Материалдар / ҰЛЫТАУ ҰЛАНЫНА ТАҒЗЫМ! (Т. Шарманов)

ҰЛЫТАУ ҰЛАНЫНА ТАҒЗЫМ! (Т. Шарманов)

Материал туралы қысқаша түсінік
Төрекелді Шарманов жайлы, өмірі, оқиғалары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛЫТАУ ҰЛАНЫНА ТАҒЗЫМ!

«Адам топырағынан» дегендей, өмірдегі шыққан шыңдарым мен алған асуларым үшін, алдымен қарт Ұлытауым мен ата – бабаларымның рухына тағзым етемін»

Т.Ш.Шарманов

Төрегелді Шарманұлы Шарманов – 1930 жылы 19 қазанда Ұлытау баурайында дүниеге келген ұлы азамат, Ресей ғылым академиясының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы және көптеген орден, медаль марапаттарының иегері. Күллі Қазақстан мемлекетінің дамуында бұл кісінің тынымсыз еңбегінің үлесі бар десем қате болмас. Себебі, біздің Ұлытаулық ұланымыз өзінің ұзақ ғұмырын халқының қамы үшін еңбек етуге, олардың денсаулығына пайдасы тиер зерттеулерге арнады.

Т.Ш.Шарманов 1955 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын үздік аяқтап, 1958 – 1962 жылдары аспирантурада оқып жүргенінде болашақ жарына ғашық болып, бірге қол ұстасып, ауылдастарының денсаулығына қамқор болу үшін туған жері – Ұлытауға аттанады.. Т.Ш. Шармановтың алғашқы еңбек жолы 1962 жылы аспирантураны бітіре сала, Ұлытау ауданындағы орталық ауруханада Бас дәрігер болуынан бастау алды. «..Әкем мен анам медициналық көмек көрсетумен қатар жерлестерін гигиена ережелерін сақтауға, дұрыс тамақтануға, жаңа туған сәбилерге күтім көрсетуге үйретті. Алғаш рет ауылда монша салып, үйлерге электр қуатын жүргізді. Бұл дегеніміз – қиыншылық жағдайға қарамастан жасалған, нағыз алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем болатын..» дейді Т.Ш. Шармановтың ұлы Алмаз Шарманов. Расымен де, заманның қиыншылығы мен қысымына мойымай, дамып, туған жері мен халқының қамы үшін жұмыс жасау көп адамның қолынан келе беретін дүние емес. Төрегелді Шарманов сол жылдары көптеген аурулардың себебін жеткіліксіз немесе дұрыс тамақтанбаудан көреді. Тамақтану ғылымына деген қызығушылығы осы Ұлытаудағы сәттерден басталса керек. Ал бұл оның биік белестерді бағындыратын өмірлік ғылыми ісіне айналды..

Кейін, алдыға деген ұмтылысының арқасында, 1971 – 1982 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарып жүріп, 1973 жылы Қазақ тағамтану академиясының және Қазақстандағы нутрициологтар мектебінің негізін қалайды. Бүгінде академия тағамтану физиологиясы мен иммунологиясы, биохимиясы мен гигиенасы мәселелері бойынша кешенді зерттеулер жүргізсе, Т.Ш. Шармановтың басқаруымен Қазақстанда Балалар тағамы орталығы құрылып, денсаулық сақтау ісіне балалар тағамының жаңа емдік – профилактикалық түрлері енгізіледі.

