Материалдар / "Ұрпағым ұлағатты болсын десең..." ата-аналарға арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұрпағым ұлағатты болсын десең..." ата-аналарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды ата-аналармен жұмыста пайдалануға болады. Бала тәрбиесіне қатысты дәріс, тренинг ойындар берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
111
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг тақырыбы: Ұрпағым ұлағатты болсын десең...


Семинар тренингтің мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты роль атқарушы – отбасы. Сондықтан ата – ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәлім – тәрбие беруге бағыттау. Ата – ана мен мектеп арасындағы қарым – қатынасты дамыту.

Қажетті құралдар: плакатқа жазылған нақыл сөздер, тренинг ержесі, ақ

парақ.

Тренинг барысы: Баяндама. Сынып жетекшісі.

Психологиялық бағыт беру: Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Қош

келіпсіздер.

Мен сіздердің алдарыңызға болашақ жас ұрпақтарыңызды тәрбиелуде қарлығаштың қанатымен сепкен суындай тамшы пікірімді, тренинг ойындарды ұйымдастырып ұсынып отырмыз. Ендеше сіздерге тәңірім жаңа бақыт, жайдары мінез, қанағат пен ынсап бергей деген ізгі ниетімді білдіремін.

Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ең басты міндеттердің бірі өз ұрпағын есті де, еңбексүйгіш, инабатты да қайырымды, үлкенді құрметтей білетін, адал, ержүрек, әділ, ар – ожданды, өз ұлтын, Отанын, туған халқын сүйе білетін болсын деп армандайды. Бұл мәселені өзінің тұрмыс – салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы өмірде қолданып, сұрыпталып, тұрмыстық өмір тәжірибесінде сыналып өтіп, қалыптасқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарды тәрбиеге әдіс – тәсілдер ретінде қолданып келеді. Қай халықтың болмасын халық педагогика тәліміне үңілсең осыны көресің. Қазақ халқының да, атам заманнан жиып терген мол тәжірибесі, қалыптасқан заңдылықтары бар халық. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін, жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп, ұл баланы ел қамын ойлаушы ер азамат, қыздар мен ананың намысын қорғаушы, батыл да, батыр, өткір еңбеккер етіп баулыған. Болашақ отбасының иесі, тірегі санаған.

Бабаларымыздың қыз балаларға да құрметі ерекше болған. Қыз ел мен елді, ру мен руды, жүз бен жүзді достастырып, табыстырушы «судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер» елдің бірлік – берекесінің ұйтқысы деп білген, әрі жаңа ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсіруші «Ана» - деп, оны гүлге, нұрға, жұлдызға теңеп, төрінен орын берген. Тіпті мектеп жоқ күннің өзінде қазақ халқының бала мен жастарға беретін, жүйелі түрде қалыптасқан тәрбие негіздері болған.

Тәрбие көзі от басындағы ананың «бесік жырынан» басталып, өмір бойына жалғасып, о дүниелік болғанша, үйренуді талап ететіндігінде ешбір дау жоқ.

Психология ғылымында «ата – ана мен бала қатынасы» түсінігімен отбасындағы тәрбиелеу стильдерінде, ата – аналардың рөлдері мен бағдарларына көрініс беретін балалармен барлық қатынас түрлері анықталады. «Ата – ана мен бала қатынасының» аталған компененттері арқылы ата – ананың өз баласын, оның мінез – құлқын қабылдауы, баланың тұлғаның дамуына әсер етуі мен өзара әрекеттестігі жүзеге асады. Сондықтан ата – аналар бала өмірінің алғашқы күнінен бастап – ақ психикалық және тұлғаның дамуына әсер ететін адамдар болып табылады.

Енді ортаға сұрақ тастағым келіп отыр. Бәріміз соған атсалысып жауап іздеп көрейік.

Қазір осы халық өзі қалыптастырған үлгі - өнегенің бала мен жастар тәрбиесіне негіз болатындай жағдайы бар ма?

Ескі үлгі - өнеге бойынша тәрбиелеу заман талабына қайшы емес пе?

