Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Үмбетей жырау толғаулары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Үмбетей жырау толғауларының басты тақырыптарын анықтау, жүйелеу.
Орындаған: Кампит Ақбаян
Қабылдаған: Есіркепова.Г.Е.
2019-2020 жыл
XVIII ғасырда өмір сүрген жыраулар поэзиясының белді өкілі-Үмбетей Түлеуұлы. Дуалы ауыз Үмбетей жырау 1706 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау өңірінде дүниеге келді. Бұл кезең ел мен жерден айырылған жаугершілік заман еді. Үмбетей жас күнінен-ақ кедейліктің зардабын тартады.Ақындық даңқы шыққан Үмбетейді Абылай хан өз айналасында ұстайды,ол сол кезден-ақ жырау атанған. Ол Бөгенбай батырға серік әрі оның жыршысы болған. Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте болып, тарихи оқиғаларды нақты жырлаған. Ол халық мүддесі үшін хан көңіліне қарамай, әділ,тура қалдырған. Үмбетей жырау- дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу – қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіреші, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік дәулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Оның осы өнердегі бермен келе өмірдегі алғашқы ұстазы – өз әкесі болған. Сол себепті халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан Үмбетей жырау қаһармандық жырларды, аңыздар мен шешендік сөздерді жетік меңгерген даңғыл көкірек ақын әрі шежіреші, халық музыкасын жақсы меңгерген қобызшы, сонымен бірге сәуегей абыз адам болғандығы туралы көптеген деректерде айтылады.
Қ.Жұмалиев, Н.Сикалиева сынды ғалымдар еңбектерінде Үмбетей жырау шығармашылығы жоғары бағаланған. Үмбетей Тілеуұлының жырау ретінде артына қалдырған мұрасы аса көп емес. Небәрі жеті-сегіз толғау және арнау толғаулар. Бар қазынасына байыптай қарағанда батырлығынан бұрын жыраулығы ерекше көзге түсіп тұрады. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы жалпы алғанда күрделі құбылыс санатына жатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қоры осы ойымызды растайды. Әсіресе,XV-XVIII ғасырлардың арасында тірлік кешкен көшпенділер поэзиясы қым-қиғаш дәуірдің, қоғамдық қарым-қатынастардың, қара халықтың хал-күйінің айнасы секілді әсер етеді.
XVIII ғасырда өмір сүрген дуалы ауыздың бірі Үмбетей Тілеуұлы іскери жорықтарға қатысқан, батырлығы да, ақындығы да қатар жүрген кісі. Шығармасының дені арнаудан тұрады. Әдебиет зерттеушісі М.Мағауиннің айтуынша: «... өз тұсындағы дабырлы ерлер жайлы трихи поэмалар жасау ісіне белсне араласқан». Қазір қолда бар шығармалары шағын. Академик Қажым Жұмалиев Үмбетейді Бұқардан кейін атапты: «Шығармалары өз аттарымен біздің дәуірімізге дейін сақталып келген әдебиет өкілдері:Бұқар, Үмбетей, Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмашты,т.б. алсақ, бәрі бір дәуір де, бір кезеңде өмір сүрсе де олардың дүниетану, өмірге көзқарастары әр басқа. Өйткені бұлардың бәрі бір таптың ақындары емес. Әркім өмір құбылысын өз ортасы арқылы өз табының көзқарастарынан танымақ.
Үмбетейдің аты, бірқатар өлеңдері әр мақала, жинақтарда ұшырасып жүргенмен ол туралы арнайы ешкім айта қоймаған екен. Жеке жырлардың шығармашылық еңбектері жөнінде біраз зерттеулер жазылды. Бұлардың поэзиясы өзара тығыз байланысып жатады. Үмбетей беріде өмір сүрген ақын. Оған белгілі дәстүрді жалғастырушы ретінде қараймыз. Үмбетей есімі Бөгембай батырмен қатар аталады. Арнау жырларымен аты шыққан. Жалпы, XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясының дені арнау, толғаулар десек қателеспейміз.
«Алдаспан» жинағында айтылғандай, Үмбетеймен аталас Жауқашар деген адамның бірінен-бірі өткен бұзық, сойқанды тоғыз ұлы болады. Бір жолы бұлар өздерімен ағайын көрші ауылға барымтаға шығып, үйірге салып жүрген бураларын әкеп сойып алады. Екі атаның арасында дау туады. Бәке деген кісі Жауқашардың тоғызына ара түседі. Сонда Үмбетей әлгі әділетсіздікті әшкерелеп, «Бәкеге» атты өлеңін шығарыпты.Бұл өлең 1968 жылы қарт журналист Ғалымжан Мұқатовтан жазып алынған. Ал, Ғалымжанның кімнен, қайдан ,қашан алғаны белгісіз.Әрине, бұл шындықтан туған шымыр жолдар болса керек. Сол дәуірдегі жыраулардың бір қасиеті-ойларынан ешнәрсе шығармаған, өзі өмір сүрген ортаның ғана жағдайын жырға тиек еткен. Бастауы, аяқтауы бар, артық тұрған ештене көзге түспейді.
Үмбетейдің шығармаларында толық мәтіннің кездесуі некен-саяқ. Арасынан бірденелер қалып отырғанға ұқсайды. Қайталаулар ұшырайды.
Үмбетейдің бір шығармасы «Үй сыртында ақра тау» деп басталатын Бұқарға арнаған толғауы. Бұл толғаудың шығу тарихы туралы ел аузында аңыз бар. Үмбетей мен Бұқар бірін-бірі сыйлаған дос болған деседі. Толғауда отбасы, тұрмыс туралы өз толғаныстары айтылады.Жорықта жүріп ,ошақ басы,отбасында әрдайым бола алмайтын Үмбетей жыраудың бұл толғауынан отбасы бірлігі, тірлігі де жырауды толғандырғанын көруге болады. Жырау Бұқардың жеке басынан мін таба алмай, аса құрметпен сыйлай отырып, осындай адамға лайықты жары болмағанына қынжылады.
«Тоқымы кеппей топтанып, ел тонуға аттанып» жүрген тоғыз тентекті сынға алады, оларға араша түскен Бәкеге «Не бетіңмен қорғайсың Жауқашардың тоғызы» деп, озбырларды әділеттілікке, адамдыққа шақырады. Жақсы ұл мен жаман ұлдың айырмашылығын анықтайды.
Ұл он беске келгенше
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса доңызын.
Осы шумақтың өзінен Үмбетейдің отбасылық институтқа қандай талаптармен қарағандығын сеземіз. Баладан көрген базарын да, азарын да жасырмайтын сияқты. Балалық , жастық, кәрілік жыраулардың тұрақты тақырыптарының бірінен саналады. Жыраудың «Дін пұсырман баласы адамдықтан жерімес» деуіне қарағанда мұсылмандықтан адамды жақсартатын біраз нәрселер іздеген болуға керек.
«Жауқашарға» деген өлеңі «Бәкеңе» арнауының жалғасындай жалпы екеуі біртұтас дүние болуы мүмкін. Ол кезде өлеңге тақырып қоймаған ғой, айтқан жерден халықтың өзі қағып алып, келесі ғасырға жеткізген. Үмбетей сөздеріне қарағанда көпшіліктің,көптен шыққан батырлардың ақылшысы, кеңесшісі болған кісі. Шағын қазынасының өзінен көргені,білгені мол, мейірімді адамның келбеті елестейді. Мезгілсіз келген қонаққа қуанады. Сөз құдіреті деген осы ғой.
...Кісіні көрсең есікке
Жүгіре шық кешікпе.
Қарсы алмасаң меймады
Кесір болар несіпке,-
Деу әрі батыр, әрі ақынның аузынан шығатын сөздер. Жыраулар бір себепке кездескенде ғана сөз тудырады. Мысалы, Үмбетей мен Бұқар дос болыпты деген сөз бар. Үмбетей Бұқармен дос, құрдас екен,
Қайтыс боп үш жыл бұрын құса-дерттен,- деген өлең жолдары осыны меңзейді.
Бұл өлеңді Бөгенбайдың немересі Бапан би шығарған деседі ел аузында.Бірде Бұқардың үйіне барғанда әйелі оң шырай танытпапты. Сонда Үмбетей өкпелеп өлең шығарып кетіпті. «Бұқарға» деген өлеңін сол жолы айтыпты деседі. Бірақ бұл әңгіменің шындыққа қанша жанасатынын әлі де дәлелдеуге тиіспіз. Ал, енді Үмбетейдің сөзінде Бұқар есімі айтылмайды. Бұқардың соған жауабы «Жал-құйрығы қабасында» Үмбетейдің есімі кездеспейді. Әлде кейінгі ауызша таратушылардың жанастырып жүргені шығар. Әйтеуір бір кілтипан бар.
Үмбетейдің «Ей, Ақтамберді» деп басталатын он үш жол өлеңі де өмірге өздігінен келмеген. Құн дауы ма, жесір дауы ма, әйтеуір аржағында бірдеңе бар екені анық. Қарсы келгенде қандыра жауап қайтармаса көңілдері көншімейді. Ақтамберді жырау ақырып жетеді. Үмбетейге тіл тигізе сөйлейді. Бір батырының құнын қуа келіпті.
Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлк етпес.
Қанымен қастың жуылмай,
Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссаң,кәне, шыдап көр,
Жау емессің күш жетпес.
Тоқтатын сөз шықпаса Ақтамбердінің екпіні жаман, мерт етуі мүмкін. Тура жауаптан тайсалу керек пе, жоқ па? Үмбетейде де жүрек бар, үндемей қалатын кісі емес.Үмбетей фәлсафа айтып келіп, мәселені әйел жанындағы түйінмен тамамдайды. Өзіне сауал қояды да , жауабын өзі береді. Түйенің,биенің,адамның, жаманның қандай болатындығын нақты сөздермен келтіреді. Тұрмыс фәлсафасын тартымды береді. Ол әйелдің нашарын «Арқаңа артқан тұзбен тең» дейді. Жалаң өкпе ғана емес, өрелі ой тастай келеді. Өзі жорықта жүрсе де от басының тірлігін, бірлігін, тілеген кісінің келбетін елестетеді жырау, қонақ-ырыс, күндіз-түні есігің ашық болсын дейді.
Үмбетейдің эпикалық күшінің барлығын байқататын өлеңнің бірі «Бекболат биге» арнағаны. Бұл толғауы Қазыбекұлы Бекболат биге арналады. Жырау негізгі бейбіт өмірді көздеген, шапқыншыларға тыйым салуды сұраған ойын тура айтпай, орағытып, тұспалдап келеді де, соңына қарай негізгі ойға көшеді.
Әдетте жыраулар кесімді пікір айту үшін сол тақырыптардың өзіне тура кіріспей орағытып, тұспалдап көтеріңкі кіріспе жасап алады.Шешендік сөздің салмағын, өрісін байқатып қояды. Қаһарлы қылыш ала алмаған қамалды қанатты сөз алады деген сөзде өмірлік тәжірибе бар. Іс шындыққа тақалғанда Үмбетей, Бұқарлар ханға да, қараға да қарамайды. Қара қылды қақ жарып айтады. Әр шумақ, әр жолында өрнекті сипат бар. «Баласын мақтар бас жаман, Қатынын мақтар қас жаман, Алыстағы дұшпаннан, Аңдып жүрген дос жаман» десе мойындамасқа, бас иземеске амалыңыз қайсы.
Жыраудың философиялық-дидактикалық сарындағы толғау жырлары сақталмаған. Біздің түсінігіміздегі Үмбетей бейнесі Бөгембай батырдың есімімен байланысты. Жыраудың даңқын шығарған да осы туындылары екені сөзсіз анық.
Үмбетейдің Бөгембайға қатысты екі ұзақ жыры бар: мұның біріншісі-Бөгембайды жоқтау да, екіншісі-Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту. Қанжығалы Бөгембай батырдың аты кімге болмасын жақсы таныс. Ол-Жоңғарларға қарсы күрестің қаһарманы, батыр, атақты қолбасы, еліне еткен қызметі хақында жұрт сүйіктісіне айналған қазақ халқының ардагер ұлдарының бірі.
Үмбетей жыраудың « Уа, Алатаудай Ақшадан асып тудың Бөгембай» деп басталатын толғауында Бөгембай батырдың өшпес образы сомдалады Бөгембай ерлігі, батырға тән соғыс, ерлік қимылдары көркем бейнеленеді.Жырау Бөгембайдың батырлығын әсірелеу, асыра көтермелеуге бармайды. « Динамикалық қимыл әрекетке толы экспрессивті жолда Бөгембайдың басқыншыларға қарсы халық күресінің тарихында алатын орнын ойып алып көрсетеді».
Үмбетейдің «Бөгембай өлімін Абылай ханға естіртуі» атты толғауы естірту түрінде келеді. Естірту жанрына тән дәстүрді ұстанған Үмбетей Абылай ханға батырдың өлімін бірден хабарламай, тыңдаушысын қаралы хабарға дайындап алады. Ұзақ толғаудың композициялық құрылысы жүйелі құрылған.
Бөгембай өліміне байланысты Бұқар жыраудың да толғаулары бар. Көрнекті жыраулар бір тақырыпты жырлап отырса да, ғалым Ө.Күмісбаев атап көрсеткендей «бірінің айтқанын екіншісінің ауызға алмайтын жайлары кездеседі. Бірақ олардың екеуі де бір жайға марқұмның негізінен қалмаққа қарсы тәуелсіздік күресі жолында айрықша рөл атқарғандығына баса назар аударады. Екеуі де батырдың жаумен айқасып, жеңіске жеткен мекендерінің атын санамалайды».
Жыраудың «Бөгембай өліміне» атты толғауында Бөгембайдың қартайып ауырып қайтыс боларының алдында өзінің болғаны , батырды жерлеуге қатысып жоқтау өлеңді шығарғаны батырдың жырында аңғарылады. Ал естірту түріндегі кейінгі толғаудың тыңдаушысына әсерлілігі- жыраудың ханға Бөгембай сәлемін жеткізетіні. «Қашпаған қандай ұрыстан» қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, ол атқан қорғасынға» балайды, «болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай» деп, қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін Баянауыл, Қызыл тау, Абралы, Шыңғыстау – бүкіл Сарыарқа атырауын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды.
Үмбетей:
Қалмақты қуып қашырдың,
Ақшәуілге қос тігіп,
Қара Ертістен өткізіп.
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Алтай тауға асырдың!
Қалмаққа ойран салдырдың,-
деп, халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді. Жырау тек Бөгембайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың – Қаракерей Қабанбайдың, қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
XVIII ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Үмбетей жыраудың бізге жеткен қиссаларының көрнектісі –«Жантай батыр». Және жыраудың қолынан мынандай туындылар туған: «Он екі айда жаз келер», «Бұқарға», «Биік тауға жарасар», «Өмірге тоймас адамзат», «Ханға жауап айтпасам», «Бекболат биге», «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек», «Мұсылманның баласы», «Төріңде жатып салмақтан», «Көкте бұлт сөгілсе», «Жауқашарға», «Жар басына қонбаңыз», «Бәкеге», «Жиделібайсын жетіңіз», «Мінген атың айтамын».
Жыраудың өлең-жырларын артында қалған ұрпақтары және Аманжол Әлжанұлы секілді ақындар ауызба-ауыз айтып күні бүгінге дейін жеткізген. Аманжол Әлжанұлы Үмбетей мұраларын қағазға түсіріп, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына тапсырғанын және «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында жыраудың жинастырған өлеңдері берілгенін атап айтуға болады. Үмбетей қолбасшыларды, хандарды, би-сұлтандарды халықтың пайдасы үшін жаман мінезден арылуға байланысты сынап, әділ пікірлерді тілге тиек еткен. Оның жыраулық қабілеті, әсіресе жоқтау түрінде екенін айдан-анық көруге болады. Мысалы, “Бөгембай қазасын Абылай ханға естіртуі” жырында Бөгембай батырдың өлімі арқылы Абылай ханға жеткізіп, естірту “жанайқайын” байқауға болады. Жалпы Үмбетейдің толғауларында сыни көзбен қарау ұстанымдары орын алады.
Жыраудың өлең жолдары естірту стилінде жазылған. Абылай ханға қарата айтылған өлеңнің құрылымы эмоцияға, экспрессияға толы. Ханға арналған сөздер бұйыру, тілек тілеу, жұбату мағынасын білдіріп отырғанын көреміз. Қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын қара өлең ұйқас түрін байқауға болады.
Және бір назар аударатын факт-Үмбетей Жантай батыр туралы қисса-дастанын ұлғайған кезінде шығарса керек дейді. Қиссада Жантай бастаған батырлар тобының әрекеті мен халықтың сол тұстағы ауыр тұрмысы баса көрсетілген. Мұнда Үмбетей Абылай ханға тие сөйлейді. Хан мен жырау бір-бірінен қашықтайды. Жырау сарай маңынан кетеді. Ғ.Мұқатов Үмбетейдің шөбересі Атқыбай жайына да тоқталып, ол жырлаған «Жантай батырдың» мән-жайын түсіндіреді. Оның сөзіне қарағанда, бұл шығарманың екі-үштей нұсқасы қағазға түсіпті.
Қорытындылай айтсам, Үмбетейдің толғаулары жыраулық дәстүрді жалғастырған асыл мұралар. Үмбетей жырау қазақ әдебиетінің дамуында көрнекті рөл атқарған сотқалы тұлға. Бізге жеткен жыраудың аз мұрасының өзі әдебиеттің тарихында өзіндік даралығын таныта алатын шығармалар. Ол белгілі бір объектіні негізге ала отырып, соны суреттеу арқылы адамды адамшылыққа, ізгілікке, пенде баласына қиянат жасамауға шақырады. Азаматтың, әйелдің, ұлдың міндет-мұраттарына арнайы тоқталып өтеді. Тақырыпты өзін қоршаған тіршіліктің өзінен алады да, өлең сөзбен өрнектеп қайтарады. Жырау жырларының басты қазығы,адм,яғни өзінің замандасы , ол адам баласына үлкен сенім артып жырлайды., оның болашағын болжайды. Халықты береке, бірлікке батырып ерлікке үндейді. Сондықтан да Үмбетей толғауларындағы үлкен серпінді ой бізге суымай, үзілмей жеткен деу керек.