керектігі жөнінде тәжірибе жинай бастадым. Оқушының деңгейіне қарай тапсырма беру керектігін түсіндім.

Ықшам сабақтың ықпалы:Ықшам сабақты қорғау барысында оқу мақсатын СМАРТ өлшеміне сай жоспарлаудың тиімді болатынын түсіндім. Оқу мақсатындағы дағдыға байланысты белсенді оқу мен саралау әдістерін таңдауыма әріптестерімнің ықпалы зор болды. Оқушылардың ілгерілеуін, уәжін дамыту мақсатында бірнеше қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдандым.Оқу үдерісі барысында Мәңгілік Ел құндылықтарының іске асыру бағытын анықтадым.Кері байланыс пен рефлексияның оқушы мен мұғалім үшін оқу үдерісін ілгерілетудегі маңызын білдім.Нәтижеге бағытталған әдістерді сабақ жоспарына енгізудің қажеттілігін ұғындым. Оқушының деңгейіне қарай тапсырма беру керектігін түсіндім.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Тапсырма 1. «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» тақырыбын тыңдай отырып, топтық зерттеу жасайды.

Тыңдалым мәтіні

Тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған ең жауапты міндет –жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеп, тиянақты білім беру. Сондықтан, халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, салт-дәстүрлерімізде жатыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: — Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, — деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.

Ұлттық құндылық дегеніміз не? Ұлттық құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады...

  1. топ .Мәтіндегі негізгі ойды, мазмұнды нақтылап анықтайды.

  2. топ. Мәтіннің мазмұнына сәйкес сурет салып, ойларын айтады.

  3. топ Мәтіндегі дауыс интонациясы арқылы екпіннің түрлерін ажыратады.


Тапсырма 2. Оқулықтағы 4- тапсырмамен жұмыс


Менің Отаным- Қазақстан. Қазақстан – көпұлтты, туелсіз мемлекет. Оның жері кең – байтақ, табиғаты көркем. Еліміз Еуразияның орталығында орналасқан. Халқының саны 18 миллионнан асады. Қазақстанның ұлан – байтақ даласында мол байлық бар, бұл – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар.

Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Олар: Ту, Елтаңба, Гимн.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы- Астана. Астана- Сарыарқа даласында,Есілдің жағасында орналасқан.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаев. Біз өз Отанымызды сүйеміз.


Бағалау критерийі

Дескриптор

«Ұлттық құндылық – ел қазынасы» тақырыбында ой толғам жасайды.


Мәтіндегі ұлттық құндылықтарды анықтап, өзіндік көзқарасын білдіре алады.

Мазмұндауда екпін түрлерін қолданады.

Тыңдалым арқылы терминдерді орынды қолданып, мазмұндауда екпін түрлерін ажырата алады.

Мәтіннен дайын тіркестер мен терминдерді анықтайды.

Мәтінді мәнерлеп оқуда екпін түрлерін қолданады.














Сабақ жайлы жазба

Сыныбы: 6

«Тыңдалым дағдысы – оқушыларды тиімді тыңдауға және ақпаратты түсініп, онымен не істеу керек екенін үйретуге негізделеді»,- деп Мендельсон айтқандай , мен осы сабағымды тыңдалым мен айтылым дағдысына негіздеп жоспарлаймын. Оқу бағдарламасынан алынған ұзақ мерзімді жоспардың 2- бөлімі «Ұлттық және отбасылық құндылықтар». Сабағымның тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар - ел қазынасы» . Екпін, 1- сағаты. Пәні: Қазақ тілі, 6- сынып.

Сабақты ұйымдастырғанда мен оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа аламын. Оқу мақсаттарын нақты, өлшемді қолжетімді, шынайы етіп СМАРТ – қа сай құрамын.. 6.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу ӘТН.2. Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.

