Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ұлттық құндылықтар-ауыз әдебиетінді" элективті курс жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ұлттық құндылықтар»
элективті курсы
Құрастырушы автор: Сапаргалиева Ж.М қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Ұлттық құндылықтар»:/авт.бағдарл., /әд.нұсқ./
Кітап жалпы білім саласы қызметкерлеріне арналған.
Түсініктеме хат мазмұны
«Ұлттық құндылықтар» атты авторлық бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясындаәдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.
Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша оқу курсы ретінде ұсынылады. Бағдарламаның ерекшелігі өтілетін тақырыптар жалпы оқу бағдарламасында қамтылмаған және оқушылардың жалпы еңбектік білім алып, кәсіби өзін-өзі анықтауы мен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік жасайды.
Бағдарламаның мақсаты: Өз халқымыздың атадан-балаға мирас болып келе жатқан, ұлттық құндылықтарын білім алушының бойына сіңіріп, біліммен қатар тәрбие беру.
Бағдарламаның міндеттері:
-
Ана тілі болып қалатынын негіздеу;
-
Қазақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу;
-
Өзге ұлт өкілдерін қазақ халқының бай ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру;
-
Жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру;
Бағдарламаның өзектілігі:
Бұл элективті курс аясында өзге ұлт оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуда ұлттық құндылыққа өткен атабабаларымыздың елі мен жері үшін жан аямай жасаған ерліктері бейнеленген шығармалармен, сан ғасырдан бері келе жатқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тиімді пайдалану, жауһар халық ауыз әдебиеті мен өнегелі ұлт қайраткерлерінің халқы үшін жасаған күресі сынды ұмытылмас сезімдермен таныстыру. Ұлттық құндылықтың бастауы-ауыз әдебиетінде. Оның ең басты құндылығы-халықтың дәстүрін, өмір салтын сақтап, оны келесі ұрпаққа асыл мұра етіп жеткізуде. Осы ауыз әдебиеті үлгілерін оқушыларға терең таныстыра отырып, отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке, мейріміділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Бағдарламадан күтілетін нәтиже:
-Мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік танытады;
-Шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлайды;
-Тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастырады;
-Ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлайды.
Ұлттық құндылықтар көздері:
Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық құндылықтар – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Авторлық бағдарламаның жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған тапсырмалар арқылы
-Өз ойын ашық айта алады;
-Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі;
-Шығармашылықпен жұмыс жасайды.
Бағалау формалары: Оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Бағалау барысында: материалдың дұрыс әрі сапалы баяндалуын, ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуын, оқушылардың дербес жауап беруін, материалдың дәлелді баян далуын, интеллектуалды, жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділік қалыптастырғанын ескеру қажет.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім
І тоқсан
Барлығы 8 сағат: теория-1, тәжірибе-7
1-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Ұлттық құндылықтар-ел қазынасы. Кіріспе
2-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Халық ауыз әдебиеті-тәрбие бастауы
3-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Ертегілер-халық даналығының айнасы
4-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: «Алтын сақа» ертегісінің композициялық құрылымы
5-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Жаттығу жұмысы
6-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Тұрмыс-салт ертегілері.
«Ақыл, ғылым, бақыт» ертегісі
7-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Хайуанаттар туралы ертегілер. «Түлкі мен ешкі» ертегісі
8-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Шығармашылық жұмыс
ІІ тоқсан
Барлығы 8 сағат: теория-1, тәжірибе-7
9-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Шыншыл ертегілер туралы
10-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: «Аяз би» ертегісі
11-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Аңыз әңгімелер-көркем шығарма. Асан қайғы, Алдар Көсе туралы аңыздар
12-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі
13-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Мақал- мәтелдердің тәрбиелік мәні
14-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Жаттығу жұмысы
15-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Тест тапсырмалары
16-caбaқ (1 caғaт)
Шығармашылық жұмыс . Жоба жұмысын қорғау
ІІІ тоқсан
Барлығы 9 сағат: теория-4, тәжірибе-5
17-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Жұмбақтың дүнетанымдық, тәрбиелік мәні
18-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Практикалық жұмыстар
19-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Шешендік сөз-ұлттық тәрбие
20-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Шешен сөйлеудің құпиялары
21-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би
22-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Жиренше шешеннің нақыл сөздері
23-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Жыраулар поэзиясы шешендік өнер тұнығы
24-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Сырымның айтқан сөздері
25-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Шығармашылық жұмыс
ІV тоқсан
Барлығы 9 сағат: теория-4, тәжірибе-5
26-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Батырлар жырының көркемдік ерекешелігі, тәрбиелік мәні
27-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: «Алпамыс батыр» жыры-қазақ халқы батырлар жырының ішіндегі ең көнесі
28-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Туады ерлер ел үшін
29-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Жақсы жар-батырдың жан серігі
30-caбaқ (1 caғaт)
Тaқыpыбы: Ғашықтық жырлар
31-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Шынайы махаббаттың қос шынары
32-caбaқ ( 1 caғaт)
Тaқыpыбы: Шығармашылық жұмыс
33-34-caбaқ ( 2 caғaт)
Тaқыpыбы: «Халық ауыз әдебиетін ұлттық құндылық ретінде таныту» курсының маңыздылығы
Нормативтік бөлім
Күнтізбелік тақырыптық жоспар аптасына-1 сағаттан 34 сағат
№ |
Бөлім Бөлімше Тақырып |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Білім өнімі |
||
Барлығы |
Лекция/ Теория/ |
Тәжірибе/ |
||||
І тоқсан Барлығы 8 сағат: теория-1, тәжірибе-7 |
||||||
1 |
Ұлттық құндылықтар-ел қазынасы. Кіріспе |
Элективті курс туралы ақпарат беру. Курстың мақсатын, міндетін таныстыру |
1 |
1 |
|
Ұлттық құндылықтар туралы мағұлмат алады. Тақырып бойынша қысқаша конспект жазады. Мәтін мазмұнын кестеге салады |
2 |
Халық ауыз әдебиеті-тәрбие бастауы |
Халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәніне, оның түрлеріне тоқталу |
1 |
|
1 |
Түрлерімен танысады. Тәрбиелік мәнін түсіне біледі |
3 |
Ертегілер-халық даналығының айнасы |
Қазақ ертегілерінің түрлерімен таныстырып, олардың бала өмірінде қандай орын алатындығына тоқталу |
1 |
|
1 |
Ертегілер туралы ақпаратпен танысады. Түрлерін ажыратады |
4 |
«Алтын сақа» ертегісінің композициялық құрылымы |
Қиял-ғажайып ертегілер арқылы оқушының ой-қиялын дамыту |
1 |
|
1 |
Сөздік жұмысын жасайды. Ертегі үзіндісімен танысады. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, «Оқиға картасын » толтырады |
5 |
Жаттығу жұмысы |
Оқушыларды ертегіні түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету. Тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту. Адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу |
1 |
|
1 |
Ертегіні орыс халқының ертегілерімен салыстырады. Кейіпкерлеріне мінездеме береді |
6 |
Тұрмыс-салт ертегілері. «Ақыл, ғылым, бақыт» ертегісі |
Тұрмыс–салт ертегілерінің тәрбиелік мәнін ашу. Рөлге бөліп оқу арқылы тіл дамыту. Мазмұнын «Фишбоун» арқылы көрсету. Өз қорытындыларын жасау |
1 |
|
1 |
Тұрмыс –салт ертегілер туралы мағұлмат алады. Ертегіні рөлге бөліп оқиды. Мазмұнын «Фишбоун» әдісі арқылы талдап, қорытынды жасайды |
7 |
Хайуанаттар туралы ертегілер. «Түлкі мен ешкі» ертегісі |
Ертегінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Ертегі мазмұнын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, өз ойларын айту |
1 |
|
1 |
Ертегіні оқиды. Мазмұны бойынша сұрақтар құрайды.Ертегінің тәрбиелік мәнін бүгінгі күнмен байланыстырып айтады |
8 |
Шығармашылық жұмыс |
Өз қиялдарымен шағын ертегі құрастыру. Тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтап, «Алты қалпақ» әдісімен қорытындылау |
1 |
|
|
«Алты қалпақ» сұрақтарына жауап береді. Сұрақтарға жауап беру арқылы тоқсан бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Өз ойларымен шағын ертегі құрастырады |
ІІ тоқсан Барлығы 8 сағат: теория-1, тәжірибе-7 |
||||||
9 |
Шыншыл ертегілер туралы |
Шыншыл ертегінің шығу тарихына, тақырыбына, кейіпкерлеріне тоқталу |
1 |
|
1 |
Шыншыл ертегілер туралы біледі. Тақырыптарымен танысады. Негізгі ақпаратты сызбаға салады |
10 |
«Аяз би» ертегісі |
Мазмұнын түсіну. Рөлге бөліп оқу. Кейіпкерлерін талдау. Түйінді ойды анықтау |
1 |
|
11 |
Ертегіні тыңдайды. Ой бөліктерге бөледі. Әр ой бөліктегі негізгі оқиғаны табады. Кейіпкерлерін талдайды |
11 |
Аңыз әңгімелер-көркем шығарма. Асан қайғы, Алдар Көсе туралы аңыздар |
Аңыз әңгімелермен таныстыру. Олардың ерекшеліктеріне тоқталу. Асан қайғы, Алдар көсе туралы аңыздарды талдау |
1 |
|
|
Аңыз әңгімелер туралы мәтінді оқиды. Негізгі ақпаратты сызба арқылы көрсетеді. Алдар көсе бейнесімен танысады |
12 |
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі |
Мақал-мәтелдер туралы түсіндіру. Олардың тәрбиелік мәніне тоқталу |
1 |
|
1 |
Мақал-мәтелдер туралы ақпарат алады. Мақал мен мәтелдің айырмашылығын біледі. Нақыл сөздердің мағынасын ашады |
13 |
Мақал- мәтелдердің тәрбиелік мәні |
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, қолданылу аясын анықтау |
1 |
1 |
|
Тәрбиелік мәнін аша алады. Қолданылу аясын табады |
14 |
Жаттығу жұмысы |
Мақал-мәтелдің мағынасын ашып тарқатып айту. Өз ойларын ортаға салу |
1 |
|
1 |
Қазіргі өмірмен байланыстырады; Өз ойларын еркін айта біледі; Тәрбиелік мәнін түсінеді |
15 |
Тест тапсырмалары |
Тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтау |
1 |
|
1 |
Тест тапсырмаларын орындайды |
16 |
Шығармашылық жұмыс. Жоба қорғау |
Шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету. Өз таңдаулары бойынша өтілген тақырыптар негізінде жоба жұмысын қорғау |
1 |
|
1 |
Өздеріне ұнаған ертегі бойынша постер жасайды |
ІІІ тоқсан Барлығы 9 сағат: теория-4, тәжірибе-5 |
||||||
17 |
Жұмбақтың дүнетанымдық, тәрбиелік мәні |
Жұмбақтар туралы мағұлмат беру. Тақырыптарымен таныстыру. |
1 |
1 |
|
Жұмбақтардың шығу тарихымен танысады. Түрлерін білетін болады. Жұмбақ шешеді, оның түрін ажыратады |
18 |
Практикалық жұмыстар |
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Жұмбақ құрстыра білуді үйрету |
1 |
|
1 |
Сөзжұмбақтың шешуін тауып, жасырынған сөзді анықтайды. Топқа бөлініп әр түрлі тақырыптағы жұмбақтарды шешеді |
19 |
Шешендік сөз-ұлттық тәрбие |
Шешендік сөздер туралы мағұлмат беру, қазақтың би-шешендерімен таныстыру |
1 |
1 |
|
Шешендік өнер, шешендік сөздер туралы мағұлматпен танысады. Қазақтың атақты би -шешендерінің аттарын біледі. Нақыл сөздерге талдау жасайды |
20 |
Шешен сөйлеудің құпиялары |
Шешенге қойылатын талаптар туралы, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті түсінік беру |
1 |
|
1 |
Шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығы сақтауға дағдыландырады |
21 |
Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би |
Аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен жөнінде түсінік беру, талдау |
1 |
1 |
|
Бейнебаян арқылы тарихи тұлға Майқы би туралы ақпарат алады. Мәтінмен жұмыс жасайды. Майқы би туралы негізгі ақпаратты диаграммаға салады |
22 |
Жиренше шешеннің нақыл сөздері |
Жиреншенің нақыл сөздерінің мағынасын «Тұжырымдар кестесі» арқылы ашу |
1 |
1 |
|
Жиренше шешен туралы ақпаратпен танысады. Жиренше шешеннің нақыл сөздерінің мағынасын ашып, талдайды |
23 |
Жыраулар поэзиясы шешендік өнер тұнығы |
Жыраулар поэзиясының ерекшелігі мен тақырыптары туралы мағұлмат беру |
1 |
|
1 |
Жыраулар поэзиясымен танысады. Ерекшелігі мен тақырыптарын талдайды |
24 |
Сырымның айтқан сөздері |
Сырым шешеннің айтқан сөздерінің мағыналылығын түсіну. «Тұжырымдар кестесі» арқылы талдау. |
1 |
|
1 |
Берілген нақыл сөздердің мағынасын «Тұжырымдар кестесіне» салып түсінеді. Нақыл сөзді мағынасын сақтап, перифразалап жазады |
25 |
Шығармашылық жұмыс |
Тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтап, сызба, кесте түрінде ұсыну |
1 |
|
1 |
Шығармашылық жұмыс жазады, талдайды, жинақтайды |
ІV тоқсан Барлығы 9 сағат: теория-4, тәжірибе-5 |
||||||
26 |
Батырлар жырының көркемдік ерекешелігі, тәрбиелік мәні |
Батырлар жыры туралы түсінік беру. Жырда кездесетін бейнелі сөздерді табу. Ұлттық тәрбиені ұғындыру |
1 |
1 |
|
Батырлар жыры туралы ақпарат алады. Көркемдік ерекшелігін, тәрбиелік мәнін біледі |
27 |
«Алпамыс батыр» жыры-қазақ халқы батырлар жырының ішіндегі ең көнесі |
Жырдың идеялық көрскемдік сипатын ашу, жырда көтерілген мәселелерге шолу, мазмұнына тоқталу |
1 |
1 |
|
Жырдың шығу тарихын, оның ең көне жыр екенін біледі. Кейіпкерлерімен танысады. |
28 |
Туады ерлер ел үшін |
Батырлар жырындағы батыр бейнесін ашу, келер ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тәрбие беру |
1 |
|
1 |
Батырлар жырындағы батыр бейнесін ашады |
29 |
Жақсы жар-батырдың жан серігі |
Батырға серік болар әйелдер образына тоқталу. Гүлбаршын сұлудың бейнесін ашу |
1 |
|
1 |
Сабақ тақырыбын ашады. Гүлбаршын бейнесін ашып, жинақтап, кластерге салады |
30 |
Ғашықтық жырлар |
Лиро-эпостық жырлар туралы ақпарат беру, түрлерімен таныстыру |
1 |
1 |
|
Ғашықтық жырлар туралы біледі. Түрлері мен, тақырыбымен, негізгі кейіпкерлерін анықтайды |
31 |
Шынайы махаббаттың қос шынары |
«Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырының тәрбиелік мәні, қазіргі заманмен байланысы, іңкәр махаббатты аңсаған Қозы мен Баянның қасиеттерін қазіргі жастарға, болашақ ұрпаққа уағыздау арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту |
1 |
|
1 |
Қазіргі өмірмен байланыстырады. Өз ойларын еркін айта біледі. Тәрбиелік мәнін түсінеді |
32 |
Шығармашылық жұмыс |
Тақырып бойынша шағын эссе жазу |
1 |
|
1 |
Шығармашылық жұмыс жазады, талдайды, жинақтайды |
33-34 |
«Халық ауыз әдебиетін ұлттық құндылық ретінде таныту» курсының маңыздылығы |
Жылдық қайталау. Өтілген курс бойынша SWOT талдау |
2 |
1 |
1 |
Курс бойынша алған білімдерін SWOT талдау арқылы талдайды |
Ақпараттық- әдістемелік бөлім
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№1 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Ұлттық құндылықтар-ел қазынасы. Кіріспе |
|
Сабақтың мақсаты |
Элективті курс туралы ақпарат беру. Курстың мақсатын, міндетін таныстыру |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Ойға шақыру: 1.Құндылық дегенді қалай түсінесің? 2.Ұлттық құндылықтарға не жатады? |
Оқушылар амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Көрсетілім арқылы Ұлттық құндылықтар туралы ақпарат беріледі. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар.Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес,дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Тапсырма: Оқушылар дәптерлеріне қысқаша конспект жазады. Берілген мәтіннің мазмұнын тірек сызба арқылы көрсетеді |
Мәтінді түсініп оқиды Тапсырманы орындайды Сұрақтарға жауап береді |
ҚБ Үш «М» әдісі Оқушылар тапсырманы орындау барысында жақсы болған үш сәтті атап және келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетті ұсыну ұсынылады ҚБ «Бір түйін сөз» әдісі ҚБ «Инспектор» әдісі |
Сұрақтар жазулы карточка Қосымша үлестірмелі материалдар |
Сабақтың соңы |
Сұрақ-жауап! 1.Бүгінгі сабақта қандай тақырыпты талқыладық? 2.Алынған ақпарат сен үшін маңызды болды ма? 3.Өзіңе қандай ақпарат ұнады? Неліктен? 4.Бүгінгі тақырып өмірдегі маңызды мәселе қатарына жатады ма? Кері байланыс: «Шығу парағын» толтыру Сұрақтарға жауап беру 1.Бүгінгі сабақ маған ұнады, ұнаған жоқ. Неліктен? 2.Мен үшін қандай пайдасы болды? |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер қағаздары |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№2 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Халық ауыз әдебиеті-тәрбие бастауы |
|
Сабақтың мақсаты |
Халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәніне, оның түрлеріне тоқталу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Мағынаны тану «Ауыз әдебиеті» дегеніміз не? Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржандарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген. Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген. Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Ауыз әдебиетін ұлттық құндылыққа жатқызуға болады ма? Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, пікірлерін тыңдау. Сабақ тақырыбын ашу |
Оқушылар амандасып, Мәтінді түсініп оқиды |
|
|
Сабақтың ортасы |
Слайд арқылы халық ауыз әдебиеті үлгілерімен танысады (слайд қосымша тіркеледі) Топпен жұмыс. Тапсырма: Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру. Тұрмыс-салт жырлары
мақалдар жұмбақтар
Ауыз әдебиеті
Ертегілер аңыз әңгімелер айтыстар мәтелдер шешендік сөздер 1-топ Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді? 2-топ Ауыз әдебиеті дегеніміз не? 3-топ Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді? |
Тапсырманы орындайды Сұрақтарға жауап береді
|
ҚБ «Көршіңді бағала» әдісі Оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын оқып тексереді, ұсынылған дұрыс жауаппен бір –бірінсалыстырады ҚБ «Баспармақ» әдісі |
Қосымша материал |
Сабақтың соңы |
Венн диаграммасы Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін салыстыру
Ауыз әдебиеті К Жазба әдебиеті ері байланыс: «Білім ққоржыны»Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№3 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Ертегілер-халық даналығының айнасы |
|
Сабақтың мақсаты |
Қазақ ертегілерінің түрлерімен таныстырып, олардың бала өмірінде қандай орын алатындығына тоқталу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушылар ортаға шығып, сағат тілі бағыты бойынша бір-бірлеріне комплимент айтады. Ойға шақыру: 1.Ертегіні жақсы көресіңдер ме? 2.Қандай ертегі білесіңдер 3.Жалпы ертегі тыңдайсыңдар ма? Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, пікірлерін тыңдау. Сабақ тақырыбын ашу Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері жарияланады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Слайд арқылы ертегі түрлерімен таныстырады (слайд қосымша тіркеледі) Тапсырма: 1.Қысқаша конспект жасау Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Ертегі құдіретті нәрсе, ұйқыға батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. Ертегілер ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Ертегінің түрлері 1.Қиял-ғажайып ертегілері, 2.Тұрмыс-салт ертегілері, 3.Хайуанаттар туралы ертегілер, 4.Шыншыл ертегілер болып бөлінеді. 2.Ертегі түрлерін сызба арқылы көрсету
|
|
ҚБ «Тексеру парағы» Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын берілген депскриптор арқылы дұрыс орындалуын тексереді |
Қосымша мәтін Слайд |
Сабақтың соңы |
«Ертегі» сөзіне синквейн құрау 1.Ертегі 2.сын есім 2 3.Етістік 3 4.Сөйлем 5.Синоним Кері байланыс: «Рефлексиялық пирамида» |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер қағаздары |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№4 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
«Алтын сақа» ертегісінің композициялық құрылымы |
|
Сабақтың мақсаты |
Қиял-ғажайып ертегілер арқылы оқушының ой-қиялын дамыту |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыстарын, оқу-құралдарын түгелдеу Шолу сұрақтары бойынша өткен сабақты еске түсіріп, пысықтайды Сөздік жұмысы жасалады
|
Оқу-құралдарын реттеп, үй тапсырмасына дайындалу Сұрақтарға толық сөйлем құрап жауап береді 1.Ертегілер дегеніміз не? 2.Оның қандай түрлері бар? 3.Сендерге қандай ертегілер ұнайды? Сөздік Баяғы өткен заманда- в давнее время Көшкенде -когда перезжали Сақа - асық, залитый свинцом Кәрі- старый, кәріліктен- из -за старости Жалмауыз кемпір- баба яга Жас- молодость, жастықтан- из- за молодости Үзеңгі- стремя Үзеңігден аяғын шығарып- вытащив ногу из стремени Жұлып түсірді -выдернула |
|
|
Сабақтың ортасы |
Ертегі оқушыларға таратылады Мазмұны бойынша сұрақтар қойылады -Балаға ауылға не мақсатпен келді? -Ол ошақ басында кімді көрді? -Бала жердегі сақаны қалай алды? -Кемпір баланы қалай қуады? -Түлкілер жалмауызды қалай алдады? -Бала қалай құтылды? Баяғыда бір бай болыпты, оның зарығып тапқан жалғыз ұлы болыпты. Бір күні бай жылқыларын суға айдап келсе, су бетінде өкпе жүзіп жүреді. .Жылқылары үркіп суға жоламайды,сосын бай өкпені құрықпен түртіп жібереді. Өкпе батып кетеді де, жалмауыз кемпір шығады. Байдың жағасынан алады, ол қорқып мені босатшы ат басындай алтын берейін –дейді. Жылқымды түгел берейін –дейді. Кемпір көнбейді. Енді не берейін? Кемпір: -Кемпір жалғыз балаңды бер, жіберейін, -дейді. -Балаңды қай жерде бересін? –дейді. Сонда бай: -Ертен көшемін баламның сақасын жұртқа тастап кетем, сен сақаның қасында отырып ұстап ал –дейді. Көшіп барғаннан кейін баласы әкесінен сақасын сұрайды. Көшкенде қалып қойған, өзің барып алып кел –дейді Бала сақаға жетіп барса, қасында кемпір отырады. Балалардың жауабы. -Бауырсақ ертегісі. Балалар ертегіні назар аударып, мұқият тыңдайды. -Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! -Өзің түсіп ал. Отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын –дейді. -Мен түссем міне алмаймын жаспын ғой –дейді Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады, ол сақаны іліп алады. Кемпір қуа жөнеледі. Жете алмайтын болғасын, кемпір бір тісін лақтырғанда тайдын бір аяғы жұлынып түседі. Тай үш аяғымен қашып жеткізбейді. Тағы бір тісін лақтырады, тағы бір аяғы жұлынады. Екі аяқтап бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Бала бәйтеректін басына шығып алады. Кемпір теректін түбін кешке дейін қазады. Түлкі келіп шаршаған боларсыз,мен қазайын, сен демал –дейді. Кемпір жатады. Түлкі тісті суға лақтырып, жөніне кетеді. Кемпір тұрса түлкі жоқ, тағы бір тісін кетпен қылып қаза бастайды. Тағы бір түлкі келеді. -Шаршаған боларсын мен қазайын, -дейді. -Сен кетпенімді алып кетерсін –дейді. Жоқ, ол қырдың қу түлкісі,мен сайдын түлкісімін –дейді. Баяғыда аң аулап жүргенімде, бұл баланың әкесінде кегім бар деді. Кемпір түлкінің сөзіне сеніп кетпенді береді. Түлкі тісті суға лақтырып жөніне кетеді. Тағы мені алдаған екен ғой –деп. Аузындағы соңғы тісін алып қаза бастайды. Сол кезде баланың төбесінен бір топ қарғалар өтеді. -Ау, қарғалар ,қарғалар қанатымен жорғалар мені құтқарсын бес төбетіме хабар айтындар –дейді. Сонда қарқ –қарқ етіп қарғалар ұшып өтеді. Бір топ үйректер өтеді, оларға да айтады. Бір кезде бір қарлығаш баланың төбесіне келіп қонады. Бала жылап тұрып бұған тапсырады. Қарлыаш баланың досы екен. Баланың төбеттеріне тапсырғанын айтады. Төбеттері шауып теректің жанына келгенде терек құлайды. Баланы төбеттері жалмауыз кемпірден құтқарады. Бала төбеттеріне кезек –кезек мініп, ауылына аман –есен жетеді. Ата –анасы қуанып той жасайды. Кемпірдің қызы құлаған бәйтеректің жанына келіп анасын кім өлтіргенін біледі. Иттердің ізімен ауылға қарай беттейді. Төбеттерін құтқару үшін бала садақпен атып қызды өлтіреді. Сөйтіп алаңсыз өмір сүріпті |
Кеспе құрақтар арқылы алдарына берілген ертегіні мұқият оқып, мазмұнын түсінеді. Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. |
ҚБ. Үш «Қ». Топтардың өзін бағалауы. Топ мүшелері өздерінің жұмысын «Қашан? Қайда? Қалай?» деген үш сыұраққа жауап беру арқылы, дескрипторға сүйене отырып бағалайды. |
Қосымша мәтін |
Сабақтың соңы |
Ертегі бойынша талдау Кері байланыс: Сабақ соңындағы оқушылардың кері байланысы: МАҚСАТТАРҒА ҚАЙТА ОРАЛУ Үш минуттық эссе Не оңай болы? Не қиын болды? Нені үйрендім? |
Ертегіні талдап, «Оқиға қартасына салады»
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер қағаздары |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№5 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Жаттығу жұмысы |
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды ертегіні түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету. Тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту. Адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыстарын, оқу-құралдарын түгелдеу |
Оқу-құралдарын реттеп, үй тапсырмасына дайындалу |
|
|
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Алдыңғы сабақта мазмұнымен танысқан «Алтын сақа» ертегісі бойынша тапсырмалар беріледі
Орыс халқының ертегісімен салыстырады
|
1-тапсырма Осы шығарма ертегінің қандай
түріне жатады? -------------------------------------------------------------------------------------------------- -Мысалдармен дәлелде: 1. 2. 2-тапсырма «Алтын сақа» ертегісі қалай басталып, қалай аяқталады
3-тапсырма Ертегілер неге жақсылықпен аяқталады? Ойыңды дәлелде. 4-тапсырма Ертегі кейіпкерлеріне талдау жаса
Ертегілерді ВЕНН диаграммасы арқылы салыстырады
|
ҚБ. «Нысана».
