Материалдар / ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢАРУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢАРУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала мұғалімдерге ұлттық мәлімет беруге көмек береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
334
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қостанай облысы әкімдігі білім

басқармасының

"Қостанай қаласы білім

бөлімінің физика - математикалық

лицейі" коммуналдық мемлекеттік

мекеме

Айсенова Жазира Аскаровна



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢАРУЫ

ДУХОВНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ И ОБНОВЛЕНИЕ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ

SPIRITUAL REVIVAL AND RENEWAL OF NATIONAL VALUES


Мақалада рухани жаңғыру деген - санаға серпіліс жасау мен заман талабына сай өзгерістерге, заман көшіне ілесу екендігі айтылады. Ұлттық бірегейліктің негізі - атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз туралы тұжырымдалады.

В статье говорится о том, что «Рухани жаңғыру» - это прорыв в сознании и отражение современных явлений.Основа национальной уникальности заключается в проблеме национальных ценностей, которые передаются от поколения к поколению.

The article says about«Rukhani zhangyru»whicis is the break of thinking and doing of the modern sitnations.The base of national unigue consists of the problems of national values that are handed from generation to neхt generation.

Өзектілігі : Әр елдің өзгеге ұқсамайтын тек өзіне ғана тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі,бітім - болмысы болады.Салт-дәстүр дегеніміз түптеп келгенде, ұлттық болмысты басқалардан алабөтен айрықшалап, даралап тұратын ішкі бір рухани айна іспетті.Оларды халықтың келбеті,тәрбиелік ережесі немесе «ұлттық код» деп атайды.

Мақсаты: Жалпы ұлттық кодқа тіреу болатын берік діңі болуы қажет. Ол әрине - тіл, дін. Осыдан келіп діл шығады. Онсыз халық болмайды.Кешегісіз бүгін де, ертең де тұл.Осы ретте айта кетсек,қазақ халқының да өзіне тән мінез – құлқы, әдебі, ұлттық қадір – қасиеті бар.Осылардың әрқайсысына талдау жасап, дәйектеу,түсіндіру.

Түйін сөздер: ұлттық құндылық, бітім- болмысы, тәлім, тәрбие, салт-дәстүр, ұлттық сана-сезім, адамгершілік, жаңа заман,білім.

Ключевые слова : национальные ценности,сущность, воспитание, обычаи и традиции, национальный менталитет, человечность, новое поколение, образование

Keywords: national values, essence, upbringing, customs and traditions, national mentality, humanity, new generation, education.


Кішкентайымыздан қай-қайсымызды болмасын ата-анамыз «ұят болады», обал болады», «жаман боладыны» көп айтып солай тәлім берген. Дұрыс пен бұрысты сол сәттен-ақ ажыратып үйреткен. Ол біздің мінез-құлқымызды қалыптастырған негізгі сатылардың бірі десек артық болмас.

Жастайынан баланың өз еліне, жеріне деген махаббаты ана тілінен басталады. Ал одан ары оны күшейту, қазақы тегімізді, ділімізді бойына сіңдірту алдымен отбасының одан кейін тәрбие ордаларының қала берді, қоғамның еншісінде болмақ. Дәл осы мәселені Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруы қажет», деп айтып өтті. Демек, Н. Назарбаев-тың ескеріп отырғаны- еліміздің ерекшелігін, халқымыздың ділін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, рухани және материалдық құндылықтарын сақтай отырып, жаңа заманға жарасымды озық үлгілерін ары қарай дамыту, жалғастыру, рухани жаңғырту. Жаhандану заманында, сәт сайын өзгеріп отырған құбылмалы кезеңде халықтың тағылымы мол тарихы мен атам заманнан арқауы үзілмей келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерінің алдағы өркендеудің де берік діңі ретінде қызмет жасауы үшін жыл сайын озық ойлы бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.

Ұлттық бірегейлікті сақтау рухани жаңғыру деген түсініктің өзі ұлттық санадағы өзгерістерді білдіреді Ұлттық сана-сезім көкжиектерін кеңейту – ол өз мәдениетіңді жетілдіру, өзге мәдениеттің сындарлы элементтерін қабылдау және ой сүзгісінен өткізу, өзіңді үдемелі даму жолында келе жатқан әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезіну. Ұлттық санадағы өзгерістерді әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Өйткені, қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ахуалы жеке тұлғалар арқылы көрініс табады. Сондықтан да қазақтың ұлыларының философиялық пайымдауында қоғамды өзгертуден бұрын, алдымен адам санасын шыңдауға көп мән берген. Адамзат қоғамы тарихында - жеке адамның ақылы мен санасы, мінезі, адамгершілігі жағынан өсіп- жетіліп, толық адам болып қалыптасуы – күрделі мәселенің бірі. Гуманист атаулының бәрі дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе - адам деп түсінетін болса, сол адамның бойында ең басты сипаттар неден тұрмақ дегенге әр дәуірдің ойшылдары – ұғым – нанымы мен заман талабына орай түрліше жауап беріп келеді. Осы ретте рухани жаңғыру, санаға серпіліс жасаудың озық үлгілерін ұлы Абайдан көреміз. Мәселен, «Қазақтағы дана Абай, дара Абай», адам санасын өзгертудің формуласы ретінде қара сөздерінде және «Адам бол!» қағидасын «Адам болам десеңіз...» өлеңімен дәйектейді.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол, 

Бес нәрсеге асық бол, 

Бес дұшпаның білсеңіз,-деп адамның жаман қасиеттерінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға көп көңіл бөлген. Осы ретте Елбасының айтқан«жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді» -деген ойының Абай айтқан даналығымен үндесетінін байқаймыз.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет екендігі, табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екені, себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіні, білімнің салтанат құруы қағидалары Абай мен Ыбырай ғұламалығының жалғасын тапқан өміршеңдігін танытады.Қостанай өңірі білім шамының алғаш жағылған жері, білім қазығының алғаш қағылған жері дейтін болсақ, білімнің салтанат құру идеясы Ыбырайдан басталғанын көреміз. «Дала қоңырауы» аталған ұлы ұстаздың «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде өркениетке ерте қадам жасаған өзге жұрттың тастан сарай салдырғаны, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алдырғаны Қазақстандағы қазіргі заманағы технологиялар, коммуникация, ғылыми және білім беру үдерістеріндегі заманауи өзгерістер білімді ұрпақ тәрбиелеудегі ұлы ұстаз Ыбырайдың, Ахмет Байтұрсынұлы М. Әуезовше айтсақ«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны..., қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты» ұлт көсемінің салып берген сара жолының жемісі деуге болады. Рухани жаңғыру - сананың жаңғыруы. Осы рухани жаңғыру - саясат майданының жұрт таныған көсемдерінің ұлы идеясы болған. Ж.Аймауытовтың әйгілі «Оян, қазақ» ұраны, А.Байтұрсынұлының қалың ұйқыдағы жатқан халыққа сары «Маса» болып, ызыңдап, жар салуы талай алаш арыстарының қоғамдық өркендеудің өтпелі кезеңдерінде санаға серпіліс жасауының айқын дәлелі бола алады. Жаңа бір өрге ұмтылар дәуірде өткен-кеткенімізге ой жіберіп, ұлттық парасат пен пәтуәлі перзенттік тәлім-тәрбиені ұлықтандыра түсіп озалғы( прогрессивті) үрдістерді дамыта отырып, қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады Шынында да Бәсекелік қабілет, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау дегендер ұлттық отансүйгіштікпен, патриотизммен, ұлттық мемлекеттік санамен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешуде білім беру ісімен бірге ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып, азаматтық – патриоттық тәрбие; рухани – адамгершілік тәрбиесі; салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттың мәдениетін, өзінің ұлттық кодын, ұлттың ішкі «Мен» деген өзегін сақтау бойынша жүргізіледі. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру парадигмасы енгізілді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.Негізгі өзгермейтін қағида-білім әлемдік деңгейде, тәрбие ұлттық болмыста болуы керек.

