Материалдар / Ұлы ағартушының педагогикалық мұрасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы ағартушының педагогикалық мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұрасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2018
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақиық ақынның педагогикалық мұрасы

Әр адамда көңіліне тұмар,өміріне тұлға етер,сүрінгенде сүйенер, адасқанда жол көрсетер жұлдызы болуы хақ.Осындай заңғар тұлға,сыршыл суреткер,аяулы ақын- Мағжан Жұмабаевпен таныстығым тәуелсіздік лебі енді-енді сезіле бастаған 80-жылдардың соңы, 90-жылдардың басында болған еді. «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналында жарық көріп жатқан алғашқы мақалалар мен ақын шығармалары М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы,Ж.Аймауытов сынды зиялы азаматтардың бейнесін зорайтып, көз жетпес шың- тұлға, заманының құрбаны болған, әйтсе де мәңгі өшпес жарық жұлдыз болып,күн өткен сайын жарқырай түсер гауһар тасқа айналды.

М.Жұмабаев- ақиық ақын,әдебиетке жаңа мазмұн әкелген жазушы болуымен қатар,ол-ұлы ағартушы болғандығы да мәлім. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926),  “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме   ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.

М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі – қазақ жерінде тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық педагогика оқулығы. Оқулықта «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі»,-деп ұстаз тұлғасын биікке көтерген.Маңызын әлі жоймаған бұл еңбегінде халықтық педагогика мен психологияға баса назар аударады.Баланы тәрбиелеуде педагогика пәнінің ролін,оқыту жолдарын жан-жақты саралай келіп,дене тәрбиесі,жан тәрбиесі,ішкі жан тәрбиесі деп даралап,нақтылап,құнды пікірлер айтады.Мағжан Жұмабаев «Педагогикасы» жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге бағытталған этнопедагогикалық еңбек.

Әрбір халықтың мәдени-рухани қазынасы өскелең буынға білім беріп,оларды тәрбиелеуде орасан зор тағылымдық маңызы болатынын заманымыздың ғұлама ғалымдары жақсы түсінген.Осыған орай әлемдік ой-сананың асқар биігіне көтерілген М.Жұмабаев «... тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті » деген.Бүгінде сол кезде айтылған пікірдің өзектілігі,өткірлігі әлі мәнін жоймағанына,қайта ауыр сыннан өтіп, әлеуметтік-педагогикалық мәні артып отырғанына көзіміз жетті.Адам баласымен бірге жасасып,бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі- тәрбие.

М.Жұмабаев «Тәрбие деген не?»- деген сұраққа жауап бергенде, дене тәрбиесі,ақыл тәрбиесі,сұлулық тәрбиесі,құлық тәрбиесі деп төртке бөліп, «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе,оның тәрбиесі түгел болғаны»-дейді.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты мақаласында «Ұлттық салт-дәстүріміз,тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз,жоралғыларымыз,бір сөзбен айтқанда ұлттық

рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп көрсетті.Ендеше М.Жұмабаевтың педагогикалық идеялары өміршеңдігін жоймайды.Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы» нағыз ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған және ол қазақ топырағымен, салт-дәстүрімен, мінез-құлқымен тығыз байланысты,өзі айтқандай,қабысып жатыр.

Біздің мектеп ұжымы 2015 жылы инновациялық идеялар фестивалінде «Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында қорғаған жобасы жақсы бағаланып,ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Мектеп ұжымы осы бағытты ұстана отырып, тәрбие жұмысын оқушылардың жас ерекшелігіне сай тоғыз бағытқа бөліп.әр айда өткізілетін іс-шараларының тақырыбы мен мазмұнын анықтады. Бастауыш сыныптар «Тілашар», «Көкпар», «Он саусақ» бағыттары бойынша,ал орта буын «Дастархан», «Сазды әлем», «Салт» бағыттары,8,9-сыныптар үшін «Атамекен», «Бозбала», «Тарихи мұра» атты бағыттар бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.Бұл жұмыстың нәтижесі мектеп оқушыларымен,ата-аналарымен жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар салт-дәстүрімізді дәріптеуге,үйретуге бағытталып жатыр.

Мағжан Жұмабаевтың даналығын мына сөздерден артық айта алмаймыз.Мұхтар Әуезов: «... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып,артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі» ,-десе, Жүсіпбек Аймауытов: «Мағжан-ең алдымен,сыршыл ақын.Ол жүректің қобызын шерте біледі,оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді.Мағжан не жазса,сырлы,көркем,сәнді жазады.

Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді,жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз»,-дейді.

Арыстанмын,айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар?

Көкте-бұлт,жерде-желмін гулеген,

Жер еркесі-желдің жөнін кім сұрар?- деген ақын тарихтан өз орнын мәңгі жоғалтпайды.

Қолданылған әдебиеттер:

 1.Қалиев Қ. Этнопедагогика. Астана. 2003

2.Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992

3.Мағжан №4 (20) әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналы 2015ж

































Маң-маң далам,маңғаз далам,сар далам,

Мен де сенің қарапайым бір балаң.

Төсіңде мен өмірді ойлап толғанам,

Өтті талай қилы заман,зар заман.

Зар заманды жырлап өткен бабалар,

Шортанбай мен Дулат сынды даналар.

Сол есімдер легін ары жалғаған,

От боп жанған асыл Мағжан аға бар.



Рухы биік,арманы асқақ ,кемеңгер.

Алаш үшін төккен қан мен ащы тер.

Бүгінгі күн досы түгіл қасы да,

Құрметтеп оны,алдына келіп бас иер.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!