Материалдар / Үш тілді білім берудің маңыздылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үш тілді білім берудің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үштілді білім беру –заман талабы. Алпауыт мемлекеттермен тең дәрежеде иық теңестіру үшін алдымен тіл білудің маңызы зор. Әлемдегі дамыған елдерді алып қарасақ көп тілді меңгерген, және өзінің коммуникациялық қабілетін кеңейтіп отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
682
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі ұйымдарда үш тілді білім берудің маңыздылығы


Егеменді еліміздің өркендеуі болашақ ұрпақ қолында.Ал егеменді еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз. Саналы, жан-жақты дамыған ұрпаққа білім мен тәрбие беру балабақшадан бастау алады.Бала бойына бүлдіршін кезінен бастап танымдық қабілет дарытатын, мейірім мен әдептілікке , сұлулық пен сезімге уйрететін,санасына сәуле беріп,қарапайым білім нәрімен сусындататын- бала жанының бағбаны тәрбиеші.Бала мектепке дейінгі жаста қалай қалыптасса оның болашағы да сондай болады. Сондықтан осы жаста әр баланың ашылуына мүмкіндік беруді жіберіп алмау керек.

Қазіргі білім беру үрдісіне сай жаңа көзқарастар,жаңа міндеттер жүктелініп отыр. Осының бірі білім берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп отыратын жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру.Педагогикалық технологияны қолдану негізінде болашақ ұрпақтың еркін дамуына,жан-жақты білім алуына,шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.

Келешекте дамыған 30 елдің қатарында көріну үшін,қазіргі жас ұрпақтың біліміне қатты көңіл бөлініп отыр. Қазіргі заман білекке емес,білімге сенетін заман. Сондықтан білім жүйесін ең жақсы деңгейде сақтап,білім сапасының деңгейін халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз етіп, сонымен бірге білім берудің алғашқы ұясы балабақшадан бастап заманауи инновациялық технологияларды қолдану қажет. Елбасымызда Халыққа жолдауында Үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс . Бұлар Қазақ тілі – мемлекеттік тіл,орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық әкономикаға ойдағыдай кіру тілі»,-деп айтылған болатын. Үштілді білім беру –заман талабы. Алпауыт мемлекеттермен тең дәрежеде иық теңестіру үшін алдымен тіл білудің маңызы зор. Әлемдегі дамыған елдерді алып қарасақ көп тілді меңгерген, және өзінің коммуникациялық қабілетін кеңейтіп отыр. Ағылшын тілі елбасымыз айтқандай Әлемдік бизнес тілі. Ағылшын тілін меңгеру жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады.Себебі, ағылшын тілінде әлем сөйлейді. Ал келешекте дамыған отыз елдің қатарында көрінуіміз үшін қазіргі мектепте отырған жастардың үштілде білім алуы өте қажет. Елбасымыз: «Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай еңгізуді қамтамасыз ету қажет.Осылайша біз тілдерді меңгерудің қисынды жүйесін қалыптастыра аламыз:әліпбиі – балабақша деңгейінде ,мектепте базалық деңгей,университет пен колледжде –мамандық бойынша кәсіби тіл»- деп ,көптілді білім беруді дамытуға басымдық танытып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен күнге арта түсуде.Сол байланысты дамыту үшін шетел тілін жетік меңгерген мамандар қажет.Әрине, бірден бәрі бола қоймайтыны белгілі. Менің ойымша, балабақшадан бастап балаларды орыс тобы ,қазақ тобы деп бөлмей бәрін бірге қабылдап, бірге тәрбиеленсе қазақ балалары орысша меңгеріп, Баска ұлт балалары қазақ тілін тез үйреніп шығар еді. Балалар бір бірінің тілін тез үйреніп,басқа ұлт балалары мектепке барарда қазақ тілін үйренуден қиындық көрмес еді. Ғалымдардың айтуынша бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады,қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Бұл жерде алған білімі кейін мектепте жалғасып ,жоғары оқуға барарда үштілді жетік меңгеріп шығары сөзсіз. Әрине бұл үшін заманауи технологияларды қолдану,электрондық оқулықтар,презентациялар оқушылыардың қызығын арттырып, білімге деген ұмтылыстарын нығайта түседі. Балабақшада ағылшын тілін оқытуда әр түрлі ойындарды кеңінен қолдануға болады. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру негізі осы ойындар арқылы жүзеге асады ғой. Лингвистикалық, дидактикалық ойындарды сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Және фонетикалық жаттығуларды сөздің ,дыбыстың дұрыс айтылуы үшін қолдануға болады. Әр педагог өз сабағында мүмкіндігінше үш тұғырлы тілді пайдаланып отырса бала тілді тез уйреніп алар еді. Мысалы, сабақ барысында немесе жаңа сабақты түсіндірер кезде әр сөздің орысша ағылшынша баламасын қоса айтып отырса, немесе баланы қызықтыратын ойындар ойнау кезінде де үш тілді қатар қолданса тілді 3-5 жас аралығындағы бала тез қабылдайды ғой. Сол сияқты азық түлік,жануарлар, құстар , ойыншықтар тақырыбын өткен кездеде үш тілді қатар қолдануға болады.

