Материалдар / Ұлы даланың жеті қыры мақаласының батырлық жырлармен байланысы және ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудегі рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлы даланың жеті қыры мақаласының батырлық жырлармен байланысы және ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ МАҚАЛАСЫНЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
234
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалниязова Жангүл Бектасқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Т. Амандосов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Атырау қаласы


ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ МАҚАЛАСЫНЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ


Тұңғыш елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын "Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы Қазақстан халқының ықыласына бөленгені мәлім. Өз елінің ұлттық дәстүрі мен тарихы, мәдениетіне құрметпен қарау – кез-келген тәрбиенің негізі болып табылады. Мұндай тәрбиенің басын білім ордасы, мектептен басталатыны белгілі.

Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі жастар, яғни оқушылар өткен тарихтағы өр тұлғалардың ұрпағы екендігін мақтанышпен айтуы тиіс. Ұлт ретінде сақталу жолында бұл мақала құнды құжат әрі ұлттық кодты сақтаудың механизмі болмақ.

"Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында аталған тарихымыздағы жеті ерекшелік туралы ойларда тарихи мұрамыздың мол екеніне мән беріліп отыр. Уақыт тұрғысынан айтылып отырған мәдени жетістіктеріміз қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал етті және олардың осы Ұлы Дала елінде пайда болғаны анық

Осының бәрі, әсіресе, оның ішінде тарихи жәдігерлер, өз уақытындағы өркениетті дамудың негізгі қозғаушы күші болғанын және технологиялық дамуға айтарлықтай септігін тигізген дәлелдер мақалада жан-жақты айтылған. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Сонымен бірге, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» [1] деп келтірген сөздерінен ұлт болашағы- жастарға ұлттық тәрбие берілу керектігі міндеттеліп отыр. Осы ұлы даланың жеті қырының элементтері көне эпостарымызда, батырлар жырында, қаншалықты көрініс тапқанын зерделеп көрейік.

Батырлар жырларының ішінде мектеп бағдарламасында өтілетіндері «Алпамыс батыр» жыры мен «Қобыланды батыр» жыры. «Алпамыс батыр» жыры-қазақ халқының қаһармандық эпосы. «Алпамыс батыр» жырында түрік қағандығы дәуіріндегі (Y-YIIғ.) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, XYII-XYIII ғасыр аралығын қамтып, қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады. [4] Ал «Қобыланды батыр» жыры-тайпалық эпос түрінде туып, бірте-бірте жалпыхалықтық жырға айналған. Жырдың туу кезеңі шамамен XIII -XYғ. Жаһандану заманында ұлттық руханиятты сақтап қалуда екі жырдың да маңызы зор. Сонымен, Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген қазақ тегінің ұлылығын танытатын қырларын батырлар жырынан саралай келе, мына қырларының айқын көрініс табатынын байқаймыз:

I. Атқа міну мәдениеті

Көшпенді қоғамның негізгі қозғаушы күші -ол батырлар мінген тұлпарлары. Алпамыс батырдың Байшұбар аты, Қобыландының Тайбурылы да өз батырларының батырлық күшін толықтыра түседі.


2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Батырлар ұстаған қару-жарақтары мен ат әбзелдері, киім-кешектері – жойқын жорықтарындағы басты қалқандары.

3. Дала фольклоры мен музыкасы

Батырлар жырында көрініс тапқан салт-дәстүрлер мен наным-сенімдер, кейіпкерлер дүниетанымы

Эпостық жырлардағы атқа міну мәдениеті

Жоғарыда аталған Ұлы даланың жеті қырының эпостық жырларда өте жиі кездесетін түрі деп жылқы жануарын атауға болады. Сан ғасырлық тарихи оқиғаларды батырлардың сенімді серігі, айшылық алыс жолда таптырмас көлігіне айналған жылқы жануарын бабаларымыздың өздері қолға үйреткендігі - біз үшін үлкен жаңалық, зор мақтаныш. «Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі "мәдени кодының" айрықша элементі.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды» [1] Мақаладан келтірген үзіндіден байқағанымыздай, жылқы жануарын қолға үйрету арқылы бабаларымыздың уақыттың ұзақтығы мен жол қашықтығын ғана үнемдеп қоймай, жануар батырдың жойқын күшке айналуына да себепкер болады. Сондықтан эпостық жырлардағы батырларымыз ат жалын тартып мінісімен-ақ өздеріне лайық ат іздейді. «Алпамыс батыр» жырындағы мына үзіндіде:

Баяғы көрген Байшұбар

«Мені ұста», - деп жануар,

Көлденең тартып тұрады.

«Мінбеймін», - деп Алпамыс

Жүгенмен басқа ұрады,

Жүгенде деп басымды

Жүгенге мойнын бұрады,

Ашуланып Алпамыс

Жүгенімен басқа ұрды.

Елемеді оны да

Қарсы алдынан тақ тұрды.

АшуланыпАлпамыс

Құйрықтан алып лақтырды.

Жығылмады онымен

Тақыр жерге тақ тұрды… [2] Мұнда Алпамыс батыр алғашында Байшұбарды өзіне лайық санамай, қанша сынап, зәбірлесе де Байшұбардың мықтылығына көзі жеткеннен кейін ғана өзіне серік етеді. Осы секілді мысалды «Қобыланды батыр» жырынан да келтіруге болады:

Аршын басты Бурылы,

Қабырғада қанаты,

Сұлтанымның жан аты.

Күн түсірмей көзіне,

Жел тигізбей өзіне,

Үстіне шатыр тіккізді.

Бурылға қыз Құртқа

Түндікпенен күн берді,

Түтікпенен су берді,

Дәрілеген жем берді. [2] Бұл үзіндіде де қыз Құртқа Қобыландыдай сұлтанына Бурыл құлынды сай көріп, құлын кезінен бастап дайындайды.

Тағы бір байқауға болатыны, жарысқа лайық деген атты 2-3 ай, әрі кетсе, бір жыл жарататын болса, эпостық жырларда батырға лайық атты құлын кезінен бастайды. Осылай жаратқан аттары өсе келе жойқын күш иесіне, киелі тұлпарға айналатынына мына үзінділер дәлел болмақ:

Аманбайдың ақ тікен,

Асып Бурыл жөнелді.

Қарсы келген қабақтан.

Қарғып басып жөнелді.

Сеңгір -сеңгір таулардан

Секіре басып жөнелді.

Ол төбе мен бұл төбе,

Бауыры шұбар қол табыс

Онан да өтіп жөнелді. [2]

Халқымыздың тарихында еліне қорған болған батырлардың сүйікті тұлпарлары осындай қасиеттерімен батырларымыздың айнымас серігіне айналып, тұлпарлары олармен қатар аталып келеді.

Жас ұрпақтың жігерін жанып, асыл сезімдерін ұштауға батырлар жырының тигізетін ықпалы шексіз. Оған жоғарыда келтірілген мысалдар дәлел. Ауыз әдебиетінің жүгі мол, кең өрісті саласы – батырлар жырының жс ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудағы ықпалы орасан зор. Белгілі әдебиетші ғалым Ә. Қоңыратбаев: «Ел, халық санасымен жасалған «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбат батыр» сияқты батырлар жырында ел тәуелсіздігін сыртқы жаулардан қорғау сарыны үстем» деген. [3] Шынында да, батырлар жырында отансүйгіштікті ардақтап, парасаттық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді ардақтаған. Осындай ұлы қасиеттерді бойына жинаған батырларымыздың қасындағы серігі аты, алмас қылышы, дүниеге келуінің өзі ерекше болуы хақ.

Ұлы даладағы ежелгі металлургия Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық - батырлар ұстаған қару-қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі - ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Мұндай қару-жарақ түрлерін эпостық жырлардағы батырларымыз да кеңінен қолданған. Мәселен, "Алпамыс батыр» жырында:

Дәуіт соққан жалаңқат.