Танысу тренингі

Ал, қанеки құрметті қонақтар, қарым – қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер жасап, танысу тренингін бастайық. Сіз өзіңізді таныстырып, өзіңіз жайлы бір – екі ауыз сөз айтқаннан кейін оң жақтағы көршіңізден солай етуін өтініңіз, сізден кейін де солай жалғаса береді.

Сергіту сәті. «Жанұя» ойыны

Мақсаты: ата – ана баласын қаншалықты біледі, яғни таниды. Ата – аналарға доп беру арқылы бірнеше сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға тез арада жаңылмай жауап беру керек.

Сұрақтар:

  1. Балаңыздың туған жылы мен күні?

  2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

  3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

  4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  8. Балаңыз 1 сыныпқа қай жылы барды?

  9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

  11. Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?

  12. Балаңыздың досы кім?

  13. Балаңыздың қандай мамандықтың иесі болғанын қалайсыз?

  14. Балаңыз 9 сыныпты бітірген соң оқуын қайда жалғастырады?

  15. Балаңыз қандай мамандыққа бейім деп ойлайсыз?

  16. Балаңыз қайсыңызға көбірек ұқсаған?

  17. Балаңыз сыныпта үздік пе, екпінді ме, қанғатанарлық па?

  18. Балаңыз сынып белсіндісі ме?

  19. Балаңыздың сүйкті пәні қандай?

  20. Балаңыз қай жыл мезгілін ұнатады?

Топтастыру.

Біз бүгін ата – аналарды екі топқа бөлгіміз келіп отыр. Ол үшін қолдарыңызға берілген қағазда ән аттары жазылған. Сол әуенді ыңылдап айтып жүріп, өз тобыңыздың адамдарын тауып бір жерге топтасу керек.


Сауалнамаға жауап беру.



«Мен неден қорқамын» жаттығуы.

Мақсаты: Бала тәрбиесінде өзін мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздеу.

Оған топ болып пікір білдіру. Кеңес беру.

Я. А. Коменский «тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын. Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына бір сөзі бар. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші дәмін, дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Мен солардан қорқам». Ендеше сіздерді бала тәрбиесінде қандай мәселелер толғандырып жүр соны қағаз бетіне түсіріп немесе ортаға салуларыңызға болады.

«Өзіндік қабылдау» жаттығуы

Ойын шартымен таныс болсақ: Қағазды екіге бөліп, ата – аналар сол жағына «Менің бала тәрбиесіндегі кемшіліктерім», ал оң жағына «Менің бала тәрбиесіндегі жетістіктерім» - деп, тақырып қойып, өз ойын ашық жасырмай жазу керек. 5 минуттан соң ата – аналар жазғандарын талдап, талқылап, бір – біріне сұрақтар қояды.

«Жағдаяттан шығу»

Кейде отбасында, жүрген ортасында, көпшілік орындарда түсініспеушілік кикілжің, ерегіс жағдайлармен бетпе – бет кездесіп қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын, кикілжіңді болдырмау, одан шығу жолдары бар ма, сол тұрғыда жұмысымызды жалғастырайық. Берілген тапсырма бойынша 2 – 3 минут ішінде топ мүшелері жауап берулері керек.

І топқа. «Балаңыз сізге сынып жетекшісінен жасырып вечер жасап жатқанын,

соған бармаса болмайтынын, қатарынан қалғысы келмейтінін айтып тұрып

алды. Сіздің әрекетіңіз?

ІІ топқа. «Балаңыз досының немесе құрбысының, жақын адамыңыздың үйіне қонам деп сізді алдап, сол үйден жасырын вечерге барғанын кейін сынып жетекшісінен естіп білдіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

«Бала – біздің болашағымыз» бөлімінде ата – аналарға «балаңыздың қандай жағымды қасиеттерді бойына сіңіргенін қалайсыз?» деген ортақ сұрақ қойылады. «Жүрек» бейнесінде жасалған қағазға жауап жазып бір – біріне ұсыну.

«Сөз соңы».

Баланы тәрбиелеуге ата – ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай атамыз былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі – ата – анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап – шалдығып жүрсе де ата – ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» деп, ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын өсірейік. Ендеше, құрметті ата – аналар қолымыздағы алтынымызды жақсы тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!