ҚБ «Басбармақ» әдісі
ҚБ «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалайды |
Қосымша материал
қағаз, маркер, суреттер
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кейіпкерлерге талдау жасау
Кері байланыс: -Осы сабақта білген бір затты айтыңыз -Әлі де түсінбеген бір затты айтыңыз. |
Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді Бала Жалиауыз кемпір Бай
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№6 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Тұрмыс-салт ертегілері. «Ақыл, ғылым, бақыт» ертегісі |
|
Сабақтың мақсаты |
Тұрмыс-салт ертегілерінің тәрбиелік мәнін ашу. Рөлге бөліп оқу арқылы тіл дамыту. Мазмұнын «Фишбоун» арқылы көрсету. Өз қорытындыларын жасау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыстарын, оқу-құралдарын түгелдеу Шолу сұрақтары бойынша өткен сабақты еске түсіріп, пысықтайды Сөздік жұмысы жасалады
|
Оқу-құралдарын реттеп, үй тапсырмасына дайындалу Сұрақтарға толық сөйлем құрап жауап береді 1.Қиял –ғажайып ертегілердің негізгі ерекшеліктері қандай? 2. «Алтын сақа » ертегісі ұнады ма? Сөздік Ақыл- Ум Ғылым – Наука Бақыт- Счастье Сарапшы-эксперт |
|
|
||||||
Сабақтың ортасы |
Ертегі оқушыларға таратылады Ертегіні жұптасып, рөлге бөліп оқиды Ертегі бойынша талдау Ақыл, Ғылым, Бақыт – үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші, Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың, – депті. Екінші, Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар етіп, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен бірік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың, – депті. Үшінші, Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ, бірақ Ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, Ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді. — Барыңдар, Ақыл, сен адам бол, Ғылым, сен ат бол, Бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң-мұқтаждарың болмайды, – депті. |
Кеспе құрақтар арқылы алдарына берілген ертегіні мұқият оқып, мазмұнын түсінеді. Мазмұны бойынша рөлге бөліп оқиды Ертегіні талдап, мазмұнын «Фишбоун» арқылы көрсетіп, өз ойларымен қорытынды жазады Басы-тақырып Балық қаңқасының жоғары бөлігі- сарапшының берген мінездемесі Балық қаңқасының төменгі бөлігі- Сарапшының берген ақыл-кеңесі Балық құйрығы –өз ойымен ертегінің тәрбиелік мәні туралы қорытынды |
ҚБ «Құрастыр, сосын жауап бер» ҚБ «Смайликтер» әдісі
|
А3 пішімді парақ қағазы, маркерлер, стикерлер, магниттер, кесте
Карточка
|
||||||
Сабақтың соңы
|
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы жасайды |
Сөйлемдерді өз ойымен аяқтап жазу арқылы, бүгінгі сабақ туралы қорытынды жасайды Мен үшін бүгінгі сабақ............ Мен бүгін сабақта.............. Ең қызықты .............. |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№7 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Хайуанаттар туралы ертегілер. «Түлкі мен ешкі» ертегісі |
|
Сабақтың мақсаты |
Ертегінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Ертегі мазмұнын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, өз ойларын айту |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыстарын, оқу-құралдарын түгелдеу Шолу сұрақтары бойынша өткен сабақты еске түсіріп, пысықтайды Сөздік жұмысы жасалады |
Оқу-құралдарын реттеп, үй тапсырмасына дайындалу Сұрақтарға толық сөйлем құрап жауап береді 1.Тұрмыс-салт ертегілерінің тақырыбы не? 2. Тұрмыс-салт ертегілерінің тәрбиелік мәні неде? Сөздік Апан- яма Абайсызда- нечаянно Тұнық су-чистая вода Мүйіз- рога |
|
|
Сабақтың ортасы |
Ертегі оқушыларға таратылады Мазмұны бойынша сұрақтар құрау Түлкі мен ешкі Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғыпдалаға шығып, жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты. |
Кеспе құрақтар арқылы алдарына берілген ертегіні мұқият оқып, мазмұнын түсінеді. Мазмұнын ашатын 5 сұрақ құрайды |
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» ҚБ «Дескриптор» әдісі Өзін-өзі бағалайды |
|
Сабақтың соңы |
Ертегінің тәрбиелік мәніне тоқталу
Кері байланыс: « + , — , қызықты» әдісі
|
Пікірлесу Ертегінің тәрбиелік мәнін ашып, бүгінгі күнмен байланыстырып әңгімелейді Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№8 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Шығармашылық жұмыс |
|
Сабақ мақсаты |
Өз қиялдарымен шағын ертегі құрастыру. Тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтап, «Алты қалпақ» әдісімен қорытындылау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыстарын, оқу-құралдарын түгелдеу Шығармашылық жұмыс жасалады Жұмыстың бағыты түсіндіріледі |
Оқу-құралдарын реттеп, үй тапсырмасына дайындалу Оқушылар жеке жұмыс жасайды |
|
|
Сабақтың ортасы |
«Алты қалпақ» әдісі бойынша жеке жұмыс
|
Берілген әдісті қолданады. Әр қалпақтың сұрағына жауап жазады |
ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау |
Таратпа материалдар |
Сабақтың соңы |
Өз қиялымен ертегі құрау Кері байланыс: «Көңіл күй букеті» әдісі Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет. Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет. Сары түс – барлығы түсінікті емес. Жасыл түс – барлығы жақсы. |
Шығармащылық тапсырма орындайды Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№9 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Шыншыл ертегілер туралы |
|
Сабақтың мақсаты |
Шыншыл ертегінің шығу тарихына, тақырыбына, кейіпкерлеріне тоқталу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыстарын, оқу-құралдарын түгелдеу |
Оқу-құралдарын реттеп, үй тапсырмасына дайындалу
|
|
|
Сабақтың ортасы |
Шыншыл ертегілер туралы түсіндіреді. Шыншыл ертегілер — қазақ ертегісінің ең мол түрі. Шыншыл ертегіге халық өзінің дүние тануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы бас тірліктері — барлық мұң, мүддесін, тартыс, талабын жиып түйген. Бұл салалы ертегілер құр ертегі ғана емес, ауызша айтылған шебер көркем шығарма боп, халық романы, халық әңгімесі, новелласы болып та кетеді. Шыншыл ертегілердің ішінде әсіресе салт ертегілерінде қоғам өмірінің, адамдар тіршілігінің бейнесі өте айқын көрсетіледі. Бұл ертегінің көптігіне орай тақырыбы да мол. Оның ішіндегі бастыларын санасақ: пайдалы өсиет, ақылды жігіт, ақылды қыз, қиянатшыл жар, өгей шеше қастығы, өнерпаздық жарысы, хан қиянаты, әке мен бала, ағалар мен інілер арасы, тағдыр мен бақ, ұрылар мен аярлар әңгімесі сияқты неше алуан боп шығады. Бұлардың жалпы тобынан туатын идея, қоғамдық салт-сана: әділдік пен теңсіздікті, зорлық пен қарсылықты, байлық пен кедейлікті, бақ пен сорды, жақсылық пен жауыздықты, ақыл мен ақымақтықты қарсы қою түрінде болады. Осы қатарда үй іші тұрмыстың адалдық пен қиянаты, беріктік пен алдауы да көп ертегінің идеясын ашып отырады.
|
Жұмыс дәптерлеріне шыншыл ертегілер туралы қысқаша конспект жазады |
ҚБ «Топтық өзара бағалау» ҚБ «Бір түйін сөз» әдісі ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау |
|
Сабақтың соңы |
Шыншыл ертегілер туралы негізгі ақпаратты сызба арқылы беру «Ең , ең,ең» әдісі Сабақ бойында маңызды үш нәрсе Ұнаған; Ұнамаған; Қызықты |
Алдарындағы конспект бойынша шыншыл ертегілер туралы негізгі ақпаратты кластер арқылы жинақтайды Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№10 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
«Аяз би» ертегісі |
|
Сабақтың мақсаты |
Мазмұнын түсіну. Рөлге бөліп оқу. Кейіпкерлерін талдау. Түйінді ойды анықтау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыстарын, оқу-құралдарын түгелдеу «Айлалы тазша» ертегісімен таныстыру Аяз би ертегісі Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып: - Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар! - деді. Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы гой», - деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», - деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес - он қойды бағып жүр. Уәзірлер: «Адамның жаманы, сірә, осы болар - ау», - деп тұрганда, әлгі адам: - Уа, мырзалар, жол болсын! - деді. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып: - Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, - дейді. - Олай болса, жарайды, - деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі. Ханға келе жатып, Жаман: - Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған екенсіңдер. Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан еді, - деп, уәзірлерге қырғауыл мен шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған. Уәзірлер мәнісін сұрайын деп еді: - Хан алдында айтамын, - деп Жаман сөйлемеді. Уәзірлер келген соң, хан әкелген адамға қарап: - Әкелген адамдарың жарайды. Қазірге аспазшыға апарып беріңдер, көже мен нан берсін, сыйласын. Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, - деп, Жаманды ас үйге жібертеді. - Бірақ, - дейді хан, - құстың жаманы мен шөптің жаманын таба алмаған екенсіңдер. Құстың жаманы - қырғауыл, шөптің жаманы шеңгел еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не жөні бар еді? - деп, хан уәзірлерге қатулана бастайды. Сонда уәзірлер: - Тақсыр! Айтқаныңыз дұрыс! Біз, шөп жаманы деп - шеңгелді, құс жаманы деп - қырғауылды алып едік. Бірақ жолшыбай әлгі жаман: «Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан», - деп, бізге оларды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырды, - деп, жауап береді. Хан тоқтаңқырап: - Е, Жаманның не білгені бар екен? Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін қайдан біледі? Алып келіңіздер! Сұралық, - деп, бұйрық етеді. Жаманды ханға алып келеді. Хан Жаманның бетіне қарап: Мен құстың жаманы - қырғауыл, шөптің жаманы - шеңгел деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге тастатыпсың. Сен шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін қайдан білдің? - дейді. - Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан - ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады екен - ау», - деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонсоң: «Қарақоға тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», - деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, - дейді Жаман. - Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? - дейді хан. - Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы - тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы - сауысқан деймін. - Сауысқан мен қарақоғаның жамандығын білдің. Енді өзіңнің жамандығыңды қайдаң білдің? - дейді хан. Аяз би ертегісі. жүктеу Аяз би ертегісі Мадан хан хан уәзірлер Жаман адамның жаманы шөптің жаманы қарақоға құстың жаманы сауысқан. |
Оқу-құралдарын реттеп, үй тапсырмасына дайындалу Ертегіні тыңдайды Мазмұнын ой бөліктерге бөліп талдайды |
|
|
||||||||
Сабақтың ортасы |
Ертегіні талдау жұмысын жүргізеді Топтық жұмыс береді Кейіпкерлерін талдау |
Әр топ өздеріне берілген ойбөліктермен жұмыс жасайды 1.Ой бөліктегі негізгі оқиғаны табады 2.Мазмұнын түсіндіреді Ертегі кейіпкерлерін анықтап жазады, әркайсысының әрекетін сызба арқылы береді
|
ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі Әр топ бір-бірін бағалағау кезінде орындаған тапсырманың екі жұлдызын және бір ұсынысын комментарий түрінде береді
|
Қосымша мәтін
|
||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Табыс ағашы» әдісі Түсіндім – ең жоғарысына жасыл стикерге жазып, жабыстыру Толық түсінбедім – ортасына қызыл стикерге жазып, жабыстыру Түсінбедім – ең төменіне көк стикерге жазып, жабыстыру |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№11 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Аңыз әңгімелер-көркем шығарма. Асан қайғы, Алдар Көсе туралы аңыздар |
|
Сабақтың мақсаты |
Аңыз әңгімелермен таныстыру. Олардың ерекшеліктеріне тоқталу. Асан қайғы, Алдар көсе туралы аңыздарды талдау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа сабақты түсіндіру Аңыз әңгімелер туралы таныстырылым көрсетеді Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады Алдар көсе туралы қысқаша таныстырылым жасайды
|
Аңыз әңгімелердің шығу тарихымен, түрлерімен,кейіпкелерімен танысады. Дәптерлеріне негізгі ақпаратты сызба арқылы көрсетеді
Алдар көсе туралы ақпаратпен танысады Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.[1] Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. |
ҚБ «Минуттық шешім» әдісі топтық бағалау ҚБ «Көршіңді бағала» әдісі |
|
Сабақтың соңы |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№12 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі |
|
Сабақтың мақсаты |
Мақал-мәтелдер туралы түсіндіру. лардың тәрбиелік мәніне тоқталу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Мақал -мәтелдер туралы жалпы түсінік береді. Мақал мен мәтелдің айырмашылығына тоқталады Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды. Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі. Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мақал-мәтелдің мағынасын ашу, талдау
|
Мұғалім берген ақпаратты қысқаша конспектілеп жазады. Мақал мен мәтелдің айырмашылығын ажыратып кестеге салады Берілген мақал-мәтелдің мағынасын ашып, айтады
|
ҚБ «Бәрекелді, әттеген-ай» әдісі ҚБ «бір минуттық шешім» әдісі |
Қосымша материал |
Сабақтың соңы |
«Ең , ең,ең» әдісі Сабақ бойында маңызды үш нәрсе Ұнаған; Ұнамаған; Қызықты |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер тақтаға алдын-ала жазып қойылады: ұнады, қажет, түсінбедім, білдім, үйрендім |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№13 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні |
|
Сабақтың мақсаты |
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, қолданылу аясын анықтау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Ой шақыру
«Сөз көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал – мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал – мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Іздендіре отырып, кестені толтыру.
2.Мына суреттерге қарай отырып, мақал – мәтелдермен байланыстырыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріңдер. 1.Ағаш тамырымен, адам досымен мықты. 2.Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер 3. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 5 минуттық эссе жазу 1. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас. 2. Ғылым — теңіз, білім — қайық. 3. Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет. |
Кестені толтырады
Сұрақтарға жауап береді
5 минуттық эссе жазады
|
ҚБ «Бәрекелді, әттеген-ай» әдісі ҚБ «Көршіңді бағала» әдісі
|
Қосымша мәтін
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Бір ауыз сөз» әдісі Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді.
|
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер тақтаға алдын-ала жазып қойылады: ұнады, қажет, түсінбедім, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б. |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№14 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Жаттығу жұмысы |
|
Сабақтың мақсаты |
Мақал-мәтелдің мағынасын ашып тарқатып айту. Өз ойларын ортаға салу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әзіл аралас сұрақтарға мақалмен жауап беру. «Әдепті бала арлы бала», ал әдепсіз бала ше? Қайтсең тегін ішесің? Қандай кілт аспанда болады? «Қызым естімесін» дегенді не деп мәтелдейді? Қарғыстың ең жаманы не? |
Оқушылар амандасып, |
|
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы |
1.«Лото» ойыны арқылы мақал-мәтелдердің мағынасын жай сөйлеммен жеткізу
2.Берілген мақалдардың баламасын тап Түйе бойын сеніп, жылдан құр қалыпты Көрмес-түйені де көрмес Кімнің тарысы піссе, соның тауығы Сыныққа сылтау Асықпаған артта қалады 3.Әр сөзі е әрпінен басталған үш сөзден тұратын еңбек туарыл мақал Е...е..е Әр сөзі б әрпімен басталатын төрт сөзден тұратын адамның қасиеттері туралы мақал Б...б...б...б Әр сөзі ж әрпінен тұратын үш сөзден құралған мақал Ж...ж...ж |
|
ҚБ «Көршіңді бағала» Әдісі
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
ҚБ «Қол сигналдары» әдісі
|
Қосымша материал
|
||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Сұрақ конверті» әдісі -«Бүгінгі сабақта білгеніңнің ең маңыздысы неде?» -«Жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды?» |
Оқушылар конверті бір-біріне беріп, әрқайсысы жеке өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№15 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Тест тапсырмалары |
|
Сабақтың мақсаты |
Тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтау. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Берілген тест парақшаларына орындайды. Халық ауыз әдебиеті 1. Саққұлақ,Желаяқ,Көлтауысар қай ертегі кейіпкері. А) «Ер төстік» В) «Аяз би» С) «Толағай» Д) «Дүмше молда» Е) «Тоғыз тоқылдақ,бір шіңкілдек» 2. Алдар Көсе аңызында майдың орнына қандай зат салады? А)Тезек В)Ет С)Тулақ Д)Құрт Е)Сүйек 3. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы? А)Б.Момышұлы В)Р.Қошқарбаев С)Қ.Қайсенов Д)М.Ғабдуллин Е)Т.Бегелдинов 4. Алтын сақа ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екнін белгіле. -Осындай бәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр,бәйтеректің түбін жалмауызкемпір қазып жатқандықтан,енді құлауға таяу түр. А)Төбет В)Жалмауыз С)Бай Д)Қарлығаш Е)Бала 5.. Қозы көрпеш-Баян сұлу поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгіле. А)Танаш В)Көтібар С)Тайлақ Д)Тазша Е)Айбас 6. Аяз би ертегісінің кейіпкерін тап. А)Жаман В)Ерназар С)Кендебай Д)Шойынқұлақ Е)Бапы 7. «Ақ жүрген аз бас» мақалының тақырыбын белгіле. А)Отан,туған-жер В)Үнемшілдік С)Оқу-білім туралы Д)Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы Е)Төрт түлік мал туралы 8.. Алдар көсе аңызында: -Естіген өтірік,көрген шындық,-деп айтатын кейіпкерді табыңыз. А) Кемпір В)Хан С)Би Д)бай Е)Бізбикеш 9. Өзі іздеген сұлу қызды құмырсқаның көмегімен тапқан кейіпкер кім? А)Ер Төстік В)Аяз би С)Алтын сақа Д)Үш өнерпаз Е)Күн астындағы Күнікей қыз 10. Жәнібектің:-Інісі өлген қандай екен?-деген сұрағына Жиреншенің жауабы А)Оң қанатының қайырылғаны В)Асқар таудың құлағаны С)Ағар бұлағың суалғаны Д)Бауыр еті күйгеніЕ)Сол қанатың қайырылғаны 11. «Өжет адам...жеңеді»,табыңыз А)Жауды В)Дұшпанды С)Өзін-өзі Д)Өлімді Е)Жаманды 12. Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз. А)Тоқтарбай В)Байбөрі С)Тұяқбай Д)Қарасай Е)Сарыбай 13.Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде? А)Ықшамдылығында В)Өткірлігінде С)Дәлдігінде Д)Аз сөзбен көп мағына беруінде Е)Ырғақтығында 14. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршынның әкесінің аты кім? А)Байбөрі В)Байсары С)Құлтай Д)Кейқуат Е)Тортай |
Тест сұрақтарына жауап береді |
ҚБ «Минуттық шешім» әдісі топтық бағалау |
Қосымша ақпарат |
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: «Плюс-минус-қызықты» әдісі
|
Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: П(+), М(-), Қ (қызықты). |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№16 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Шығармашылық жұмыс. |
|
Сабақтың мақсаты |
Шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету. Өз таңдаулары бойынша өтілген тақырыптар негізінде жоба жұмысын қорғау. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Өзіндік жұмыс. Тапсырма Өздерінің сүйікті ертегісі бойынша постер қорғау |
Өзінің сүйікті ертегісінің мазмұны бойынша постер жасап, қорғайды |
ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады ҚБ «Қошемет» әдісі |
Таратпа материа лдар Кесте, қосымша материал |
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. «Жетістік сатысы» |
Оқушылар сурет бойынша кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№17 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Жұмбақтың дүнетанымдық, тәрбиелік мәні |
|
Сабақтың мақсаты |
Жұмбақтар туралы мағұлмат беру. Тақырыптарымен таныстыру |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жұмбақтар туралы ақпарат беру. Жұмбақтың түрлерімен таныстыру Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Қазақ жұмбақтарын өзінің құрылысы, айтылуы, мазмұны жағынан іріктеп алғанда, негізінен жеті түрге бөлінеді:
Жұмбақ жасырады
|
Жұмбақтардың шығу тарихымен танысады. Берілген ақпарат бойынша конспект жазады.
Жұмбақтың түрлерін сызбаға салады Жұмбақтың шешуін тауып, оның қай түрге жататынын ажыратады Көк жүзінде көк доға, Жер жүзінде жоқ доға. Көзбен көріп болжайды, Қолмен ұстауға болмайды. (Бұлт). Қанша жаңғақ? Портфелімде әуелі он үш жаңғақ бар еді. Науат пен Маратқа, Самат пе Сағатқа, Апасына Қанаттың, Екі-екіден тараттым. Қанша жаңғақ қалғанын, Айта қойшы ал, жаным! |
ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады ҚБ «Қошемет» әдісі ҚБ «+;-»белгісі әдісі |
Қосымша ақпарат
|
Сабақтың соңы |
«Ең , ең,ең» әдісі Сабақ бойында маңызды үш нәрсе Ұнаған; Ұнамаған; Қызықты |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№18 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Практикалық жұмыс |
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың ой-өрісін , ойлау қабілетін дамыту. Жұмбақ құрстыра білуді үйрету |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыстарын, оқу-құралдарын түгелдеу Жұмбақтар туралы шолу сұрақтарын қою арқылыалған білімдерін тексеру 1.Жұмбақтар деген не? 2.Олардың тақырыптары қандай? 3.Қандай түрлерімен таныстық? |
Оқу-құралдарын реттеп, үй тапсырмасына дайындалу Мұғаліммен диалогке түседі сұрақтарға жауап береді. |
|
|
||||
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма Сөзжұмбақ шешу Әр түрлі тақырыпта берілген жұмбақтарды шешіп жарысу Бағалау критерийлері:
|
Берілген сөзжұмбақты шешіп, кілт сөзді табады
Оқушылар 3 топқа бөлінеді Ең бірінші шешімін тапқан топқа ұпай беріледі Топтық жарыс жұмбақтары 1.Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? 2.Қимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер. (қол) 3.Темір аяқты, Қара таяқты Дәптергеде саласың, Дөңгелек қып шығасың (циркуль мен карындаш) 4.Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. (су) 5.Жеті бауыр туыспыз Атымыз өзге демесең, Жұмған жұдырық уыспыз. Апта күндері 6.Бір сандық бар өзгеше, Қолыңа алып жүресің. Ішін ашып ақтарсаң Өмір сырын білесің. Кітап |
ҚБ «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісі
ҚБ «Көршіңді бағала» әдісі
|
|
||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс. «Сауалнама» әдісі 1.Сабақта мен ... белсенді болдым / белсенді болмадым. 2.Сабақтағы жұмысыма...қанағаттандым/ қанағаттанбадым. 3.Сабақ мен үшін... жылдам аяқталды/ аяқталмай кетті. 4.Сабақта мен ... шаршады /шаршамадым. 5.Менің көңіл-күйім...жақсарды/ нашарлады. 6.Сабақтағы материал... түсінікті/түсініксіз пайдалы/пайдасы жоқ қызықты/қызық емес |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№19 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Шешендік сөз-ұлттық тәрбие |
|
Сабақтың мақсаты |
Шешендік сөздер туралы мағұлмат беру, қазақтың би-шешендерімен таныстыру |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға ақпарат беру Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі - шешендік өнер. Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді. Шешендік сөзге қойылатын талаптар
Қамтылатын сұрақтар: 1.Шешендік өнер дегеніміз не? 2.Шешендік өнер мазмұнына қарай қалай бөлінген? 3.Шешендік өнерге қойылатын талаптар 4.Қазақтың атақты би-шешендері Тапсырма беріледі Тақтаға шешендердің айтқан сөздері шығарылады. Әз жәнібек хан билерінен "Жігітке жақсы болу үшін не керек?", -деп сұрайды. Олар: "Жігітке бірінші білім, екінші - ғылым, үшінші -ұғым керек"-деген екен Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", – деп толғайды |
Таныстырылым арқылы берілген ақпаратпен танысады. Сабақ барысында қамтылуға тиісті сұрақтармен таныс болады. Осы сұрақтар негізінде дәптерлеріне қысқаша конспект жасайды Берілген нақыл сөздердің мағынасын ашып, талдайды |
ҚБ «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісі ҚБ «Көршіңді бағала» әдісі |
Интернет көздері https://articlekz.com/kk/article/28038 |
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: «Шығу парағын» толтыру Сұрақтарға жауап беру 1.Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? 2.Мен үшін қандай пайдасы болды? |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№20 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Шешен сөйлеудің құпиялары |
|
Сабақтың мақсаты |
Шешенге қойылатын талаптар туралы, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті түсінік беру |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
|||
Сабақтың ортасы |
Топтық жұмыс І топ: «Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті» ІІ топ: «Жақсы жігіт қандай болу керек?» ШАРТЫ:
|
Сарапшылар тобы: Пікіралмасуға қатысқан топтар шешенге қойылатын талаптарды орындай алды ма? |
ҚБ «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісі |
|
|||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. «Сауалнама» әдісі 1.Сабақта мен ... белсенді болдым /белсенді болмадым. 2.Сабақтағы жұмысыма...қанағаттандым/ қанағаттанбадым. 3.Сабақ мен үшін... жылдам аяқталды/ аяқталмай кетті. 4.Сабақта мен ... шаршады /шаршамадым. 5.Менің көңіл-күйім...жақсарды/ нашарлады. 6.Сабақтағы материал... түсінікті / түсініксіз пайдалы/пайдасы жоқ қызықты / қызық емес |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
|||
Бөлім: |
|
|
|||||
Педагогтің аты-жөні |
|
|
|||||
Күні: |
|
|
|||||
Сабақ |
№21 |
|
|||||
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
|
||||
Сабақтың тақырыбы |
Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би |
|
|||||
Сабақтың мақсаты |
Аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен жөнінде түсінік беру, талдау |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
|||
Сабақтың ортасы |
Майқы би туралы қысқаша бейнебаян көрсету https://www.youtube.com/watch?v=-rgRy6O-4Ao Майқы би туралы мәтін беріледі Майқы би Төбейұлы 1105-1225 жылдар шамасында ғұмыр кешкен қазақ халқының төбе биі болған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де көш басшысы болса керек. Тарихи деректерге қарағанда, ол бір ғана емес бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Сондықтан да оны түрік тұқымдас елдер әсіресе татар башқұрт қарақалпақ өзбек халықтары бас биіміз деп санаған. Майқы би жүздер арасында болып жататын қызу айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға да қатысып жүрген. Ол әрқашан халықтың шешендік сөздері мен мақал-мәтелдеріне сүйене сөйлеген. Ол халық бірлігін бәрінен де жоғары қойған. "Бірліксіз — тірлік жоқ" деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дәстүрлердің де өзіндік мән-мағынасы бар. Оны қазақтар ғана емес, татарлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер де өз биіміз деп есептеген. "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би" деген нақыл бар. Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған. |
Бейнебаянды қарап, сұрақтарға жауап береді
Мәтінді оқып, керекті ақпаратты диаграммаға салады
|
ҚБ «Инспектор» әдісі ҚБ Үш «М» әдісі Оқушылар тапсырманы орындау барысында жақсы болған үш сәтті атап және келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетті ұсыну ұсынылады ҚБ «Бір түйін сөз» әдісі |
Сұрақтар жазулы карточка Қосымша үлестірмелі материалдар
Атлас, кескін карта |
|||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
|
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер қағаздары Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№22 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы: |
Жиренше шешеннің нақыл сөздері |
|
Сабақтың мақсаты |
Жиреншенің нақыл сөздерінің мағынасын «Тұжырымдар кестесі» арқылы ашу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
||||||||
Сабақтың ортасы |
Жиренше шешен туралы қысқаша түсінік береді Жиренше (ХІҮ-ХҮ) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Түркі халықтарына ортақ ойшыл. Жиренше шешен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы тұлға. Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен халық ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе, Қожанасыр тәрізді аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Аңыз бойынша ол Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол Әз Жәнібектің сарайбиі, шешені болғанға ұқсайды. Өйткені халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып отырады. Жиреншенің нақыл сөздерін «Тұжырымдар кестесі» арқылы ашып түсіндіру |
Таныстырылым арқылы берілген ақпаратты конспектілеп жазады Берілген нақыл сөздерді кестеге салып, түсіндіреді Тұжырымдар кестесі
|
ҚБ «Үш шапалақ» әдісі
ҚБ «Бағдаршам» әдісі
|
Интербелсенді тақта
|
||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек» Сабақтың соңында оқушылар: Өтілген материал бойынша оқушылар өздерінің есте қалған екі жағымды жақтарын айтады.Мұғалімге тағы не білгім келеді деген ұсынысын айтады. |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№23 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Жыраулар поэзиясы-шешендік өнер тұнығы |
|
Сабақтың мақсаты |
Жыраулар поэзиясының ерекшелігі мен тақырыптары туралы мағұлмат беру |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Қызығушылықты ояту Өмір туралы -Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер, Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер!? Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер. Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер!? - деп жырлаған Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы тарихымыздың ауыр кезеңдерін, халықтың өткені мен ертеңі туралы толғаныс, жылжыған сайын –талассыз ақиқат екеніне тоқталып кеткен. Енді, балалар, болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпты қозғамақ? Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі
әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда
Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді. Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы ақын-жыраулар(Сыпыра, Асан қайғы, Қодан тайшы, Қазтуған Сүйінішұлы, Доспамбет, Шалкиіз) ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ жыраулары (Жиембет Бортоғашұлы, Марғасқа жырау, Ақтамберді Сарыұлы, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар жырау Қалқаманұлы) |
Оқушылар амандасып, |
|
|
||||||||||
Сабақтың ортасы |
Сұрақ: Жыраулар өз толғауларында қандай мәселелерді көтерген? Топпен жұмыс. Тапсырма: Берілген толғаулардағы көтерілген мәселені табу
Пікір алмасу: Берілген үзінділерден ұлттық идеяларды табу.
