Материалдар / ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЙ ОТЫРЫП ,ТӘРБИЕ БЕРУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЙ ОТЫРЫП ,ТӘРБИЕ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиеледеугі тәжірбиесі бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы жетіп отыр. Ұлттық сананың қалыптасуына тікелей ықпал ететін ұлттық құндылықтар, ата-бабамыз мирас етіп қалдырған салт-дәстүрлеріміздің, әдет-ғұрпымыздың озық үлгілерін, тағылымдық мүмкіндіктерін толық пайдалану бүгінгі тәрбиешінің кәсіби сапасына қойылатын негізгі талап болуы тиіс.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ибрагимова Сандугаш Наримановна

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы

КМҚК «Ақерке» бөбекжайының

тәрбиешісі.Педагог -модератор






ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЙ ОТЫРЫП ,ТӘРБИЕ БЕРУ

Ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»,- деген болатын.

Біздің қоғам алдындағы мақсатымыз – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлтық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші.

Ал ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән, адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.

Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі:

  • Біріншісі – тілі,

  • екіншісі – діні,

  • үшіншісі – дәстүрі,

  • төртіншісі – тарихы,

  • бесінші – атамекені

Тәрбиелі білім – қазына, тәрбиесіз білім – қасірет екендігі баршамызға мәлім. Сондықтан кез келген сатыда тәрбиелі білім беру – міндеттіміз. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында ұлттық салт-дәстүр, рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта тәрбиелеуді ұстанамыз. Ұрпақ тәрбиесі бір күндік немесе бір уақытта аяқталатын әрекет емес, тәрбие отбасынан басталады және өмір бойы жалғасады.

Қазіргі уақытта балалармен жұмыс істеудің көптеген инновациялық әдістері мен тәсілдері бар. Ерте жаста бала балабақшаға қабылданғанда алдымен айналасындағы адамдармен өз бетінше қарым-қатынас жасай бастайды. Ол алғашқы қарым-қатынас тәжірибесін алады. Басқалардың арасында өз орнын табуға тырысады және осылайша алғашқы қарапайым дағды мен білім алады. Осы кезеңдегі педагогтың міндеті – балаға барлық педагогикалық көмек көрсету, барлық қажетті жағдайды жасау және оның жеке ерекшеліктерін ескеру. Бүгінігі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, және ұлттық сананы қалыптастыру арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық сананы қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрары белгілі.

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиеледеугі тәжірбиесі бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы жетіп отыр. Ұлттық сананың қалыптасуына тікелей ықпал ететін ұлттық құндылықтар, ата-бабамыз мирас етіп қалдырған салт-дәстүрлеріміздің, әдет-ғұрпымыздың озық үлгілерін, тағылымдық мүмкіндіктерін толық пайдалану бүгінгі тәрбиешінің кәсіби сапасына қойылатын негізгі талап болуы тиіс. Қазіргі кезде жаңа тұрпатты тәрбиеші келбеті жайлы көп айтылып жүр. Оған ойын процесіне инновациялық педагогикалық технологияны пайдалану, заман легімен ілесе алатын, компьютермен, интерактивті тақтамен жұмыс жасай алу, бірнеше тілді меңгеру, мультимедиалық құрылғылармен жұмыс жасай алу, әлемдік бәсеке талаптарына сай болу сынды қабілеттерді жатқызады. Әрине, бұл дұрыс, яғни бүгінгі қоғам талабы осындай. Бірақ біз жаңа сипаттағы білім беретін жаңа тұрпатты тәрбиеші ең алдымен, өз ұлтының құндылықтарын қастерлейтін, тілін, дінін құрметтейтін патриот болуы тиіс демекпіз.

Өз халқына деген сүйіспеншілігі оның туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патиоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Сондықтан жаңа тұрпатты тәрбиеші ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін төмендегі міндеттерді шешу керек:

  • 1.Тәрбиеленушіге ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

  • 2.Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

  • 3.Ана тілімен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеу;

  • 4.Ұлттық намыс, ұлттық мінез қалыптастыру.

Бүгінігі таңда Қазақстандық жаңа тұрпатты тәрбиеші алдында екі ауқымды міндет тұр:

Оның біріншісі—уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған, өзгермелі қоғамда заманауи талаптарға лайықты жауап беретін кәсіби шебер маман болу,

ал екіншісі кейінгіге қайта оралып, ата-бабамыз мирас етіп қалдырған ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіру. Осы екі міндетті шешкенде ғана біз ұлтымыздың білім мен мәдениетін әлемдік деңгейде жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Бөбекжайымызда өткізілетін іс-шараларда жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық ойындар арқылы танысып келеді.

Ойын тәрбие құралы деп таныған. Ойынға топтағы заттық дамытушы ортада өзіміздің ұлттық тұрмыстық ойыншықтарымызды қолдану бүлдіршіндердің ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы ретінде ұсынуымыз керек.Мысалы:күбі,бесік, дөнгелек стөл,оюланған көрпешелер, ұлттық тағамдар муляждары.

Ұйымдастырылған іс-әрекет балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастырылу керек Мектепке дейінгі ұйымның топтарында ұйымдастырылған іс-әрекеттерді барлық топпен бірге немесе шағын топтармен қызығушылық орталықтарында ұйымдастыруға болады. Ұйымдастырылған іс-әрекеттерде педагог түсіндіруге уақытты көп бөлмей оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді орындауына, ойнауына, өз пікірін білдіруіне, зерттеуіне, құрастыруына, сурет салуына, шешім шығаруына және басқаларға мән беруі қажет.

Педагог әрекетінің алгоритмі:

  • балаларға айтып беру;

  • балаларға көрсету;

  • балалармен бірге орында

Физикалық қасиеттерді дамыту мақсатында қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу дағдыландыру керек.

Ұлтық ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.(слайд)Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп –жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.

Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.

Әтеш – шақырады

Есек – бақырады

Күзен – шақылдайды

Бақа-бақылдайды

Шыбын – ызылдайды

Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі.

Ұлттық құндылықтарға негіздей отырып, тәрбие беру мақсатындаҰлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.(Слайд)

Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды. Ата-анмен жұмыс жасау арқылы балаларды ауданымыздың этно ауылымен таныстырып қазақтың тіршілігінің тірег, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді.Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру- отбасының, балабақшаның, бүкіл халықтың міндеті.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» деген қағиданы еске сақтай отырып, еліміздің әл-ауқаты жақсарған уақытта бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу балабақшадан басталады.Тәрбие – баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.

Дәстүрің – дәулетің, салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырыңдемекші халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз. Ел болашағын ұлттық құндылықтарды танып, бағалайтын, оны сақтап, жалғастырар ұрпақ тәрбиелей берейік демекпін.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!