Материалдар / Үнемдеу технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үнемдеу технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үнемдеу технологиясы , күнделікті өмірдегі үнемдеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
973
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы «ЖББ №20 орта мектеп КММ»

















Автор:

Досжанов Мейрлан Ерденұлы

5-сынып оқушысы

Жетекші:

Халабаева Куралай Маденовна

Математика пәні мұғалімі

е-mail:kuralay.khalabaeva.74@mail.ru

тел:87026196141



















2016-2017 жж.

Бағыты: Математиканың тұрмыстағы қолданысын зерттеу және пайдалану.

Секция: Математика-экономика

Тақырыбы:Үнемшілдік-өмір талабы

Зерттеуші: Досжанов Мейрлан Ерденұлы

Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Халабаева Куралай Маденовна

Мақсатым:

Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетінше еңбектенуге, үнемдеуге тәрбиелеу

Міндетім:

Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру. Қосымша мағлұмат қарастыру.


Өзектілігі:

Осы жобада анықталған зерттеулер мен жинақтар өмірде кеңінен қолданылса, оқушылардың үнемшілдікке, логикалық ой-өрістері кеңінен дамыған, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленген тұлға қалыптасады.


Зерттеу әдістері:


-Сауалнама жүргізу

-Бақылау жасау

Энциклопедияны қолдану























Аннотация


Бұл жоба оқушылардың күнделікті қолданыстағы тағамдарымызда кеткен шығынды үнемдеу жолындағы шешімдерге тоқталады. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің күнделікті қолданыстағы тағамдарымызды қолдануда кіріс пен шығысын толық зерттеп замана талқысынан өткізіп,оларға сипаттама береді.




В этой научной работе описывается,как расчитывать и сэкономить расходы по приобретению каждодневных продуктов питания.Ученик в ходе своей исследования показал,описал,рассчитал приходы и расходы для приобретению продуктов питания на сегодняший день.




This scientific work is described how to recount and economize the consumptions of acquiring everyday foodstaff.

In course of his scientific work the student showed,described,recounted curacies and consumptions of acquiring foodstaff in nowadays.

























Пікір


Артық ысырапшылдықты,қаражатты үнемдеуді көрсетеді. Бұл берілген жұмысты зерттей отыра математикамен қосымша, қолданыстағы заттармен қызығушылықтарын арттыра отырып, өмірде қаражаттың қадірін біліп артық ысырапшылдыққа бармай , үнемшіл болатыны сөзсіз

Осы жоба барысында қазіргі заманымызға сай үнемдеп (ысырап етпей) қолдану арқылы, олардың шешу жолдарын зерттеуге арналған. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадамы деуге болады. Мұнда күнделікті өмірде өзіміздің қолданыстағы заттарды үнемдеп,кіріс пен шығысты есептеу.Берілген жұмыста үнемдеуге сипаттама беріліп, есептер жүйесінің шешу жолдары көрсетілген.

Бақылау кезінде автор мынадай қорытындыға келді:қазіргі кезде кез келген затты үнемдеу,кездескен мәселелердің шешімінің кілті. Атап айтқанда ысырапшылдық, үнемсіздік ортаға орасан зиян келтіретініне көз жеткізді.

Автордың осы жүргізген зерттеуі пайдалы деп ойлаймын.Өйткені күнделікті өмірдегі үнемдеуге оқушылар кішкене болса да өз үлестерін қосса, құнды көмек болатыны сөзсіз.




Пікір беруші: Халабаева Куралай Маденовна






















Жоспар:


І. Кіріспе

Ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Күнделікті қолданыстағы тағамдарды үнемдеу

2.«Үнемшілдік-ырыс,ысырапшылық-шығыс»


ІІІ.Қорытынды.

Қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні







































Ғылыми зерттеу жұмысы да осы сияқты табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай - ақ еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қасиеттердің арқасында мектептегі математика сүйіп оқитын пәндерімнің біріне айналды.
Менің математика ғылымына қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған «Үнемдеу технологиясы» тақырыбын зерделеу, оның қыр - сырларын ашып, көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.
Математика адамзат тарихында тұрмыстық мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайда болған ең алғашқы ғылым. Олай дейтініміз адамзат өзін айнала қоршаған ортадан күнкөрістік тағамдық заттардың қорын жинағанда олардың мөлшерін білу үшін санауға мәжбүр болған. Санаудың нәтижесінен сан ұғымы қалыптасқан. сонымен, сан адамзаттың ақыл - ойының жалаң туындысы емес, тұрмыстық қажеттіліктерінен бастау алған ұғым. Сандар математика ғылымының түп қазығы.

Ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика.Есепсіз дүние жоқ дейді халық. Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шегесін меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу-есепті шешудің алтын балдағы. Ол көп. Із кессең табасың. Есеп осыдан да сан қилы жауап табады. Бізде математикалық білімінің қолданыс жағы басымдау. Ол осынысымен құнды. Осылай десек те математика білімінің тамыры терең. Олар қазіргі тілмен алғанда санаудың әр түрлі жүйесін, тереңнен ойлау қабілетін,шығармашылығын дамыту. Алдағы уақытта қазіргі заман талабына сай қаражатты үнемдей отырып,қолданыстағы(оның ішінде тағамдардың) дүкеннен сатып алған мен қолдан дайындаған тағамның қаншалықты үнем жасау керектігіне тоқталамыз,олардың кейбіреулеріне сипаттама береміз.

Алтынның сыры кетпес, сыры кетсе де сыны кетпес- алтын қазына. Бұл бөлімде оқушының ой-өрісін, ізденімпаздығын дамытуға арналған логикалық есептер қарастырылған. Логикалық есептер оқушының тереңнен ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.










Күнделікті қолданыстағы тағамдарды үнемдеу мақсатында отбасымыздың қаражатын үнемдеу мақсатында есептеп көрдім.«Үнемшілдік-ырыс,ысырапшылық-шығыс» немесе үнемшілдік- сараңдық емес мақалына сүйеніп күнделікті бір торттың қаражатын есептедім. Ол үшін анам екеуіміз торт пісіріп қаншалықты қаражат үнемдейтінімді есептедім.

1-торт:3-жұмыртқа=3*25=75 тг

200гр қаймақ=120тг

1стакан ұн=50тг

1 стакан қант=55тг

Қойылтылған сүт 1 банка=320тг

1 ванилин=25тг

1 шай қасық сода=15тг

Жұмсалған электр қуаты шамамен 1кВт=19,57тг

Сонда барлығы біз шамамен 680 теңге шығындаймыз.Егер дүкеннен 1 торт сатып алсақ ең арзан бағамен 1500 теңге тұрады.Біз қалтамызға 820 теңгені үнемдейміз.Қазіргі заманда үнемшілдік - сараңдық емес,керісінше есепсіз дүние жоқ.

Тағы да бір мысал: Біз отбасымызбен көктемде бақшамызға 1қап (4500тг) картоп ектік,жаз бойы бақшаны күтіп-баптап, күзде сол еккен картоптан біз 8 қап өнім алдық.Сонда біз 8 қап=8*4500=36000 теңгенің өнімін алдық.36000-4500=31500 теңге қаражат үнемдедік.Еңбектің наны тәтті демекші,жалқауланбай еңбектенсең өзіңнің қаражатыңды үнемдейсің.


Есептемегенге бәрі түгел демекші:

Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

Тағы да сол сияқты анам екеуіміз жаз бойы бақшаға көкөністер егеміз,күзде сол көкөністерді жинап аламыз,ол бізге бір жылға артығымен жетеді.Егерде сол көкөністерді біз жыл бойы дүкеннен сатып алсақ,онда ата-анамның кем дегенде екі айлық жалақысы кетеді.Дүкеннен сатып алмағандықтан біз отбасымызда қаражатымызды үнемдейміз.Менің ойым немесе қағидам деп айтсамда болады:Үнемшілдік бұл сараңдық емес.Үнемшілдік-өмір талабы.

Сыныптағы достарымнан күнделікті ата-анасы берген қаражаттың қаншалықты үнемдейтінін білу үшін сауалнама жүргіздім.












Қорытынды

Математика саласы барлық тұрмыста қажет дүние. Математиканың астарлары да түрліше. Математика саласында пәнаралық байланыс өте кең дамыған. Соның ішінде әдебиет пәнімен байланысты байқауға болады. Қандай есепті алсақ та, мақал немесе нақыл сөзбен түйінделген. Бұл түйіндеулерге зер салсақ, әрқайсысының тәрбиелік мәні зор. Тәрбие - сан қырлы. Ата-тегінің табысын айту, халқыңның дәстүрін сақтау, оны өз заманыңның қағидаларымен шендестіру тәрбиенің бір көзі.Қазақ халқы экономиканың жана табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның таза жолмен келгені дұрыс екендігін де ескертіп отырған. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу, пайда табудан да үлкен өнер екенін жақсы түсінген. Мәселен, «Артық олжа – басқа еңбек», «Оңай олжа – тұрмас қолға», «Шығын шықпай, кіріс кірмейді»,-дейді.
Қорыта келгенде, қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты, ұтымды пайдалануға, үнемшілікке, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деуге толық негіз бар.



Нәтиже:

Осындай іс-әрекеттердің  арқасында  қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.Баланың логикалық ойлау қабілеті, пәнге деген қызығушылығы, тапқырлығы, жүйелі ойлауы арта түсті.















Сауалнама


Күнделікті өмірде

Сұрақтар

Иә

Жоқ

Қорытынды

1

Күнделікті ата-анаң берген қаражатыңды үнемдейсің ба?



«иә»деген барлық жауаптарыңды қосыңдар

2

Ақшаны көп жұмсайсың ба?



3

Күнделікті ата-анаңнан қаражат аласың ба?



Егер сізде 1 ден 5 ке дейін «иә»деген жауап болса,сіз әлі көп нәрсені үйренуіңіз керек

4

Үнемдеген қаражатыңа керекті затыңды аласың ба?



5

Үйде қосымша(копилкаға) қаражат жинайсың ба?



6

Жинаған қаражатыңды достарыңмен бөлісесің бе?




6 дан 8 ге дейін болса,болашақта өзіңізбен жұмыс жасауыңызға жақсы жақтарыңыз көп

7

Досыңның немесе құрбыңның туған күніне өз жинаған қаражатыңнан аласың ба?



8

Жинаған қаражатыңды мектептегі қоғамдық жұмыстарға пайдаланасың ба?




9 дан 10 ға дейін болса,сіз басқаларға үлгі бола аласыз

9

Қосымша жұмыс көзі болса,өзің үшін қаражат табар ма едің?



10

Үнемдеген қаражатыңның кіріс-шығысын есептеп отырасың ба?




















Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ата-анамның мәліметі

2.Мақал-мәтелдер 1997

3.Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы

4.Өте дәмді журналы
5.Энциклопедия

6.Сұхбат және сауалнамалар



































PAGE \* MERGEFORMAT11 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!