Асынғаны жанына

Қынабының сабы алтын,

Үстар жері сары алтын, - деген жолдарда батырға лайықты қару-жарағы сипатталса, «Қобыланды батыр» жырында:

Тобылғы атқа ер салды

Ақ алмасты қолға алды,

Өзіне өлшеп Бурылдың

Алтыннан тұрман қақтатты.

Құртқа сұлу батырға

Қарағай найза саптатты.

Алмас қылыш соқтырып,

Күмістен қынын шақтатты

Немесе:

Үстіне сауыт кигізді,

Жанына байлап болатты,

Беліне садақ ілгізді - деген жолдары заманындағы ұсталарға қару-жарақтың түрлері мен тұлпарға лайық ер-тұрман соқтыратындығына нақты дәлел бола алады.

Міне, Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған "мұздай темір құрсанған» батырлық жырларда осылай бейнеленеді.

Дала фольклоры мен музыкасы

Мақалада көрсетілген бұл тұсқа мысал ретінде батырлық жырлардағы ислам дінімен тараған түрлі наным-сенімдерді келтіруге болады. Алпамыс пен Қобыланды батырдың дүниеге келмес бұрынғы ата-анасының түс көруі, оларға аян беру, батырлардың тылсым күш иелерінің арқасында қорғаныста болуы секілді мысалдар мол кездеседі.

«Қазақ фольклорынан ежелгі көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алады… Бір жағынан, көк тәңіріні, отты қастерлеу, екінші жағынан, киелі күш ретінде адамды (өлі, тірі аруақты) қасиет тұтып, аталар культіне сыйыну-ру қоғамына тән құбылыс… Бұл ұғымдардың басым көпшілігі қазақ эпосынан мол орын алған» - деп дәйектейді фольклортанушы ғалым Ә. Қоңыратбаев. [3]

Мысалы, «Қобыланды батыр» [2] жырында:

Әулие қоймай қыдырып,

Етегін шеңгел сыдырып,

Жеті пірге танысқан.

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Қабыл болған тілегі,

Жарылғандай жүрегі-деген жолдарда әулие-әмбиелерге сыйынып, тылсым күштерден медет тілегенін көреміз. Бұл жердегі Қорасан деген өз заманында емші болған адам.

«Қобыланды батыр» жырында ежелгі наным-сенімнің көріністері мына бір жолдарда көрініс табады:

Батаңды бер, көке, -деп,

Алды- артын орады –

Жад қыламын Естеке,

Жеті кәміл бабаны» - мұндағы «жад қылу» сөзі де әулиелерді еске алу, сиыну дегенді білдіреді. Ал, «Алпамыс батыр» жырында «Сексен сегіз серулер, тоқсан тоғыз мың машайықтың" батырды Тайшық хан мен жалмауыз кемпірдің түрлі зұлымдығынан қорғауы қазақ фольклорына тән мифтік сарын.

Қорытындылай келе, халық ауыз әдебиеті түрлері, соның ішінде, батырлық жырлар Ұлы даланың жеті қырын айғақтайтын, келер ұрпаққа ұлттық болмысын танытатын рухани құндылық.

Тұңғыш елбасы Н. Ә. Назарбаев мақаласында: "Зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. » [1] деп баса айтты. Ендеше, біз тарихты, өткенімізді, ұлттық менталитетіміздің болмысын өз рухани мұраларымыздан табамыз.

Бұл «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы барша жастардың тарихын тереңінен танып біліп, Отансүйгіштік қасиетінің артуына жоғары идеологиялық тәрбие болмақ.





Пайдаланған әдебиеттер:

1. Н. Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы

2. «Батырлар жыры» Алматы «Жазушы» баспасы, 2008ж

3. Ә. Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы"

4. «Аныз адам» журналы №16, №19 саны



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!