Жаңғыру – өзіңнің мәдениетіңді, атап айтқанда, дәстүрлерің мен әдеп-ғұрыптарыңды, тілің, әуенің, әдебиетіңді, яғни ұлттық рухани ерекшелікті құрайтын барлық нәрсені сақтаған кезде ғана мүмкін болады.

Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына дәстүрлі түрде мынадай рухани құндылықтар тән: 1. «Жеті ата», «Тегі» – немесе бабаларымызды ардақ тұту,

2. «Тіл» – тіл мен мәдениет, 3. «Жер» – туған жер, 4. «Ел» – мемлекет-ұлт. Осы кодтық түсініктер, яғни адамның келбетін, адамгершілік қағидалары мен дәстүрлі мәдениетін, дүниетанымын, өткен аға буын мен келер ұрпақтың алдындағы жауапкершілігін, қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттемелерін, туған жерге деген сүйіспеншілік пен батырлық, дәстүрлі қонақжайлылық пен әлемге ашықтық, қазақ қоғамының бір бөлігіне айналған және оның рухани құндылықтарын қабылдаған барлық ұлыстарға қатысты интернационализм мен толеранттылықты қалыптастыратын ген тәрізді қазақтың ұлттық мінезін қалыптастырады.

Қазақстанды мекендейтін жүз отызға тарта ұлт пен ұлыс қазақ жерінде татулықпен, түсіністікпен, бейбіт қатар өмір сүріп келеді. Сол ұлт өкілдеріне халқымыздың қасиеттілігін, ұлылығын ұлықтауға, салт – дәстүрін, тілін құрметтеуге, рухы күшті ұлтымыздың ерекшелігін танытуда ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық педагогиканы насихаттаса ұтарымыз көп. Ұлттық тәрбие құр уағызбен сіңбейді. Әр сабақта оқытушы ғылыми материалды халқымыздың ұлттық танымына қарай жаңа технологиялар арқылы сіңіре отырып, сабақтың мазмұнына сай бай салт – дәстүрімізді, қазақ халқының ұлттық киімін, аспаптарын, ас мәзірін, философияға толы ою өрнектерін, ұлттық нақыштарын, сонымен қатар мақал – мәтел, жұмбақ, қара өлең үлгілерін де тиімді пайдаланса өзге ұлт өкілдері үшін қызықты да тәлімді болады.

Қазақ халқының әрбір отбасы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап ұлттық тәлім – тәрбиеге сусындатып, бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеген және сол дәстүрді мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересіне алдымен елінің құтты қонысын таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл – аймақтағы жер–су атауларын ерінбей – жалықпай баласының санасына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты адамға тән табиғи сеніммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйреткен. Ол үшін жанды – жансыз жаратылысты өз дәрежесінде өз орнымен бағалауға үйрету арқылы тіршілік деген тұтас әлемнің қадір – қасиетін танытқан.

Дәл қазір және бұдан кейінгі еліміздің болашағының көркейуі, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді. Өркениет біткеннің өзегі-білім, ғылым, тәрбие екендігіне көз жеткізуіміз керек. Халық үшін тәрбие – тұтас дүние. Оның мақсаты –саналы адам тәрбиелеу. Сондықтан тәрбие адамға тән асыл қасиеттер жиынтығынан бөлшектелмей, бала бойына тұтас сіңірілуі тиіс.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Аймауытов Ж.Шығармалары –Алматы «Жазушы»1992ж

2. Байтұрсынов А.«Ақ жол» Алматы: Жалын, 1991ж.

3. Бес арыс- Әшімханов Д.- А.,1992ж.

4. Қазақтар 9 томдық анықтамалық, 4 -том Алматы, 1998ж. Қазақстан даму институты

5. Қазақ тәлім – тәрбиесі, Оқу құралы. А.,- 1994ж.

6. Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

7. Нұрмұхаметова Қ.Т.Ұлттық құндылықтың негізі – рухани жаңғыру. «Білім берудің практикалық сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері» ғылыми-практ.конференц.жинағы ҚМПУ 02.02.2019ж.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!