Материалдар / ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ СӨНБЕС ЕСІМДЕРІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ СӨНБЕС ЕСІМДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы дала перезенті Ыбырай Алтынсарин еңбектерін тәрбие мақсаттарында оқушыларға қолдану әдістері, сынып сағаттарында және математика сабағында тәрбиелік мақсатта қалай қолданылғаны туралы іс-тәжірибемен алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
350
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ СӨНБЕС ЕСІМДЕРІКошерханова Лаззат Нурмагамбетовна«№ 1 жалпы білім беретін орта мектебі»КММШҚО Курчатов қаласы

«Мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалыадам болайын деген негізгі ойымнаналабымнанеш уақытта да қайтпаймын»Ы.АлтынсаринЖобаның мақсаты: Балаға тәрбие беруде Ыбырай Алтынсарин ілімінің бүгінгі күнмен сабақтастығының ерекшелігін анықтауЖобаның міндеттеріЫ.Алтынсарин идеяларының құндылығы, өміршеңдігі бүгінгі заман талабына сай оқушы ой өрісін кеңейтудегі маңызыҰлы ағартушы ның әңгімелері мен өлеңдеріндегі тәрбиелік мақсатта қолдану ерекшеліктері

Біз-Тәуелсіз егеменді елміз, сонымен қатар әлемдік білім жүйесіндегі өз орнымыз бар елміз. Әлемдік білім кеңістігінде бағдарланған ұлттық мазмұндағы білім беру жүйеміз қалыптасқан елміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев стратегиялық түрде кемелдену жолымызды айқындап берді. Бүгінгі таңда ұлт болашағын ойласақ Ұлы ағартушы биылғы жылы 175 жылдығы тойланғалы отырған Ыбырай Алтынсаринның ұлы мұраларын жастарымызға дәріптеуіміз керек деп ойлаймын. Сондықтан мұғалімдерге оның ілімін оқушы бойына дарытуға арналған өзімнің зерттеу жобамды ұсынамын. «Мектептегі басты тұлға – мұғалім. Жақсылап салынған мектеп үйі болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы» деп есептеген Ұлы педагог, ағартушы Ы.Алтынсариннің түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. Сондықтан , «табиғат ақыл деп жазды, - ол, - айналадағы қоршаған өмірді ғана қамтуға қабілетті, ал оны дамытып, біздің көргенімізді де білуге мүмккіндік беретін - дүниелік білім ғана»,- деді. «Тамаша жақсы педагогика құралдарыда, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыларға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін», деп оқытушылардың орнын жоғары бағалаған. Осы айтылған ой дәл бүгінде өз мәнін жойған жоқ. Бүгінде оқытушыларды әр оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиісті екеніне бағыттаушы, өздігінен білім алуға үйретуге тәрбиелеуші ұстаздарды оқыту қолға алынған. «Тәжірибедегі рефлексия» бұл педагогика кадрлардың кәсіби даму бағдарламасы, оның өзектілігі ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен мақсаттар мен міндеттерінің үйлесімділігінде. Оқытушыларды осы бағдарлама негізінде оқытуды Ұлы педагог Ыбырай Алтынсаринның тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі – талаптанудан бастадым. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар»-деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ - жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Осы әңгімені негізге ала отырып, мұғалімдерге «Дарынды және талантты» модулімен таныстырдым. «Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы» - деген әңгімесінде өзінің осы пікірін, негізгі идеясын жеткізіп бере алды. Әңгіменің мазмұны мынадай: «Даңқты І Петр шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, сурет салып жатқан бір баланы көреді де, оның не жасап жатқанын сұрайды. Бала: «Сіздің суретіңізді салып жатырмын», - дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенін аңғарып, сурет салуға үйрететін орынға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады». Осы әңгімені негізге ала отырып «Бұл әңгіменің негізгі идеясы неде?» деген сұрақ төңірегінде пікір талас арқылы: жазушының бұл арадағы көздегені - Петрдің ақылдылығын көрсету ғана емес, жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қол жеткендігін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу болғанына көңіл аударып, әр мұғалімнің негізгі міндеті алдында отырған шәкірттерінің бойындағы дарындылықты тани білуі болып табылатынын әр оқушының бойындағы ерекшелікті көре білуге бағыттадым. «Сыни тұрғыдан ойлау» модулін таныстыру кезінде Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлу арқылы тәрбиелеу. Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін сөзге тиек ете отырып, баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал деген ұлағатты сөзі бүгінгі күнге арналғандай, болашақ ұлт жанашырын тірбиелеуде елге үлгі боларлық әңгімелерін сабақ барысында оқушыларға үлгі ретінде айта отыру абзал деп білемін. Ыбырай осы тақырыпта жазған бір әңгімесінде: «Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен қисық біткен?» - деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен», - деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», - деді баласы». Бұл әңгіменің оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де үлкен тәрбиелік мәні бар. «Балан жастан» дегендей, оған жас күнінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керектігін осы бастан оқушыларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айыра білуге мектеп қабырғасынан үйрету керектігі әр коучинг сбақта баса айта келе есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түсетіні және де қазіргі оқушы балаларды әртүрлі ағымдарға түсіп кетпеуіне жол сілтеу керектігі қажет. Кейде сол қисаюмен барып, мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алатынын ескеріп, оларды өз ісіне сыни тұрғыдан қарауға бағыттау керектігін ескерген жөн дей келе, олардың бойынан махаббат, мейірімділік дарыту мақсатында Ы. Алтынсарин әңгімелерінің орны ерекше болатынын әр сабақта тәрбиелік мақсатта басқа шетелдік әңгімелерді емес Ұлы ағартушының тәрбиелік мәні көп әңгімелерін айту керек деп білемін. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің орны ерекше, әсіресе, «Мейірбанды бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» деген үш әңгімесін тәрбие сағаттарында сыни тұрғыдан ойлауға арнап бағыттауға болады. Сабақтың «ой қозғау» кезеңінде: «Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй-ішіне деген махаббатынын қалай түсінесің ?» деген сұрақ төңірегінде пікір алысудын бастап, адамгершілікті ту қып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйегені туралы оқушы пікірінен соң, олардың кейбіреулері өсе келе тек «атасының баласы болмай, адам баласы» бола білетініне сенімді болады. «Мағынаны ашу» кезеңінде Ы.Алтынсариннің «Мейірімді бала»-әңгімесіндегі 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттелгенін қазіргі кезде оқушыларды мейірімдікке тәрбиелеу отбасынан басталатынын айтып, осы тәрізді әңгімелерді ата аналар жналысында да қолданса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Оқытушыларды оқыту барысында болашақ ұрпақты тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселенің бірі - Ыбырай еңбектерінде түрлі елдердің мәдениет майданындағы өзара достық қарым-қатынастарды да бейнелеп отырағаны бүгінгі күндегі күнделікті кездесетін жайттар. «Бай баласы мен кедей баласы» атты Алтынсаринның әңгімесінде, біменімше, үлкен идеясы бүгінгі күн талабына сай келеді. Шығармасының бас кейіпкері етіп, бай баласы мен кедей баласын алуының өзінде үлкен сыр жатқаны бізге мәлім. Осы әңгімесін тәрбие сағаттарында пайдалануды ұсындым. Ы.Алтынсариннің көздегені тек Үсеннің ақылдылығы, Асанның ақылсыздығы, яғни бір жастағы балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені - биологиялық, не психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп-дұрыс, дені де сап-сау. Бірақ оған қарағанда, Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе-бет келгенде, Асанның әлсіз, мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің өз құрдасынан асып түсіп, бетпе-бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне негіз де тұрмыс. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен ақысыз-пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді күрескері етті. Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бір - бай баласының, екіншісі - кедей баласының типі. Жазушы өз ортасынан үздік шығатын бірен-саран ақылды, талантты Үсендердің, не ақылсыз Асандардың да болу мүмкіншілігін, әрине, жоққа шығармайды. Бірақ ол бай балаларының көпшілігіне тән мінез Асанда, кедей баласының көпшілігіне тән мінез Үсенде деп, оларды өз орталарының кейіпкері - типі етіп көрсеткенін бүгінгі күнмен сабақтастығын пайдаланып, өмірге бейімделу ақшамен, байлықпен өлшенбейтінін жас ұрпаққа көрсете отырып өмірде өз орнын табу үшін бүгінгі күні білімде, алған білімін болашақта өз ісіне жарата білуінде екеніне оқушылардың өздеріне үйрету керек. Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі - еңбек. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала»- деген шығармасында мынадай мәселе қарастырылады: «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «ана тағаны, балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деді». Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл - жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес. Ы.Алтынсариннің өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып тәрбиелеу мәселесін ең негізгі, басты мәселе деп есептеді. Бұл бүгінгі күнгі негізгі «Мәңгілік ел» идеясымен сабақтас. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы Қазақстан Республикасын алдынғы қатарлы отыз елдің қатарында көруге болады, сондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдіретінен артық ешнәрсе жоқ дей келе Ыбырай «Адамның жан-жақты қалыптасуының негізгі көзі тәрбие» екендігін бүгінде өз мағынасын жойған жоқ. Егер ұстаз бен ата-ана тарапынан дұрыс тәрбие берілсе, оны балалар дұрыс қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына жағдай жасайды. Адам тәрбиенің нәтижесі. Ол өмірге пешенесіне не жазылса сонымен келмейді, онын тағдыры туысынан белгіленбейді. Адамдық қасиеттін қалыптасатын жері — өмір талқысы, әрекет ету, тәрбие. Күн мен Ай бәрімізге ортақ, бәріміз де адамнын баласымыз, ешкімді біріңнен бірің артықсың деп айыруға болмайды — дейді Ы. Алтынсарин өз шығармаларында жас өспірімдерді адамгершілік қасиеттерге баулып отыру мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп дұрыс айтқан пікірі осы күні де өз мәнін жоғалтпағаны бізге белгілі. Мектеп пен ата аналар арасында жақсы байланыс орнату біріншіден балаларды өмірде дұрыс жол табуына көмек береді. Қорыта айтқанда қазіргі мұғалім ұдайы ізденіс үстінде, инновациялық технологияны меңгерген жаңашыл маман болуы қажет. Мұғалімнің басты міндеті ол алдында отырған әр балаға жауапты. Мұғалім әр баланы зерттеп, қызығушылығын анықтап, оған дұрыс бағыт беріп отыратын маман. Мұғалімдерді осыған бағыттауда «тәжірибедегі рефлексия» курсының алатын орны ерекше. Ұстаздарымызды үйрету барысында Ұлы педагог Ы. Алтынсарин ілімін бүгінгі педагогикамен ұштастыра отырып оқыту қажет деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:1.Ы.Алтынсарин тағылымы Арқалық 2008 ж(5-6бет)2.Ы.Алтынсарин тағылымы Алматы «Жазушы » 1969 ж(46-47 бет)3.Ы.Алтынсарин Таза бұлақ Алматы 1976ж (134-136бет))4.Ә.Ламашев Ы.Алтынсарин оның орыс достар және ізбасарлары Алматы «Жазушы» 1988 ж (46-48 бет)5. «Ы.Алтынсарин Таза бұлақ Алматы «Жазушы» 1988ж(17-18)6. Г.Б.Бижанова «Ыбырай танымы: кеше және бүгін» Арқалық 2010ж.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!