Материалдар / "Ұшқыр ой мен шешен тіл" сайыс сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұшқыр ой мен шешен тіл" сайыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай мен Мағжанның өмірімен шығармашылығы өлеңдер жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы : «Ұшқыр ой мен шешен тіл»

сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың поэзия әлемі үйірме сабағынан

өтілген Абай мен Мағжанның өмірбаяны, шығар-

шығармашылығы, өлеңдері жайында тиянақтап,

ақындардың халыққа кең таралуының мәні сыры

неде екенін таныту,кейінгі ұрпаққа дәріптеу.

Сайысты өткізу барысы: 1.Таныстыру

2.Ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту

3. «Мықты болсаң-тауып көр»

4. «Ойлы болсаң- озып көр»

5.Өлеңді талдау

6. «Жүйрік болсаң-шауып көр»

Бұл сайыс Абай мен Мағжан тобының арасында 6 кезең бойынша өтіледі.

1.кезең Абай мен Мағжанның өмірбаяны

2.кезең Абай мен Мағжан өлеңдерін жатқа айту

3. кезең «Көркем сөз» жалғастыру керек

4. кезең «Ойлы болсаң-озып көр» бұл кезеңде сұрақтар беріледі

5.кезең Берілген өлеңді талдау керек

6.кезең «Жүйрік болсаң-тауып көр» сұрақтар айтылады.



1 топ Абай Құнанбайұлы- қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, философ,

қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы,көркем

сөздің теңгесі жоқ шебері. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы

Семей облысындағы Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген.

Азан шақырып қойған аты-Ибраһим.Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі

Зере мен анасы Ұлжанның аңыз-әңгімелерін бар ынтасымен тыңдайтын.

Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Ақынның шығармалары,

негізінен үш саладан тұрады. Бірі-өзі шығарған өлеңдері, екіншісі-қара

сөздері, үшіншісі-өзге тілдерден аударған өлеңдері.Абай шығармалары-

ның тақырыбы өмірдің барлық саласын қамтиды.

2.топ Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі- Мағжан Бекенұлы

Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы Ақмола губерниясында 1893

жылы өмірге келген. Ауыл мұғалімінен хат танып сауат ашқан кейін

түрік, парсы,орыс тілдерін үйренді.Мағжан Уфадағы Ғалия медіресесінде

оқыды. Медіреседе татардың белгілі жазушысы оқытушы Ғалымжан

Ибрагимовтың көзіне түсті. Дәл осы жылдардан кейін Мағжан өлең

жаза бастады. Жалынды жырларымен, халық қалаулысына айналған

Мағжан Жұмабаев қызыл империя саясатының құрбаны болды.

1929 жылдан бастап қуғын-сүргінге ұшыраған ақын «Халық жауы»

деген жалған айыппен сотталып, 1938жылы атылды.

Мағжан Жұмабаев- әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған

дарынды тұлға. Ұлы Абай дәстүрін жалғастырып, өз өлеңдерінде

даналықтың ауыр тағдыры мен өмірін шынайы суреттей білген.

2кезең «Көркем сөз» сайысы

3 кезең «Мықты болсаң-тауып көр» Бұл кезеңде ақын өлеңінің жалғасын табу.

1 топ Абай 1. Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

( Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды)

2. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

( Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге)

3. Қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай,

Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.

( Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,

Ықтырмамен күзеуде отырар бай.)

2 топ Мағжан 1.Арыстанмын, айбатыма кім шыдар

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар

( Көкте-бұлт, жерде-желмін гулеген,

Жер еркесі- желдің жөнін кім сұрар.)

2.Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,

Көкорай түсі қашып, солып тұрған

( Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,

Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұр.)

3. Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр-бүгін қорқақ, бұғады.

( Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.)

4 кезең «Ойлы болсаң- озып көр» Сұрақ-жауап . Бұл кезеңде

кеспе қағаздар арқылы ортаға сұрақтар тасталады. Оқушылар

жауап беру керек.

1 топ Абай 1. Абай қай жылдары өмір сүрді

А. 1845-1904 В.1845-1905 С. 1846-1905 Д. 1846-1906

2. «Абай жолы» роман –эпопеясының авторы кім

А. Мағжан Жұмабаев В . Сәкен Сейфуллин

С. Мұхтар Әуезов Д. Ілияс Жансүгіров

3. Абайдың поэмаларын ата

А. Масғұт, Ескендір, Бала Абай В.Абай жолы, Әзім әңгімесі,Ауыл

С.Әзім әңгімесі, Ескендір,Масғұт Д Ескендір,Патша құдай,Масғұт

4. Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты

А.Құлыншақ В. Ибрағали

С.Қарашұнақ Д. Телқара

5. Абай қандай рудан шыққан

А. Арғын В. Тобықты

С. Найман Д. Шекті



2топ Мағжан 1.Мағжан қай жылдары өмір сүрді.

А. 1892-1937 В.1893-1938

С. 1892-1936 Д. 1894-1937

2. Білімге жаны құштар Мағжан қай медіреседе оқыды.

А. Әлия В.Уфа

С.Шолпан Д. Ғалия

3 .Мағжанның абақтыда анасына жазған өлеңі қ алай аталады.

А.Сағындым В. Анашым

С. Анама Д.Әйел

4. Мағжан қандай ақын.

А. Халық ақыны В.Ұлтшыл ақын

С. Философ ақын Д.Орыс ақын

5 .Ер жігіт өнер табар ерте қуса,

Ерініп,шаршамаса, белін буса. Қай өлеңнен алынған үзінді

А.Өнер-білім қайтсе табылар В.Балалық шақ

С.Қазағым Д.Күз

5 кезең Ақынның өлеңін талдау.

1.топ Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан,жалған күлмейтін,шын күлерлік,

Ер табылса жарайды, қылса сұхбат

2.топ Сансыз күндер ой астына көмілдім,

Қор болып ем көңілін таппай көңілдің.

Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем,

Өліп едім, бүгін тағы тірілдім.



6. кезең «Жүйрік болсаң-шауып көр»



1.«Күз» өлеңіндегі айтылатын әсем гүл (бәйшешек)



2. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі сегіз қырлы,бір сырлы талант иесі

(өнерпаз)

3. «Қыс» өлеңіндегі малшының сырт киімі қалай аталады

(шиден мен тон)

4. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес дұшпанды атаңыз(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ )















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!