Материалдар / Үш бәйтерек-үш діңгек Қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге арналған «Үш бәйтерек – үш діңгек» атты сайыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үш бәйтерек-үш діңгек Қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге арналған «Үш бәйтерек – үш діңгек» атты сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш бәйтерек-үш діңгек Қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге арналған «Үш бәйтерек – үш діңгек» атты сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2024
55
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үш бәйтерек-үш діңгек

Қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге арналған «Үш бәйтерек – үш діңгек» атты ........................................... қош келдіңіздер!

Қазақтың қасиетті жері, құнарлы топырағы шын дарындарға ешқашан кем болған емес. Тарихтың қай бетін қарасаңыз да, қасқайып тұрып қаза болған баhадүрлер мен ұлты үшін туған ұлы тұлғаларды табасыз.



Дархан даламызда еркін өсіп-өнген көшпелі халқымыздың бағына туған перзенттері жетерлік.Солардың ішінде саналы ғұмырын халқына қызмет етуге сарп еткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сынды саңлақтарымыз да бар.



Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір бір жылда өмірге келіп, бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басты. Шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті.



Биыл аталған Үш бәйтерегіміздің 130 жылдық мерейтойы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жастар жылының игілігін ең алдымен жастардың өзі көруі керек» деген нақты тапсырмасы аясында елімізде дарынды жастардың шығармашылық тұрғыда дамуына қолдау көрсету мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.



1-жүргізуші: Бүгінгі біздің Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет атты сайысымыз да



Ø қазақ халқының «Үш бәйтерегі» - көп ұлтты кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист Сәкен Сейфуллинге



Ø Қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын қалаған «Алыптар тобындағы» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлинге



Ø Қазақ кеңес әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иесі, ақын, драматург, прозаик Ілияс Жансүгіровке арналады.



1-жүргізуші: Ал, бүгінгі сайысымыз ІІІ бөлімнен тұрады.



І бөлім «....................................................» (Таныстыру)



ІІ бөлім « Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» (Поэзия минуты)



ІІІ бөлім «.................Бәйге................................................» ( Оқушыларға сұрақ)



20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді. Қуғын - сүргінге ұшырап, атылды. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмыр баяндары ғибратты да мәнді болып табылады.









1 - жүргізуші:

Заман қалай, адам қалай өзгерді

Өзгергенді шүкір қазір көз көрді.

Арың менен ақиқаттың алдында

Шындықты айтып шыңғыратын кез келді.

Айтсананарсенгішхалықедікқой.

Халқымыздыңқамынжегенұлдарын

О, ғаламат, халық жауы дедік қой!

Сәкен Сейфуллин шығармашылығымен таныстыру

___________________________________________________________________________

Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты.

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.

Жер қарайды – жаз кепті.

Желкілдейді көк майса

Желіндейді мал жайса.

Ілияс Жансүгіров шығармашылығымен таныстыру

________________________________________________________________

Ауыл көшті қыстаудан

Әне! Апамдар қой сауған.

Құс ұясын түзеді,

Тайымды ағам күзеді.

Ел ешкісін қырқыпты

Егіндерін жыртыпты.

Ой, балалар, балалар,

Ойналық та күлелік,

Қос басына мінелік.

Бейімбет Майлиннің шығармашылығымен таныстыру

___________________________________________________________________

Қайырып қыстай баптап Құлагерді

Осы астың дақпыртына Ақан келді.

Мінгізіп бәйге бала жайтаңдатып,

Аулына ас бергеннің тақау келді.

Араға алты қонып алыс жерді,

Алып ед жайлап жүріп, Ақан сері.

Хабары Құлагердің осы жаққа

Келуші ед еміс-еміс көптен бері.

Дегендей келесі айналым

« Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» деп аталады әр топ арасынан құлагердей суырылып шығып ақындардың шығармаларынан өлеңін мәнерлеп оқу керек



Келесі айналым Оқушыларымыздың білімін сынар сәтке де жеттік. «Бәйге»



Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап, қасиет тұтады. Бәйтерек - тамырын сан тарапқа жол ашып, көкпен жарыса өсіп-өнетін ағаш екен.



Біздің қазақ халқы өз батырларын ескеріп, еңбегңн бағалап, «бес арыс», «үш бәйтерек» деп өз сүрген қоғамына қарай топтапғ бағалап келеді. Жас ұрпақ ағалар салған асыл жолды, олар қалдырған мол мұраны сақтап, қастерлеп ұрпақтан-ұрпаққа жеткізейік.



Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, кездескенше қош сау болыңыздар.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!