Ұлттық құндылықтарды «Шебер» үйірмесі сабақтарында оқыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық құндылықтарды «Шебер» үйірмесі сабақтарында оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Керексізді керектіге жараттық, барша жұртты өзімізге қараттық демекші. Оқыту, үйрету мәселесін бастамас бұрын жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп ата – бабаларымыздың өмірлік тәжірибелерін зерттеп, ата кәсіптің қыр–сырын тереңірек игеріп, меңгере алса оқушының өз ұлтына деген сүйіспеншілігі, мамандығына деген қызығушылығы артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бір айтпадым, көп айттым керек өнер,

                                        Бұл айтқанға халық та, көп те көнер.

М.Дулатов


Ұлттық  құндылықтарды «Шебер» үйірмесі сабақтарында оқыту


Керексізді керектіге жараттық, барша жұртты өзімізге қараттық демекші.

Оқыту, үйрету мәселесін бастамас бұрын жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп ата – бабаларымыздың өмірлік тәжірибелерін зерттеп, ата кәсіптің қыр–сырын тереңірек игеріп, меңгере алса оқушының өз ұлтына деген сүйіспеншілігі, мамандығына деген қызығушылығы артады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар мамандық түрлерін батыл таңдаңдар.   Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.  Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан елінің болашағы да сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.

Ұлттық құндылықтар дегеніміз–қазақтың әде –ғұрып, салт–дәстүрін, санасын ғасырлар бойы дамытып жетілдіру арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан сол халықтың тілі, өнері мен мәдениеті, қолданбалы көркем сәндік қолөнерін дамыту болып табылатыны сөзсіз.

Шығармашылыққа тәрбиелеу—өскелең ұрпақты өнерлілік, шеберлік, білгірлікке оқыту және тәжірибелік үйрету .

Оқушыларға халықтың қолданбалы қолөнері арқылы ұлттық құндылықтарымызды берудің ғылыми – технологиялық негіздері педагогика – психологиялық әдістемелік тәжірибелерді талдай отырып, технология үйірме сабақтарында оқушылардың елжандылығы мен ұлттық талғам өрісін дамыту, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру жолдары мен әдіс – тәсілдері белгіленеді.

Баланың білімін тереңдету, шығармашылығын, еңбекке қызығушылығы мен ой — өрісін кеңейту үшін сабақ барысында өтілетін тақырыпқа сәйкес ұлттық құндылықтарымыз: шешендік сөздер, батырлар жырларынан үзінділер келтіру, мақал–мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтарды, тыйым сөздерді ұтымды пайдаланып отыру маңызды. Сабақта оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектелмей, талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына өз ой – пікірлерін мен ұсыныстарын айта білуі, халықтың тарихын, мәдени мол мұрасын қадірлеп ұлттық салт–дәстүрді жалғастыра білу керек. Шығармашылықпен еңбекке баулу мақсатында өзім ұстаздық етіп жүрген Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығында ғылыми – техникалық бағыттағы «Шебер» үйірмесінің оқытылуына басқа пәндермен қатар жоғары талап қойылып келеді. Әр ұстаздың шәкірттерімен шығармашылық жұмыс жүргізе алуына мүмкіндік туғызу үшін екі, үш сағаттан үйірме жұмыстарына сағаттар бөлінген.Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып жас ұрпақты шығармашылық ізденіс, өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге баулып келемін. Оларға дұрыс бағыт беріп, білім – танымды, ұлттық салт – дәстүрлерді, тілді, мәдениетті анықтауда өзі жауап іздеуге талап қоямын. Оқушылар ол білімдерді өлеңдер, мақал – мәтелдер, тыйым сөздер әр – түрлі әдебиеттерден, энциклопедиялардан, ақпараттық құралдар, ғаламтордан табуы мүмкін. Мысалы: «Қазақ халқының баспанасы – киіз үй» тақырыбы бойынша Зинелғабиденов Нұрхан киіз үйдің қай кезеңнен бастап, қалай пайда болғандығын, даму кезеңдері, күймелі арбаларды, осы үйді көркемдеп жасайтын тамаша шеберлер шыққандығы және киіз үйдің жетіле түсуі туралы дәлелдерден келтіре баяндап, киіз үйдің ақ болуы, оған қандай қоспалар қосатындығы, шаңырақтың бірден емес, біртіндеп қалыптасуы, қазақ халқы малшаруашылығымен айналысып, көшіп қонып жүрсе де, тазалық сақтап, киіз үйден жасалған моншаны пайдалана білгендігі туралы келтірген дәлелдері балаларға тигізген әсері қызықты болды.

Ұлтымыздың құндылықтарының бірі бесік. «Қазақтың қасиетті бұйымы – бесік және оның жасалу технологиясы» тақырыбында Жакиев Бекзаттың ғылыми жобасын іске асыру барысында бұйымның жасалу технологиясымен шектелмей пәнаралық байланыстар арқылы оқушыға дұрыс бағыт беріледі. Мысалы: бесіктің тұрмыста қолданылуы, оның түрлері, халық арасында бесікке байланысты әдеп – ғұрыптар жайында («Бесік тойы» оны отпен аластау, «Тыштырма» рәсімі, бесік жыры, т.б.) түсініктемелер бере отырып, оның тәрбиелік, гигиеналық маңызын түсіндірумен қатар, балаларды ізденіске баулып, зерттеу жұмысына басшылық ету баланың танымын және талғамын кеңейте түсуге ықпал етеді.

Өнер–қазынаның сарқылмас мұхиты,   адам өнерімен әсем демекші, «Шебер» үйірмесі сабақтарында оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде жан-жақты дамып қалыптасқан оқушы тұлғасы мәдени құндылықтарды бағалайды,  ой-өрісі кеңейеді, шығармашылық қабілеті жоғарлайды деп тұжырымдаймыз. Сондай-ақ, соңғы жылдары біздің күнделікті тіршілігіміздің өнімі болып табылатын қалдықтар, табиғи мал сүйектерін қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешуші жолдарын  ашуға мүмкіндік туғызады. «Қалдықтарды қайтадан қолдану арқылы  қоршаған ортаны қорғаймыз» деп түсіндіріп отырамын шәкірттеріме.

Балаға өз бетімен жұмыс зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі, өз жауапкершілігін сезінеді. Мектеп, қосымша білім беру ұйымдары табалдырығыннан  ұлттық құндылықтарымызды оқушы бойына сіңіру арқылы, олардың  болашаққа жол сілтеу әрбір ұстаздың абзал борышы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2018
849
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі