Материалдар / Үнемді болуға үйренеміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үнемді болуға үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
496
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қашар кенті әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің

«№ 4 балабақша» КМҚК



Біріккен сабақ.

(Қоршаған ортамен таныстыру. Сурет салу.)





Тақырыбы:

Shape1






Тәрбиеші: Отеуова Ж.Б








Білім беру салалары: «Таным». «Шығармашылық».

Білім бөлімдері: «Қоршаған ортамен таныстыру». «Сурет салу».

Тақырыптары: «Үнемді болуға үйренеміз». «Айгүлдің сәукелесін әшекейлеу».

Мақсаттары: Үй экономикасы, отбасы қаржысы туралы түсініктерін қалыптастыру. «Азық түлік», «киім», «ақша», «баға» - түсініктерін ажыратуға көмектесу. Адамның тілегі мен мүмкіндігі бір – бірімен байланысты екенін түсіндіру. Ұлттық оюлармен, оларды салу әдістерімен таныстыра отырып, сәукелені әшекейлеуге үйрету.

Сөздік жұмыс: азық – түлік, баға, ақша, үнемді болу, сәукеле.

Билингвалдік компонент: зат-вешь, дүкен-магазин, қуыршақ-кукла.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Мотивациялық-қозғаушы қызмет

Тәрбиеші балалармен қол ұстасып шеңбер құрайды:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!


Есік қағып, қуыршақ-Буратино кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің 5 тиыным бар, оны қалай жұмсайтынымды білмеймін. Мені үйретіңдерші.

Балалар тәрбиешімен бірге айтады







Балалар қызығушылық білдіреді. Қуыршақ-Буратиноға көмек беретінін айтады

Ұйымдастыру-ізденушілік

Тәрбиеші:

-Буратино, ал сен ақшаның қайдан келетінін білесің бе?

-Балалар, сендерге ақша қайдан келеді?

-Дұрыс, ата-аналарыңыз еңбектеніп ақша табады. Жұмыс істеп, табыс табу арқылы отбасы қоры жиналады. Отбасы табысы барлығына ортақ.

-Ақша не үшін керек?




-Ақшаны қалай жұмсау керек?


Тәрбиешінің әңгімесі:

Ақшаны әрқашанда үнемдеп ұстау керек, оны жарамсыз заттарға жұмсай берсең, тез бітіп қалады.


-Буратиноға қандай ақыл айтасыңдар?








Есік қағылады. Ашамыз. Қуыршақ Айгүл көңілсіз кіріп, балалармен амандасады:

-Сәлеметсіз бе, балалар! Менің - атым – Айгүл.

Тәрбиеші: -Айгүл, саған не болды, не үшін сен көңілсізсің? Қуыршақ – Айгүл:

  • Мен сәукелемді жоғалтып алдым.

Тәрбиеші:

  • Балалар, қуыршақ Айгүлімізге қалай көмектесуге болады?


Тәрбиеші сәукелені ұлттық оюлармен әшекейлеуді ұсынады.

Балаларға сәукелені ою-өрнекпен әшекейлеу әдісін түсіндіріп, салып көрсетеді.

Қуыршақ- Буратино басын шайқайды


-Әке мен ана жұмыс істеп, ақша табады.






Азық – түлік, киім-кіешек, жиһаз, ойыншықтар және т.б. керек заттарды сатып алу үшін.

-үнемді жұмсау керек.


Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды



Балалар өз пікірлерін ортаға салады:

-Ақшаны үнемдеп, керек уақытта ғана жұмсау керек, өйткені ата-аналарымыз адал еңбектерімен оны табады.

Буратино балаларға ризашылығын білдіріп, қоштасып кетеді




















Балалар үлгіге қарап жұмыс жасайды.

Жетекші-жөндеуші

Сабақта белсенділік көрсеткен балаларды атап өтеді, мадақтайды. Көрме ұйымдастыру.

Балалар өз жұмыстарын көрмеге тапсырып, өз жұмыстарын тамашалайды.


Күтілетін нәтиже:


Ұғынады: Ақша адамның еңбегімен келетіні туралы білу

Түсінеді: Отбасы қаржысы туралы қарапайым түсінік болу

Қолданады: Өз ойын жеткізе білу. Таза ұқыпты жұмыс жасау.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!