Материалдар / «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл - Фараби»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл - Фараби»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл - Фараби» бабамыздың 1150 жылдық мерей тойына арналған студенттер арасындағы дөңгелек столдың әдістемелік әзірлемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
301
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

12-дәріс. Дистрибутивті талдау (анализ) мен құрылымдық лингвистиканың байланысы


Сөз-синтагма мәселесі семантикадағы өзекті мәселенің бірі, өйткені сөз-ономатема және сөз-синтагма күрделі сұрақтың екі ұшпағы. Сөз-ономатема атауын сөз ретінде узуалды, окказионалды семалар жамаса, сөз-синтагма жүйедегі, қолданыстағы рөлі бойынша әртүрлі реңк, семаларға ие болады. Сөз-синтагма ішкі тілдік факторлар арқылы нақтыланып, дамиды. Сөз-ономатема, көбіне, сыртқы тілдік факторлар әсеріне ұшырайды да, сөз құралының негізі болады. Сөз-синтагмаға әсер ететін ішкі тілдік фактордың бастысы – мәнмәтін (контекст). Сөз-синтагма мәні, сөздің лексикалық мағынасының бейімделе құбылуына алып келеді. Сөз-атаушыда лексикалық мағына байлаулы иерархия құраса, сөз-синтагмада кездейсоқ, шеткері семалар өзектеніп тіркесімділікті талап етеді. Сонда синтагмалық қатынасқа түсетін сөздер сөйлем мағынасына өз әсерін тигізеді. Сөз-синтагманың семалық конфи­гурациясы сөз мағынасы құрылымынан ауысып барып тіркесуінен байқалады. Сөз-синтагмалардың мағыналық құрылымы әр алуан бо­лып келеді. Сөйлем не сөз тіркесі конструциясында сөздің лексикалық мағыналарының семалары бір-біріне үйлесе бастайды да, лексикалық синтагматикалық жүйені құрайды. Лексикалық синтагматиканың бас бірлігі ретінде сөздердің, яғни екі сөздің үйлескен бірлесуі бо­латын сөз-синтагмалар көрінеді. Сонда сөз-синтагма дегеніміз – сөздің лексикалық мағыналарының бір-бірімен үйлесімділікпен бір лексикалық жүйеде орналасқан бірлігі. Лексикалық синтагматика туралы зерттеулерде синтагмема, семантема, семалық конфигура­ция, синтагмалық қатар т.т. ұғымдар жиі кездескенімен сөз-синтагма термині жиілік сипатта көрінбейді. Бұл терминді лексикалық синтаг­матикада алғаш жүйелеп, нақтылаған Э.В.Кузнецова оны: «үлкен ой не тұтастық, сөйлемнің басты мәнін берудің құрамдас элементтері», – деп анықтайды [1, 87]. А.А.Уфимцева А.Кристи ізімен сөздердің лексикалық тіркесімділігінен туған сөздер тіркесімін лексикалық син­тагма терминімен атайды [2, 198]. Дегенмен, көптеген зерттеушілер қолданып жүрген және семантикада кең тараған сөз-синтагма терминін мақұл көрдік. Сөз-синтагма әр алуан комбинаторлық реңкке бөленеді, сондықтан сөйлеу барысында, сөйлем семантикасына ықпал етеді, сол себепті сөз-синтагмалар тілдік қалып, қолданыста екі түрлі жағдайда қолданылатынын байқадық:

а) Лексикалық жүйедегі синтагматикалық қатынаста;

б) Сөйлеу актісі, яғни сөйлеу әрекеті мен сөйлеу жүйесінде.

