Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіннің диалог және монолог түрінде болатындығын түсінеді, екеуінің айырмашылығын ұғынады, сөйлеушінің сөзін тыңдап, оған жауап беруге дағдыланады
Материалдың қысқаша нұсқасы



2 0 .11.2018

Қазақ тілі

10 «А»- сынып


Сабақ тақырыбы

Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Ұлттық үрдіспен байланысты сөйлеу мәдениетіміздің қалыптасатынын түсінеді; әр ұлтқа тән өзіндік сөйлеу стилі, этнолингвистикасы болатынын, оның халықтың сат-дәстүрімен, тұрмыс-кәсібімен байланысты сараланатынын білетін болады. Халқын сүюге, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

бата, бата беру туралы әңгіме құру және ауыз екі сөйлеу арқылы функционалды сауаттылығын арттырады;

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіннің диалог және монолог түрінде болатындығын түсінеді, екеуінің айырмашылығын ұғынады, сөйлеушінің сөзін тыңдап, оған жауап беруге дағдыланады

.

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Жетістік критерилері

суреттерді пайдалана отырып,сөйлем қарапайым постерлер құрастыра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талдауға арналған сұрақтар:

Не себебті ......деп ойлайсыз

ишара

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Берілген тақырып аясында постерлер құрастыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақ басы

3 минут

Қызығушылықты ояту.

Ұлттық мәдениеті жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден оқ бойы озық тұрады.

Түріктер қағидасы

  • Келісеміз бе? Қалай түсіндірер едіңдер?

Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

Қазақ мақалы

  • Қазақтың мақалы алдыңғы айтылған оймен үйлесе ме, қалай ойлайсыңдар?



10 минут

Мағынаны тану.

Бүгінгі өтетін сабағымыз да осы ата-баба дәстүрімен байланысты. Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті

Түсінік беріледі.

Салт-дәстүр

← ↓ →

Бала тәрбиесі Тұрмыс-салт Әлеуметтік-мәдени


Әдет-ғұрыптар: Киіз үй, қазақ жиһаздары, Қазақ ауылдары

Шілдехана, сүйінші- ұлттық киімдер- туыстық қатынас, шешендік,

...еңбекке баулу кәсіпке баулу қонақ күту...- ұлттық мәдениет


Салт-дәстүр сөйлейді.

Топтарға тапсырма: топтарға 4 түрлі мәтін беріледі, түсініп оқып, мазмұндау керек, қорытынды жасайды.

1-топқа – Асты «бісімілдә» деп баста;

2-топқа - Көк шөпті жұлма;

3- топқа – Табалдырықты баспа;

4 –топқа – Бүйіріңді таянба

Оқу, түсіну, дайындалуға, суретпен бейнелеу.

Топтарды тыңдау.



Постер

А 4

2 минут

Сергіту сәті. Өздеріне құрмет: «Мейірімді сөздер»




12 минут

















































2 минут

Ой толғаныс

Даналық ойдан дән ізде – ауызша жүреді.

1-топ – Автор сөзі. Мәтіні:

Оқып, мазмұнын ашады. Қорытынды жасайды.

Автор сөзі

Ұлы жүздің тізгіні де, қамшысы да Үйсін Төле бидің қолына көшті. Орта жүздің тізгіні де , қамшысы да Арғын Қазыбектің қолына көшті. Кіші жүздің тізгіні де, қамшысы да Әлім Әйтекенің қолына көшті. Қандай қиын түйінді де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді. Қандай қиқар дәукесің де Әйтеке айтқанда, құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда құптамасқа, Төле айтқанда , «төресі осы » деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты. Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады деген де содан қалған.

Әз Тәукені күллі қазаққа хан сайлап, Сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, «Жеті жарғының» жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталғасын, жиылған жұрт «ертең елге барғанда айта барамыз, үш би бізге не дейді екен? Соны алып кеткіміз келеді» дейді.

Өздеріне берілген мәтінді оқып , көрініске айналдырады немесе рольмен оқиды – 13 минут

2-топ – Кәрілік пен жастық туралы. Мәтіні:

Кәрілік пен жастық туралы

  • Үй сыртында төбең болса, ерттеулі тұрған атың ғой; ел ішінде қарияң болса – жазулы тұрған хатың ғой,- дейді Төле.

  • Жалтылдайды екен деп жастықты сөкпе – бәріңнің шыққан тегің сол; қалжаңдайды екен деп қарттықты сөкпе, ертеңгі жетер шегің сол,- депті Қазыбек.

  • Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық; сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық,- дейді Әйтеке.

3-топ - Ең жақсы сараңдық туралы. Мәтіні:

Сараңдықтың қандайы жақсы?

  • Ең жақсы сараңдық –қасың сұрағанда , барға сараңдық; досың сұрағанда – жоққа сараңдық,- деді Төле қамшысын қайтып алып.

  • Көрсе қызар алдында жарыңа сараңдық,; айналдырған аурудың алдында жаныңа сараңдық лазым,- деді Қазыбек.

  • Тамыр мен тамырдың арасында боқшаға сараңдық; дос пен достың арасында бопсаға сараңдық,- деді Әйтеке.

4-топ - Ұл мен қыз хақында. Мәтіні:

Ұл мен қыз хақында

  • Ұл өссе- ұрпақ; қыз өссе – өріс,- деді Төле би.

  • Ұл бала аптыққаннан өлсін; қыз бала тұншыққаннан өлсін,- деді Қазыбек.

  • Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің; абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің,- деді Әйтеке.

  • Соңғы сөзді мен айтайын...”

Бүгінгі тақырып және қазіргі ғаламдастыру заманы туралы ой


3 минут

Үй тапсырмасы.

Тақырыппен танысу. Өз ізденістері




3 минут

Кері байланыс «ҮББ» стратегиясы бойынша- 3 минут

Бүгінгі сабақта үйрендім

Бұрыннан білемін

Тағы да білгім келеді






А 4

5 минут

Бағалау . Өз топтарында өзін-өзі және бірін-бірі бағалау.



Рефлексивтік есеп















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
781
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі