Материалдар / Үсік шалудың
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үсік шалудың

Материал туралы қысқаша түсінік
қыс мезгілінде бастауыш оқушыларға үсік шалудың алдын алу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
578
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өте суыту және үсік шалудың алдын алу

Қауіп-қатер факторлары:

температура 0° С төмен;

жел;

шаршағандық;

аштық;

су киім;

аурудан әлсіреген немесе егде жастағы адам.

Өте суытудың белгілері:

интенсивті дене дірілі; Қалтырау, дененің ашық жерлерінде сезімталдықтың аздап төмендеуі (бұл – бет, қол)

қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы;

қиналып сөйлеу;

көңіл-күйінің күрт өзгеруі, ашушаңдық енжарлыққа айналады;

тамыр соғуы әлсіз, сирек тыныс алу, қимылының ақырындауы;

есінен айырылу.

Қатты аязда өте суыту мен үсік шалудан сақтанудың бірнеше қарапайым ережелері бар:

Ең басты назарды киген киіміңе аудару керек. Суық күні қабат-қабат киінеміз. Қабат киімнің денеге жақыны мақтадан жасалған киім болғаны жақсы. Өйткені мақта ылғалдылықты жақсы сіңіреді; екінші қабат – тоқылған мақтадан болса – (тоқылған жүннен жасалған киім жылуды сақтайды, ылғалдылықты сіңіреді, жылытады); үшінші қабат – желді сақтайтын, ылғалдылықты өткізбейтін (суық ауаның енуіне жол бермейтін және жылуды ұстайтын) болуы керек. Бос киімді кию керек – бұл қанның қалыпты циркуляциясын қамтамасыз етеді. Сыртқы киімдердің ішінде ең маңыздысы — табиғи тон. Ең басты жағаның объемы үлкен болуы керек. Мойынды және бет бөлігінің төменгі жағын суықтаудан сақтау үшін септігін тигізеді. Аяқ киімге де назар аударыңыз. Қысатын етік, дымқыл шұлық (носки), ұлтарақтың болмауы үсінуге әкеледі. Әсіресе бұл жиі аяғы терлейтін адамдарға тиесілі. Әрине қолғапсыз, шарфсыз суық күні шығуға болмайды. Саусақты биялай (перчатки) – суық күні қаншалықты табиғи материалдан жасалса да, аязды күні қолды қорғамайды. Сондықтан биялай киген дұрыс болады. Желден сақтану керек.

Аязды күні металл (сонымен қатар алтын, күміс) – сақина, сырға және т.б. әшекейлерін тақпаңыз.

Егерде серуендеп жүргенде сіз тым суытқанын немесе аяқ-қолдың тоңғанын сезсеңіз, мүмкіндігінше тез арада кез келген жылы орынға — дәмхана, дүкен, подъезге кіріп жылыну және үсік шалатын жерлерді тексеру қажет.

Балаларда ағзаның жылу реттелу қызметі толық жетілмеген, ал егде адамдардың бойында созылмалы аурулары болғандықтан бұл қызмет бұзылады. Адамдардың бұл категориясы өте суытуға және үсік шалуға шалдыққыш келеді, сондықтан да серуендеуге шығуды жоспарлағанда оны ЕСКЕРУ КЕРЕК.


Өте суытқанда көрсетілетін көмек:

Зардап шеккен адамды жылы жерге жайғастыру. Жәбірленушіні шұғыл түрде жылыту (жылы ванна көмегімен) керек. 20-30мин өткеннен соң судың температурасын біртіндеп ұлғаутуға болады, барлық денеге уқалау жасалады. Жылы орау. Тәтті шай және құнарлы тағам беру керек.

Өте суытқан жағдайда не істеуге болмайды:

оны жиі қозғалуға мәжбүрлеуге;

Үсіктің І-ші деңгейі – жеңілірек. әдетте зақымдалған тері бозарады, жылытқаннан кейін қызарады, ісік пайда болады. Терінің жансыздануы болмайды. Кейін көңіл аудармайтын тері қышуы және ауырсынуы басталады.

Үсіктің ІІ-ші деңгейі – суықта, аязды күні ұзақ уақыт болған кезде душар болады. Бірінші күнннен-ақ суға толған көпіршіктер пайда болады. Жылы жерге кіргеннен І-ші деңгейге қарағанда ауырсыну ұзаққа созылады, терінің қышуы, күйген сезімді сезінумен мазасызданады.

Үсіктің ІІІ-ші деңгейі – ұлпаларда температураның төмендеуі ұлғаюды. Қан аралас толы көпіршіктер пайда болады, асты көгеріп, түршіккенді сезбейді. Терінің барлық элементтері жойылады.

Үсіктің ІV-ші деңгейі – барлық ұлпалар қабаты жансызданып, кейде тіпті буын, сүйекке дейін барады. Үсік шалу бір кішкене жағымсыз әрекет тудырады да, білінбей өтеді. Үсік шалған адамды жылы жерге әкеліп, сыртқы киімін шешу керек. Бұл кезде көбі қателіктер жіберіп жатады: адамды қарқынды түрде төменгі бөлігін (аяғын) қыздырады. Ағза тез салқындайды, бірақ оны адам сезбейді. Соңында салқындау, үсу және суықтау аурулары пайда болады. Тағы кеңінен қолданатын: теріні маймен ысқылау. Ол терінің тыныс алуын бұзады. Үсіген жерді қармен уқалау да бар. Ол терінің үстіңгі қабатының бұзылуына әкеледі және инфекция тудыруы мүмкін.

Ең дұрысы зақымдалған жерді қолмен немесе тоқылған шарфпен сылау. Ал қатты үсік шалған кезде жылы киімдермен орап немесе бірнеше қабат мақтамен орауға кеңес береміз және міндетті түрде дәрігер шақырту керек. Бұндай жағдай кезінде адам өліп кетуі де мүмкін.

Жалпы суықтаған жағдайда жылыту тәсілі ең тиімді. Тоңған, қатып қалған адамды жылы ваннаға температурасы 25-28°С. Кейін біртіндеп температурасын 37-40°С көтеру. Жылытудың тағы бір тәсілі үйге немесе әйтеуір бір мекемеге кіргеннен кейін жылы киініп алу. Біртіндеп сақтықпен төменгі бөлікті уқалауға болады. Қан айналымы басқа және денеге бағыттау үшін аяқ бөлігін сәл көтерген дұрыс.

Адам жылынғаннан және өзіне келгеннен кейін, оны кез келген ыстық сусынмен қамтамасыз ету керек, егер құсу және жүрек айну болмаса – тамақтандырған жөн. Кейін міндетті түрде жылы жерде тыныштық сақтап, бір тәулік жатқан дұрыс. Жәбірленушіні еш уақытта жалғыз тастамаңыз. Оның жағдайын бақылауға алған дұрыс. Суықтаудың салдары күтпеген жағдайда ауыр халге түсуі мүмкін.

Жағымсыз жағдайдан шығу әдісі – мұндай жағдайға ұшырамау.












Shape1













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!