Материалдар / Үшбұрыштарды шешу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үшбұрыштарды шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
2019-2020 жаңа оқу оқу жылынан бастап 9 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшетін болады. Сондықтан жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген сабақ жоспарларының кейбір үлгілері 9 сыныпқа сабақ беретін математика пәні мұғалімдері үшін ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Шілде 2019
871
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Үшбұрыштарды шешу



Сынып: 9


Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштарды шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.7 синустар теоремасын білу және қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Синустар теоремасын түсіну және қолдану.

Көпшілігі: Синустар теоремасын есептер шығаруда пайдалану.

Кейбір оқушылар: Синустар теоремасын қолданбалы есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийі

Оқушылар:

-Синуcтар теоремасын түсінеді және қолданады.

-Синустар теоремасын есептер шығаруда пайдаланады.

-Синустар теоремасын қолданбалы есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология

-синус

-косинус

-бұрыш

-үшбұрыш

-пропорция

-катет

-гипотенуза

-радиус

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

қарсы жатқан бұрыш...

синустарына пропорционал

үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы

Құндылықтарға баулу



Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

география, физика

Алдыңғы білім


Үшбұрыштың бұрыштарының қасиеті, синусы бойынша үшбұрыштың ауданын табу формуласы, пропорция, косинустар теоремасы, кез келген бұрыштың синусының мәні туралы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


Ұйымдастыру сәті. Түгендеу

(Ұ) Ширату «Допты лақтыру» әдісі бойынша өткен сабақты қайталайды. Оқушылардың теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.

  1. Үшбұрыштың қандай элементтерін білесіздер?

  2. «Үшбұрышты шешу» дегенімізді қалай түсінесіз?

  3. Пропорция дегенімізді қалай түсінесіз?

Презентация,


Сабақтың ортасы

15 минут




































9 минут









































10 минут

Жаңа білім. «Bilimland» білім беру порталында осы сабақ бойынша ақпарат бейнеролик түрінде беріледі.

«Түртіп алу» стратегиясы. Оқушылар тақырыптың қажеті бөліктерін дәптерге белгілеп алады.


(Ж) «Мағынаны тану» әдісі.

Тапсырма:

  1. үшбұрышында ,, . BC қабырғасын табыңдар.

  2. үшбұрышында ,, . қабырғасын табыңдар.

  3. үшбұрышында ,, . бұрышын табыңдар.


Бағалау критерийі

Дескриптор

-Синустар теоремасын түсінеді және қолданады.

-Синустар теоремасын есептер шығаруда пайдаланады.

-Синустар теоремасын қолданбалы есептер шығаруда қолданады.

-шартын жазады;

- суретін салады;

-үшбұрыштың бұрыштарының қасиетін пайдаланады;

-синустар теоремасының формуласын қолданады;

-есептің жауабын дұрыс жазады


ҚБ «Үш түрлі күнделік» әдісі. Өзін-өзі бағалау.


(ТЖ) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі. Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөлініп, есепті шығарып сұхбат алады.

Е сеп: Қандай да бір нүктеден таудың төбесі бұрышпен көрінеді. Тауға 1000 м жақындағанда таудың төбесі бұрышпен көрінеді. Таудың биіктігін жуықтап табыңдар.(15.8-сурет). Жауабында метрді бүтін санмен көрсетіңдер.


Есеп: Теодолиттің (немесе эклиметрдің) және рулетканың көмегімен қажетті өлшеулер жүргізіңдер және қол жетпейтін дененің (мысалы, ағаштың) биіктігін табыңдар. (15.9 сурет)


Е сеп: 15.10–суреттегі «Астана-Бәйтерек» манументінің биіктігі 97 метр және ол Елорданы Алматыдан Астанаға ресми көшірген 1997 жылды көрсетеді. ұзындықтарын табыңдар, мұндағы .








Бағалау критерийі

Дескриптор

-Синустар теоремасын түсінеді және қолданады.

-Синустар теоремасын есептер шығаруда пайдаланады.

-Синустар теоремасын қолданбалы есептер шығаруда қолданады.

- шартын құрады;

-қажетті өлшеулер жүргізеді;

-үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;

-синустар теоремасын қолданады;

-жауабын жазады


ҚБ «Архиватор 3,2,1» әдісі. Бірін бірі бағалау.


Ширату: «Атомдар және молекулалар» әдісі бойынша топқа бөлу.

(Т) Сараланған тапсырма: «Tarsia» ойыны.

Әр топқа беріледі.

Берілген сурет бойынша белгісіз элементін табыңыз.








Бағалау критерийі

Дескриптор

-Синустар теоремасын түсінеді және қолданады.

-Синустар теоремасын есептер шығаруда пайдаланады.

-Синустар теоремасын қолданбалы есептер шығаруда қолданады.

-үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;

-бұрыштың градустық өлшемін табады;

-тиімді тәсілді таңдайды;

-синустар теоремасын қолданады

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Бірін бірі бағалау.

https://bilimland.kz/kk/subject






Геометрия 9 сынып, Алматы «Мектеп» 2019

Презентация














В. А.Смирнов,

Е.А.Тұяқов

Геометрия 9 сынып, Алматы «Мектеп» 2019

Презентация


































Г.Н. Солтан, А.Е. Солтан,А.Ж. Жумадилова

Геометрия 9 сынып, Келешек 2030, 2019



Үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың соңы

3 минут


Сабақ соңындағы рефлексия: «Футбол алаңы». Оқушыларға парақшалар таратылады. Сабақты қалай меңгергендігі жөнінде ақпарат береді. Суретке бейнелейді.

«П» - «плюс»

Сабақта не ұнады, қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін пайдалы ақпарат, жұмыс формалары немесе оң эмоция жазылады.

«М» - «минус»

Сабақта не ұнамады, не қызықсыз болды, жаман әсер қалдырды немесе қай ақпарат, сіздің болжамыңыз бойынша өмірлік жағдайларды шешуге қажетсіз екені жазылады

«Қ» - «қызықты»

Сабақта болған барлық қызықты фактілер және осы мәселе бойынша тағы не білгіңіз келеді, мұғалімге қойылатын сұрақ жазылады

Үйге тапсырма: Өткен тақырыпты қайталау.

Үлестірмелі қағаздар

Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!