Онымен қатар, 1978 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық – санитарлық алғашқы жәрдем бойынша халықаралық конференциясының негізгі ұйымдастырушысы болды. Конференция үшін Қазақстанға әлемнің 150 – ден астам елінен делегаттар келді. Әлемде алғаш рет адамның денсаулыққа негізгі құқығын жария еткен «Алматы декларациясы» жұлдыздай жарқ етті. Қазақстан әлемдік деңгейде көрініп, беделі артты. Бұл көптеген елдердің мемлекеттік денсаулық сақтау саясатының негізіне айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен Т.Ш.Шарманов жайлы өз құттықтауында: «Денсаулықты сақтап, ақыл – ой кемелдігін арттыруда дұрыс тамақтанудың орны бөлек. Міне, осыны алдымен түсініп, насихаттай бастаған ғалымдардың бірі – профессор Шарманов...Алматы конференциясынан соң отыз жыл өте келе, танымастай өзгерген әлемнің бүгінгі қалпына қарап профессор Шармановтың көрегендігіне көзіміз жетуде..» деп сөз етеді. Ал Еуропа және ТМД елдері үшін ЮНИСЕФ Өңірлік бюросының директоры Мария Каливис: « Сіз – әлем бойынша дұрыс тамақтану мәселелерінің түйінін шешуге атсалысқан алып тұлғасыз. Тамақтану саласында атқарылған істеріміздің барлығына Сіздің еңбектеріңізді арқау етеміз..» дейді. Осы сәттен – ақ Төрегелді Шармановтың көрегенділігі мен ақылдылығын әлем халқы мойындағанын көре аламыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш..

Нағыз жетістік – 2005 жылы әлемдік денсаулық сақтау ісіне қосқан көрнекті үлесі үшін ДДҰ – ның жоғарғы мәртебелі марапаты – Леон Бернард атындағы медаль иегері атанды.(әлем бойынша тек 43 адам иеленген) Бұл Төрегелді атамыздың жетістіктері мен еңбектерінің тек қана бір бөлшегі..

Ұлытау ұланының маңызды зерттеулерінің бірден бірі - бие сүтінің пайдасы мен қасиеті. Ғалымның пайымдауынша, бие сүті - ағза тіршілігінде өзекті рөл атқарады. Жүрек-қан тамыры және жүйке жүйелерінің жұмыстарын реттеуге қатысады, қабынуға қарсы әрекет етеді, жұқпалы емес аурулардың дамуына тосқауыл болады. Ол кісі бие сүті негізіндегі тағам өнімдерінің ғылыми негіздемесін әзірлейді. Ал 2016 жылы оның басқаруымен Алматы қаласында «Ұлытау» ұлттық салауатты тағамтану орталығы құрылады. Оның ішінде әлемде алғаш рет бие сүті негізіндегі емдік – профилактикалық және жаппай тұтынуға арналған салауатты тағам өнімдерін шығаратын зауыт бар.

Төрегелді атамыз 94 жас жасады. Ол салауатты өмір салтын ұстануды, күнделікті сағат 6 – да тұрып, қауіпсіз әрі пайдалы тамақтанып, саяхаттап отыруды жөн көрді. Көп жасауының да себебі сол деп есептеймін. Өзі біршама жас жасаған шағында ешбір шаршамай, адам денсаулығына, ағзасына, тамақтануына қатысты көптеген жұмыстарды атқарып отырды. Сол кісі жайлы мақала тақырыбын «Шаршамайтын Шарманов» деп С. Әзімов бекерден бекер қоймаған – ды..

Т.Ш. Шармановтың атамекеніне деген құрметі өте зор екені бәрімізге мәлім. Негізінде Ұлытау өлкесінің қасиеті мен киесі – бөлек, тылсым күш. Ол туралы айта бергім келеді.. Киелігінің куәсі осы Торегелді Шарманов десем қате болмас. Оның осы ғылым жолындағы бастауы да Ұлытаудан басталып еді. Өзінің бар ғұмырын адамзат денсаулығының пайдасына арнаған, алғашқы медициналық – санитарлық көмеккке көпір бола білген, нағыз Дала баласы екенін дәлелдеген, салт – дәстүрін, тұрмысын дәріптеп, үлгі тұтқан, үлесі елімізбен қатар әлемдік деңгейге жеткен киелі Ұлытау ұланына МЫҢ ТАҒЗЫМ!

Елдара ОБАЙДУЛЛИНА

Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы

11 сынып оқушысы



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!