ҰЛТЫНА, ЖҰРТЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТУ
БІЛІМНЕН ЕМЕС, МІНЕЗДЕН
Кіріспе
Қазақтың маңдайына біткен
текті тұлғаларының қатары жетіп артылады. Солардың бірі және
бірегей, қаны қазақ, жүрегі Алаш деп соққан азамат – Әлихан
Бөкейханов.
Бала кезден бойында білімге
деген зор құлшыныс, ұлтына деген зор ілтипатпен ер жеткен Әлиханның
тік мінезі, өзіне тән ерекше қасиеті болғандығы тарихи деректерден
таныс. Аумалы – төкпелі кезеңде өмір сүріп, өз бойындағы бар
болмысын ұлтының келешегі үшін сарп етіп, студент кезден саяси
істерге белсене араласып жүрген жанның расымен қайтпас қайсар
мінезі бар екені білінеді. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек
аталып,
«буржуазиялық ұлтшылдықтың»
синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан
мол аманат мұрасы бір кісілік ғұмырындай уақыт шаң басып
жатты.
Ағылшын зерттеушілері
«Бөкейхан жас күнінде орнықты революционер және социалист» — деп
жазса, —«Студенттік кездері ол барлық студенттік қозғалыстарға
белсенді түрде араласып, әрқашан да әсіре солшылдарға ілесетін.
Марксизм туралы қызу пікірталастарда ол экономикалық материализм
қағидаларын дес бермей қорғайтын»,— деп жазды Санкт – Петерборлық
«Новая жизнь» газеті.
Аққан жұлдыздай жарқ етіп
жанып, «Алаш» партиясын құрып, азаматтық парызын адал атқарған,
жазушылығы бір төбе, журналисттік еңбегі ерекше мақтауға лайық
жанның расымен халқы үшін тигізген пайдасы
мол.
Негізгі
бөлім
«Ұлтқа қызмет ету – білімнен
емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Туабітті мінезбен
сіңген тәлімгерлік, азамат тіқ, адалдық ісімен халқы үшін қалтқысыз
қызмет еткен ерлердің еңбегі әрдайым ел
аузында.
Алаштың апталдай азаматы
Әлихан Бөкейханның тілі шебер, сөзі өткір болған. Ол «Қазақ»
газетінде қызмет етіп, өзінің жазушылық шеберлігін барынша көрсете
білді. Осы орайда айта кететін бір жайт, түрті тақырыптар арасында
әдебиетті зерттеу, шығармаларға терең тоқталу тәрізді сәттер өте
көп кездеседі. Баспа беттерінде еңбек еткен жылдары шындықты
бүкпесіз жариялап, қаймықпастан қалың оқырманның көзін ашуға
тырысқандықтан, «қара тізімге» де ілінді, қақтығыстарға да кезікті.
Соған қарамастан, өзінің позициясын берік ұстана
алды.
Ол кісінің шығармашылығы сол
кезеңде өмір сүрген жандардың мазмұнына ұқсас келеді. Ахмет
Байтұрсынұлы тәрізді ел жұртшылығын білім алуға шақырып, болашақтың
кілті көзі ашық жандарда екенін дәріптеумен болды. Ал, «Абайды»
тануға деген ұмытылысы мен бас ақынға деген құрметі Мұхтар
Әуезовтің қалам тартуына ұқсас. Әлихан Бөкейханұлы тұңғыш
«Абайтанушы» атануы да бекер емес. Екі тұлға да халқымыз үшін
қаншама құнды ойлар қалдырған жанды жан – жақты зерттеуге тырысып,
сол арқылы әрбір адамның жүрегіне ой салуға
тырысты.
Ә.Бөкейхан қазақ ауыз әдебиеті
мұраларын жинау, оларды бастыру және әдебиеттану мен көркем
аудармаға саналы түрде еңбек еткен.
Қазақ зиялыларына осы тұрғыдан
да көшбасшы бола білген тұлға Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан,
Ғұмар, Көкбай, Жүсіпбек, Халел, Жаһанша, Мұхамеджан, т.б.
зиялылардың басын қосқан. «Ә.Бөкейхан фольклоршы болған. Ол қазақ
эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш
ғалым.
Кез келген кесек тұлғалы
азаматтар тәрізді Әлихан Бөкейханов та аударма ісімен айналысып,
өзінің тіл шеберлігі мен ой өрнегінің жоғары деңгейін қара сөздер
арқылы жеткізе білген. Әрине, өркениетке ұмтылған ел үшін бұл үлкен
мәнге ие еді.
Әр сөзі өсиет, әр ісі қасиетке
айналған жанға деген құрмет ешқашан ортаймайтыны анық. Ұлт
зиялысының ұлы істер жолында қыршыннан қиылуы озбыр саясаттың
кесірінен екені тарихтан белгілі.
Қорытынды.
Әлихан Бөкейхан қазақ халқының
маңдайына біткен текті тұлға. Еліміздің аумалы – төкпелі сәтінде
маңызды мәселелерді еш қаймықпастан көтеріп, халықтың мұңын мұңдап,
жоғын жоқтаған. Оқуға, ілімге, білімге деген көзқарасы ерекше.
Зерттеушілігі ауыз толтырып айтарлықтай құнды мұралар. Бұл оның
ғылымға да етене араласып, білікті болғандығын байқатады. Орман
шаруашылығы мамандығын тәмамдағандықтан, аталмыш салада талай тың
еңбектер жазып, ел әлеуетін арттыруды үнемі назарға алып жүрген.
«Жігітке жеті өнер де аз» деген мақал дәл осы Әлихан Бөкейхан
туралы айтылғандай. Себебі, оның тек ғылымға ғана бейімі болмай,
сонымен қатар жазушылық қасиеті де бойда көрініс тапқан. Атақты
жазушылар мен ақындардың мұраларын зерттеу барысында өзінің
алғырлығын байқатып, тіл шеберлігін айқындайды. Ал, аудармалары
болса бір төбе. Мұның өзі нар тұлғалы азаматтың бірнеше тілдерді
еркін меңгергендігінің айғағы. Сонымен қатар, публицистика жанрының
жілігін шағып, майын ішкен жан, баспа саласында да басымдығын
байқатып, «Қазақ» газетінде тұщымды ойлар, өткір мақалалар жаза
білген. Отырықшы заманда билікке қайшы тұстарды еш қаймықпастан
қағаз бетіне түсіріп, көпшіліктің назарына ұсынады. Оның сыни
мақалалары күні бүгінге дейін архивте сақталып, құнды құжаттар
қатарынан табылуда. Әрқайсысына назар сала отыра, бүкпесіз шындық
пен саяси саладан қаншалықты хабардар болғандығын айқын аңғаруға
болады. Мемлекеттік істерге белсенді араласқан азамат жер дауы, ел
мүддесі, білім бағыты және ең маңызды деген мәселелер төңірегінде
бар күш – жігерін жұмылдырып, өзінің алғырлығын әр кез байқата
білген.