Материалдар / "Ұстаз- мектептің жүрегі" ата-аналар жиналысына баяндама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ұстаз- мектептің жүрегі" ата-аналар жиналысына баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысына арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
420
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



БАЯНДАМАТақырыбы:"Ұстаз – мектептің жүрегіАта-аналар жиналысына арналған  "Ұстаз” –не бары 5 әріп. Осы 5 әріптің аясында қаншама мағыналы ой, терең мазмұн жатыр десеңізші?!       Ғалым да шахтер бас иетін       Ұстазым бар сенің қасиетің – деп ақын толғанғандай ұстаз алдында қандай кемеңгер болса да, бас иеді. "Ұстаз – адам жанының инженері” деген ұлағатты зерделі ой, даналық сөз бар. Ендеше сол даналық сөзге ден қойып, зерделі ойға зер салайықшы.   Ұстаздың басты мақсаты мен міндеті бала тәрбиелеу, оған білім беру.   Әл-Фараби айтқандай тәрбиесіз берілген білім нәтижесіз, ең бірінші жас нәрестеге ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беріледі. Сол сәби ата-ана құшағында бесікте тәрбиелене келе, өмір табалдырығын баса бастайды.   "Ел боламын десең бесігіңді түзе” деген осыдан бастау алған екен ғой.   Келесі кезең бала – бақшадағы тәрбие осыдан кейін "мектеп” атты үлкен мұхитқа "білім” кемесіне мініп аттанады.  Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин күтім көрген ағаштың биікке самғап түп-түзу болып өскенін, ал күтімсіз ағаштың қисық-қыныр бей-берекет өскенін өз шығармасында атап көрсетеді. Сол сияқты тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға жат, қылмыскер, жалқау, бұзақы, ниеті жаман тұлға болып шығады, ал дұрыс тәрбие алған бала тәрбиелі, адамгершілік мол, білімді де білікті қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға болып қалыптасатыны баршамызға мәлім.  Тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадыр-қасиет сияқты биік  адамгершілік  стимулдарына айналып отыр.  Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. "Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті” деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Әрбір қоғамның өз даму жағдайында бұл өткір мәселе әрқалай шешіп отырған.       Қазіргі таңдағы ағым да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтар мен өмір сүрудің ауытқушылығынан руханиятсыздық белең алуда. Сондықтан Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдаулары мен сөздеріне егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие  жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Елбасы, әсіресе жастарда қазақстандық патриотизм сезімін оятып, тәрбиелеу қажеттігіне айрықша көңіл аудартады. Елбасымыздың бұл айтылғандарымен келісе отырып мен төмендегідей бағыттарда оқушылармен жұмыс жасаймын.-         жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және күш-қуаттың мүмкіншілігін дамыту, салауатты өмір салтының берік қағидаларын қалыптастыру, тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы оның зерде-саласын байыта түсу;-  өз Отанын сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халық салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу; - республиканың қоғами-саяси, экономикалық өміріне белсене қатысуға және сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін сезінуге баулу;-    әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін игеру, қазақ және республикада  тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерінің тарихын  жете білу, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгерту т.б. Өткен ғасырларға көз жүгіртсек шығыстың ғұламасы әл-Фараби:  "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін” – деген екен. Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Бұған ата-ананың, ұстаздың атқаратын ролі өте зор деген екен.  Адам тәрбиесі – үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс.   Қазақтың тәлім-тәрбиесі – теңдесі жоқ даналық, қасиетті мектеп десек артық емес.Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты.  Осыны жақсы түсінген халқымыз – "Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы”, "Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар” деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.  Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімдік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол өзінің өсу есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған ортасы-табиғатпен де өзара үйлесім таба білуі тиіс деп ойлаймын.Халқымыздың қонақ жайлылығы, кең пейілділігі, көпшілдігі, дос көңілділігі - әлеуметтік имандылықтың белгісі. Иманды адам айналасындағыларға тек жақсылық ойлайды, оларға қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге ізетпен, инабатпен қарайды. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік - адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі - ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Тәрбиенің осы бір сан- салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол тартатын алғашқы білім ордасы - мектеп.Жас ұрпақты тәрбиелеуші ретінде ойға түйгенім - адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушіні барлық жағынан білуі, жан дүниесін зерттеуі шарт екен. Кезінде ұлы педагог С. Ушинский: «Оқушыларға жан - жақты тәрбие беру үшін оны жан - жақты зерттеп білу керек»- деген. Осындай зерттеу жұмыстары маған алдыма педагогикалық мақсаттар қоюға және оқу - тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізуге көмегін тигізіп келеді. Мұғалім мен ата-ана - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік - саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім - тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, әдістемелік - шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым - қатынастарын, түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе, осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты шарты болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білік - дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби - педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған мұғалімнің жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, тәлім - тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады. Ұлттық рухани байлығын бойына сіңірген «Мен қазақпын» деген ұрпақ өз бойындағы ізгі қасиеттерді өмірде дұрыс пайдалануға да бейім болады. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына жан дүниесі ұлттық рухани ізгіліктерге бай жас ұландар жол бастама білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу – мемлекеттік маңызды іс екені белгілі. Сол себепті жоғарыда сөзіме арқау болған мәселелерді түбегейлі шешу, салауатты өмір салтын қалыптастыру – баршамыздың парызымыз екені даусыз. Келешектің қамын қазірден ойлап, оған бүкіл жұрт болып атсалысуға міндеттіміз, - деп сөз ой-толғауымды түйіндегім келеді. 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!