|
1-топ: Асан қайғының «Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір» 2-топ: Тәтіқара ақын: Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы
|
ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі Әр топ бір-бірін бағалағау кезінде орындаған тапсырманың екі жұлдызын және бір ұсынысын комментарий түрінде береді
ҚБ «Бағдаршам» әдісі
|
Қосымша мәтін
Таратпа дидактикалық материалдар
|
||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Менің оқуымның үшбұрышы» әдісі Мен 1 нәрсені білетін едім Мен 2 фактіні басқаларға түсіндіре аламын Мен осы сабақта 3 нәрсені білдім |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№24 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Сырымның айтқан сөздері |
|
Сабақтың мақсаты |
Сырым Дулатұлы туралы ақпаратпен таныстыру. Сырымның айтқан сөздерінің мағыналылығын түсіну. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
||||||||||
Сабақтың ортасы |
Сырым батырдың нақыл сөздерін талдау Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны, Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны, Сүйген жарыңнан айырылсаң— жапырағыңның қуарғаны, Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны. Нақыл сөзді перифразаға айналдыру Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы. |
Сырым батырдың айтқан нақыл сөзінің мағынасын «Тұжырымдар кестесіне » салып талдайды
Сырым батырдың тағы бір айтқан нақыл сөзін мағынасын сақтай отырып, перифразалап жазады |
ҚБ «Минуттық шешім» әдісі
ҚБ «Көршіңді бағала |
|
||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» Бүгін мен ...... білдім Мен үшін ....... қызық болды Маған..... тапсырмаларды орындау оңай болды |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№25 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Шығармашылық жұмыс |
|
Сабақтың мақсаты |
Тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтап, сызба, кесте түрінде ұсыну |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
1.Ұлтты құндылықтар дегеніміз не? 2.Халық ауыз әдебиетінің түрлеріне не жатады? Атап көрсет
3. Ертегілер қандай түрлерге бөлінеді? Ерекшелігі қандай?
4. «Алтын сақа» ертегілерінің кейіпкерлері кімдер? 5.Аңыз әңгімелер дегеніміз не? Кейіпкелері кімдер? 6.Мақал -мәтелдердің тәрбиелік мәні неде? |
|
ҚБ «Бәрекелді, әттеген-ай» әдісі ҚБ «бір минуттық шешім» әдісі
|
Қосымша материал
|
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Бір ауыз сөз» әдісі Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді.
|
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер тақтаға алдын-ала жазып қойылады: ұнады, қажет, түсінбедім, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б. |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№26 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Батырлар жыры |
|
Сабақтың мақсаты |
Батырлар жыры туралы түсінік беру. Көркемдік ерекшелігі, тәрбиелік мәнін түсіндіру. Ұлттық тәрбиені ұғындыру. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Батырлар жыры туралы таныстырады. Оның тәрбиелік мәні, көркемдік ерекшелігі туралы айтып түсіндіреді. Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі Батырлар жыры – көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ ауыз әдебиетінен ауқымды орын алатын жанрдың бірі. Жырда тарихи оқиғалардың ізі сақталған. Батырлар жырының басты тақырыбы – ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Батырлар жырының басты қаһарманы – батыр. Батырлар жырының тәрбиелік мәні: ақыл-ой тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, отансүйгіштік тәрбие, еңбексүйгіштік тәрбие, еңбек тәрбиесі Халық ауыз әдебиетінен ерекше орын алатын батырлар жыры: «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қамбар». Қаһармандық эпостың бас қаһарманы-ерекше күш иесі, ер жүрек, елі, халқы үшін оянбай күреске шыққан батыр. Сондықтан да батырлардың қарсыластары, алысатындары архайкалық жырлардағыдай түрлі ғажайып қас күштер (мыстан кемпір, дю, жын-шайтан, жезтырнақ, айдаһар т.б.) емес, реальды адамдар, тарихи эпостар. Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады: 1.“Ең көне заманғы эпос” Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады. 2.Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.). 3.Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.). Батырлар жырының пайда болу кезеңдерімен таныстырады |
Таныстырылым арқылы берілген ақпаратпен танысады. Сабақ барысында қамтылуға тиісті сұрақтармен таныс болады. Осы сұрақтар негізінде дәптерлеріне қысқаша конспект жасайды Дәперлеріне батырлар жырының пайда болу кезеңдерін диаграммаға салады |
ҚБ. «Нысана». |
Қосымша материал
Постер қағаз, маркер, суреттер |
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: -Осы сабақта білген бір затты айтыңыз -Әлі де түсінбеген бір затты айтыңыз. |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№29 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Жақсы жар-батырдың жан серігі |
|
Сабақтың мақсаты |
Батырға серік болар әйелдер образына тоқталу. Гүлбаршын сұлудың бейнесін ашу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Ойқозғау «Жақсы жар -батырдың жан серігі» ұғымын қалай түсінесіңдер? Гүлбаршын сұлу образына тоқталады Гүлбаршын қандай жар? Бейнені жинақтау Гүлбаршын – жырдың басты кейіпкері Алпамыстың сүйеніші. Қазақ халқында қыздың жолы жіңішке, қыз қылығымен сүйкімді. Ақылымен дара. Көркімен көрнекті. Ер адамды қорғанышым деп біледі. Отбасының берекесін кіргізуші, қолы алтын нәзік жан. Жаугершілік замандағы қайсар әйел өзінің парасатты мінезімен, ар мен ұят алдындағы жауапкершілігімен ерекшеленіп, инабаттылықты мықты ұстанса керек. Гүлбаршын Алпамыстай ерен батырға лайықты жар, адал серік, рухани сүйеніш болып жырланады. «Алпамыс батыр» жырында қазіргі қазақ әйеліне тән имандылықтың қайнар көзін көруге болады. Ұлтымыздың асыл мұрасына айналған салт пен дәстүрдің бір ұшы ауыз әдебиетімен тығыз байланыста жатыр. Гүлбаршын бейнесі отбасының ұйытқысы, ер адамның сүйеніші, адал серігі бола білудің жаңаша көрінісі іспеттес. Ол қашанда жарының қамын ойлайды. Отағасының амандығы мен бақытты ғұмыр кешуін бірінші орынға қоя біледі. Жанұзақ ӘЛІМГЕРЕЙ |
Берілген ұғымның мағынасын ашып, тарқатып айтады Мұғалім берген ақпаратпен танысады. Сол ақпаратты негізгі ала отырып, Гүлбаршынның бейнесін жинақтап, кластерге салады
|
. «Нысана». Топаралық бағалау. 1 топ ҚБ «Басбармақ» әдісі ҚБ. Мұғалімнің ауызша: «Жарайсыңдар» деген мадақтау сөзі арқылы бағалау |
Постер қағаз, маркер, суреттер Қосымша материал, |
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: -Осы сабақта білген бір затты айтыңыз -Әлі де түсінбеген бір затты айтыңыз. |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№30 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Ғашықтық жырлар |
|
Сабақтың мақсаты |
Лиро-эпостық жырлар туралы ақпарат беру, түрлерімен таныстыру |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Ғашықтар жырлары, олардың түрлері, тақырыбы мен негізгі кейіпкерлерімен таныстыру Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірінбірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс салты, әдет ғұрпы, наным сенімі, көңіл күйі көбірек суреттеледі. Негізгі кейіпкерлер Лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -атааналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы , иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі. Лиро-эпостық жырлар екі түрге бөліп қарастыруға болады Қазақ халқының төл туындылары • "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "АйманШолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім - Зылиха" Шығыс әдебиеті негізінде • "Мұңлық - Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир - Зуһра", "Жүсіп -Зылиха", "Шәкір - Шәкірат", т.б. қиссалар Эпостық жырлар мен лиро-эпостық жырлар арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты анықтау |
Таныстырылым арқылы берілген ақпаратпен танысады. Сабақ барысында қамтылуға тиісті сұрақтармен таныс болады. Осы сұрақтар негізінде дәптерлеріне қысқаша конспект жасайды ВЕНН диаграммасын құрады. Екі жырдың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салады
|
ҚБ «Басбармақ» әдісі ҚБ: Мұғалімнің ауызша: «Жарайсыңдар» деген мадақтау сөзі арқылы бағалау |
