Материалдар / ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ АЛАТЫН РОЛІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ АЛАТЫН РОЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу басты міндетіміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
428
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ АЛАТЫН РОЛІ


Орал қаласы

34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жунусова Анар Махсотқызы


Еліміздің әлемнің дамыған елу мемлекеті қатарынан орын алуы үшін бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру мәселесі алға шығып отыр. Өйткені, тек бәсекеге қабілетті азаматтар ғана Отанымыздың тұрақты дамуына, бәсекеге қабылеттілігіне өз үлесін қоса алады. Шығармашылық тұрғыдан ойлайтын, ой-өрісі, дүниетанымы дамыған, Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі – мектепте көптілді және билингвалды білім беруді жолға қою болып табылады.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.

Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.

Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

ҚР аймағында тұратын халықтардың жалпы адамзаттық құндылықтарын сақтау – мемлекетіміздің қазіргі кездегі саясаты. Ата заңымызда әлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Мемлекетіміздің саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді. Қазіргі кезде экономикасы қарыштап алға басқан елдер дамудың жоғары сатысына көтерілуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы: «Бұдан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қазақ тілінің рөлі күшейе бермек. Әрине, орыс, ағылшын және өзге тілдерді дамыту мәселесін де қолдайтын боламыз. Мемлекеттік тілді, ең алдымен, біздің балаларымыз білулері қажет» - деп атап өткен.

Көкжиегімізді кеңейтіп, өзгемен тереземіз тең болу үшін, әлемдік аренада үлкен беделге ие болу үшін де ғылым-біліммен қарулануымыз керек. Оған тек тілдерді меңгеру арқылы ғана жетеміз. Олай болса, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгерген бәсекеге қабілетті маман атану – бәріміздің негізгі мақсатымызға айналуға тиіс.

Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру аясында жалпы білім беретін мектептерде көптілді және билингвалды білім беруді жолға қою мұғалімнің тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту міндеттерін алдыңғы орынға қояды. Өйткені, көптілді білім екі немесе одан артық тілде аудармасыз оқытуды, мұнда табиғи тілдік орта тек қана тілдерді ғана емес, пәндер мазмұнын да жақсы меңгеруге мүмкіндік береді. Билингвалды әдіспен білім беру ана тілінде білім алуға, сонымен бірге мемлекеттік және ресми тілдерді игеру мүмкіндігін береді, сондықтан ол тілдік және этникалық топтардың интеграциялануына және қоғам дамуына септігін тигізеді.

Көптілді және билингвалды оқыту жүйесінде мұғалімнің тілдік құзыреттілігінің мәні мен маңызы өзіндік ерекшеленеді.

Еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуы бізден жан-жақты дамыған, бәсекелестікке қабілетті тұлға болуды талап ететіндігі айқын. «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасының негізгі бағыттарын іске асыруда үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, жастардың зияткер ұлтымыздың орасан әлеуетін құрайтынына сенімдіміз.

Бұл үшін әр жас қазақстандық білім алуға, мемлекеттік және басқа тілдерді игеруге тиіс, өз елі мен жерінің өміріне белсенді араласып, бастамашыл болуы қажет. Біз осылай ғана елімізді нығайтамыз және келешекте оған тірек бола аламыз.

Тарихтан білеміз, 30-40 тіл меңгерген полиглот адамдар бар. Бірақ біздің міндет – ең алдымен, өз ана тіліңді білу. Ана тілін білмеген адамның қанша білімді болса да, қанша көп тілді меңгерсе де өз ұлтына беріліп қызмет етуі мүмкін емес. Бағалы маманды сырттан шақыртып алуға болады, ал өз ұлтына шынайы қызмет ететін, ұлтының жан-дүниесін терең білетін азаматты тәрбиелеу біздің міндетіміз.

Үш тұғырлы тіл дегенді басқаша түсініп жүргендер бар. Елбасының көтеріп отырғаны – ел басқарған адамдар бір тілмен шектелмей әлемдік тілдерді меңгерсін, солармен иықтассын деген алысты көздеген мақсат. Ағылшын тілін меңгеру қазақ баласына да керек дүние. Екі тілді қоса меңгерсе, қоғамның табысы да мол болады. Бірақ қалған тілдер ана тілі деген тұғырға табан тіреуі керек. Сондықтан Елбасы саясатын қолдап, мүмкіндігінше атсалысуымыз керек.

Көптілді білім беру дегеніміз – оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде жүзеге асырылады.

Көптілді білім беру моделі төмендегі мәселелерді қамтиды:

1. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту. Оқушылардың ұлттық дамуын сақтау.

2. Шетел тілдерін оқытуда ҚР жалпы орта білім мазмұнымен, құрылымымен санасу.

3. Көптілді білім берудің оқу жоспарын жасау. Тілді тереңдете оқытатын мектептер ашу, жалпы әдістемесін жасау.

4. Көптілді білім беруде материалдық, техникалық, оқу-әдістемелік жұмыстарды инновациялық үрдіске сай ұйымдастыру.

5. Кадрларды оқыту, шетелден волентер кадрларды қолдану.

Қазіргі заманға сәйкес көптілді білім беруде 1992 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан қазақ-түрік лицейлері бар. Қазақ-түрік лицейін құрудың мақсаты – көп мәдениеттілік (ұлттық, білімділік, коммуникативтік) тұрғысында жұмыс атқару.

ҚР ішкі және сыртқы істер саясатына араласа алатын, ана тілі мен шетел тілін меңгерген азаматтар даярлау. Оқу үрдісінде 4 тіл қатар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда отызға жуық қазақ-түрік лицейлері жұмыс істейді.

Олардың өзіндік ерекшеліктері мынада:

  • лицейге оқушыны арнайы емтиханмен қабылдайды;

  • 6-шы сыныптан қабылдайды;

  • интернат жағдайында тұруы;

  • оқушының логикалық танымдық қабілетінің жоғарылығы;

  • жеке пәндерді оқуға қызығушылығы, мотиві;

  • ұжымда тіл табыса алушылығы;

  • білім беруде инновациялық үрдісті қолдану;

  • оқытушылардың конкурстық негізде іріктелуі;

  • оқушы білімін бағалаудағы ерекше технологиялардың қолданылуы;

  • ұлдар, қыздар лицейі болып бөлінуі.

Қазақ тілі – қазақ мектебі оқушыларына қазақ тілін тереңдетіп үйрену үшін оқытылады. Орыс тілі – қазақ мектебінде орыс тілін үйрену деңгейінде оқытылады. Ағылшын тілін тереңдете оқыту 7-сыныптан жаратылыстану мен математика пәні циклын белгілі дәрежеде игеру құралы ретінде оқытылады. 8-сыныптан бастап ағылшын тілі халықаралық стандарт деңгейінде оқытылады. Қазіргі заманға сәйкес көптілді білім беруде және инновациялық үрдісті тиімді қолдануда қазақ-түрік лицейі білімінің нәтижесі жақсы екенін жасырмау керек.

ҚР жалпы білім беретін мектептерде білім беру мазмұны мен құрылымының халықаралық стандарт деңгейіне жету үшін өзге елдердегі тілдерді оқытудағы жетістіктерін талдау қажет етіледі. Көптілді білім берудің моделі тұжырымдамасын құрастырып, жалпы орта білім берудің мазмұнында қолдану қажет. Көптілді білім беру Түрік мемлекеті мен АҚШ-та дұрыс жолға қойылған. Ресей мен Балтық жағалауы елдерінде көптілді оқыту іс-тәжірибесі біршама жинақталған. Ресейде еуропалық типтегі бейімделген мектептердің модулін жасауға талпыныс бар. Новгород қаласындағы университет базасында білім кешені даярланып, үздіксіз білім беру тұжырымдамасы идеясы іске асырылуда. Көптілді білім беруді балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейін жүргізу көзделген.

Балтық мемелекеттері мен Ресейдің көптілді білім беру моделі мына төмендегіше құрылған:

1. Көптілді білім беруді элитарлық деп, даярлығы жоғары дамыған оқушыны оқыту.

2. Ана тілін жетк меңгерген соң шетел тілі оқытылады.

3. Оқу материалын шетел тілін енгізу салыстырмалы талдау негізінде жүргізіледі.

4. 1-сыныптан француз тілі оқытылады.

5. 5-сыныптан жеке пәндер француз тілінде оқытылады.

6. 7-сыныптан ағылшын тілі оқытылады.

7. Латын, испан, неміс тілі қалауы бойынша оқытылады.

Оқу жоспарындағы сағат саны жалпы білім беретін мектептің апталық оқу жоспарына сай көптілді оқытылатын пәндер: 1-2 сыныпта – дене тәрбиесі; 1-4 сыныпта – еңбек; 2-3 сыныпта – айналамен танысу; 3-4 сыныпта – табиғаттану; 3-8 сыныпта – ән, бейнелеу; 5-8 сыныпта – география; 5-9 сыныпта – биология.

Еуропа азаматтарының шетел тілін оқудың мақсаты – әрбір еуропалық кем дегенде 2 шетел тілін білуі тиіс. Неміс, француз, итальян тілін білу міндетті. Бұл еуропа елдеріндегі тіл саясатын білдіреді. Ал Совакия, Польша елдерінде қысқа мерзімде шетел тілін меңгерудің модулі құрастырылған. Олар шетел тілін дайын ереже-нормаға сай модул бойынша оқытады. Әрбір оқушы өз ана тілінде еркін сөйлей, жаза білуі керек.

Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин үш саты бойынша орыс тілін оқытқан. Бірінші саты – ауызекі сөйлеуді дамыту. Екінші саты – әріптерді таныту, сөздік жұмысын жасау. Үшінші саты – кітаппен жұмыс және аударма жұмысын жасау.

Қазақ тілі арнайы пән ретінде орыс, ұйғыр, өзбек мектептерінде 2-сыныптан оқытылады. Тіл ержелері (теориясы), тілді қолдану (практикасы) оқытылады. Қазақ тілінде сауатты жазуды, сөйлеуді, ойлауды үйретеді. Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту арқылы қазақ халқының дәстүрі, мәдениеті үйретіледі. Көптілді оқытуды тілдік қарым-қатынас, айту, сөйлеу, мәтін құрау, электрондық оқулықтар мен интерактивтік тақтаны қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Елбасының жолдауында айтылғандай, шәкірттеріміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек.

Көптілді білу – өмір талабы. Дүние жүзі халықтарының өзара түсінісу тілі – ағылшын тілі. Бала жас кезінде тілді қиналмай еркін меңгереді. «Ұстазы пейілді болса, шәкірті зейінді болады» деген ниетпен көптілді білуге ұмтылу – жас ұрпаққа жүктелген абыройлы міндет.

«Тілі бірдің – тілегі бір», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу басты міндетіміз.


Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Алметов Н. Көптілді және билингвалды оқытудағы мұғалімнің кәсіби-тілдік құзыреттілігі. - // Қазақстан мектебі №8-2010 жыл.

  2. Қаражанова А. Көптілді білім беру моделін зерттеу. - // Қазақстан мектебі №8-2011 жыл.

  3. Нұралиев Б. Көптілді және билингвалды білім беру – басты парызымыз.- // Қазақстан мектебі №7-2010жыл

  4. Орынбасар Ә. Үш тілді меңгеру – заман талабы. - // Тіл №11-12-2012 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!