Материалдар / Ұстаз- өз білімін үнемі үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұстаз- өз білімін үнемі үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінің алдына қойған мақсат міндеттерін айқындау
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Э шбаев Шухрат Батурбекович

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты

«А.Жами атындағы №24 жалпы білім беретін

мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәні мұғалімі



Ұстаз- өз білімін үнемі үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский


Мектептегі технологияландыру мәселесін қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына мақсат етіп қойып отыр. Білім беру мекемелерінің тәжірибесіне еніп, әр түрлі технологияларды жасалу міндеттеледі. Адами қабілетінің қалыптасуына заманауи технологиялар әсерін тигізері сөзссіз. 40-жылдары АҚШ-та білім берудегі жаңа технологиялар ұғымы пайда болды. Әуелгі кезде ол жаңа техникалық құрал жабдықтарды оқу тәрбие үрдісінде пайдалану мағынасында қолданылып жүрді. Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру болып табылады. Алдына қойған негізгі мақсаты: адамдардың өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау ; адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау; оқушылардың жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру, жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету.

Жалпы білім

Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушылардың білімін тексеруде:

- топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру;

- оқушының өзін -өзі тексеруі;

- оқушылардың бірін -бірі тексеруі;

- оқытудың модельді жүйесі;

- дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану жатады.

Соңғы жылдары көптеген мектептерде оқытудың жаңа формасы - блокпен сабақ беру іске асырылуда.  Блок түрінде оқытқанда оқытудың арнайы міндеті, тәрбиелеу және дара тұлға тәрбиелеу бірден іске асады. Оқу материалын блокпен немесе модульмен беру көптеген географиялық, экологиялық, экономикалық проблемаларды біртұтас беруге мүмкіндік туғызады. Блок (модуль) ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды еске сақтау үшін де қолданылады.  Көрнекілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы орнына  (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді бақылаған кезде  (мысалы, карта,  кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрлысын түсіндіру).  Көрнекілік оқушылардың жас ерекшілігін ескере отырып пайдаланылады [2, с. 56 б.].







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!