Материалдар / «Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі. Тілдік бағдар: Шешендік сөзге қойылатын талаптар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі. Тілдік бағдар: Шешендік сөзге қойылатын талаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі. Тілдік бағдар: Шешендік сөзге қойылатын талаптар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2023
837
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

Шымкент қалалық білім басқармасы

М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі, ЖМ



Келісілді

Колледж әдіскері

__________Аскарова А.Т.

«_____» __________2023 ж.

Бекітемін

Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

__________Сындаркулова Қ.И.

«_____» _____2023 ж.












АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі. Тілдік бағдар: Шешендік сөзге қойылатын талаптар.






Оқу пәні: Қазақ тілі

Мамандығы: 02120200 Киім дизайны

Біліктілігі: 4S02120203 Киім дизайнері

Курс: I

Тобы: ДК 22-1 (г)

Оқытушы: Жиенбаева Ж.Ж.

















Шымкент 2023 ж.



(ЗП сабақ және өндірістік оқыту сабақтарына арналған сабақ жоспары)

М.Сапарбаев институтының «ПАРАСАТ» колледжі, ЖМ

Оқу сабағының жоспары №22

Модуль/пән атауы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

«Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі. Тілдік бағдар: Шешендік сөзге қойылатын талаптар

Педагог

Жиенбаева Ж.Ж

Курс

І

Топ

ДК 22-1





Сабақтың өткізілетін күні

17.02.2023ж





Сабақтың түрі

Практикалық

Сабақтың мақсаты, міндеттері немесе оқыту нәтижелері

Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық  мәселелермен салыстыру; Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш  құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;

Оқу сабақтары барысындағы білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

Білім алушылар мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтай біледі. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

А1.Б.Қапалбек, Г.Закиряева, С.Жантасова «Қазақ тілі» әдiстемелiк нұсқау 10-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт Алматы. «Мектеп» 2019 жыл

А2. Б.Қапалбек, Ш. Ерхожина, М. Жолшаева «Қазақ тілі» әдiстемелiк нұсқау 11-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт Алматы. «Мектеп» 2020 жыл

Техникалық құралдар, материалдар

интерактивті тақта, слайд, түрлі түсті стикерлер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Сәлемдесу.

Студенттерді түгелдеу, даярлығын қадағалау.

Сабақ басында: - оқушылардың зейінін шоғырландыруға

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.

2 Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

( 20 минут)

«Сұрақ ілмегі» әдісі. (Мұнда білім алушылар бір-біріне сұрақ қояды.)

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау (5 минут)

Суретке қарап, «Ұлы даланың жеті қыры» туралы шағын мәтін құрап жазу.


4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (30 минут)

Тыңдалым мәтіні бойынша екі тезис жазу. Тыныс белгілерінің қойылуына мән беру.

5. Жаңа материалды бекіту кезеңі

(20 минут)

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын басшылыққа алып және өзге де дереккөздерді қолданып, өзің қалаған бір қыры бойынша тұсаукесер жасаңдар.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (2 минут)

Алматының алмасы немесе қызғалдақтар туралы өнер туындылары (өлең, ән, сурет және т.б.) бойынша шағын көрме ұйымдастырыңдар. Өзің қосқан экспонатты таныстырыңдар. Шешендік сөзге қажетті көркемдегіш құралдарды (троптар, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер және т.б.) қолданыңдар.

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (8 минут)

БББ кестесі


Кафедра меңгерушісі: Атаханова А.О


Педагог: Жиенбаева Ж.Ж




Сабақтың тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі. Тілдік бағдар: Шешендік сөзге қойылатын талаптар



Миға шабуыл.

1) «Мәңгілік ел» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оның көне түркі ескерткіштерімен қандай байланысы бар?

2) «Ұлы даланың жеті қырын» атап өтейікші.