Жоғарыда айтып кеткендей мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше.Ойын арқылы баланың дене бітімі ғана дамып қоймай ой өрісі, ойлау қабілеті де қос адамиды. Шетелдік және отандық ғалымдардың айтуы бойынша мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге қажетті жас екен. Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп деңгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды , коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ықпал етеді, баланың ойлауына ,танымына және есте сақтау қабілетіне жайлы әсерін тигізеді. Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де ой-өрісі де үйде жалғыз-жарым өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ойын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызықта тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды. Сөздік қорын байытады.Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың, тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекетттік тілдің мәртебесін көтеру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге тіл үйретудің білім - деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.

Мектепке дейінгі ұйымда білім берудің негізгі мақсаты - балаларды көптілде сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – балалалардың сөздік қорларын молайту. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша, ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйрету.

Қазіргі кезде тілді оқытуда инновациялық технология әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беру, балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, баланың жеке басының ой-өрісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу – басты мақсат болып табылады

Мектепке дейінгі ұйымдарда тілді ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолданамыз. Жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады,баланың сөздік қорын молайтады.

Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Ойын арқылы балалар тілді тез үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары: түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс — тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті — сөздің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдану.

Түсіндіру әдісі — жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ барысында үйретілетін жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі — әр сабақта жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы іске асады.Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар - еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы әрі тірегі. Сондықтан, балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп,саналы тәрбие мен сапалы білім беру - біздің басты мақсатымыз. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.Олай болса, болашақта үш тілді жетік білетін, елдік пен еркіндіктің туын берік ұстайтын өскелең ұрпақ тәрбиеленіп , тәуелсіз мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарында көрінуі үшін қазірден өз үлесімізді қоса жүрейік.

Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес.Сондықтан болашақтың иесі - қазіргі жастарды жан-жақты тәрбиелеп, өркениет көшінен қалмай,соған сәйкес қадам жасауға,толыққанды білім алуға қол жеткізуге өз үлесімізді қосуымыз керек.

Айтар ойымды қортындылай келе айтарым,заман талабы бойынша көптілді білу керек. Бұл мәселе тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі.Көп тілді білім- көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. «Жеті түрлі білім білім, жеті жұрттың тілін біл» деп ата бабамыз айтқандай, сол кездің өзінде көп тіл білудің үлкен пайдасы бар екенін айтып кеткен ғой. Бәсекеге қабілетті тұлға даярлау және олардың білімін арттыруда көптілді білім берудің ел болашағы үшін маңызы жылдан жылға арта бермек.Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып,туған халқына өнеге болып,өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп,сан мәдениетті санасына салып,сараптай алса,онда ол өз өмірін, қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болары қақ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!