Оқу мақсатымды тыңдалым,айтылым және әдеби тілдік нормалар аясында алып, оқушылар сабақта немен айналысатыны және нәтижесінде нені үйренуге тиіс екендігін анықтау мақсатында оқу мақсатынан мынадай сабақ мақсаттарын шығарып аламын: Барлық оқушылар орындай алады: «Ұлттық құндылықтар- ел қазынасы» тақырыбында ой толғам жасайды. Диалогтік сөйлесімде екпінге мән береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: «Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» тақырыбында тыңдалым арқылы терминдерді орынды қолданып, мазмұндауда екпін түрлерін ажырата алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Түрлі жағдаяттарды шешуде ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады. Сөйлесім барысында екпін түрлерін қолданады. Сабақ мақсатын жоспарлағанда БЛУМ –ның сұрақ қою өлшемінің білу, түсіну, қолдану секілді ойлау деңгейлерін таңдап алаиын. Сабақтың басында жаңа сабағымның оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырып өтемін.»Белсенді және саралап оқыту - мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын, оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана білуін қамтамасыз ететін дидактикалық үдеріс» (МАН, 31-бет) деп көрсеткендей, мен сабағымды дерлік Jimenez – Aleixandre - (2008) нің қолайлы орта құрудың алты қағидатына негіздеп жоспарлаймын. Онда оқушылар «Мейірімділік шеңбері» әдісі арқылы адам бойындағы ұлттық құндылықтарды айтса , сынып оқушылары есімдерінің буын санына қарай топқа бөлініп, оқу үдерісіне белсене араласады. Оқушыларға бағытталған рөльдік модельдер ретінде түрлі қызықты әдістер таңдалады. Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісімен

«Атамекен», «атажұрт» сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?

Туып - өскен жеріңді, ата – бабаларыңның мекенін көркейту үшін не істер едің?

Екпін туралы не білесің?

«Құндылық» дегенді қалай түсінесің?

Ұлттық құндылықтарда қандай сыр бар?

деген сауалдарға оқушылар өте қызықты түрде жауап берсе, . Мозайка» әдісімен сандықтың ішінен қима қағаздарға жазылған екпіннің және оның түрлерінің анықтамасы жазылған сөздерді тауып құрастырып, ережелерді тағы қайталап шығады. ТЖ. «Топтық зерттеу» әдісімен «Ұлттық құндылығым - байлығым» тақырыбында мәтін тыңдалады. Тыңдалған мәтін бойынша топтық жұмыс жасалады. Онда оқушылар берілген тапсырмадан проблеманы айқындап, оны шешудің жолдарын бірлесіп табады. Оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін білікті түрде қалыптастырушы бағалаудың түрлі тәсілдерін қолданамын. Атап айтсам, «Мадақтау», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бармақ арқылы бағалау» , «Смайлик арқылы бағалау» «Дескриптормен бағалау». Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, оқу үдерісін дер кезінде түзетіп отыруға мүмкіндік береді, оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектеседі. Оқушылар сабақ материалдарын оқулықтан, әлеуметтік желілерден , өзге де дерек көздерінен алады. Оларды диалогке, бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беретін «Ұлттық құндылығым – ел қазынасы » тақырыбында жұптық диалогтік сұхбат жүргізіледі. «Сиқырлы қалам» әдісімен кері байланыс орнатылады.Бір –бірлеріне сиқырлы қалам ұсыну арқылы ұлттық құндылықтар туралы түйінді сөздер айтады. Сабақ соңында «Сауалнама» әдісімен оқушыларға шағын сауалнама ұсынылады. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушы қажеттілігін ескере отырып, тапсырмаларды жүйелі қолдануды мақсат етемін.

Қазақ халқының тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы,ғалым, ұлттық жазудың реформаторы , ағартушы А.Байтұрсынов «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» саласының теориялық мәселелерін қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды. 1928 жылы »Жаңа мектеп» журналының 8- санында жарияланған «Қай әдіс жақсы» деген көлемді мақаласында орыстың ұлы педагогі Л.Н.Толстойдың «Үйрету әдістері туралы» деген еңбегіне талдау жасай отырып, «Әдіс деген қатып- семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі- бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу»,- деп тұжырымдайды.

Сондықтан да мұғалім бүгінгі күннің талабына сай дайын оқулықтағы ақпараттарды балаға беруші ғана емес, ізденіске бағыттаушы, жетелеуші бола білуі шарт.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!