(слайдпен көрсету)


ІІІ топқа бөлу. https://www.classtools.net/random-group-generator/

(Алтын адам, атқа міну мәдениеті, Ұлы жібек жолы)


Абжапбар Аружан

Адил Арайлым

Алшынбай Аружан

Асанова Жанат

Басимбекова Маржанай

Бекахова Аяулым

Бектемір Алвина

Бердиева Жулдызай

Джаримбетова Мөлдір

Джумабаева Зайнаб

Елгонды Асылай

Ердаулетова Аиткүл

Әбдіхаим Айназым

Құралбай Динара

Пернебай Нұрайым

Сарыбай Қарақат

Сатыбалды Балауса

Серік Эльмира

Тұтқабай Асылжан

Узенбаева Акерке

Шарипбаева Аружан

Шындаулетова Акерке


1-тапсырма. Ситуациялық тапсырмалар.


І топ. Алтын адам

ІІ топ. Атқа міну мәдениеті

ІІІ топ. Ұлы жібек жолы

                 

Шешендік сөзге қойылатын талаптар

      Шешендiк сөзде оның адамға эстетикалық, этикалық жағынан әсер етуiмен бiрге, тәрбиелiк, тағылымдық мәнi де жоғары болуы қажет.
      Шешендік сөздiң сапасы үш мәселеге айрықша назар аударуды талап
етедi:

1) сөйлеу стилi;

2) сөзге қойылатын негiзгi талаптарды сақтауы;

3) сөз мәнерлiлiгiн арттыратын тілдік құралдардың қолданылуы.

Әрбiр шешеннiң жеке өзiне тән, оның сөйлеуiндегi өзiндiк ерекшелiктерiн айқындайтын, танытатын, сөйлеу дағдысын аңғартатын стилi болады. Ол үздiксiз iзденудiң, шешендiктiң үздiк үлгiлерiн оқып-үйренудiң нәтижесiнде қалыптасады.

Шешендік сөзге қойылатын талаптар:

- сөз мазмұнының тереңдiгi;

- ойдың жүйелi берiлуi;

- пiкiрдiң дәйектiлiгi, дәлелдiлiгi;

- сөз мағыналарының дұрыс қолданылуы;

- сөздiк қордың байлығы;

- мақал-мәтелдер мен тұрақты тiркестердiң орынды кіріктірілуі және т.б.                                                                                                                         «Шешендік өнер» кітабынан

2-тапсырма. Теориялық материалдан шешендік сөзге қатысты ғылыми терминдерді теріп жазып, олардың мағынасын сөздіктің көмегімен анықтаңдар.

3-тапсырма. Майқы би айтқан шешендік сөздердің көркемдік ерекшелігіне сипаттама беріңдер. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп айтыңдар.

     Майқы би айтыпты дейтін, ел есінде сақталып, мақал, нақылға айналып кеткен аталы сөздерден адамгершілік, ар-намыс, ел бірлігін сақтау самалы есіп тұрады. Ондай ойлы, сары алтындай салмақты сөздердің көбісі өз тұсындағы хандарға, би, бектерге бағыштай айтылғаны да аңғарылады. Сондай нақылдардың ел аузынан хатқа түскені мыналар:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Жаман еркек жер қадірін білмес,

Жайсыз әйел ер қадірін білмес.

Жалқау адам тер қадірін білмес,

Жетесіз жігіт ел қадірін білмес.

Бірлік түбі – береке,

Береке түбі – мереке.

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен,

Ел болуды ойлаңдар.

        «Қазақтың би-шешендері» кітабынан

4-тапсырма. Төмендегі суреттерге назар аудара отырып, мәтінді мұқият тыңдар. Қажетті мәліметтерді жазып алыңдар.



5-тапсырма.Қосымша ақпарат көздеріндегі ғылыми деректерге сүйене отырып, атқа міну мәдениеті мен ежелгі металлургияның қазақ жерінен бастау алатынын дәлелдеп беріңдер.

6-тапсырма.Тыңдалым мәтіні бойынша екі тезис жазыңдар. Тыныс белгілерінің қойылуына мән беріңдер.

7-тапсырма.Мәтінді оқып, мәтіндегі ақпараттарға қатысты қосымша мәлімет жинап, оларды салыстырыңдар.


Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

    Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы дәмді жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі «Алматы» деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу-Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестір

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!