Материалдар / Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың шеберлігін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың шеберлігін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек,технология пән мұғалімдеріне арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
553
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың шеберлігін дамыту


Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері, әшекейлік ою-өрнектері бар. Ою-өрнек латынның ornament – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Оған қазақ елінің көптеген ғалымдары (К.Е.Ибраева, К.К.Ералин, Ж.Балкенов және т.б.) өздерінің анықтамаларын берген. Атап айтсам, «Ою-өрнекті үйлесімділік өнер десе, екінші – символдар байланысы, үшіншісі бейнелеу өнерінің өте ертеден келе жатқан түрі,   тағы бірі қазақтың өрнегі – қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы деп түсіндіреді. Солардың ішінде «ою-өрнек» ұғымдық мәнін С.Қасиманов, Ұ.Әбдіғапбарова толық ашып көрсетті десе болады. С.Қасиманов: «ою» деген сөз бен «өрнек» деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою» дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе «ою-өрнек» қосарланып айтыла береді» – десе, Ұ.Әбдіғапбарова: «қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар» – деп ой тұжырымдайды. Екі түсінік те бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі, ою-өрнек ұғымынан толық мағлұмат алуға көмектеседі[2].

Сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге (бұйымды жасау үшін қолданылатын материалына қарай, бұйымдарды қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай; көркемдік әшекейленуіне қарай; мағынасына қарай) септігін тигізді. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әрбір тобын өз кезегінде көркем кәсібіне қарай бөлуге де болады, өйткені әрбір кәсіптің өзінің өрнегі, түр-түс үйлесімі, жасау әдісі және бұйымды әрлеу мен басқа да ерекше белгілері болады. Қазақ халқы киіз үй бұйымдарға ою, өрнек түстерін орналастырғанда өзіндік ережеге сүйенген, олардың бояуын белгілеуде үлкен жауапкершілікпен, жоғары талғаммен қараған.

Оқушыларға ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын меңгертуде  нақты қадамдарды ( жас ерекшеліктеріне байланысты баулу, оларға сыйластық көзқарасты қалыптастыру, еңбек түрлерін біріндеп күрделендіріп отыру, ұжыммен бірлесе отырып еңбек етуге баулу және т.б.), педагогикалық принциптерді (халықтық, табиғилық, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, бірізділік, жас және дара ерекшеліктерін ескеру, өмірмен байланыстыру.) тірек еткен. Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді (көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырма беру, жаттықтыру, сендіру, сенім арту, мақтау, мадақтау, марапаттау, түзеу, бағалау, қолдау, ынталандыру) пайдалану қажет. Сонымен бірге  халықтың ауызекі шығармашылығы, салт-дәстүрлер, мерекелер, ұлттық ойындар арқылы ұйымдастыру. оқушылардың логикалық ой-өрісінің, дүниетанымының, эстетикалық талғамының, адами асыл қасиеттерінің дамуына, рухани-мәдениетінің, технологиялық мәдениетінің қалыптасуына үлкен септігін тигізді.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері өзінің тәрбиелік мүмкіндіктерін бүгін де жоғалтқан жоқ, керісінше, заман талабына қарай, оның көкейкестілігі бұрынғысынан да артып отыр.

Оқушылардың қздеріне берілген тапсырмаларды саналы түрде орындау барысында қолданған тапсырмаларына жасаған талдауды негізге ала отырып, әр заттың орындалу технологиясын меңгерту бағыты мен политехникалық сипаттағы мәліметтерді сұрыптаудағы, жүйелеудегі әртүрлі ұстанымды ескере отырып және іс-әрекет теориясына негізделген осы мазмұнды оқушылардың технологиялық даярлығы тұрғысында қарастыра отырып, оқу мазмұнының құрылымында мыналарды қарастыру қажет:

  • сәндік-қолданбалы өнер түрлеріндегі еңбек нәтижесінің өзіндік ерекшелігі туралы;

  • жұмыс барысында қолданылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлері;

  • заттардың қасиеттері, шығу тарихын, көркем қолөнерде немесе үй шаруашылығы мен халық шарушылығында пайдалану;

  • сәндік-қолданбалы өнер түрлерін даярлайтын құрал-жабдықтар;

  • орындалу міндеті, мақсаты, пайдалану бағыттары, жұмыс тәсілдері;

  • еңбектегі қауіпсіздігі;

  • өнімдерді өндіру процесінде жүзеге асырылатын сәндік-қолданбалы өнерге қажетті шикізаттардың, материалдардың жағдайы немесе өзгеріске түсетін формалары мен қасиеттерінің тәсілдері мен амал-жолдары;

  • сәндік-қолданбалы өнер түрлерін даярлау барысында жұмыс процесін ұйымдастыру.

  • адамдардың еңбек әрекеті, олардың қазіргі өндірісте пайдаланылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне деген көзқарасы;

Бұл технология сабағында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін, оның технологиясын оқушыларға бірізділікте меңгертуде көмектеседі. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы дамыту процесі оның мазмұнын нақтылауды талап етеді. Біз теориялық бөлімде берілген қағидаларды негізге ала отырып технологиялық мәдениеттің мазмұндық компоненттерін саралап аламыз.  .

Сәндік-қолданбалы өнер түрлері мазмұнын сұрыптауда біз дидактикада қалыптасқан принциптермен бірге (жүйелілік, түсініктілік, көрнекілік, ғылымилық, саналылық, бірізділік, белсенділік) қазіргі теория мен практикада сирек пайдаланылатын, сәндік-қолданбалы өнер түрлері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда тиімді нәтиже беретін жаңа принциптерге де (дамыту принципі, әлемдік бейненің тұтастық принципі, мәдениетке сәйкестілік принципі, технологиялық білім беру мазмұнының вариативті принципі, проблемалық принципі) аса мән береміз.

Сонымен бірге сабақта қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін меңгерту процесінде оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді (сөздік, көрнекілік, аудиокөрнекілік, практикалық, салыстыру, теңестіру, ақпараттық, эвристикалық, қорытындылау, іздестіру және т.б.) пайдаланамыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!