400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ұстаз - білім шырағы. Эссе 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұстаз - білім шырағы" тақырыбына жазылған эссе 5-6- сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дарынды 1000 бала Республикалық олимпиадасына» қатысуға

өтініш


Оқушының тегі, аты-жөні

Шекім Таймас Марғұланұлы

Жетекшісінің аты-жөні

Абдыгазимова Ақнұр Мағазқызы

Облыс, қала, аудан, ауыл атауы

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы

Білім беру мекемесінің атауы

Оразалы Жұмабеков атындағы Тірек мектебі

Сыныбы

5-сынып

Байқау атауы

«Дарынды 1000 бала Республикалық олимпиадасы»

Телефоны, ұялы, e-mail (мұғалім және оқушы)

87059935953 (оқушы)

87471872969 (мұғалім)

akanai@mail.ru

Ата-анасының аты-жөні

Абдыгазимова Ақнұр Мағазқызы

3*4 фотосы





















Ұстаз – білім шырағы



Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,

өйткені мұғалім — мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин


Менен «мұғалімің кім?» деп сұраса, ойланбастан «Анам!» деп жауап берер едім... Неге? Себебі өмірдегі ең бірінші мұғалімім, ұстазым - менің анам. Мені дүниеге әкеліп, ақ сүтімен менің бойыма өзінде бар жақсы қасиеттерді сіңіріп, тал бесікті әлдиімен тербетіп, былдырлаған тілімді түзеген, алғашқы сенімсіз қадамдарымды нықтаған, тәрбиелеп, қалам ұстауға үйреткен сол анам. Менің анам – мұғалім, иә, менің өмірімде де, мектеп өмірінде де осы қызметті атқарады. Мектептегі әр ұстазға қараймын да, анамды көргендей боламын, өйткені олардың бойынан балаларға деген мейірім, махаббаты сезіліп тұрады, олар өз балаларына ғана емес, өзгенің балаларына да жұдырықтай жүрегінен орын таба алатын мейірбан жандар.

«Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген Абай атамыздың нақыл сөзін оқи отырып, мен осындай ойға келдім. Менің адам болып қалыптасуым ең алдымен ата-анамның жақсы болуында деп ұқтым, одан соң мені қоршаған ортам, достарымның адалдығында, бастауыш сыныптағы алғашқы ұстазым - Дүйсебекова Гүлім апайдан алған білімімде, оны өмірде қолдана білуге өз бетіммен дағдылануым мен сол жолда еңбектенуімде екен. Гүлім апай да дәл менің анам сияқты, сыныптағы жиырма төртімізді бірдей жақсы көріп, сауатымызды ашып, білімге деген құштарлығымызды оятты.

Жақында Сұлтанмахмұт Торайғыров атамның өлеңдерін оқыдым.

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам? – деген өлең жолдарында айтылғандай, расында, ұстаз - білім шырағын жағып беріп, қараңғы тамұқтан адаспасын деп, қолымызға ұстатып, жол сілтейді, ал әрі қарай тура жолды табу, шырақты сөндірмей, жарық білім әлеміне шығу – біздің қолымызда екен. Анамның күнделікті сабаққа дайындығын көремін де, бұл жолдың қаншалықты ауыр екенін түсінемін, алтын уақытын аямай, шәкірттерінің білім алуы үшін қаншама еңбектенеді. Сол ұстаздарымыздың еңбегін зая етпей, біз шыңдала түсуіміз керек, олардың берген ақылы – тозбайтын тон, білімі – таусылмайтын кен.

Біздің санамызда ұстаз – еш міні жоқ, идеал тұлға, бірақ дәл біз сияқты оларда да әр түрлі өмірлік қиын сәттер болады ғой, қаншалықты көңіл-күйі болмаса да, бізге білдірмей, күлімсіреп жүреді, біздің көңілімізді бірінші орынға қояды, бұл - ұстаздың бойындағы ең бір асыл қасиет дер едім.

Ойымды қорытындылай келе, «мұғалім – біздің екінші анамыз болса, ал мұғалім мамандығы – мамандықтардың анасы» деген сөз орынды айтылған дегім келеді, себебі ғалым да, кенші де, ел басқарып отырған азаматтар да - бәрі ұстаздың алдынан өткен. Анама, ұстаздарыма қарап, мен де есейгенде мұғалім боламын деген тұжырымға келдім және өмір бойы ұстаздарымды ұмытпай, алдарында бас иіп өтемін. Мен оларға мәңгі қарыздармын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.11.2024
305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі