Материалдар / Ұсақ қол моторикасын дамыту

Ұсақ қол моторикасын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсақ қол моторикасын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2020
9409
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту

(саусақ моторикасын дамытуға арналған

ойындар мен жаттығулар жинағы)












Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті эксперттік кеңесінде қаралып, аудан мектепке дейінгі ұйым педагогтарына тарату мақұлданды.

Хаттама № 1 13.02.2015ж.





Рецензенттер:

Ж.Е.Куткужиева ­ Теректі аудандық білім беру бөлімінің АӘК-нің меңгерушісі

А.И.Урынбаева ­ Теректі аудандық білім беру бөлімінің АӘК-нің бастауыш сыныптары бойынша әдіскері

С.И.Серікқалиева – МКҚК «Бәйтерек» МдҰ директоры


Құрастырушы:

А.А. Зайнуллина ­ «Бәйтерек» МдҰ инклюзивті білім беру кабинетінің дефектологы



Бұл жинақ инклюзивті білім беру кабинеті мамандары мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне және мектеп жасына дейінгі бала тәрбиелеп отырған ата­аналарға арналған.

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине, баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыдан келер қорытындымыз, танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ моторикасының әсері зор.

Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа да ғалымдар, ұсақ саусақ моторикасының бұзылуы, дамуында тежелуі бар балаларға тән белгілердің бірі деген болатын. Аталған ғалымдар, дамуында тежелуі бар балалардың саусақ қозғалысы ебедейсіз, бағдарлауы нашар, дәлдік пен жылдамдығының бұзылғандығын атап өткен.

Л.В. Анткова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскилердің зерттеу нәтижесінде интеллектуалдық дамуы мен моторика дамуының байланысы дәлелденеді.

Тарихта адамзаттың дамуының өзі, қолдың қозғалысы мен тілдің (сөйлеудің) тығыз байланысын дәлелдейді.

Соңғы кездері біз «ұсақ саусақ моторикасы» ұғымын жиі естиміз. Физиологтар ұсақ саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына басты ықпал етеді.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту − бастаулардың бастауы.ус

Ұсынылып отырған жинақта мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ моторикасын дамытудың маңыздылығы жан­жақты қарастырылған және ұсақ саусақ моторикасын дамытуға арналған саусақ ойындары мен жаттығулары ұсынылған.

Бұл жинақ мектеп жасына дейінгі бала тәрбиелеу үрдісінде әр ата-анаға, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен инклюзивті білім беру мамандарына қажетті көмекші құрал болады деп ойлаймын.


























МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Балаңыздың алғаш дүниеге келген күні есіңізде шығар? Өзі өте кішкентай болса да, сүйіспеншілікке толы көз жанарын сіздерге жайлап қана бағыттаған жас сәбиіңізді көргенде оның толықтай тек қана сіздікі екендігі және сізге толықтай бағынышты болғанын сезінген шығарсыз. Міне, сол сәттен бері «жан­жақты дамыған тұлғаны» қалыптастыру үшін сіз және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері талмай еңбек етіп келесіздер. Ия, сәби дамуында оның балғын балалық шағы қаншалықты маңызды болса, оның нәрестелік кезі мен сәбилік шағы да соншалықты маңызды. Себебі осы кезеңде балаңыздың алған тәжірибесі оның өмірлік азығына айналады. Оның өзіне сенімді, интеллектуалды дамыған, өмірден өзіне қажеттісін алатын тұлға болып қалыптасуы тек ересектерге байланысты.

Бұндай жауапкершілік әр ата-ана мен тәрбиешілерді алаңдататыны сөзсіз. Психологтар баланың миын кез­келген көңіл аудартатын нәрсенің дамытатынын айтады. Балаңызды кешке құшақтадыңыз ба? Ертегі оқыдыңыз ба? Таңертең маңдайынан сүйдіңіз бе? Қоршаған заттармен таныстырдыңыздар ма? Міне, осының барлығы мидың ақпаратты талдауына түрткі болады. Яғни, дамытады. Ол үшін арнайы ұйымдастырылған жаттығулар мен тапсырмалардың маңызы зор. Ал олардың арасындағы ең маңыздысы – саусақ жаттығулары.

Ұсақ саусақ моторикасын шыңдау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да шыңдау деген сөз.

Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуына келсек:

−   Туғаннан екі жасқа дейін. Жармасу - бала заттарды ұстауға үйренеді, мақсатты түрде қимылдайды.

−   Екіден төрт жасқа дейін. Дағдылар дами түседі, саусақтар белсенді қимылдайды. Қимылдарын басқара алады, жазықтықта бағдарлауы артады.

−   Төрттен сегіз жасқа дейін. Меңгерген ұсақ саусақ моторикасының дағдыларын қолдануды үйренеді, қол, қолдың білезік бөлігі, саусақ қимылдары бағдарлы.

Ұсақ саусақ моторикасын дамытуды баланың нәрестелік шағында-ақ бастаған жөн. Нәрестенің қолына саусақ жаттығуы – саусаққа арналған массаж жасаған тиімді. Сол арқылы ми қыртысымен байланысты биологиялық нүктелерге әсер етеміз.

«Бала қабілеті мен дарындылығы – саусақ ұштарынан бастау алады. Саусақтардан басталатын нәзік салалар − шығармашылық ойларды нәрлендіретін қайнар көз» В.А. Сухомлинский десе, «Қол – құралдардың құралы» Аристотель, ал «Қол адамның сыртқы миы іспеттес» И. Кант. Жоғарыдағы ғалымдардың айтқан сөздері осыған дәлел болмақ.

ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары эмоционалды, балабақшада және үйде, кез-келген бос уақытта өткізуге болады. Олар қызықты, баланың тілінің, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Балалар саусақ жаттығуларын үлкендердің артынан қайталағанда, саусақ моторикасын дамытады. Сол арқылы қол шапшандығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады.

Саусақ жаттығулары дегеніміз – қандайда бір ұйқасты оқиға, не ертегіні саусақтар арқылы ойнап шығару. Көптеген саусақ жаттығулары екі қолдың да қозғалысын талап етеді, ол өз кезегінде баланың «оң», «сол», «жоғары», «төмен» сияқты ұғымдарды түсінуіне көмегін тигізеді.

Бұл жаттығулардың баланың шығармашылығын дамытуда да маңызды. Егер бала қандайда бір «саусақ жаттығуын» меңгерсе, ол міндетті түрде басқа да тақпақтар мен әңгімелерге саусақ жаттығуларын ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейін балалар «саусақ жаттығуларын» бір қолмен орындағанда, жақсы қабылдайды.

Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ жаттығуларын меңгереді, мысалға, бір қол үй болса, екінші қол үйде жүгіріп жүрген мысық болады.

Төрт жастағы балалар бұл жаттығуларды, бірнеше оқиға желісің ауысуымен ойнай алады. Ал мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға әр түрлі заттарды, шарлар, кубиктер не үйлер сияқты құралдарды беріп, түрлендіріп саусақ жаттығуларын өткізуге болады.

Бала есін біліп, былдырлап сөйлей бастаған кездің өзінде-ақ баламен ойнай бастаймыз. Өйткені, ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті. В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз баланың толыққанды ақыл-ой дамуы мүмкін емес. Ойын үлкен ошақты жағуға арналған ұшқын» десе, яғни ойынның басты мақсаты: баланы дамыту, кемшіліктерін түзету. Ойындар ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі.

Ойындық құралдарды дұрыс таңдау өте маңызды. Мұнда, «қарапайымнан күрделіге» дидактиканың басты принциптерінің бірі ретінде қолданған тиімді. Ойындар мен жаттығуларды таңдау, олардың қайталануы, сандық және сапалық құрамы балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне қарай өзгереді.

Қол және қолдың білезік, саусақтардың үйлесімді, жан-жақты дамуына, қолды әр түрлі қысу, созу, босаңсыту қимылдарын жасау қажет. Сондықтан келесідей тәсілдерді қолданған жөн:

    Ойындар мен жаттығулардың жүйелілігі. Бірден нәтижені күтудің қажеті жоқ. Өйткені, дағдылардың автаматтануы көптеген қайталанулармен келеді. Соған байланысты, бір дағдыны меңгеру, бірнеше бөліктермен жүзеге асады;

    Қарапайымнан күрделіге ауысу принципі. Бірінші оң қолға, кейін сол қолға; табысты болса – оң және сол қолға бірден орындатуға болады. Қандай да болсын жаттығулардан «аттап кетуге» болмайды. Ол, балаға физиологиялық тұрғыдан орындай алмайтын тапсырма болып, жағымсыз әсер туғызуы мүмкін;

    Барлық ойындар мен жаттығулар баланы қалауымен орындалуы қажет, жағымды әсер етуі тиіс. Қандай жас болмасын, адамға нәтиже маңызды. Сондықтан баланың әр бір болмашы жетістіктерін бағаланған дұрыс;

    Егер бала ойынды жалғастыруды сұраса, көңілін басқа тапсырмалар мен ойындарға аударған жөн. Барлығында өзінің шегі болу керек. Баланы ойын барысында шаршату тіптен орынсыз, ол жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін.

Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі. «Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.

Моншақтармен ойын: екі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамиды.

Баулармен ойындар – сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.

Сонымен қатар, қысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.

Сурет салу – барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен, көкөністер бастырмаларымен және т.б. әдістермен, яғни бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы, әрі қызықты. Балаға әр түрлі пішіндерді тік сызықпен салуға, суреттің үзік сызық бойымен жүргізу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін салу − шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті қабылдауды дамытады.

Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.

Қазіргі дамыған технологиялар арқасында, ермексаздың жетілдірілген түрі хендгам шықты. Ермексаздан айырмашылығы, қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Ұсақ саусақ моторикасының дамытады, агрессияны басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Өте пайдалы құрал.

Қағазбен жұмыс. Жай қағаз үлкен мүмкіндіктерге ие. Қағазды кішкентай бөлшектерге жыртып, бөлшектерден сурет салуға болады. Қағазды умаждап, допқа айналдыруға болады, қағазды қырқуға болады. Оригами өнерінің пайдасы ұшаң теңіз.

Төмендегі 1-ші кестеде ұсақ саусақ моторикасын қандай іс-әрекеттер арқылы дамытуға болатыны көрестілген.

Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-тәрбиеші үшін ең маңызды міндет  десек онда, баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға көмектесу қажет етеді.











 1 кесте

Саусаққа арналған массаж


Ермексазбен жұмыс

 




Саусаққа арналған ойындар

Саусаққа арналған жаттығулар



Құммен жұмыс


Жармалармен жұмыс

Баулармен, ленталармен жұмыс

Қағазбен, қайшымен жұмыс

 

 

 

 

Моншақтармен, ұсақ заттармен жұмыс


Сумен жұмыс

 

 

 

 

 

Қарындаштармен, қыстырғыштармен жұмыс

Табиғи материалдармен жұмыс


 

ыш

 ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР


  1. Үйшік

Егістікте үйшік тұр, (саусақтарының бастарын түйістіріп, үйшік жасайды)

Оған барар жол жабық (қолдарын айқастырып, жолды жабады)

Айқара ашып қақпаны (қақпаны ашады)

Шақырамыз қонақты (қолдарын бұлғап шақырады).

  1. Үй тұрғызу

Балғаменен ұрып, ұрып (жұдырықты түйіп, үстелді ұрады)

Мол ғып шеге қағамын (жұдырықтарын кезекпен бірінің үстіне бірін қояды)

Әдемі ғып үй тұрғызып (қолмен үйшік жасайды)

Бәрін бірге жиямын (саусақтарын барына ашып, қайтадан жұмады)

  1. Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым - папам, (аталған саусақтарын жазады)

Балаң үйрек - анам.

Ортан терек - ағам

Шылдыр шүмек - мен

Титтей бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз. (саусақтарын ашып, жұмады)

  1. Саусағымызмыз қайда екен?

Саусағымыз қайда екен? (саусақтарын көрсетеді)

Саусағымыз қайда екен?

Саусағымыз жоқ па екен? (саусақтарын жұдырыққа жасырады)

Саусағымыз міне екен. (саусақтарын көрсетеді)

Саусағымыз билейді, жүгіреді, жүйткиді (аталған әрекеттерді жасайды)

  1. Саусақты демалту

Саусағымыз шаршады, (қолдарын үстел үстіне қояды)

Демалуды қалады.(ары бері қозғайды)

Саусақтарды жазайық, (қолдарын көтеріп, саусақтарын жазады)

Бір, екі, үш, демалтып бір алайық. 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