Материалдар / "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын іске асырудағы рухани тәрбиенің маңыздылығығ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын іске асырудағы рухани тәрбиенің маңыздылығығ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми практикалық конференция. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы"-бүгін Қазақстандықтарды ойландырып, өткенге қайта көз жүгіртуге, баға жетпес ұлттық құдылықтарымызды саралауға мәжбүрлейтін мән мағынасы зор дүние.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2021
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫНЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – бүтін Қазақстандықтарды ойландырып, өткенге қайта көз жүгіртуге, баға жетпес ұлттық құндылықтарымызды саралауға мәжбүрлейтін мән-мағынасы зор дүние. Елбасымыз: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Бұл– ұзақ уақыт жан-дүниені толғандырып, ақыл-сананы көптен мазалаған ойлардан туындаған идеялар, мақсат-мүдделер. Еліміздің стратегиялық дамуының осы уақытқа дейін осал қамтылған, талдау мен талқыға түспей, тісіміз батпай жүрген салаға қарай бәріміздің бетімізді, ой санамызды бұрды. Иә, еліміздің стратегиялық даму өрістері туралы айтқанда, осы уақытқа дейін біз экономикалық, саяси жаңғыру, конституциялық реформа туралы, ішнара әлеуметтік эволюция туралы айтып келдік. Рухани мәселе назардан тыс қалғандай еді. Ал рухани мәселе, адамның санасын күрт өзгерту, сайып келгенде, қоғам жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы болатын. Оны кеш түсіндік»,- деп дер кезінде дөп пайымдап, басқаша, жаңа өлшем тұрғысынан қарап, мүлдем жаңа, тіпті, күрт сапалық бұрылыс жасап, санамыз экономикалық, саяси жаңғырудан бұрын жүруі керек, қоғамдық сана оларды толықтырып қана қоймай, қайта солардың бүкіл өзегіне айналуы керек деп түйеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жалғасын тапты. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы төл тарихымызды бір жүйеге келтіруді көздейді. Бұл дегеніміз құр тарихи деректер емес, жалпақ жұрт түсінетін мәдени дүниеге айналдыру мәселесін қозғайды. Осы орайда өскелең ұрпақтың тарихқа қанығып өсуі өте маңызды. Біздің кең байтақ даламызда тұңғыш рет жылқы қолға үйретілген. Жылқы жылдам қарым қатынас құралы болды. Атбегілік өнер дамыды. Қазақтың атбегілік әбзелдері жақында ЮНЕСКО тізіміне енгізілді. Алматының апортын бәріміз білеміз. Қазақстан алманың, қызғалдақтың Отаны. Елімізде кең өндіру де ерте заманда қолға алынған. Жезқазған, Жезді, Теміртау, Кентау деген қалалардың атауы тектен тек шықпаған. Алтын Адам сияқты құнды жәдігерлердегі алтын күмістен жасалған бұйымдар ата- бабамыздың өте шебер болғанын дәлелдейді. Аталмыш мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемнің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті тұр.

Мақала шеңберінде аталған жобалар тарих ғылымының, тарихи-археологиялық зерттеулердің, мұражай ісінің, фольклорлық-этнографиялық бағыттың, кино индустрия, музыка саласын дамытуға үлкен серпіліс береді.

Осыған орай, бүгінгі таңда кенжелеп қалған дала фольклоры мен музыкасын қайта жаңғыртуға, ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетін таңдаулы үлгілері насихаттауды айтып өтті.

Сондықтан «Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері - ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын - «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет»,- деп нақты ұсыныстар жасады.

Фольклор ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді, әсерлі құрал ретінде тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданылған. Сондықтан баланың тілін, тыңдау қабілетін, логикасы мен шығармашылығын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға негіз болатын туындылар атадан балаға мирас етіп қалдырылып отырған. Ұрпақты тәрбиелеу үдерісінде орасан зор рөл атқаратын ауыз әдебиетінің бір саласы- ертегілер. Олар -баланың тілін, еске сақтау қабілетін, ойлау әрекетін, ізгілікті қасиеттерін дамытуға барынша әсер ететін ұтымды тәрбие құралы, ғибраттың мөлдір бастауы. Эпостық жырлар-ауыз әдебиетінің ең қомақты да мазмұнды, бай мұрасы. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңарту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек. Сонымен қатар, фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет», - деген тұжырымды ой айтады. Сондықтан халқымыздың көне әдеби-мәдени мұраларын жас өркенді тәрбиелеуде барынша пайдалану- бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі.

Тарихи тұлғалар тағдырын зерттеу, оны бүгінгі көзқарас тұрғысынан пайымдау оңай шаруа емес. Өйткені олардың қоғамдық-саяси қызметін саралау алдымен тікелей мұрағат құжаттарының іздестіріліп, табылуына және сол тарихи дерек арқылы олардың қоғамдағы орнының объективті бағалануына байланысты. Дегенмен де олар өз заманында кім болды, артында нендей ізгілікті із қалдырды? Міне, осы жағы белгісіз. Тіпті, олар туралы деректер жоқтың қасы. Сондықтан осындай тарихи тұлғаларымыз туралы зерттеп, жоғын түгендесек, келешек ұрпаққа бай мұра болып қалар еді. Сол себептен мұғалімдер оқушылармен бірге туған өлкесі бойынша тарихи тұлғаларды зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмысын жүйелі түрде қолға алғаны дұрыс болар деген ойдамын. Өйткені төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деген сенемдемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы. Тарихын білген халықтың болашағы айқын. Дүниетанымның түп негізін жасай отырып, туған тарихымыз үшін мақтаныш сезімдері мен патриотизмге тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі ерекше.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асыру білім беру ұйымдарына білімді, өнегелі, сындарлы, алғыр, таңдау жасау керек болатын жағдайларда өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа дайын, елдің тағдыры үшін жауапкершілік сезіне алатын адамды тәрбиелеуге деген мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға күш-жігерлерін шоғырландыруға мүмкіндік береді. Кез келген педагог өскелең ұрпақтың ұлттық тарихқа араласу сезімдерін қалыптастыруға аса назар аударуы керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!