Материалдар / Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру, олардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
1764
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру, олардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылығы: : Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелілігі: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру. 
Сабақ түрі:қайталау сабағы ,сайыс
Сабақтың көрнекіліктер: кесте, кеспе карточкалар, 
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық, өзіндік, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту. 

Сабақ барысы


І.
Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық дайындық

Бүгінгі күн жарқын

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын.

2. Топқа бөлу.

-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтпекші, ол қызықты және жақсы өту үшін 2 топқа бөлінеміз, мына қораптан бір – бір қағаздан аласыңдар,ішіндегі жазуды оқимыз, кімге алма деген жазу түссе сол алма тобы болады,кімге алмұрт сөзі түссе сол алмұрт тобы болады.

-Жақсы , олай болса сендерді әділ бағалайтын , бізге кім керек?

- Дұрыс, әділқазылар алқасын сайлап алайық.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. «Қайталау - оқу айнасы» кезеңі

Шарты: оқушылар жылдам жауап беру керек.

«Кім жылдам?» Ауызша есептеу 

І топ

200-.... жүзд  400кг-....ц  1000кг-.....ц  1т- .....кг

700-.... жүзд 5ц -.....кг 2т-.....ц 50ц-......т

ІІ топ
900 – .... жүзд  700кг-....ц  100кг-.....ц  1000кг-.....т

300-..... жүзд 60ц-.....т 8т-....ц 2ц-......кг

Математикалық диктант. өздік жұмыс ретінде, 2 топ бірдей орындайды.

... + 20 =29 40 - ...=25 15+...=22 39-19=...

26 + ....= 40 ... - 9=10 ...- 50=50 30+40=...


2. «Ой - маржан» кезеңі. Шарты бойынша оқушылар мен көрсеткен карточкалар бойынша жылдам жауап беру қажет, бірінші топ жауап бере алмай жатқан жағдайда ол сұраққа 2 топ жауап беруіне болады.

І топ – алма

20+35=55 67-27=40 9+23=32 96-45 =51

ІІ топ – алмұрт

18-9=9 54+13=67 86-80=6 33+42 =75
 3. «Бақытты сәт» кезеңі , ойын түрде

Шарты: Тізбекті жалғастыр,сандарды жүздік, ондық, бірліктерге жікте.

І топ 700-...жүзд ... онд ... бірл 
865-... жүзд ... онд ... бірл 
915-...жүзд ... онд ... бірл 

ІІ топ 500- ...жүзд ... онд ... бірл 
348- ... жүзд ... онд ...бірл 
691- ...жүзд ... онд ... бірл 
Ереже 
Көп таңбалы сандарды салыстыру үлкен разрядтан басталады. 
Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: 
Сандар қандай түрлерге бөлінеді? (бір, екі, үш таңбалы) 
- олай айтылу себебі неде? 

Сергіту сәті: «Табиғатқа ұқсаймыз»

Ағаш болып жайқалайық ,

Балық болып жүзейік.

Құс болып ұшайық

Қоян болып секірейік.

4. « Есептемей салыстыр»

І топ 742>427 504>405 312<331 401<410

ІІ топ 100<601 297>270 1000>999 605<650

5. «Жарыспа, жарысқан соң қалыспа» кезеңі.

І топ.

Нәрселерді санағанда,

Керек  ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай?                                           (натурал сан)

 

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында.                            ( сызғыш )

ІІ топ.

Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы.                                                  (дөңгелек)


Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары?                                        ( 6 )

6. «Іздеген жетер мұратқа» кезеңі

4 Бағандап шығару 
І топ

75-25 35+46 100-58 24+86 63-46 15+68

ІІ топ

44+38 86-27 100-55 17+78 98-56 9+18

7.«Есептер додасы» атты кезеңі

І топ. №5 есеп кітаппен жұмыс

ІІ топ. Кері есеп құрастыр
8. «Миға шабуыл» кезеңі

І топ

1)Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2)Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды?                                                     ( 5 бала )

3)Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)


ІІ топ

1)Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

2)Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?                                                                                                         ( 4 сағат)

Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

3)4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

 
ІІІ. Қорытынды: цифрларын қатыстырып үш таңбалы сандар жаз

І топ 3,9,6 ІІ топ 7,1,8

ІV.Бағалау.
V.Үйге тапсырма: 147 бет № 6

VІ. Рефлексия: оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!