Материалдар / Ұранды елдің-ұрпағы қайсар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұранды елдің-ұрпағы қайсар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаттарында қажетті жері болса пайдалану үшін ұсынамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2019
1380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып жетекшісі:Маширбаева Лазатия Саматовна

Сыныбы:6

Тақырыбы: «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар».

Көрнекілігі: Ұлдарға арналған бейне түсірілім, нақыл сөздер
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.
Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты әкелер және сыныбымыздың ер жігіттері! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен үнін.
Ардақты ағаларға шын көңілден,
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!

Құрметті әкелер, біздің ұлдар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Әкелерді құттықтауға қыздарды ортаға шақырамыз.

Тақпақтар:

Аружан

1.Нағыз әке ақылгөй де асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған

Ал әкелер өздеріне арналған

Бүгінгі той қуаныш пен мереке

Камилла

2.Әкем менің асқар тауым тірегім

Бәрінен де сен қымбатсың білемін

Қанат қағып кетсем алыс қияға

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім

Айым

3.Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің әр айың

Тойларыңыз құтты болсын әкелер

Балаларың төге берсін мерейін

Анеля

4.Есімде бейнесі әкемнің

Күлімдеп маған қарайтын

Мен саған талпынсам

Құшағын жая сап көтеріп алатын

Тоты

5) Сәулелі сөз сөне ме

Орны бөлек батаның

Бізге тәлім өнеге

Ақ тілеуі әкенің

Әйгерім

6) Әр сөзінің ақырын

Жақсылыққа тірейді

Қадап айтып ақылын

Көпке бақыт тілейді

Жанель

7) Атамның ән күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мейірімі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып

Аружан К

8) Әкем шытса қабағын

Байқа балам дегені

Алған көп ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны

Мөлдір

9) Бойға қуат береді

Әй жарайсын дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді

Үміт

10) Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз

Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіне

Сағыныш сазды жүрекпен

Сыр арнаймын өзіңе


2-Жүргізуші: Өсірген баптап баласын

Әкелер әркез Жарайсың!

Бар өнерін үйреткен,

Оздырған да жүйріктен,

Әке деген ардақты ат.

-Келесі ән барлық әкелерге арналады. Жанельдің орындауында « Ана-әке » әні.

1-Жүргізуші: Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Ортаға біздің биші қыздарымызды шақырамыз.

Би

2-Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - дей келе ұлдарға арналған мерекелік тартуымызды қабыл алыңыздар.
КВН

1-Жүргізуші: Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі,
Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы.
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден.
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.

Ойын . Ортаға ұлдар шығады.

Мөлдір мен Камилланың орындауында « Армандастар » ән шашу

1-ж.Әкелерімізді де ойынға шақырсақ қайтеді

2-ж.Шақырсақ шақырайық жакстық шағын еске алсын

Әкелер ойыны.

1ж. Қыздар біз өте сезімтал, байқағыш жандармыз ғой,

2ж. Нені байқап қойдың?

1ж. Қазір көресің. Пародия.

2-Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп құрметті біздің ұлдар сендерге қыздар атынан шағын сыйлық сыйлағылары келіп тұр. Қазір мен ортаға бір- бірден шақырамын. .

Ернұр біздің ерке

Тұрады таңертен ерте.


Санат біздің тәртіпті,

Сабағы да бес тіпті.


Темірлан біздің ұқыпты,

Маржандай жазуы тәнті етті..


Алдиярымыз завхоз,

Тап-тұйнақтай оң көз.


Алинұр біздің өнерлі

Бидің бір өзі королі.

Көп сөйлейді,аңқылдақ,

Нұрасын біздің сүйкімді-ақ..

Бекзатымыз сері,

Байқағыш-ақ әрнені.


Темір деген батыр бар,

Қаласа әр іс тындырар.


Мұғалімнің кенжесі,

Жандостың бар өз қыры.

Арсен жігіттің төресі,

Сөйлеген сөзі терең-ді.


Қайтпас, қайсар, Бекасыл,

Тырмысса алар талай сый.


Талғатты қалай айтпасқа,

Талабы бар талмасқа,


1-Жүргізуші:
Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 7мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!