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: -Осы сабақта білген бір затты айтыңыз -Әлі де түсінбеген бір затты айтыңыз. |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№31 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Шынайы махаббатың қос шынары |
|
Сабақтың мақсаты |
«Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырының тәрбиелік мәні, қазіргі заманмен байланысы, іңкәр махаббатты аңсаған Қозы мен Баянның қасиеттерін қазіргі жастарға, болашақ ұрпаққа уағыздау арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Алдын-ала берілген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» телехикаясы бойынша тапсырмалар орындау Кейде есер көңіл құрғырың, Махабат іздеп талпынар. Ішем деп бейнет сусынын, Асау жүрек алқынар. Тартқан бейнет, өткен жас, Жүректің отын сөндірмес. Махабат-өмір көркі рас, Өлген соң олда, үндемес дегендей, шынайы махаббат сүйіспеншіліктің иелері Қозы мен Баянның адал махаббатын насихаттау мақсатында, халық өзінің асыл арманының ескерткіші ретінде оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, біздің заманымызға жеткізді. |
Оқушылар амандасып, |
|
Қосымша ақпарат
|
||||||
Сабақтың ортасы |
1.Менталды карта бойынша сөйлеу. Кейіпкерлер бейнесі арқылы жырдың мазмұнын талдау 2.Пікірталас -Қозының қай қасиеттері сендерге ерекше ұнады? -Баянның қай қасиеттерін ерекше бағалайсың? -Қозы мен Баянныі бақытты бола алмауының себебі неде? ПОПС формуласы Сұрақ: Қозы мен Баянның бойындағы қасиеттерді қазіргі жастардан көре аласыңдар ма? |
Бірінші сөйлем: «Менің
ойымша,….» |
ҚБ «Құрастыр, сосын жауап бер» ҚБ «Смайликтер» әдісі
ҚБ «Көршіңді бағала» әдісі
|
А3 пішімді парақ қағазы, маркерлер, стикерлер, магниттер, кесте
Карточка
|
||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
|
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№32 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
Шығармашылық жұмыс |
|
Сабақтың мақсаты |
Тақырып бойынша шағын эссе жазу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Оқушылар
амандасып, |
|
|
Сабақтың ортасы |
Эссе жайлы түсінік беру. Эссенің жазылу талаптарын түсіндіру Әр бөлім жаңа азат жолдан басталып жазылады. Эссенің жазылу жоспарына тоқталу. Эссе Кіріспе 20 сөз Негізгі 40 сөз Қорытынды 10 сөз Тапсырма: «Ауыз әдебиеті-ұлттық құндылықтар бастауы» «Халық ауыз әдебиеті -халқымыздың асыл мүрасы» Жазыған эсселерді оқу, әсерлерімен бөлісу |
|
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» ҚБ «Дескриптор» әдісі Өзін-өзі бағалайды |
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: « + , — , қызықты» әдісі 1.Мен мынаны білдім….. 2.Маған қызық болғаны….. 3.Маған қиын болғаны…… |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер |
Бөлім: |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сабақ |
№33-34 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы |
«Халық ауыз әдебиетін ұлттық құндылық ретінде таныту» курсының маңыздылығы |
|
Сабақтың мақсаты |
Жылдық қайталау. Өтілген курс бойынша SWOT талдау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, сарамандық жұмыстың мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
|
|
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау 1.Әдебиет деген не? 2.Ауыз әдебиеті қалай тараған? 3.Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар? 4.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қандай айырмашылықтары бар? 5.«Фольклор» сөзінің мағынасы қандай? 6.Халық ауыз әдебиетінің манызы қандай? Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі.Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа мтақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру және жұмыс істеу
SWOT талдау
|
Мұғалім берген тапсырманы орындау. «Пікірлер ағашы» ойыны бойынша ағаш бұтақтарына стикерге жазып ілу Берілген тапсырманы уақытылы орындау, топпен тапсырмаларды талқылау, әр топтан оқушыортаға шығып өз ойын және пікірін бүгінгі тақырып бойынша жеткізу, талдау және бағалау, тапсырмаларды орындату Өтілген курстың маңыздылығын SWOT талдау әдісіне салады, өз ойларын еркін білдіреді. |
ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау
ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау
|
Таратпа материалдар Стикер қағаздары
|
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Көңіл күй букеті» әдісі Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет. Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет. Сары түс – барлығы түсінікті емес. Жасыл түс – барлығы жақсы. |
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
Стикер |
Қорытынды
Елдегі заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда тәрбиелеу жүйесін жаңғырту мектептердегі тәрбиелеу процестеріндегі артықшылықтар мен білім беру ұйымдарының күнделікті өмірінде инновациялық қызығушылықтың қаншалықты тиімді қолданылуы сияқты құндылықтармен анықталады. Тәуелсіздік жылдарында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұны мен педагогикалық технологияларына ерекше әсер еткен тәрбие жүйесі айтарлықтай өзгерістерді бастан кешірді.
Қазақстан Республикасындағы тәрбие жүйесін жаңғырту ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде (тәуелсіздік, патриотизм, ел бірлігі, толеранттылық, отбасы, денсаулық және т.б.) тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға қажетті жағдай жасауға, ана тілін, мәдениетін, ұлттық салт- дәстүрлерін сақтауға бағытталған. Ар, әділеттілік, мейірімділік сияқты мораль жүйесіне міндетті құрамдас бөлік ретінде кіретін және патриотизм мен азаматтық жауапкершілік түсініктерімен бірге тұлға адамгершілігінің негізін құрайтын, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарын нығайту айрықша назарға алынды.
Инновациялық мектептің тәрбие жүйесі жалпыадамзаттық құндылықтарға (баланы жақсы көру, құрметтеу және оған сену, бала тұлғасының құндылықтарын тану); демократияландыру (баланың еркін іс-әрекеті және өмірдегі өз орнын анықтауы үшін жағдай туғызу); халықшылық (халықтың тәрбие мұраттарына сүйену; ұлттық және халықтық дәстүрлерді ескеру); табиғисәйкестілік (жас және жеке ерекшеліктерді ескеру, өздігінен даму, өздігінен тәрбиелеу және өздігінен білім алу үшін жағдай жасау).
Тәрбиедегі жаңалықтар – тәрбие жүйесіне жаңа элементтер енгізетін, оның бір күйден басқа, анағұрлым жетілген сапалы жағдайдағы күйге өтуіне ықпал ететін мақсатты өзгерістер. Қазіргі кезде республика мектептерінде мұғалімдер мен оқушылар шығармашылығының табысты тәжірибесі бар, ол тәрбиенің әртүрлі инновациялық жүйеқұраушы түрлерінің, көбі дәстүрлі болған жиынтығынан тұрады.
Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде білім беру ұйымдарында қазақ халқының ұлттық құндылықтары, қазақстандық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбиенің құқықтық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-кадрлық базасы қамтылған тәрбие жүйесін құру қажет. Бұл орайда білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының ұлттық басымдықтары контексінде жаңарту аса маңызды.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың және жаңаша педагогикалық тәсілдер негізінде тәрбие жүйесін жаңғырту процесінде педагогтердің рөлі күннен күнге артуда. Сондықтан осы құралдың мақсаты – мұғалімдер мен әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Симбаева С. Белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер: әдістемелік құрал. - Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» университетінің баспа- ханасы, - 2019.- 133 б.
-
Ахметова А.К. Мәтін лингвистикасы: Оқу-әдістемелік құрал. – Орал: «Ағартушы», 2008. – 148 бет.
-
Тұрсынова Г.Т., Қасымбек А.А., Сәбитова З.Б. Қазақ тілі: Әдістемелік нұсқау. – Астана: «Арман ПВ» баспасы, 2012. – 88 бет.
-
Келімбетов Н. Үміт үзгім келмейді: Хикаят-монолог. -Алматы: Риаритет, 2011. - 328 бет.
-
Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана, 2012. – 400 б.
-
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: РПК «СЛОН», 2013.
-
Әдебиет теориясы (1960-1970 жж.) / Қ. Жұмалиев, Қабдолов З., Ахметов З.; [жалпы ред. басқ. У. Қ. Қалижанов; құраст. М. К. Әзімханов, Е. Әбікенұлы] - Алматы : Әдебиет Әлемі, 2013 . - 411 б.
-
Қазақ энциклопедиясы 7- том
-
Дәдебаев Ж. Қазақ әдебиетін оқытудың заманауи негіздері. // «Орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 9 қазан 2019 жыл