Бұл сипат – дыбыстардың ауысып, құбылып қолданылуы тәрізді сөздердің қатып бекуі немесе өзгеріп ауысып қолданылуы. Сөз-синтагмаларға күшті әсер ететін нәрсе – позициялар, яғни сөйлемдегі сөздердің және сөйлеудегі бірліктердің позициясы. Мысалы: алу, беру етістіктерінің позициялық лексикалық синтагматикасы көп тақырыпты құрылымнан тұрады. Мәселен, кітап алу, қарыз алу, шашып алу, ба­сып алу т.т. Бұндағы синтаксистік синтагматика зат есім мен көмекші етістіктің тіркесі бір сипатта келеді де, етістік көмекші етістікпен тіркесім құрағанда әртүрлі сипатқа ие болады. Ал шашып алу етістігі бір сұраққа жауап беріп, екі сөздің мағыналық құрылымындағы семалардың бір-біріне ауысқандай көрінісі байқалады. Бұл синтаксистік кон­струкция арқылы әр алуан денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық, эмпирикалық семалардың өзара байланысына негізделген семемалардың сөз-синтагма құрауы көрінеді. Тұрақты позиция – лексикалық мағына құрамындағы семалық құрылымның бір-біріне үйлесуі. Осындай үйлесімділік, тіркесімділік лексикалық синтагматиканың көрсеткіші болатын сөз-синтагмаларды тілімізде туғызып, дамытады. Вариация процесі – осындай үйлесімділіктің семантикалық үлгісінің дамуы бо­лады, яғни осыдан туындайды. Ж.А.Манкееваның материалдық лек­сиканы зерттеудегі келтірген мысалдары тұрақты позицияны айқын көрсетеді. Мысалы: Жіп сөзінің заттық макросемасы өзінің семалық конфигурациясында лексикалық синтагматикаға негізделген жаңа сөз-синтагмаларды туғызады: бас жіп, бауыр жіп, бұғалық жіп, жан жіп, керме жіп, сөре жіп, өре жіп, тең жіп, тұсау жіп, тізе жіп, үзеңгі жіп [3, 87]. Мәселен, Баулу кездерінде аяғына байланған ұзын жеңіл шыжым жіптің болғаны абзал [4, 136]. Бұнда, яғни ұзын жеңіл шыжым жіп де­генде лексикалық синтагматиканың жүзеге асуы заттық және ұғымдық байланыстың бір семантикалық өрісі ішінде болып тұр, сол себепті байлаулы дәрежедегі сөз-синтагмалар лексикалық жүйеде тұрақтала береді. Осыдан ерекшеліктен байланысты мұндағы заттық атаулар бір кездердегі лексикалық синтагматиканың нәтижесі болғанымен бүгінде заттық атау сипатына еніп, сөз-синтагмадан сөз-атаушы дәрежесіне өту кезеңінде тұрғандай болады. Мәселен, Н.Ж.Шаймерденова, Р.А.Авакова жазған, тігістердің түрлері, біз кесте, шім кесте, шалма кесте, шарыш кесте, орыс креш (крест) т.т. пассивті болғанмен тұрақты сипаттағы сөз-синтагмалар болып, осыған қатысты сөйлеуде не мәтінде көрінеді [5, 59]. Лексемалардың семалық құрылымы синтагматикаға ұшырап барып, орналасатын жері – мәнмәтін, яғни сөздердің лексикалық син­тагматикасы қызметтері айқын көрінеді. Мәселен, аулау (балық, шаян) әлде көңіл, ішу (айран, су), әлде қан, кесу (ет, нан) әлде бас, күйсеу (сиыр, қой) әлде адамды (Мысалы, «Шұғаның белгісіндегі» Шұға сөзі: Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр. Ертең сауықсам қайта күйсеуден тайынбайды), түйе (өркеш, табан) әлде тайлы, қайың (сапты, тозынан) әлде қаптал т.т. Көбіне, лингвомәдени бірліктер байлаулы түрдегі лексикалық синтагматиканы құрайды, себебі ол қолданыстар тұрақталып, атауыштық қалыпқа ауысады Лексикалық синтагматиканың сыртқы кейпін грамматикалық формалардың өзгертіп не түрлентіп жіберуінен мәнмәтінде семалардың сәйкестенуімен бірге синтагмемалардың түзілуін байқаймыз. Лексикалық синтагматикадағы бұл ерекшеліктер туралы М.Оразов былай дейді: «Қансонарда бүркітші шығады аңға» дегендегі шығу етістігі басқа сөздермен түрлі грамматикалық формаларда келсе де байланысады. Сондықтан да бүркітші шығады, аңға шығады деген тіркестерін айта аламыз. Бұл тіркесте сөздердің табиғаты бір түрлі болмағанымен, бір предикациялық қатынасты (бүркітші шығады). Екіншісі объектілік қатынасты (аңға шығады), үшіншісі мезгілдік қатынасты (қансонорда шығады) білдіргенімен араларында ортақ белгі бар» [6, 93]. Бұндағы аралас келген лексемалардың тіркесім құрауы синтаксистік синтагматиканың көрінісін береді де сөз-синтагмалар бола алмайды, сондықтан бұндай байланыстағы тіркестерді Э.В.Кузнецова сөз-синтаксис деген аталым­мен таңбалайды. Ал енді осы мәндес басқа мысал алайық: «Үйдегі кәрі атасы және бір атаны өледі. Сонда айтқаны:

