Материалдар / Ұлы Абайдың даналығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы Абайдың даналығы

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәнінен 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Мектеп: Кішішыған орта мектебі Мерзімі: 02.01.2020ж

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Абайдың даналығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, достық, бауырмалдылық

Пән мұғалімі: Бейсебаева Ақмарал Ерсайнқызы

Сыныбы: 2а,2ә,2б

Оқушы саны: 2а- 14 2ә-13 2б-13


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Абайдың даналығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Ұлы Абай, оның даналық сөздері туралы мағлұмат бере отырып , татулық қасиетінің маңыздылығын ұғындыру.

Дамытушылық: Абайдың қанатты сөздерінің мәнін ұғындырып, оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар оқулық, дәптер,интернет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,сабаққа қатысуын түгендеу. «5Т» ережесін еске түсіру, сабақта сақтауын сұрау.

«Жақсы тілек тілейік» ойын- жаттығуы арқылы сабақ бастау.

Шарты: Оқушылар жүрекшені бір-бірлеріне ұсына отырып, ізгі тілектерін тілейді.

Әдістемелік құрал






«Психологиялық жаттығулар» жинағы

Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

-Жазғы демалыс кезінде қандай ізгі іс-әрекет, жақсылық жасадыңдар?


Сабақтың тақырыбын таныстыру.



Дәйексөз

Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар”

Абай Құнанбаев

  • ДӘЙЕКСӨЗДІ ТОППЕН ҚАЙТАЛАП ОҚЫП, ДӘПТЕРІҢЕ ЖАЗ

  • ДӘЙЕКСӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІҢ


Абай 1845 жылы Семей өңірінде дүниеге келген.Абай Құнанбаев- қазақ халқынының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері.Азан шақырып қойған ата Ибрагим.Әжесі Зере сүйікті де сүйкімді немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим деген шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кеткен. Ұлы ақын кішкентай кезінен анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің ертегі,аңыз әңгімелерін тыңдап өскен. Абайдың энциклопедиясы, өлеңдер жинағы, 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар

Оқулық






https://abaialemi.kz/post

/view?id=17

Оқып үйренейік

Жанқұтты шешеннің батасы

(ел аузынан)

...Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінда отырғанда Абай келіп сәлем берді.Ол кез-Абайдың жас шағы екен. Оның тапқырлығын, өлең шығаратынын естіп жүрген шешен баланы қасына отырғызады.

Біраздан кейін Абай:

-Ата, сізден бір сұрақ сұрауға бола ма?-дейді.

-Е,шырағым, сұрай ғой,- депті Жанқұтты шешен.

-Ата, арзан не, қымбат не, дауасыз не? Соны білейін деп едім, -депті Абай.

-Шырағым,Абайжан! Арзан-өтірік, қымбат-шындық, ал дауасыз деген ол кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен-ақындығың шығар, маңдайың жазық екен-ойлылығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол, деп Жанқұтты шешен батасын беріпті.


Әңгімелесейік

  • Абай Жанқұтты шешеннен нені білгісі келді?

  • Сендер шешенге қандай сауал қояр едіңдер?

  • Өмірдегі арзан не, қымбат не, дауасыз нәрсе деген не екен?

  • Өздерің үлкендерден бата аласыңдар ма?


Мұғалімнің сыйы

«Абай» бейнефильмін көрсетемін.


Оқулық






























https://yandex.kz/video/preview/?filmId


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма

Абай Құнанбайұлының “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін оқып танысып, өлеңде көрсетілген “5 асыл іс” пен “5 дұшпанды ” дәптерлеріңе жазып, есте сақтап алыңдар

Ғылым таппай мақтанба,
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.


2-тапсырма

Shape1


Дәптер








Дәптер

















Үлестірмелі текше

Топпен ән айту

«Болайықшы осындай»әні

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады.


  Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.


Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.


Қайырмасы:

Ұқыпшыл осындай,

Болайықшы досым-ай.


https://yandex.kz/search/?text


Үй тапсырмасы.

Абайдың 1 өлеңін жаттау



Соңғы тыныштық сәті

-Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?


«Жеміс ағашы» әдісі







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!