Материалдар / Ұстаз – ұлылықтың , адалдықтың символы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз – ұлылықтың , адалдықтың символы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз туралы эссе
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ

ТАҚЫРЫБЫ: Ұстаз – ұлылықтың , адалдықтың символы.

Ұстаз болу – өз уақытын аямау,

өзгенің бақытын аялау. (Ж.Ж.Руссо)



Ұстаздық-дара жол, даңғыл жол! Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі ізденімпаздылықты талап етеді. Ұстаздың да ұстазы бар! Өз кәсібін сүйетін адам ғана өз ісінің шебері болмақ! Болашағына жоспар құрмайтын жан жоқ шығар?! Себебі, өмір-құпиясы мен қызығы, қиындығы қатар тұратын тылсым дүние. Заманның дамуына қарай жас Қазақстан тек алға жылжуда. Еліміздің болашағы-жастар. Білімді ұрпақ тәрбиелеу білікті, шебер ұстаздардың қолында. Ұстаз ғылыми ізденіс пен тәжірибені қатар ұстайтын іскер жан болуы керек. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» ,- дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық мамандығы болмақ. Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі ізденімпаздықты талап етеді. Өз басым ұстаз болуды бала күнімнен армандадым. Мен үшін ұстаз болу-мәртебе! Шәкірт-менің жүрегім! Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Білім алушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану менің негізгі ұстанымым.

Иә, білім беру саласында болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер білім берудің сапасын арттыруды көздейтін бастамалар екені анық. Тек оқу, білім ғана алға қарай жылжуды, кемелденуді, адамдықтың шыңына жетуді үйретеді. Қазіргі мұғалім өз білімін жетілдіріп арттырып отырмаса, білім саласы ғана емес, жалпы ел мен мемлекеттің дамуы кешеуілдеп артта қалып қоюы мүмкін. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман емес пе? Тағы да бір көп нүкте қойып, тоқтала кететін мәселе ол - бұл мезгілді ешкімнің ырқына бағынбайтын уақыттың бөлшегі деп қараңыз немесе шың басынан басталып жолай тау-тасты төңкеріп, кедергілерге мойынсұнбай асығып арпалысатын күркіреген ағын су деп қараңыз. Жаңа ағын жаңа өзгерістерді, жаңа өзгерістер жаңа қауымды дүниеге алып келеді. Ал,қазіргі біз өмір сүріп жатқан заман қандай, оның әкелген жаңалығы қандай, адамға әсер етер құдіреті қандай, осыған тоқталып өтелік. Оған ықпал ететін, өзгертетін не дейсіздер ғой? Ол- жаңа бағдар, жаңа білім кеңістігі. Қазіргі білім саласының жетістігі - алдыңа келген оқушының білімі сабақ соңында бір сатыға жоғарылауы қажет екенін білдім. Сонда жаңашыл ұстаздың қызметі-кеңесші, бағыт-бағдар беруші, білімі мен біліктілігін қадағалаушы болмақ. Негізгі мақсат-ой ояту, оқушының қорытындыға өздігінен шығуына мүмкіндік беру.  Қазіргі сабақ – нәтижеге бағытталған оқу әрекеті. Сабақ болғаннан кейін әдіс бар, әдіс бар жерде жүйелі түрде сабақ беру – технология туындайды. Білім беруде заман сұраныстарына орай, оқушы  қызығушылығын арттырып, белсенділігін дамытатын, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етуді көздейтін ол әрине ұстаз болмақ.

Мұғалім шеберлігі қандай болмақ? Мұғалімнің әр сабаққа дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті шығармашыл білім алушыға күрделі әрі сыни тұрғыда ойландыруға жетелейтін тапсырмалар беріп отыруы керек. Осыдан барып біз баланы алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырамыз. Сапалы білім берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы. Сол себепті де мен сапалы білім берудегі басты мақсат деп мына үш факторды атап өткім келеді: сыни тұрғыда ойлауға жетелеу; шығармашыл білім алушылардың талантын ұштау; нәтижесінде алған білімді өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Теорияны тәжірибемен ұштастыру! Міне, ұстаздың шеберлігі осында жатыр. Алған білімді бала тек біліп қана қоймай, өмірде қолдана алуы маңызды. Нәтижесінде біз өмірге бейім, кез-келген тығырықтан жол таба алатын тұлғаны тәрбиелейміз. Сонымен қоса, шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты- әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Мұғалім өз жұмысында оқушылардың қабілеттерін анықтап, оларды оқыту, жетілдіру, ғылымға бейімдеу, бала дарындығын ашу, оны дамыту, бала бойындағы зерттеушілік іс-әрекетін, қабілеттілік белгілерін көре алуы мұғалімнің шеберлігін қажет ететіні сөзсіз. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы- оқушыға білімді терең игертудің әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа және зерттеушілік іс-әрекетке жетелеу.

Қорыта келе, ұстаз, ол мен. Мен – ұстазбын, мен – зерттеушімін, мен – ұйымдастырушымын, мен – ұрпақты келешекке жетелеп апаратын тәрбиешімін. Менің алдымда отырған әрбір жас жеткіншектің ертеңгі күні амгершілікке мол, қоғамды өркендетуге қарымы жететін азамат, терең ойлап, дұрыс іс - әрекет ететін, барлық тірі жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани бай тұлға болып қалыптасуын қалаймын және қалыптастырамын. Мені осы қиын да қызық мамандық ешқашан жалықтырған емес, қайта өмір сүруге күннен-күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс – тәсілдерді іздеуге итермелейді. Демек бойымдағы жігерімді, күш - қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсау керек. Болашақта өсіп – дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мен себепкер болған шәкірттерімді биік белестерден көрсем, өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам ретінде толықтай сезініп білемін.








Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Ұстаздарға арналған 10 кітіп» А. Байтұрсынұлы пайымдауынша.

  2. Ғаламтор материалдарынан.

  3. «Егемен Қазақстан » журналы № 5 24 ақпан 2010ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!