Материалдар / Үш тілді білім беру-заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үш тілді білім беру-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі 21 ғасыр талаптарының бірі-үш тілділік жайында. Ол бізге не үшін қажет? Мектептегі білім сапасына әсері қандай?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ: 21 ҒАСЫРДЫҢ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚҚА ЖАҚЫНДАУ


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Мақсұт Әсел Ахметханқызы

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім

бөлімінің №16 орта мектебі" ММ


Игі істің басы — тіл, тәрбие басы — тіл. (М. Қашғари)


Тіл қоғам өмірінен алатын орны ерекше күрделі құбылыс болғандықтан, ол үнемі үздіксіз дамып отырады. Сондықтан да тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап, ой-пікірлерімен алмасып, олардың өзара түсінісуіне таптырмас қатынас құралы.

Тіл – «дайын ойды» жеткізу құралы ғана емес. Сонымен бірге ол ойдың пайда болу, қалыптасу құралы. 

"Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны жақсы меңгеру керек"-деген ұлы сөз бар. Ол тек жай айтылған өсиет сөз емес. Тіл туралы конституциямыздың 7-ші бабында да «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп көрсетілген. Мемлекеттік тілді білу — әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ол өте бай, көркем тіл. Бізде 22 қыркүйек қазақстан халықтарының тілдері күні болып 1998 жылы бекітілді. Ол да біздің елбасымыздың көрегенділігі, тілге деген құрметі, саналы да, сапалы келешекке жоспарлаған бағыты болса керек. Тіліміз - ол біздің рухани байлығымыз. Жылдар өте алға қойылған мақсаттарды орындасақ, онда қазақ тілінің мәртебесі артып, барлық салада үстемдік етіп, орта тіліне, қатынас тіліне айналары сөзсіз. Тіл бар жерде - ел бар, ел бар жерде -қатынас бар демекші, елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әр ұлттың өз ана тілі бар, соған қарамастан қазақ тілін-анам тілі дейтін ұлтжанды азаматтар қаншама. Біз ұлтқа, дінге, нәсілге бөлінбейтін халықпыз. Сонын арқасында өзге тілді үйрене отырып, біз өз тілімізді насихаттаймыз. Туған тілге деген сүйіспеншілік әр адамға ана сүтімен бойға сіңеді, дариды. Өз халқының мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас туған тіліңді білуден басталады. Өз тіліңді құрмет тұту — ең басты мәселе. Ол өзге тілді елемеу деген сөз емес. Атақты ақын Қадыр Мыраза Әлі айтқандай:

"Ана тілің арың

Ұятын боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте" - демекші, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеру, оны әлемге паш етіп мақтану, өзгеге үлгі болу, бәрі біздің қолымызда. Қазіргі таңда мектептерде үш тілділікті енгізіп жатыр. Ол да дұрыс шығар. Тіл арқылы біз адамдармен, қоғаммен, достарымызбен, тірішілікпен қарым-қатынасқа түсеміз. Ол қатынас бізге не береді? Біріншіден, өзге елдің тілімен, салтымен, мәдениетімен танысамыз. Екіншіден, еркін саяхатқа шыға аламыз.Үшіншіден, өзге елде білім алып, тәжірибе алмаса аламыз. Тіл білген адамның қоғамдағы орны ерекше. Ол мәдениетті, сауатты, көкірегі ояу, көзі ашық адам. Отбасында, оқу орнында біз келешек ұрпаққа "Жеті түрлі білім біл,
Жеті жұрттың тілін біл"-деп тәрбиелеп, бағыттасақ, онда келешекте біздің еліміз дамыған елдердің алдынан көрінері сөзсіз.
Қазірігі таңда мектептерде қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз. Сабақта жаңа технологияларды пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылықты арттырып отырмыз. Осы кезекте пән мұғалімдеріне ауыр жук артылып отыр. Ол заман талабы.

Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру»,-деп Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек». Сондықтан, жаңаша оқыту бағдарламасына сай еңгізілген жоспарда балабақшадан, бастауыш сыныптан бастап тілдерді үйретіп, оның құнды қазына екенін балалардың бойына сіңіріп жатқан жайымыз бар. Ойлап қарайықшы, осы үштілділік бізге не береді деп? Ол бізге, әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып дамыған елдердің қатарында болу. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Біз ұстаздар, ата-аналар балаларымыздың болашағы өз ана тілінде екенін ұмытпай, әр қашан естеріне салып, бойларына нақыл сөдермен, жыраулардың жырымен сусындатып отыруымыз қажет. Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады.

Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе деген сауал туады? Әрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.

Қоғамда өзекті мәселеге айналған, екі жақты пікірдің қалыптасуына түрткі болған үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. 

Жаһандану дегеніміз не? Ол дамыған, жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынас жасау. Сол үшін тілдерді үйреніп, тілдік коммуникацияны дамыту қажет болып тұр.

Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажеттілік туындағаннан болып отыр. Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты: 

-Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
-Мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
-Ағылшын тілін меңгерту;
-Орыс тілін жетік білу;
-Әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
-Тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу. 

Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор.

Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 » стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол дамиды деңгейде болады. Биыл 2019 жыл "Жастар жылы" болып бекер бекітлмесе керек. Жаңа буын қазақстандықтар қазірігі таңда өз білімдерімен, ғылыми жұмыстарымен, саясатшылдығымыен, білімділігімен, жан-жақтылығымен Елбасымыздың, мемлекетіміздің сенімін ақтап отыр. Жастар жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіс! Оған жағдай жасалып отыр. Елбасы өзінің әр жолдауында білімге, білім алушыларға, яғни жастарға көңіл бөліп, жағдайларын жасап отыр. Елім, Отаным деп соққан жас жүректі отаншыл жастарға олардың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жан-жақты жол ашылған. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы – кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен ара қатысын айқындаған жөн.

Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым-қатынас құралы тілдің қоғамдағы ролі мен мәніне байланысты.

Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ үғынысады. Бұл да – адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Осы басқа да адамдардың бірін-бірі түсінудің көптеген жолдары бар.


Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында. Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз қашанда мәйекті мәтелдей білімде, тәрбиеде өз дәрежесінен түспесі хақ! Ия, баршамыз өзге тілді өз еліміздің өркендеуі мақсатында үйреніп, тұғыры биік тіліміздің маңыздылығын әсте есімізден шығармасақ болғаны.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә. Назарбаев (Қазақстан халқына жолауынан) Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан -2007 ж.

2. Оразбаева Ф. "Тілдік қатынас" -Алматы 2005 ж.

3. el.kz сайты

4. metod-kopilka.ru

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!