Материалдар / "Ұлы халықтың-ұлы Абайы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлы халықтың-ұлы Абайы"

Материал туралы қысқаша түсінік
А. Құнанбаев туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
238
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

34 “Бірлік" жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Тақырыбы:

«Ұлы халықтың – ұлы Абайы»

















Орындаған: ағылшын тілі пәні мұғалімі

Нурлиханова Алия Алтынбековна







2020-2021



Мазмұны



І. Кіріспе

  1. Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні.



ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Ақын, ағартушы А. Құнанбаев

2.2 «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

2.3 «Интернатта оқып жүр» өлеңі

2.4 Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

2.5 «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол...»

2.6 Абай қалдырған із – мәңгілік мұра!

ІІІ. Қорытынды

Абай – қазақ поэзиясына жаңалық енгізуші

ІV. Қолданылған әдебиеттер

















АННОТАЦИЯ

Бұл жобада Абайдың даналығы, «Өлең жолдарынан көптеген сұрақтарға жауаптар табуға болады, жаралы жүректі емдеуге болады, жаңа арманға беріліп, қиял жетегінде кетуге болады, жай ғана – оның тақуа сөздерінен жаңылып қалуға болады. Ақын өлеңдері – бұл жаралы жүректер қуанышы, бұл әлсіздер үшін күш, бұл түңілгендер үшін тірек пен қолдау». Тақырыпқа байланысты филолог ғылымдарының еңбектері, әр түрлі кітәптәрмен ғаламтор желісіндегі материалдар кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар жобада Абай поэзиясыдан қызықты мағлұматтар нақты айтылған.

Тақырып 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе, Негізгі және қорытынды. Барлық бөлімдер кеңінен және толықтай аша білген. Поэзия білім-ғылым, туған ел, жер сүйіспеншілік бағыт бойынша өте жақсы тоқталған.



Абай шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, оның ақындық талантына шет елдердің ақындары мен жазушылары, әдебиет сыншылары кеңінен үн қатты. Оның шығармашылығы туралы мақалалар, «Қара сөздеріне» арнал­ған зерттеулер Корея мен Қытайдан, Үндістан мен Иран­нан, Еуропа елдері мен АҚШ-қа дейінгі әлемнің көптеген мемлекеттерінде жария­­лан­ды.
Абай поэзиясы елдер мен құр­­лық­­тарға танылуда, се­бебі оның поэзиясында ұлы ақынның бүкіл өмірі қамтылған, оның жарқын болашақ туралы арманы жыр­лан­ған.

Мұғалім, оқушылардың қызығушылығын артуруға мүмкіндік жасайды, олардың практикалық дағды мен іскерлікті жетілдіру.

Материалдар ашып-жарып жинақы, қызықты ақпараттарды қолданды.

Мағына және игерушіліктің мақсаттарының, ғылыми мағынасы бар .

ХХІ ғасырда мәңгі жас классиканы жаңаша оқу үрдісі өтуде. Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге.











АННОТАЦИЯ

В этом проекте есть мудрость Абая, «в стихах можно найти ответы на многие вопросы, вылечить раненое сердце, дать новую мечту и уйти в воображение, просто – опускаться от его слов. Стихи поэта-это радость ранних сердец, это сила для слабых, это опор и поддержка для душевных». По теме были использованы труды филологических наук, различные книги и материалы в сети Интернет. Кроме того, в проекте четко изложены интересные факты из поэзии Абая.

Тема состоит из 3 разделов. Введение, основные и заключительные. Все разделы были широко и полностью раскрыты. Поэзия очень хорошо остановилась по направлению знания-наука, родная страна, земля любовь.

Произведения Абая переведены на многие языки мира, в его поэтический талант широко откликнулись поэты и писатели зарубежных стран, литературные критики. Статьи о его творчестве, исследования, посвященные «словам назидания», опубликованы во многих странах мира от Кореи и Китая, Индии и Ирана, стран Европы и США.

Поэзия Абая опирается на страны и континенты, потому что в его поэзии охватывает всю жизнь великого поэта, воспевает его мечта о светлом будущем.

Учителя, способствуют повышению интереса учащихся, совершенствовать их практические навыки и умения.

