«Ұшқыр ой мен шешен тіл»
ойынының әзірлемесі
Әзірлеген Ақмола облысы,
Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту
орталығының оқтушысы А.К.Мадиева
І. КІРІСПЕ
СӨЗ.
Қайырлы күн, құрметті
қатысушылар, оқытушылар!
Бүгінгі «Ұшқыр ой мен шешен
тіл» атты интеллектуалдық ойынға қош
келіпсіздер!
Өздеріңіз білесіздер, жыл
сайын республика бойынша Тілдер меркесіне орай онкүндік өтеді.
Қазір өздеріңіз қатысатын ойын осы онкүндік аясында өткізіліп
отыр. Биыл
Қазақстан халқының Тілдері
күніне арналған онкүндік 5 қыркүйекте
ашылды. 2017 жылдың 31 қазаны күні
«Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы»
№689 ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Халқы тілдері күні 5
қыркүйек деп бекітілді.
Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да
себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған,
қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы,
қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған
күні. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист,
педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5
қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек
ауылында дүниеге келген болатын . "...Өзге оқыған мырзалар шен
іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың
қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында
жалғыз-ақ Ахмет еді",- деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың
асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса
аталып өтетіні қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай
болмақ.
ІІ
.
Бүгінгі таңда елімізде жазба
тілімізге байланысты үлкен мәселелер көтеріліп, сол бағытта ауқымды
жұмыстар атқарылуда. Бұл – латын графикасына негізделген қазақ
әліпбиін енгізу жаңалығы. Елбасы осы өзгеріс жайлы шешім
қабылдағаннан кейін, ел ішінде біраз ұсыныстар, оларды талқылау,
қарастыру, пікірталастар қарқынды түрде жүріп жатыр. Сол
жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылдың 19 ақпанында латын
графикасына негізделген қазақ әліпбиінің соңғы үлгісі Елбасының 637
қаулысымен бекітілді.
Жаңа әліпбиді сатылап енгізу
жоспары да жасалды. Осы бағытта бірталай зиялылар жұмыс істеуде.
Біз де өз саламызда осы бағытта жұмыс істеуді былтырғы оқу жылында
бастап кеткенбіз. Биылғы оқу жылында сабағымыздың арнайы бір
уақытын жаңа әліпбимен жұмыс істеуге бөліп отырмыз. Соның дәлелі
ретінде, ойынымыздың келесі туры жаңа бағыт – жаңа жазуға
арналады.
Ойынға қажетті
заттар:
Сөздер жазылған екі түсті
конверт
Қатысушылар:
Ойын ережесі:
-
Әр
топтың аты, ұраны, капитаны болу керек;
-
Жауапты алдын ала дауыстап айтуға
болмайды;
-
Әр турдың
ержелерін қатаң түрде сақтау керек, сақталмаған
жағдайда ұпай саны азайтылып отырады;
-
Ойын қатысушылары ересек
адамдар болғандықтан отырған қалыпта ойналғаны
дұрыс.
-
Ең жоғарғы ұпай саны –
50.
-
Барлығы төрт
тур.
Ойын
барысы:
Қатысушылар екі топқа бөлініп,
топ атымен, ұранымен таныстырады, капитаны анықталады. Команда
аттары жазылып алынады. Қай команда бірінші болатыны жребиймен
анықталады.
I
ТУР
Ойынның бірінші сатысын өткізу
үшін әр топқа екі түсті (бір топқа сары, екінші топқа қызыл) топ
мүшелерінің санына қарай конверт дайындап қойып, конвертті ойын
барысында топ мүшелеріне ретпен беріп отыру керек. Капитан бірінші
конвертті алып ондағы жасырын сөзді келесі ойыншыға түсіндіріп
сипаттайды. Екінші ойыншы жауабын айтқан соң, оған конверт
беріледі, ол келесі қатысушыға өз сөзін түсіндіреді, солай соңғы
қатысушыға дейін жалғаса береді. Бұл дин жылдамдық және тапқырлықты
талап етеді. Осылай барлық ойыншы өз сөзін түсіндіргенше және уақыт
біткенше жалғаса береді.
Ұпай саны дұрыс шешілген сөз
санына қарай және топтың жылдамдығына қарай беріледі. Ойын кезегі
екінші командаға ауысады.
Бірінші турда ұсынылатын
сөздер:
Мектеп
балмұздақ
балық
компьютер
терезе
Ине
шатыр
телефон
доп
шырын
ІІ
ТУР
АССОЦИАЦИЯ.
Бұл бөлімде жүргізуші берген
ұғымдардың 4 ассоциациясын, яғни немен байланыстыратынын топ
капитаны қағазға
жазып есеп жүргізетін адамға береді.
Ал топтың қалған мүшелері бірінен соң бірі өз ассоциацияларын
дауыстап айтады, олар төртеуден аса айтса да болады. Есеп
жүргізетін адам капитанның 4 сөзінің қайсысы қайталанғанын санап
отырады. Әр топқа 1 минуттан беріледі. Капитанның айтқан сөздерінен
неше сөз қайталанады, топ сонша ұпай
жинайды.
Ұсынылатын
ұғымдар: ОРМАН –
КІТАП
ТУҒАН КҮН – АСТАНА
ҚАЛАСЫ
-
Әр қайталанған сөз 10
ұпайдан , топтың барлық мүшесінде қайталанған сөз 2 болса – 20
ұпай.
III
ТУР
ПАНТОМИМА - топтың басында тұрған ойыншы
өз тобына парақшада жазылған әрекетті қимылмен көрсетеді. Тобы ол
қандай адамның әрекеті екенін тапқан соң, келесі ойыншы шығып,
екінші парақшада сипатталған әрекетті көрсетеді. Парақша топ
мүшелері ортаға шықанда ғана беріліп
отырады.
*Әр топқа 3 парақшадан
беріледі.
Қимылдар:
1 .Тойып тамақтанған
адамның жүрісі
2. Аяқ киімі қысқан
адамның жүрісі
3. Аяғы тасқа тиген
(соққан) адамның қимылы
4. Қараңғы бөлмеде
қалып, есікті іздеген адамның
қимылы
5. Пияз турап тұрған
адамның кейпі
6. Аяқ астынан белін
ауыртып алған (радикулиты ұстап қалған) адамның
қимылы
Осы турдың екінші бөлімі дәл
солай ойналады, тек ұсынылатын сөздер мамандық атаулары. Келесі
тұрған төртінші ойыншы парақшада жазылған мамандықты ыммен,
қимылмен көрсетеді ал тобы қандай мамандық екенін табу керек. Солай
кезекпен келесі топ мүшелері сөздер біткенше жұмыс
істейді.
*Мамандық атаулары бойынша
әр топқа 4 сөзден ұсынылады.
- Әр дұрыс жауапқа – 5
ұпай.
Мамандықтар
атаулары:
-
Шаштараз
-
Мұғалім
-
Көлік
жүргізуші
-
Суретші
-
Аспаз
-
Полиция
қызметкері
-
Дәрігер
-
Тігінші
ІV
ТУР
Латын әліпбиімен жазылған
жұмбақты жылдам оқып, шешімін табу. Екі топ екі түсті парақшадан
таңдап алады. Әр парақшада латын әліпбиімен екі жұмбақ жазылған. Әр
топ жұмбақты дауыстап оқиды да, шешімін айтады, жазып көрсетеді.
Жылдамдық және жауаптың дұрыстығы
бағаланады.
Бастапқы
нұсқасы
|
Ұсынылатын
нұсқа
|
Жауабы
|
Сырты жасыл
қатты
Іші қызыл тәтті.
|
Syrty jasyl
qatty
Ishi qyzyl
tátti.
|
(қарбыз - qarbyz)
|
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
|
Beıbitshilik qusy
dep,
Ataıdy ony ,barsha
jyrt.
|
(көгершін –
kógershin)
|
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар.
|
Úsh tili
bar,
Tyqyldaģan úni
bar.
|
(сағат -
saǵat)
|
Ашылып
жабылады,
Әр үйден
табылады.
|
Ashylyp
jabylady,
Ár úıden
tabylady.
|
(есік
- esik)
|
1-тапсырма. Тіл туралы
қанатты сөздерді толықтыра отырып, сөзжұмбақты
толтырыңыз.
Көлденеңінен:
1. Тіл – ақылдың
...
2. Ішімдегінің бәрі
...
3. Өз тілің бірлік ... ,өзге тіл тірлік
...
4. Тіл – атадан қалған ...
мұра.
5. Өнер алды – ...
тіл.
6. Тіл жоқ жерде ...
жоқ.
Тігінен:
2. Тіл - ...
тірегі
4. Көп сөз – көмір, ... сөз
алтын.
Жауабы: Көлденеңінен:
1. Тіл – ақылдың
(өлшемі)
2. Ішімдегінің бәрі
(тілімде)
3. Өз тілің бірлік (үшін), өзге тіл тірлік
(үшін)
4. Тіл – атадан қалған (асыл)
мұра.
5. Өнер алды – (қызыл)
тіл.
6. Тіл жоқ жерде (ұлт)
жоқ.
Тігінен:
2. Тіл - (татулық)
тірегі
4. Көп сөз – көмір, (аз) сөз
алтын.
ОЙЫННЫҢ
СОҢЫ.