«Атан өлсе сойылар,

Атам өлсе қойылар,

Бұл сияқты қансонар

Маған қашан табылар – деп қайпаған екен дейді» [С.М., 94]. Бұнда лексикалық синтагматикадан өрбіген сөз-синтагмалар үйлесімді позицияда орналасқан, яғни «атан сойылар (мал – сою), өлсе қойылар (өлу – қою), қансонар қайдан табылар (қансонар – қашан болар)». Мағыналық байланысты басқаша құрсақ, яғни «атан – өлу; ата – өлу; қансонар – табылу» дегенде де қалыпты дәрежедегі лексикалық син­тагматика байқалады, алайда заттық-ұғымдық макросемалардың қатынасы орын алғанымен, тұрақты контекстік позиция жойылған және лексикалық синтагматикадағы коннотаттық семалардың байла­нысы көрінбейді. М.Оразов етістіктер семантикасын зерттеген кезінде етістіктердің семантикалық байланысқа жиі түсетінін көрсетеді. Ол бұл туралы: «нанды ішті, суды жеді тіркесі қолданылмайды. Мүжі етістігінің семантикалық мағынасында тісі өтпейтін қатты тамақты шетінен біртіндеп жеу семасы болғандықтан, «сүйекті мүжіді» тіркесі қолданылады. Қою тамақ болса да палауды, қамырды, помидарды мүжіді деп айтпаймыз», – деп жазады [7, 94]. Лексикалық синтаг­матика сөз мағынасының контекст сыңарларының макросемалары ұштасуынан жасалады да тұрақталудың өзіндік әртүрлі сатыларына өте бастайды. Сөз-синтагмалардың бұлай жасалуы сөйлеу тілі мен таза тілдік жағдайларда да лексикалық синтагматиканың тұрақты сипатқа көшуіне ұласуына апаруы мүмкін. Бұл құбылыс, тіпті, мақал-мәтел дәрежесіне көтеріліп, лексикалық синтагматикаға құралған сөз-синтагмалар мақалдардың басты тіні болуы ықтимал. Бұл ерекшелік туралы Н.В.Назаров былай дейді: «Мәтіндік кеңістік ұлғайған сай­ын грамматикалық байланыстар рөлі кеми береді де бірінші орынға семантикалық синтагматика мен контекст ұғымы шығады» [154, 63]. Мысалы: ит үреді, керуен көшеді; көп қорқытады, терең баты­рады; тойдың болғанынан боладысы қызық т.т. Бұнда басты өзек бо­лып тұрған сөз-синтагмалар ит үреді, керуен көшеді, көп қорқытады, терең батырады, той – қызық, бұларды қалыпты лексикалық син­тагматика бар да, ал «боладысы одан да қызық» дегенде өзектенген семалары бар итеративті синтагмалық қатынас орын алған.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!