В этой работе раскрыты много интересного и содержательного материала.

Смысл и цели освоения имеют научное значение .

В ХХІ веке проходит процесс обучения молодой классики по-новому. Его поэт, мыслитель продолжит по-новому осмыслить наследие великого поэта, мыслителя, его пламенные стихи никогда не теряют своей силы. Потому что Абай навсегда с народом.















The summary

In this project there is wisdom of Abay, " in verses it is possible to find answers to many questions, to cure the wounded heart, to give a new dream and to leave in imagination, it is simple – to fall from his words. Poems of the poet-is the joy of early hearts, it is a force for the weak, it is support and support for the soul." On the topic were used works of philological Sciences, various books and materials on the Internet. In addition, the project clearly sets out interesting facts from Abay's poetry.

The theme consists of 3 sections. Introduction, main and final. All sections have been widely and fully disclosed. Poetry stopped very well in the direction of knowledge-science, native country, land of love.

Abay's works have been translated into many languages, poets and writers of foreign countries, literary critics have widely responded to his poetic talent. Articles about his work, studies on "words of edification", published in many countries from Korea and China, India and Iran, Europe and the United States.

Abay's poetry is based on countries and continents, because in his poetry covers the whole life of the great poet, glorifies his dream of a bright future.

Teachers contribute to the interest of students, improve their practical skills and abilities.

In this work a lot of interesting and informative material is revealed.

The meaning and purpose of development are of scientific importance .













КІРІСПЕ

Абайдың әр өлеңі бізді жақсы болуға,

жаман әдеттерден жиренуге тәрбиелейді.

Қазақ халқы Абайды «Қазақ әдебиетінде бас ақын» деп атап кеткен. Себебі ол қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан. Қазақ әдебиеті ұлттық сөз өнерін лирикалық бейне, әндермен де, беделімен де, жанрлық қырларымен, көркем әлемімен байытты.

Абай арабша кітапты молда оқып, түрікше аударып бергеннен соң, естігенін кітапқа қарамай жатқа айтатын зерек болған.

Абай араб, парсы, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған кітаптарды көптеген ақындардың өлеңдерін жатқа білген.

Абай бала жасынан-ақ салмақты, пысық, әр нәрсеге қызыққыш, еліктегіш, зерек бала болған. 

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ... Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – өлеңдері.

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себепті оқудан, білуге құштарлықтан, ізденуден жалықпайық.

Абай мұрасын шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады. 1 өз жанынан шығарған төл өлеңдері, 2 шісі қара сөздері, 3-сі өзге тілдерден әсіресе орысшадан аударған шығармалары.

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.

Мақсаты:

Ел ертеңі өскелең ұрпақты ұлтымыздың ұлы ақыны Абай шығармалары арқылы саналы да сапалы етіп тәрбиелеу, Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, жастардың әлем мен жаратылысқа, қоғам мен жеке адамдарға деген көзқарасын, түсінігін, санасын Абай әлеміне саяхат жасау кезінде Абай ойлары арқылы қалыптастыру, Абайдың рухани әлемімен рухтандыру.

Міндеті:

Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін ұғындыру.

Ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, Абай тағылымы арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттеріне әсер ету, оларды жан-жақты дамыту,     пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау.


Күтілетін нәтиже:  

-Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады.

-Білім сапалары артады.

-Поэзияны сүйетін, эстетикалық сезімдері, дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды.

-Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады.

-Ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасады. Азаматтық позициялары беки түседі.

-Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады.



Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

Менің ойымша осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі – адамгершілік пен ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

Мені мен, менікінің айырылғанын,

Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының өлеңдері ғылым мен білімге қызығушылығын арттыру мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.























Негізгі бөлім

2.1 Ақын, ағартушы А. Құнанбаев

«Абай – қазақтардың ғана емес, барлық түркі халықта­рының да рухани әкесі. Абай – біздің ортақ игілігіміз, – деп нық айтқан еді Түркияның белгілі мемлекет қайраткері Намык Кемал Зейбек. – Абай адамзатқа қажет! Біз Қожа Ахмет Ясауиді, Абайды, өткен ғасырлардың басқа дана адамдарын өз әкелеріміздей біліп құрметтеуіміз керек».



Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамыз күні Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр  балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан  арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе  араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.

Абай алғаш өлеңдерін досы Көкпай ақынның атымен жарялап жүрген, 1886 жылдан ғана бастап өз атынан шығара бастаған. Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі 40 жасынан. Өз айналасындағы рулықтан, ескіліктен, надандықтан жирене бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайта соның жолын іздейді.

«Әрбір ғалым хакім есем, әрбір хәкім ғалым» дейді Абай. Абайдың хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді.

Білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды.
80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды. Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.

2.2 Жасымда ғылым бар деп ескермедім

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.» А.Байтұрсынов.

Абай өмірінің кейінгі тұсында қазақ қауымына сырттан келген аңыздар негізінде «» поэмаларын жазды, хакім Абайдың аса көңіл бөлген мәселелерінің бірі музыка, ең алдымен ақын әнге музыка өз көзқарасын білдіріп:

«Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.» деген ақын «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Татьянаның әні», «Айтым сәлем Қаламқас» сияқты әндер шығарып музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.



Жасымда ғылым бар деп ескермедім - Абайдың 1885 ж. жазған өлеңі. Алғашқы 2 шумағы 4 тармақтан, кейінгі 2 шумағы 3 тармақтан тұрады. Өлеңнің басты идеясы - жастарды білім, ғылымға үндеу. Ақын ел ағасы ретінде жастарға оқып, білім алыңдар деген құрғақ үгіт айтпайды. Жасында ғылым қажет екенін ескермей, ер жеткен соң қолын кеш сермеп, одан махрүм қалғанын өз басының айықпас қасіреті ретінде өкінішті сыр етіп шертеді. Бірақ бұл жердеАбайдың өзегін өртеп отырған әйтеуір қатардан қалмай, сауат ашу емес. Өз замандастарынан оқуының да көбірек, білімінің де жоғарырақ екенін ақын жақсы біледі. Бұл білімге оның көңілі толмайды. Оның аңсайтыны - нағыз зерделі де терең ғылым жолы, өзі мейірі қанып сусындай алмаған шығыс ғұламаларының еңбектері, кештеу болса да дәмін татып қалған орыс, батыс классиктерінің шығармалары, қазақ елінен гөрі дамудың неғұрлым жоғары сатысында тұрған елдердің ғылымы. «Мен оған қол жеткізуден кеттім, ендігі кезек

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы - бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де баска шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.





2.3 «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

Абай шығармашылығынан орын алатын тақырыптарының бірі – оқу білім іздеу, өнер үйрену мәселесі. Ақын ғылымды қазақ жұртшылығын мешеуліктен құтқару, тығырықтан жол табу мақсатында уағыздады. Абай ғылымды рухани дамудың баспалдығы деп те қараған, қараңғылыққа жаны күйген Абай жұртты надандықтан, сауаттсыздықтан құтқарудың жолы ғылым, өнер деп біледі.

«Өлең-сөздің патшасы».
ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін,оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасқа алып келді. Ең алдымен,Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» атты өлең-бұл тұрғыдан ақын бағдарламасын тәрізді.Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бұл-жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу.Мұның ар жағында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап ету,оны «бөтен сөзбен былғамау» талаптары қойылады.
Көркем сөздің асылы-поэзия деп жоғары бағалай отырып,бір кез Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады.
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен,сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз,надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты,жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарл

Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай «атымды адам қойған сой қайтып надан болайын, халқым надан болған соң қайда барым оңайын» деп күйінішін білдіреді. Абай қазақтағы еріншіектік, дарақылық, өсекшілдік, мақтаншақтық жағымпаздық сияқты жаман қылықтарды сынап «Біріңді қазақ, бірің дос. Көрмесең істің бәрі бос» деген сөздермен түйіндеп отырады. Ақын шырқы бұзылған халықтың бейнесін суреттеген «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлеңінде.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,  

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 

Жақсы менен жаманды айырмадың, 

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Қазақтың жоғын жоқтай отырып қоғамның диагнозын білді.

Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Оның «Желсіз түнде жарық ай» «Жаз», «Күз», «Қыс» деген өлеңдерін оқығанда табиғаттың әр түрлі құбылысы елестейді.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!