«Ұлы Дала-ұрпаққа
мұра!»
/тарихи-әдеби
кеш/
Мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа,
ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүіспеншіліктерін
арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға
үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Презентация,
бейнеролик
Кеш қыздар тобының қазақша
биімен ашылады.
-
жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің
жері,
Қазақ елі қас сақтай ердің
елі.
Елі кедей болмаған, жері
байтақ,
Еділ ердей, Бабырдай шерлер
елі.
Азат бүгін байлыққа тұнған
жерім,
Азап жүгін, ел жауын қуған
ері.
Әділет пен бірлікке жанын
қиып,
Әділ өткен билердің туған
жері.
2 -
жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен
қасіретті,
Қазақ ері - өнерлі,
өсиетті,
Египетті билеген
Бейбарыстың,
Елі текті, киелі,
қасиетті.
Қорлаған жау - басқыншы
халыққа мұң,
Қорғаған ер – ойлаушы халық
қамын.
Қобыланды, Ер Тарғын,
Алпамыстар,
Қорғап қалды ел бағын
алыптарым.
1-Жүргізуші.
Армысыздар, құрметті
қонақтар,ұлағатты ұстаздар мен
оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31
жылдығына арналған «Ұлы дала- ұрпаққа
мұра!» атты мерекелік кешімізге
қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана
елімізді әлемді өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31
жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын
өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің
барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі,
осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы
армандады.
Бейнеролик
көрсетіледі.
1 –
жүргізуші: Қазақ елі сонау Алтайдан
Еділге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі. Қазақ елі – асқан
батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген
Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың
елі.
2 –
жүргізуші: Аспаныңда жарқ – жұрқ етіп
жалындар,
Аққан судай зымырады
ғасырлар,
Тұрды күтіп, түрлі – түрлі
асулар.
Қарақат Башанованың
«Отан» әнімен 8- сынып оқушылары Нақып Нұрай мен Жүсіп Қанағатты
қарсы алыңыздар!
-
жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек,қазақтың
нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі-нарда,қазаны теңде
болып,көшіп қонып өмір сүрген ата бабамыз үш нәрсені бойтұмардай
сақтап қадірлеген.Ол-ел,жер және ана
тілі.
-
Жүргізуші: Иә, қазақ тарихында талай
ғұламалар мен даналар, ойшылдар өз шығармаларымен еліміздің
әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін көпке танымал етті.Солардың
бірі де бірегейі исламның сопылық бағытының негізін қалаған Қожа
Ахмет Яссауи бабамыз еді.
1
-жүргізуші: Ел иесіз, жер иесіз болған
емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Ел басына күн туғанда
қол бастайтын батыры болмаса, ел бастайтын иесі болмаса ел болудан
қалады. Міне, осындайда ел басшысы болған, тарихта үлкен орын
алатын тұлға – қазақтың батыр ханы
Абылай.
«Абылайлап» Сабалақ қол
бастады,
Абылай хан аталып, ел
басқарды.
Ерлігінен хандардың
басталады,
Егемендік, елдіктің сел
бастауы.
Сахнаға Қожа Ахмет
Яссауи мен Абылай хан
шығады.
1 –
жүргізуші: Тарих! Осы сөзде қаншама
мазмұн, қаншама ойлар мен ұғым жатыр. Ұлы Жібек жолының кіндігі
болған әлемге әйгілі Отырардың күйреуі, жоңғар шапқыншылығы, үш
жүздің Ресейдің қол астына кіруі, ұлт – азаттық шаруалар
көтерілісі, нәубет аштық, жеке басқа табынушылық, репрессия, Ұлы
Отан соғысы, қазақ даласындағы полигон зардаптары, орталықтың теріс
саясатының нәтижесінде Желтоқсан оқиғасы бәрі де біздің
тарих.
Құрманғазының күй
«Балбырауын». Орындайтын 10- сынып оқушылары Жомартұлы Нұрлыбек пен
Темірхан Нұрболат
2-жүргізуші:О, туған жер, кең
пейіл,құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар
күш-ағымен
Сағынышты қанат қып, саған
қарай,
Балапандай талпынып , ұшамын
мен.
Сенде тас та қастерлі,
аспанда
алау,
Сенде жанды тербетер, дастан
бар-ау.
Менің мына өмірге
құштарлығым,
Сені жақсы көруден
басталған-ау.
Қазақша
би
2 –
жүргізуші: Жеке басқа табынушылықтан,
Сталиндік зұлматтың зардабынан қоғам қайраткерлері Әлихан
Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Смағұл Садуақасовтар, Ахмет
Байтұрсынов сынды мыңдаған халқымыздың қаймақтары құрбан
болды.
1 –
жүргізуші: Бодандықтың қамытын киіп,
қарғыс атқан күндерден құтылғанша көрген азабы, тартқан тозағы аз
болған жоқ. Одан қайтсем құтқарам, теңдігін алып, терезесі тең етем
деген ұлт ұлылары қиян – кескі қарсылықтарын көрсетіп жатты. Өресі,
өлшемі ерек, ой – санасы қырандай қияны шалған Алаш арыстарының
жолы азапты да қасіретті. Алайда ұлт дегенде түн ұйқысын төрт
бөлген олар алған беттерінен
қайтпады.
Сахнада көрініс. «Алаш
арыстары»
1 –
жүргізуші: Тәуелсіздік – бабалардың
ұраны
Қазақстан сен бір елсің
жаһанда
Бейуақытта бойға тартқан
тұмары.
Тең танылған таудай асқақ
тұлғасы
Тәуелсіздік – берекенің бір
басы,
Білсін әлем айырылмаймыз
ешқашан
Дәулетің мен сәулетіңнің
тұнбасы.
Қолымызға түгел тиген
тізгіннен!
10- сынып оқушылары
Нұрсейіт Нұрдос, Жомартұлы Нұрлыбек пен Темірхан Нұрболаттың
орындауында Әбдімомын Желдібаевтың күйі « Ерке сылқымды» қабыл
алыңыздыр!
1 –
жүргізуші: 1941–1945 жылдар. Адамзат
тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған
қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Қазақ жерінен әрбір шаңырақ
сұм соғысқа арқа сүйер ер-азаматын аттандырды. Майдан даласында
қалғаны қаншама?! Бұл кезең қазақ әдебиеті мен тарихында қанды
әріптермен жазылып қалды.
Монолог. «Шығыс ұлына
хат» Оқитын 9- сынып оқушысы Берік
Нұрдәулет
1
жүргізуші:
Жалғанның жартысындай қазақ
елі,
Алғандай көздің жауын сұлу
жері,
Ақ пейіл, дархан көңіл
халқымыз бар,
Болған да бірі батыр, бірі
сері.
Әз бабам азаттықты аңсап
өткен,
Ел үшін талай қазақ құрбан
кеткен,
Солардың құдыреті ой
арманы,
Таңы боп Тәуелсіздік бізге
жеткен!
Ортада Отан, Тәуелсіздік
туралы жырлар
2-Жүргізуші:
Соғыстан кейінгі жылдары да
қазақ жері солақай саясттың зардабын аз шеккен жоқ. Соның бәрі
халық қасіретіне айналған- Семей полигоны еді. Семей полигонының
зардабын Абайдай ұлыны дүниеге әкелген дархан дала 40 жыл бойы
тартты. Бұл кезең де ел есінде зұлматты жылдардың зардапты беттері
болып қалып қойды.
Монолог. Жарылқасын
Фариза.
-
Жүргізуші:Түнекте жатқан түнді
емес,
Тілекпен айтқан күнді
көрем!
Елімнің еңіреп жүргенін
емес,
Бұғаудан босап, күлгенін
көрем!
Өркендеп, өсіп,
толғанын,
Мәңгілік ел болғанын
көрем!
Батырхан Шүкеновтың
«Отан-Ана» композициясымен 9- Сынып оқушысы Жаңабекова Жанелді
ортаға шақырамыз!
12–
жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанда отты
оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.
Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық
намыс құдіретін әлемге паш етті.
10- сынып оқушысы Әбеева
Меруертті «Желтоқсан желі» әнімен қарсы
алыңыздар!
1 –
жүргізуші:
Қандай бақыт қуанышты күн
бүгін,
Дәлелдеуге Қазақстан
елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен
ағалар
Елің алды егеменді
теңдігін.
2
–жүргізуші: Міне, достар, Тәуелсіздік
бізге оңай келген жоқ. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстап тұру
үшін сапалы білім мен тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз
елі, өз жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рухты болу
біздің қолымызда.
1 –
жүргізуші: Қазақстанның өз жолы, өзіндік
болашағы бар, бұдан былай және мәңгі Тәуелсіз Қазақстанның тарихы
жалғаса бермек! Қарышта, жайна, Қазақстан! Қазақстанның болашағы
гүлдене берсін! Қазақ елі - Мәңгілік ел боп
қаламыз!
-
Жүргізуші:Мен
Қазақстанмын,
Бабалар
намысымын!
Байтақ елмін, игілік
табысымын,
2030 – 2050 мәресін
әйгілейтін,
Азияның айбарлы
барысымын!
1 –
жүргізуші: Көк байрақ иілмесін,
жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік
тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті
тіреп,
Қазағым, сен қашанда
тұғырдасың!
2
–жүргізуші: Бүгінгі
«Ұлы Дала- ұрпаққа
мұра» атты тарихи-әдеби кешіміз өз
мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,
халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар!