Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ұстаз-ана»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Қазақ тілін орыс тілді мектептерде
интерактивті оқыту технологиясы
Әдістемелік құрал
Астана
2013
1
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми Ғылыми
кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).
Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқыту технологиясы.
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. – 48 б.
Әдістемелік құралда қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті
оқыту технологиясына арналған әдістемелік
ұсыныстар берілген. Қазақ тілін
орыс тілді мектептерде интерактивті оқыту технологиясының теориялық
негіздері және құрылымдық-жүйелік моделі қарастырылған.
Бұл құрал білім беру жүйесіндегі әдіскерлерге, мектеп мұғалімдеріне
арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
2
Алғы сөз
Білім жүйесінің дамуы мен тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету, қоғам
мен мемлекеттің даму шарттары көптеген дамыған елдерде мемлекеттік
саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылуда . Мектеп
оқушыларының зияткерлік әлеуетін қалыптастырып, оларды жеке тұлға ретінде
дамыту мектептегі білім жүйесін жетілдірудің басты міндеті болып табылады.
Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің әлемнің алпауыт елдерінің қатарында
тұрып, ұлттық құндылықтарымыз бен тілімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді
әлемге танытатын зиялы, білікті ұрпақ тәрбиелеу, міндетіміз. Сондықтан
мұғалімнің алдында жан-жақты дамыған, өз елінің тілін, тарихын, мәдениетін
жетік білетін, белсенді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын білімдік
орта құру міндеті тұр. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік тілді дамыту туралы: «Тіл
туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра
түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді
дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен
жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана
өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада
белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың
сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға
түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам
дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің
позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен
қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95
пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін қазір барлық
жағдай жасалған. Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы
мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл
– егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша
білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз.», - деп атап
көрсеткен болатын [1]. Сонымен қатар ҚР «Білім туралы» Заңында барлық
білім беру ұйымдарының білім алушылары мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін
білуі атап көрсетілген [2].
Бүгінгі білім жүйесінің белсенді азаматтық ұстанымы бар, шығармашылық
тұрғыдан ойлауға, өмір бойы білім алуға дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу басты
міндеті. Осыған орай, мемлекетіміз мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау
жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады.
Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және
практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық,
конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін
3
оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады. Мұғалімдердің
оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы білім беру және
ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайлануы қолдау табатын
болады. Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын,
сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту
нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу
қамтамасыз етілетін болады [3].
Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлініп, қазіргі заманғы
білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу
педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары
талаптар қойып отырғандығы атап көрсетілген [4].
Осы тұрғыдан қарасақ, бұл тек жаңа технологиялық құралдар ғана емес,
оқытудың жаңа түрі мен әдістері, оқытуға жаңаша көзқарас дегенді білдіреді.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту барысында жаңа технологияларды
пайдалану бұл оқушыларға қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру үшін
қолданылатын технологиялар, олардың қатысымдық мәдениетін қалыптастыру
мен дамытуға, оларға ғылым мен білімді үйретуге, ынтымақтастықта
еңбектенуге тәрбиелеуге, қазақ тілін практикалық тұрғыдан меңгертуге
арналған технологияларды қолдану болып табылады.
4
1 Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқытудың
дидактикалық негіздері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау ... оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген [4].
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту,
дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің
жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде оқытушыларға
жаңа талап, міндеттер жүктеліп отыр. Оқушыларға теориялық білім негіздерін
меңгертумен ғана шектелмей, олардың шығармашыл әлеуетін дамыту, бәсекеге
қабілетін арттыру, ақпаратты өзі іздеп, өзі тауып, тәжірибесінде қолдана білуге
үйрету өмір талабы болып отыр. Бұл мәселелер оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыру арқылы шешімін таппақ. Сол себепті оқытудың әртүрлі
технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты
ізденістің нәтижесінде білім беру саласына келген жаңа технологиялардың бірі
– интерактивті оқыту әдістері.
«Интерактивті» термині ағылшын тілінен аударғанда, «бірлесіп әрекет
қылу», өзара әрекет етуге қабілетті («interact»: «inter»- өзара, «act»-әрекет ету)
деген мағынаны білдіреді. Яғни, интерактивті оқыту дегеніміз – мұғалім мен
оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы бірлесе әрекет ету барысында
іске асатын – сұхбаттасу арқылы оқыту. Бірақ қазіргі педагогикада
«интерактивті оқыту» ұғымын бір ғалымдар оқу процесінің түрі ретінде, енді
біреулері оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың психология-педогогикалық
жүйесі ретінде, үшінші біреулері оқыту технологиясы ретінде қарастырады.
Алайда интерактивті оқыту ұғымының бірлесе әрекет ету екендігін көптеген
ғалымдар мойындайды. Мұғалім қызметінде мәселені талқылау барысында
өзара дауласып, пікірлесіп келісімге келетін, бір-бірін ынталандырып,
қарқындатып бірлесіп әрекет етуші оқушылар тобы басты орын алады.
Интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану адамдардың шындықты бірлесе іздеу
барысында пайда болған пікірталастарының интеллектуалды белсенділігін
арттыруға қатты әсер етеді. Кітаптан оқыған немесе бұрыннан белгілі
шындықты әңгімелеу, түсіндіру түрінде өткен сабақтарға қарағанда, мұндай
сабақтарда оқытушының белсенділігі мен шығармашылығы аса қажет.
Оқытушының пікірсайысқа араласуы түрліше болуы мүмкін, бірақ ол өз пікірін
күштеп таңуға тиіс емес. Ол пікірсайыс барысында нәтижелі ойлау мен
шығармашылық ізденісті қажет ететін келелі мәселелерді туғыза отырып,
оқушылардың ортақ мақсатқа бірлесе қол жеткізуін қамтамасыз етуге, оқушы
мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың тең демократиялық жағдайын
қалыптастыруға, оқушылардың басты проблеманы бірігіп шешуіне, бірлесе
тәжірибе жинақтауларына және әр оқушының өз тарапынан нәтижелі шешімге
5
жетуіне мүмкіндік туғызуы қажет.
Интерактивті оқыту оқушылардың еркін тілдік қатынасқа түсуіне,
танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің
жетілуіне, қойылған проблемаларды оң шеше алуына, әрбір мәселеге деген өз
ой-пікірін дұрыс, анық, дәлелді жеткізуіне ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір
оқушы ортақ мақсатқа негізделген әрекеттерді орындау барысында жүзеге
асатын тілдік қатынаста, біріншіден, өз мүддесіне сай тілдесімнің мақсаты мен
маңызын анықтауға, екіншіден сөзінің қисыны мен дәлдігін мөлшерлеуге,
үшіншіден пікірін дәлелді, дәйекті, түсінікті жеткізуге дағдыланады.
Оқушылардың белгілі бір табысқа жетуіне, танымдық қызығушылықтарының
дамуына, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, коммуникативтік
мәдениетін тәрбиелеуіне, өзін-өзі бағалауына септігін тигізеді, оқушылардың
сабақта ізденуіне, дара тұлғалық қасиеттерінің дамуына, шешімді таңдаудағы
еркіндігіне жол ашады, түрлі жағдаяттардан жол тауып шығуға үйретеді. Осы
мақсаттарға жету үшін сабақтың ұйымдастырылуы, әдістері, педагогикалық
ұстанымдары дұрыс болуы тиіс.
«Дидактика білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістерін
ұйымдастыру формаларын, яғни нені оқыту, қалай оқыту жайын зерттейді.
Демек дидактика білім мазмұнын анықтау, оқыту процестерінің
заңдылықтарын ашу, оқытудың ең тиімді әдістері мен ұйымдастыру
формаларын табу проблемаларын шешіп отырады. Осы мәселелер жөнінде
өзінің принциптерін белгілейді. Дидактикалық принципте, оқу – тәрбие ісінде
басшылыққа алынатын педагогикалық қағидада оқытудың мазмұнына,
ұйымдастыру формасына қойылатын талаптар белгіленеді» [5].
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы
бір жағынан оқыту обьектісі, екінші жағынан оқыту субьектісі болады. Мұғалім
мен оқушы арасындағы қарым -қатынас арқылы ақпарат алмасуы,
ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті оқыту процесінің табысты болуына
игі ықпал етеді. Оқытудың мазмұны, мақсаты, формалары мен әдістері,
нәтижесі сияқты компоненттері бір-бірімен байланысты іске асырылса,
педагогикалық процесс оң нәтиже береді. Осындай нәтижеге жету үшін
оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы жүйесін, яғни оқыту процесінің
ұстанымдарын басшылыққа аламыз.
Тарихи дамудың әр кезеңі жаңа дидактикалық ұстанымдарды ұсынады.
Қазақ тілін өзге тілді ұлттарға оқыту әдістемесін әлем әдістемесіне
сәйкестендіру әдістемеде бұрыннан белгілі ұстанымдармен бірге басқа да
ауқымды ұстанымдардың өмірге келгенін көрсетеді. Оқу ұстанымдары өтілетін
тақырыпқа байланысты, тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктеріне
байланысты туындап, қолданылады.
Оқытудың ғылымилық ұстанымы. Бұл ұстаным оқу бағдарламаларын,
оқулықтарды құрастыруда еске алынуы қажет. Үйретілуге тиіс тілдік
материалдар қазақ тіл білімінің соңғы жетістіктеріне негізделуге тиіс. Яғни
әдістеме тұрғысынан әбден ойластырылған ғылыми жүйеде берілуі керек.
Берілген тілдік материалдардағы, мәтіндер мен жаттығулардағы терминдердің
анық болуы және олардың оқушының түсінуіне қиындық туғызбауы
6
қарастырылады. Тілдік мәтіндер ғылымның соңғы жаңалықтарына негізделген,
жаңа ақпараттарға толы, дұрыс сарапталуы қажет. Оқушының білімі оқулық
көлеміндегі білім деңгейінде қалып қоймауы тиіс. Осы ретте оқытудың
ғылымилық ұстанымы зор рөл атқарады.
Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Тіл үйретуде көрнекілік ұстанымына
сүйенбеу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында:
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын
меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген [4]. Солардың бірі білім
беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып
табылатын – компьютер. Сондықтан кез келген білім беру саласында
мультимедиалық оқыту құралдары пайдаланылады. Бұл бағытта ақпарат тық
технологияны оқыту үрдісіне енгізу бағытында қолданылатын жаңа
технологиялардың бірі – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті
тақта арқылы интерактивті сабақтардың кез келген түрін өткізудің мүмкіндгі
мол. Мұғалім алдын ала тақырыпқа байланысты және қарастырылатын
сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға
талқылауды қажет ететін негізгі сұрақтарды, сабақта белсенділік пен
қызығушылықты тудыратын тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпараттық
обьектілерді кіргізеді. Сонымен қатар тірек сызбалар мен кестелер, картиналар
мен суреттерді т.б. көрнекіліктерді орынды пайдалану оқушыларды
байқағыштыққа, оймен топшылауға, ойлау шеберлігіне төселуге үйретеді.
Сонымен қатар тілдік материалды дәл, анық түсіндіруге, сабақтың сапасын
жақсартуға ықпал етеді. Оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша
(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) тілдік және
коммуникативтік дағдылары мен біліктерін қалыптастырып, дамытады. Көрнекі
құралдар оқушыларды қызықтыру құралы қызметін атқарады және тілдік
мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді.
Саналылық пен белсенділік ұстанымы. Саналылық пен белсенділік
дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмірмен және
практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың
мәніне түсіну. Тіл заңдылықтары мен ережелерін жаттанды түрде емес, саналы
түрде меңгеру. Пікірсайыс, сұхбаттасу кезінде меңгерген жаңа сөздер мен сөз
тіркестерін пайдалана отырып, тақырып аясында өз ойын жаттанды түрде емес,
өз сөзімен әңгімелеу. Білімді саналы түрде меңгеру оқушының білімнің, оқудың
қажеттілігін ұғынудан, нақты тілдік материалды дұрыс түсінуден,
жауапкершілікті сезінуден басталады. Игерген тілдік білімін сөйлей білуде
орынды пайдаланған оқушының әр сөздің мағынасы мен мәніне терең ойланып
көңіл бөлуі, сезінуі арқылы ғана тілді меңгеруі мүмкін болады. Осылайша
саналы түрде еңбек еткен оқушыда тілге, білімге деген қызығушылық оянып,
белсенділігі артады. Тілдік материалдардың дұрыс таңдалуы, талқыланатын
тақырыптардың оқушы жасына лайықты, өзекті, қызықты болуы, мұғалімнің
теориялық, психологиялық білімінің терең, әдістемелік, педагогикалық
шеберлігінің мықты болуы, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі, оқытудың
неғұрлым озық әдіс-тәсілдерін пайдалануы тілді саналы және белсенді
меңгертуді қамтамасыз етеді.
7
Теорияны тәжірибемен байланыстыру ұстанымы. Бұл ұстанымның
қазақ тілін үйретуде алатын орны үлкен. Қазақ тілінен алған теориялық білімді
күнделікті өмір қажетіне қолдана білу теорияны тәжірибемен байланыстыру
ұстанымы болып табылады. Яғни, бұл ұстаным қазақ тілінен алған теориялық
білімін сөйлеуде қолдануға жаттықтырады. Бұл ұстаным бойынша мұғалім
теориялық білімді меңгерте отырып, оқушылардың өз ойларын
байланыстырып, жүйелі, бірізділікпен жеткізе білуіне, дұрыс сөйлеу
икемдіктерін қалыптастыруға көңіл бөлуі тиіс. Сонда ғана тіл саласынан алған
теориялық білім сөйлеу жағдайына септігін тигізеді. Осы тұрғыдан келгенде,
теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру іскери ойындар, рөлдік ойындар,
пікірталас, т. б. диалогтық қатынаста оқушының байланыстырып сөйлеуін
дамытуға, өз ойын, пікірін еркін жеткізуге дағдыландыратын түпкі, ең басты
қағида болады. Интерактивті оқыту тәжірибесінде білім мазмұнының тек
оқушының білімін, іскерлік дағдысын қалыптастыру мақсатын ғана көздеп
қоймай, сол білімнің оқушының шығармашылық жеке тұлғасын дамытуға,
логикалық ойлау қабілетінің ұшталуына, өздігінен білім алуға құштарлығын
оятуға ықпал ету жағына ерекше көңіл бөлінеді.Оқушы тілдік жағдаятта
қаншалықты деңгейде тілдесім жасай алатындығын аңғарып, өз білімінің
деңгейін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді.
Түсініктілік ұстанымы оқытуды оқушының дайындық деңгейіне сай
ұйымдастыруды талап етеді. Оқу материалына дәл анықталған материалды
енгізуді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми терминдер мен ұғымдарды
пайдалануды көздейді. Бұл ұстаным негізінен, оқулықтағы тілдік, практикалық
материалдардың тілінің түсініктілігімен тікелей байланысты. Егер материал
оқушының түсінуіне ауыр болса, онда олардың тіл үйренуге деген ынтасы
төмендейді. Әрине, бұл оқушыға тым жеңіл материал беру керек дегенді
білдірмейді. Бұл ұстанымның өзіндік заңдылығы бар.
• Жеңілден қиынға көшу.
• Қарапайымнан күрделіге өту.
• Белгіліден белгісізге өту.
Яғни, мұғалім оқыту барысында әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне,
материалдарды игеру қабілеттеріне, ойлау қабілеттерінің даму деңгейіне назар
аударуы керек. Сыныптағы барлық оқушылардың жасы шамалас болғанымен,
олардың мінез-құлықтары, жалпы психикалық қабілеттерінің дәрежелері бірдей
емес. Мұғалім осыны ескере отырып, оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп,
білімі төмен балаларға жеңіл тапсырмалар беріп, кейінірек оны қиындату
арқылы деңгейлеп көтеруі керек.
Оқытудың жүйелілік ұстанымы дегеніміз оқу материалдарының
логикалық жағынан бірізбен сатылай құрылу, берілу тәртібі. Қазақ тілін
оқытуда әрбір тақырып әдістемелік жүйемен талданады. Тілдік тақырыптардың
өтілу тәртібін сақтай отырып, өтілген материал мен жаңа материал
байланыстырылады. Осының нәтижесінде тілдік материалдар бірін- бірі
толықтырып, аясын кеңейтіп отырады. Жүйелілік ұстанымы жаңа материалды
түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, тексеруде, пысықтау мен
қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске
8
асырылады. Тілді меңгертуде оқытудың жүйелілік ұстанымы міндетті түрде
басшылыққа алынады. Сонда оқушылардың сөздік қо ры молайып
интерактивтік қарым-қатынаста еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру
ұстанымдары. Интерактивті оқыту барысында оқушылардың психикалық
қасиеттері, оқуға бейімділігі мен икемділігі ескеріледі. Оқушылардың жеке
тұлға ретіндегі субьектілік ерекшеліктері де (жасы, жынысы, интеллектуалдық
дамуы, қабілеттері, жеке адам талабының дәрежесі, өзін-өзі бағалауы, басқа
оқушылармен өзара қарым-қатынасы) ескерілуі тиіс. Мұғалім тілдік
тапсырмаларды олардың психикалық дара ерекшеліктерін ескере отырып,
деңгейіне байланысты саралап беруі қажет.
9
2 Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқытудың
психологиялық негіздері
Қоғамымызда болып жатқан оң өзгерістер орта мектептердегі білім беру
жүйесінде де білімді, саналы, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға
қалыптастыру ісіне деген қатаң талап қойып отыр. Әлемдік аренада
бәсекелестікке қабілетті мемлекеттің дәрежесіне жету үшін, бүгінгі жас ұрпақ
зияткерлік құзырлықты, өз бетімен білім алуға қабілетті, озық технологияларды
жетік меңгерген, жеке тұлға ретінде толық қалыптасқан мәдениетті азамат
болуы тиіс. Сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, осындай тұлға
қалыптастыру үшін алдымен әр мұғалім психолог болуы шарт. Өйткені, әр
баланың психологиясын жақсы білмейінше, оларға білім беру де, дұрыс тәрбие
беру де мүмкін емес. Яғни, оқушының жеке тұлға ретінде мінезіне,
психологиялық ерекшеліктеріне, тұлғалық қасиеттеріне, сана-сезіміне, ой-
өрісіне де көңіл аударылады.
Дүниедегі ең тамаша туында – тамаша білім мен тәрбие алып шыққан адам
болып табылады. Мектепке алғаш келген балаға дұрыс тәрбие, терең білім
беру, ауытқушылықтан сақтап қалу мұғалімнің міндеті болып табылады.
Жақсы тәрбиемен ержеткен баланың болашағы қашанда зор. Психология
ғылымы ешнәрсеге бейімі, ынтасы жоқ, қабілеті жоқ адам болмайтынын
баяғыда дәлелдеген. Сондықтан да баланың бойындағы қабілетін ашып, оны
дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.
Қазақ психология ғылымының негізін салушылардың бірі Ж.
Аймауытұлының баланы оқытып-тәрбиелеуде, оның жеке тұлға ретінде
қалыптасуындағы мұғалімнің еңбегінің өлшеусіз екенін мына айтылған
пікірлерінен байқаймыз: «Мұғалімнің кіндік қазығы – шәкірттің жаратылысына
біткен икемдерді танып-біліп, сол арқанның бойымен шәкіртінің білімін
шырғаға тартып, молайта беру. Оқытушының сөйлегенінен де істегені баланың
ынтасын көбірек аударады. Жақсы оқытушы болу үшін ілтипатты, тұрақты,
кең, мінезі ауыр, сөзі жатық, ойына берік, ұстамды болуы керек. Шәкірттерінің
қалт еткен қылығын байқап, сұрағына әзір тұру керек» [6]. Ұлы әдіскер-педагог
А.Байтұрсынұлы: «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала
оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі
жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын
адам боларға керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен
қатар ақылы қалай кіретіні білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі
халынан хабар аларлық болуы керек», - деген пікірінде де оқытушының білімді,
білікті болуымен қатар, баланың психологиясын жақсы білуі керектігін айтқан.
[7].
Бүгінгі білім жүйесінде аталған мәселені шешуде педагогтар мен
әдіскерлер оқыту үдерісіне оқытудың белсенді түрлерін қолдану қажеттігіне
назар аударуда. Осы орайда, орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда
қолданылатын, оқушылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген
қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін
әдістердің бірі – интерактивті әдістер. Ғылыми әдебиеттер мен
10
энциклопедияларда «интерактивтік» деген сөз – «бірлесіп әрекет ету» деген
түсінікті білдіреді. Жалпы тіл үйрету әдістемесінде интерактивті оқытудың
психологиялық негізін анықтаудың алатын орны ерекше.
Бүгінгі заман талабы – білімді, парасатты, адамдармен тіл табыса білетін,
жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз –адамның
рухани мәдениеті. Мұғалімнің ақыл-ойы, жүріс-тұрысы, іс-қимылы, сөйлеген
сөзі, шеберлігі оқушының психологиясына әсер етпей қоймайды. Мұғалімнің
жеке басының қасиеттерінен бөлек, оқушының білімге ынтасы,
қызығушылығы, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері маңызды
орын алады. Сондықтан тілді оқыту әдістемесінде де оқушының
психологиялық сипаттары ескерілуі қажет. Оқушының тілді үйренуге деген
ынта-жігері, қызығушылықтары, тілді оқу мақсаттары мен міндеттерін анықтай
алуы, оны орындаудың тиімді тәсілдері мен амалдарын белгілеуі, өз
жұмысының барысын өзі бақылап отыруы және оның нәтижесін бағалап, тиісті
қорытындылар жасай білуі қалыптасуы тиіс. Тек осылай саналы түрде
ұйымдасқан іс-әрекет, еңбек негізінде ғана оқушының тіл үйрену әрекеті
мақсатты түрде дамиды. Оқушының бойындағы осындай ерекшеліктерді дәл
көре білу және дамыту оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда қозғаушы күш
болып табылады. Интерактивті оқытуды тіл үйренудің психологиялық
моделімен салыстыруға болады. Адам басқалармен қарым-қатынас жасай
отырып ойлануға үйренеді. Оқушы тіл үйрену кезінде үш кезеңнен өтеді. 1.
Обьектіні басқару. Мұнда оқушы айтатын сөзін қалай дұрыс құрастыруды
ойлайды. 2. Басқаларды басқару. Жұптағы серіктесінің бірінің сөзін екіншісі
түзетіп, дұрыс айтылуын қадағалайды. 3. Өзін-өзі басқару. Оқушы өзінің
ойындағы сөзін емін-еркін жеткізуге тырысады. Оқушының өзін- өзі
басқаруының осы үш түрі қатысымдағы негізгі үш элементті біріктіреді. Олар:
Мұғалім, оқушы, оқылатын тіл. Қазіргі әдістеметанудағы педагог-
психологтардың қолданып жүрген интерактивті оқыту тәсілдерінің бірі –
ынтымақтастықта оқыту әдісі. Бұл туралы психолог ғалымдар еңбегінде:
«Сотрудничество – это гуманистическая идея совместной развивающей
деятельности детей и в зрослых, скрепленной взаимопониманием,
проникновением в духовный мир друг друга, коллективным анализом хода и
результатов этой деятельности. В основе стратегии сотрудничества лежат идеи
стимулирования и направления педагогом познавательных интересов
учащихся», - деп көрсетілген. [8]. Мұндай «мұғалім-оқушы» арасындағы
ынтымақтаса оқу баланың жеке тұлғалық және зияткерлік-танымдық дамуын
қамтамасыз етеді. Оқу үдерісінде ұжымдық жұмыс жасау оқушыларға
мұғалімнің немесе басқа ересек адамның көмегінсіз өз бетінше ұжыммен
бірлесе, татулықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде оқушы
топтық, ұжымдық жұмысқа мұғалімнің ұйымдастыруынсыз кірісе алмауы
мүмкін, алайда олар тапсырмаларды бірлесе орындай отырып, түрлі
сұрақтардың жауабын айтуға, бірінің қатесін екіншісі көрсете отырып оны
түзетуге үйренері сөзсіз. Топта ынтымақтаса жұмыс істеудің тиімділігі –
оқушылардың қасындағы серіктесіне назар аударуы, өзінің іс-әрекетінде
басқалардың жұмысына көңіл бөлуі, бір- бірімен санасып, бірін-бірі тыңдай
11
білуі. Бұл сыныптағы үлгерімі нашар оқушыға да әсер етеді. Олар өз
бойындағы қорқақтықты, ұялшақтықты жеңіп, сенімсіздік күйінен арылып,
ризашылықпен топтық жұмысқа қатыса отырып, үздік оқушылардан
қалыспауға, түсінбеген тапсырмаларын сұрауға тырысады. Осыған орай,
топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған түрлі
психологиялық ойындар мен жаттығулар түрлерін пайдалануға болады. Бұл
ретте психолог ғалым Қ.Жарықбаев: «Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі.
Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені
меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында
да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала ешуақытта
жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-
бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Осындай ойындарда баланың
қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Ұжымдық ойындар баланың моральдық,
эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына әсер етеді», - дейді. [9] . Демек, тілді
оқыту барысында шығармашылықты талап ететін күрделі емес ситуацияларды
ойнау, коммуникативтік қабілетін дамытатын ойынға арналған тапсырмаларды
орындау баланың бейімі мен қабілетін дамытуға көмектеседі. Ойын оқушының
тіл үйренуге деген қызығушылығы ғана арттырып қоймайды, олардың
қабілетін, ой-өрісін, танымын, шығармашылық дербестігін, тілін дамытады.
«Оқыту барысында дидактикалық ойындар оқушылардың мақсатқа жету
жолындағы мотивтерін қанағаттандырып, оның басқа психикалық
қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Себебі оқушылардың мақсатқа жету
тілегін ішкі және сыртқа түйсіктер туғызады, ал орындалатын іс әрекеттер
қимыл түйсіктері арқылы реттеліп отырады. Түйсіктер оқушылардың көру,
қабылдау, есту, эмоциялық жай-күйімен тығыз байланысты». [10]. Сондай-ақ
оқушылар ойын арқылы ұжыммен жұмыс істеуге үйренеді. Сол сияқты
ойталқы, ойбөліс, іскерлік ойындар арқылы белгілі бір тақырып аясында
мәселеге өз пікірін білдіруге, қарсы жақпен бейбіт түрде пікір таластыра білуге,
дұрыс ойлана білуге дағдыланады. Осы тұрғыдан психолог-ғалым Л.С.
Выготскийдің: «... это указывает на то, что игра является естественной формой
труда ребенка, присущей ему формой деятельности, приготовлением к будущей
жизни», - деген пікірімен келісуге болады. [11]. Оқу түрінің осындай мақсатта
ұйымдастырылуы белгілі әлеуметтік- психологиялық заңдылықтарға сәйкес
әлеуметтік орта арқылы жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту әдістемесінде, жалпы тілдерді
үйрету барысында ойлау, қабылдау, түсіну, ес, дағды сияқты психикалық
құбылыстарды зерттеп, берудің маңызы зор. Осы құбылыстарды білмейінше,
орыс сыныптарында қазақ тілін жүйелі, сапалы түрде меңгерту мүмкін емес.
Халқымыздың: «Сөз – ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деген
нақыл сөзінен ақыл-ойдың тілден көрінетіндігі байқалады. Ойлау мен сөйлеу
бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, тілдік қатынастың психологиялық негізі
адамның ойлау жүйесіне байланысты. Әр сабақта жаңа сөздерді меңгеру,
оқушының логикасын дамыту, ұғымдарын кеңейту жұмыстары тұрақты
жүргізілуі тиіс. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие
үдерісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Ол үшін орындалатын
12
жаттығулар мен тапсырмалар қызықты, мақсатты, дұрыс таңдалуы қажет. Адам
ойлау арқылы сыртқы дүниені бейнелесе, сөз арқылы өз ойын басқа біреуге
жеткізеді. Яғни, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғарғы формасы.
Демек, мұғалім оқушыны ойлана білуге баулуы керек. Оқушының қазақша өз
ойын басқаға түсінікті етіп жеткізуі үшін оның белгілі бір лекикалық минимум
деңгейінде сөздік қоры болуы тиіс. Оқушы өзінің сыныптастарымен пікірлесе
отырып, өзінің күнделікті сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын
меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молаяды. Оқушының сөздік қоры көбейген
сайын ойын тура, нақты жеткізуге мүмкіндігі туады. Осы орайда интерактивті
оқытудың проблемалық оқыту тәсілін қолдануға болады. Бұл туралы:
«Шәкірттердің ойлау қабілетін дамытуға, оқытуға оқытудың проблемалы
сипатта болуы ерекше әсер етеді. Проблемалық оқу – оқушыға беретін білімнің
бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына сұрау салып, мәселе
қойып, соны өздерінше шешуге бағыттау», - делінген. [9]. Демек, педагог сабақ
барысында проблемалық сұрақтар туғыза отырып оқушының пікірін еркін
жеткізуге бағыт береді.
Ал ойлаудың алғашқы формасы – ұғым. Сөзді қабылдау және ұғыну бір-
бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып оны ұғынуға
болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Ұғым
қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау үшін де мұғалімнің
психологиялық білімі қажет. Сонда ғана оқушының сөздік қорын тақырыптық
сөздер арқылы байыта отырып, оларды сөйлем құрауға, ойын жүйелі,
бірізділікпен айтуға үйретуге болады. Сондай-ақ жаңа сөздер, деректер,
хабарлар арқылы баланың танымы қалыптасады, ұғымы кеңейеді. Сабақта
аудиомәтіндерді тыңдату, сол мәтіндерге қатысты түрлі жаттығулар, тест
тапсырмаларын, басқа да шығармашылық тапсырмалар беру, интерактивті
тақта арқылы түрлі слайдтар, видеофильмдер көрсету баланың қазақша ойлап,
өз ойын жинақтап, байланыстырып, сөйлеуіне, сауатты жазуды меңгеруіне
көмектеседі.
Орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің алдына қойылатын
басты мақсаты – оқушылардың оқу стандартына сәйкес орта мектепке
негізделген грамматиканы меңгеріп, белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз
ойын екінші адамға жеткізе алатындай және өзге адамның ойын түсіне
алатындай деңгейге жеткізу. Сөз қоршаған ортаны нақты мағынамен көрсете
келіп, адам ойының сөйлем арқылы сыртқа шығуына негіз болады. Сонымен
қатар қатысымдық тұлға ретінде қолданғанда ішкі мән-мағынасымен бірге
басқа сөздермен тіркесу ерекшелігі жағынан да, айтылымы мен жазылымы
тарапынан да, дауыс ырғағына байланысты қосымша реңімен де тіл үйренуші-
оқушының назарын аудартады. Сөйтіп, сөз сөйлемнің жасалуына әсер етсе,
сөйлем мәтіннің ұйтқысы болады. «Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат
болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды.
Мұның біріншісі сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – оның мәнерлілігі
делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды.
Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың
айқындығы. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі
13
эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы»
[12]. Мұғалім оқушының үйренген сөздерін қолдана білуіне жағдай туғыза білу
керек. Бұл бағытта мұғалім оқушыға әр тақырыпқа сәйкес сөздік жұмысын
жасатып, синонимдык, антонимдік түсіндірме сөздіктер бойынша тапсырмалар
бере отырып, «Сөз жарысы», «Сөзтізбек» сынды ойын түрлерін өткізіп отырса
тиімді болмақ. Оқушы белгілі бір тақырып аясында сөздерді меңгеріп, ойын
жүйелі, мәнерлі түрде жеткізе алса, бұл жақсы жетістік.
Психологиялық процестердің ішінде тіл үйренуге қатыстыларының бірі –
ес. «Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс»
[13]. Ес адамның қабылдау, ойлау, қиял сияқты құбылыстарымен тығыз
байланысты. Ол әсіресе, ойлау үшін аса қажет. Ж.Аймауытұлы: «... еске түсіру
дегеніміз – ойлау өнері. Өз жадымызда не шәкірттеріміздің жадында бір
нәрсені берік орнату үшін саналы күшімізді із қалдыруға, тұтуға жұмсағаннан
да, жаңаны бұрынғы таныс нәрсемен байланыстыруға жұмсауымыз керек.
Байланыстырудың мәнісі ойлау деген сөз», - дейді [1] . Демек, адамның ойлау
қабілеті ес дамуымен тығыз байланысты. Ғалымдардың пікірінше: «Баланың
жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айырықша орын алады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі – баланың есін
үздіксіз дамытып отыру. Баланың оқу материалдарын ұмытпай, есте сақтауына
қолайлы жағдайлар жасау – әрбір мұғалімнің міндеті». [13] . Тіл үйренуші
оқушыны жаңа сөздерді саналы түрде меңгеріп, есінде ұзақ сақтап, оны сөйлеу
барысында дұрыс пайдалана білуге үйрету үшін жағдаятты тапсырмалар
орындау, әртүрлі оқиғаларға өз көзқарасын білдіру, сөйлесім құрастыру, әсіресе
берілген мәтінді әңгімелеуде жаттандылықтан аулақ болуға баулыған жөн.
Мұғалім оқушының мәтінді өз сөзімен, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын, ойын
білдіре отырып әңгімелеуін талап етіп отыруы тиіс. Психолог-ғалым
Қ.Жарықбаев еңбегінде: «Есте қалдыруға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше
өз сөзімен құрастырған сөйлемдермен айтып бергені абзал. Егер бала
мұғалімнің айтқанын, не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе-сөз айтып беретін
болса, мұндай жағдайда оның есте қалдыру қабілеті жақсармайды», - дейді.
[13]. Естің есте қалдыру, есте сақтау, ұмыту деген түрлері бар. Игерген
тақырыпты есте қалдыру үшін әр уақытта мақсат қойып отыру керек. Мәселен,
оқушыға белгілі бір жаңа сөздерді, өлеңдерді немесе мәтінді беріп, келесі
сабақта айтып бересіңдер десе, оқушылардың көпшілігі соны есінде ұстап
орындап келеді. Себебі мұнда сол тапсырманы есте берік ұстау мақсат етіп
қойылған. Берілген тапсырмаларды терең ұғыну, сөздердің, мәтіннің
мағынасын түсіну, оны жүйелей білу арнайы есте сақтаудың маңызды
шарттарының бірі болып табылады. Арнайы есте сақтау өз нәтижесін беру үшін
белгілі бір көрнекі құралдарды (кестелер, сызбалар, слайдтар) тиімді қолдануға
болады. Педагог-психологтар оқушының білмейтін сөзін сурет арқылы
көрсетудің нәтижесінде сөзді жылдам үйреніп алады деген. Яғни, он рет
айтқаннан, бір рет көрсеткеннің пайдалы екені рас. Көрнекілік көрсету
барысында оқушының көру, ойлау, есту сияқты бірнеше сезімдері оянады да,
оған материалды ұғыну мен есте сақтау едәуір оңайға түседі. Қазіргі
14
ақпараттық технологиялар заманында мектептерде қазақ тілін оқыту үрдісінде
интерактивті тақталар мен мультимедиалық кабинеттердің рөлі айырықша
болып отыр. Интерактивті тақталар арқылы көрнекілік, түрлі слайдтарды
пайдалану оқушының жаңа сөздерді саналы түрде меңгеруіне, есінде сақтап
алуына ықпал жасайды және ойлау қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар
меңгерілген тапсырмаларды еске түсіру үшін уақытында қайталап отырудың да
пайдасы зор. Мұғалім берілген тапсырмалардың ұмытылмауын үнемі қадағалап
отырғаны жөн. Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты.
Жаттап алынған материалдарды ұмытпай тұрып қайталаған тиімді. Себебі: «...
қайталауды ескіріп, құлап бара жатқан үйді жөндеу үшін емес, үйді берік
нығайта отырып, үстіне екінші қабатын салу үшін жасайды. Әрбір ілгерілеп
басқан адым бұрынғы өткендерді қайталап отыруға негізделу керек» [13] .
Оқушылардың ішінде материалдарды есте тез қалдыратындар және баяу
қалдыратындар бар. Олардың бірінде ес жақсы дамыса, екіншісінде нашар
дамыған. Мұғалім қазақ тілін оқыту барысында осы жағдайларды ескергені
жөн. Тіл оқыту үдерісінде адамның қабылдау қасиетінің де рөлі ерекше.
«Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім
мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен
құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейн есі». [12].
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың формасы тағы басқа қасиеттері тұтас
күйінде бейнеленеді. Жаңа сөздерді суреттерін көрсету арқылы меңгерткенде
оқушылар оны көру түйсіктері арқылы қабылдайды. Оқушы алдымен талдау
және жинақтау, ойлау операциялары арқылы игерген білімін пайымдайды, ой
топтастыру, қорыту, жалпылау ой операциялары көмегімен игерген білімінің
негізгі ерекшеліктері мен өзіндік белгілері туралы ой қорытады. Осы арқылы
оқушыларда өтілген тілдік материалдар туралы ұғым қалыптасады. Тіл үйрету
үдерісінде қабылдаудың мәні ерекше. Сондықтан оқушылардың
қабылдауларын тәрбиелеп, дамыту бірден-бір қажет мәселе болып табылады.
Қабылдауды дамыту үшін оқушының байқағыштық қасиетін дамыту қажет.
«Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, олардың егжей-тегжейін
білуді, адамның әрдайым қабылдауға даярлығын тілейді». [13] . Байқағыштық –
адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық оқушыны өздері бақылаған
құбылыстар мен заттардың ерекшеліктерін ажыратуға, түсінуге, олардың
арасындағы айырмашылықтар мен байланыстарды таба білуге жетелейді.
Адамның кез келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Тілді оқыту,
оны толық меңгеруде де зейіннің өзіндік орны бар. «Зейін дегеніміз – адам
санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді
бағытталуы» [12]. Демек, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске
сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Оқу жүйесінің
негізгі шарты зейін болып табылады. Тілді оқып меңгеру де зейінге
байланысты болады. Ол үшін мұғалім өзі зейінді болуымен қатар оқушылардың
зейінін тәрбиелеу үшін өз жұмысын жүйелі ұйымдастыра білуі қажет. Белгілі
ғалым И.А.Зимняяның: «Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату
қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім
материалды мазмұндаудың мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы
15
ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз
алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды
байқап отырады және де өз мінез-құлқын қадағалап отырады», - деген
қағидасын әр мұғалімге маңызды. [14 ]. Оқушының тіл үйренудегі
қиыншылықтарға тап болуының себептерін олардың зейіндерінің
жеткіліксіздігінен, оқу материалын меңгерудегі әлсіздігі зейінінің әлсіздігінен
екенін білу керек. Психолог Қ.Сейталиев зейінді тиімді тәрбиелеу мынандай
негізгі шарттарға байланысты екендігін жазады:
1. Бала әр уақытта кез келген іс-әрекетте, кез келген жұмысты орындауда
зейінді болуға тиісті. Әр уақытта да тек қана зейін қойып жұмыс істеуі қажет.
2. Мектеп оқушыларын кез келген жағдайда жұмыс істеуге үйрету, зейінді
жаттықтыру.
3. Баланы сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетке зейін қоюға үйрету.
4. Зейінді болу әдетіне тәрбиелеу, зейінділік мінез-құлықтың үйреншікті
түрі болу тиіс [12]. Оқушы зейінінің тұрақты болуы сабақтың қызықты,
мазмұнды өтуіне де байланысты. Бұл ретте тіл үйренушінің зейінінің тұрақты
болуына қатысты тапсырмалар түрлерін жүйелі ұйымдастыра білу де маңызды.
Ойлау мен қабылдау, зейін мен ес оқушының зеректігіне әсер етеді. Орыс
мектептерінде қазақ тілін оқыту барысында оқушының ойлау, қабылдау,
зейіндік қабілеттері анықталады, оқу үдерісінің мазмұны, мағыналы өтуі, онда
қолданылатын түрлі интерактивті әдіс-тәсілдердің барлығы оқушының жеке
психикалық күйімен, оның дамуымен тығыз байланысты.
16
3 Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқытудың
лингвистикалық негіздері
Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауының құралы,
сондықтан адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін алдымен сөзді,
сонан соң сөздерді қалай қолдануды білуі керек. Міне, сондықтан да тілді
үйретуде оқушының сөздік қорын байыту мен сөздердің қалай
қолданылатынын үйрететін грамматиканы оқыту қатар жүріп отырады. Екінші
тілді оқытуда оқушының сөзді білуі, сөздік қорының мол болуы оның тілді
меңгеру дәрежесінің негізгі көрсеткішінің бірі болып табылады. Оқушының
сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оқушының ойын толық, дәл, анық
жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Бұлардың әрқайсысы өте өзекті мәселелер,
олар қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің негізгі объектісі.
Оқушыларға қазақ тілін үйрету барысында қазақ тілінің дыбыстық
ерекшеліктерін үйретудің маңызы үлкен. Оқушы дыбыстарды дұрыс айта білу
арқылы түсінікті сөйлеуге үйренеді. Зерттеушілер бұл туралы: «Қазақ тіліндегі
дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес,
бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет етеді. Өйткені сабақта
мұғалім тек дыбыстардың айтылуымен ғана шектелсе, сөйлеуді үйрету
мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз дыбыстардың ерекшелігін сөз ішінде,
буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың
қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін
пайдаланады» [15]. Демек, оқушы дыбыстардың дұрыс айтылуын, жазылуын
меңгере отырып оны тұрақты дағдыға айналдыруы тиіс. Сондай-ақ мұғалім
оқушылардың фонетикалық дағдыларын тұрақты дамытып отыруы қажет.
Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, біріншіден тілдің лексикалық,
грамматикалық білім нормаларын меңгертуге байланысты болса, екіншіден,
сөйлеу дағдылары сөйлеу әрекетінің оқылым, тыңдалым, айтылым жазылым
түрлерімен байланысты болады. Қазақ тілінің сөздік құрамын меңгеру,
лексикалық қор арқылы тілді үйреніп, еркін сөйлеу мектепте лексика курсын
оқыту барысында жүзге асырылады. Тіл үйренуші оқушыға жаңа сөздерді
меңгертудің жолдары көп десек, профессор З.С. Күзекова оларды былай
топтастырады:
1. Сөздерді көрнекі құралдар арқылы меңгерту;
2. Жаңа сөздерді контекст арқылы түсіндіру;
3. Синонимдер арқылы түсіндіру;
4. Антонимдер арқылы түсіндіру;
5. Туынды сөздердің жасалуын талдау арқылы түсіндіру;
6. Сөздерді олардың мағынасына сипаттама беру арқылы түсіндіру;
7. Жаңа сөзді санақ (перечисление) арқылы түсіндіру;
8. Сөзді ана тіліне аудару арқылы түсіндіру [16] .
Осы айтылған әдістерді оқушыға меңгертудегі интерактивті әдістердің бірі
кластер, диаграмма, мақсатты оқылым, сурет, сызба, қозғалыстағы көріністар
және басқалар. Кластер тәсілін қолдану оқушының танымдық түсінігін
кеңейтіп, ойлау мен есте сақтау қабілетін дамытады. Мұғалім тақтаға белгілі
17
бір тақырыпты (кілт сөзді) жазады. Оқушылардың да дәптерлеріне осылай
жазып, осы сөздің төңірегінде ойланып, сөйлемдер жазуын сұрайды. Одан әрі
оқушылар топтық жұмыс арқылы бір-бірлерімен пікір алысып, берілген
тақырыпты талқылап, тақырыптың мазмұнын ашады. Оқушы сөздерді түсіну
арқылы тілдің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын түсінеді, сөздерді
орнымен қолдана білуге дағдыланады. Интерактивті тапсырмалар түрі өте көп,
оның барлығы мұғалімнің шығармашылық қабілетіне байланыс ты
қолданылады. Әдіскерлер дидактикалық ойындардың да балалардың қазақша
сөйлеп, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдесетінін айтады:
«Дидактикалық ойындар барысында оқушылар диалог және монолог арқылы
бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Қазақ тілін дидактикалық ойындар
арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертудің негізгі мақсаты – сөйлесім
әрекетінің түрлері арқылы әдеби нормада өз ойын түсінікті, сауатты, дұрыс
жеткізуге үйрету. Сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы оқушыны, біріншіден
қазақ тілінен игерген білімдері мен біліктерін тәжірибеде қолдана алуға,
екіншіден, өзіндік пікірі, көзқарасы бар жеке тұлға ретінде қалыптастыруға,
үшіншіден, тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сөйлеу
нормаларын сақтауға дағдыландыруға болады» [10]. Демек, бұл тәсілдер
арқылы оқушыларды диалогты және монологты сөйлеуге үйрете отырып
олардың тілдік қатынаста өзінің дауыс ырғағына, сөйлеу мәнеріне көңіл бөліп,
жұптағы серіктесінің сөйлеген сөзіне мән беріп, сөйлеу тілін жетілдіруіне
көмектеседі. Лексикалық материалдарды меңгеру оқушылардан оларды
бірнеше рет қайталауды талап етеді. Ал бұл бір сарындылықтан оқушылар
жалығып кетеді.
Әдіскер-ғалымдардың пікірінше: «Применение игрового метода обучения
способствует выполнению важных задач по обучению иноязычной лексики: 1)
Создание психологической готовности учащихся к речевому общению. 2)
Обеспечение естественной необходимости многократного повторения ими
лексического материала 3) Тренировку учащихся в выборе нужного речевого
варианта, что является подготовкой к спонтанной речи» [17]. Оқушылардың
лексикалық дағдыларын қалыптастырудың бір жолы қиындығы шектеулі
жаттығуларды пайдалану болып табылады. Бұл жаттығулар оқушылардың тіл
үйренудегі қызығушылығын туғызу мақсатында ойын жаттығулары түрінде
немесе жағдаяттық тапсырмалар түрінде болуы мүмкін. Оқушылар
тапсырмалардың барлығын топпен немесе ұжымдық жұмыс түрінде іске
асырады. «Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз – үйренушінің бүкіл
топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасу арқылы олардың екеу ара
бірін-бірі үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен екіншісінің үйренуі, пікір
алысуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым
мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге
асуы» [18]. Мысалы: 1) «Жарыс» ойыны. Сипаттамасы: екі кезеңнен тұрады.
Оқушылар екі-екіден жұппен ойнайды. Бірінші кезеңде оқушылар берілген
тақырып бойынша қаншалықты жаза алғанынша сөздер жазады. Екінші кезеңде
осы берілген сөздермен диалог құрастырады. Мұғалім оқушылардың
лексикалық қорын дамыту мақсатындағы жүргізетін жаттығулар түрін
18
шығармашылық тұрғыдан, топтың деңгейіне қарап қарастырғаны жөн. Бұл әдіс
мәтінді меңгертуде маңызды. Интерактивті оқытудың тиімді әдістерінің бірі –
катысым. Профессор Ф.Ш. Оразбаеваның пікірінше: «сөз жеке сөздікте
тұрғанда – тілдік тұлға да, сөйлем құрамында, тексте қолданылғанда –
қатысымдық тұлға болып табылады». [19]. Егер оқушы берілген сөздерді,
грамматикалық тұлғаларды жатқа біліп, оны сөйлеуде пайдалана алмаса, онда
сабақтың мақсаты орындалмағаны. Бүгінгі таңда қазақ тілін оқытудың жаңа
технологиясы осы тілдің қатысымдық қызметін ескере отырып іске асырылады.
Қазақ тілін орыс мектептерінде қатысымдық әдіс арқылы оқыту жүйесінде
әдіскер-ғалым Ф.Ш. Оразбаеваның мынандай ұстанымын келтіруді жөн
санадық:
Тіке байланыс ұстанымы сабақ үстінде ғана емес, өмірде де жүріп
жатады. Тіке байланыс ұстанымының ерекшелігі – кез келген жағдайды, ортаны
дұрыс пайдаланып, барлық уақытта ойға оралған пікірді сыртқа шығарып айта
білу және оған қатысты жауап алу. Сөйтіп сөйлесу мен түсінісуге жол табу.
Адамның жеке қабілетін ескеру жөніндегі ұстаным тіке байланыс
ұстанымына негізделеді. Бұл қағида оқыту әдісінде тіл үйренушінің жеке
басына тән барлық қасиеттерді психологиялық, педагогикалық тұрғыдан
зерттеуге және онымен үнемі санасып отыруға негізделеді. Барлық оқыту
жүйесі оқушының зердесіне, ынтасына, қабілетіне қарай бейімделеді. Мысалы
тілге бейім оқушыға қосымша қызықты тапсырмалар беру, өз бетінше белгілі
бір тақырыпты меңгерудің бағыттарын ұсыну, мәтіндерді жаңа сөздермен
толықтырып, ізденіс арқылы жаңарту т.б. осы сияқты жұмыстарды орындатуға
болады.
Сатылап даму ұстанымы бойынша адам мен адамның тіке байланысы да,
оқушының жеке қабілетін ескеру де, сөйлеуге үйрету де жүргізілетін жұмыстың
түрлері де бірте-бірте жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, аздан көпке
т.б. сатылап өсуүстінде болу керек. Мысалы мұғалім мәтінді оқи отырып,
алдымен оқушыларға түсінікті сөздерді бөліп алып оларға жаңа сөз тіркестерін
ойлап табуды тапсырады. Оқушылар мәтіндегі өздеріне таныс сөздермен өз сөз
байлықтары арқылы, яғни өздері білетін сөздер арқылы тіркестер құрастырады.
Енді айтылған тіркестермен сөйлем құрау іс жүзіне асырылады.
Өзектілік ұстанымы барлық тіл үйрету мен оқыту жүйесінің ең басты
мақсатқа – тілдік қарым-қатынасқа бағынуын талап ете келіп, сабақ беру
жолдарының әрқайсысы ортақ бір өзек болатын қағидаға сүйенуін қажет етеді.
Әр сабақ үстінде өтілетін тақырыптар, істелетін жұмыстар, сөйлесу
жаттығулары мен тапсырмалар т.б. – бәрі сөйлесімді жүзеге асыратын шешімге
келіп тірелуі керек [15].
Әдіскер-ғалымдардың пікірінше, қазақ тілін оқытуды жандандыру үшін
тілдік және қатысымдық қатынастарды қатар қалыптастыру қажет. «Мұндай
жағдайда оқушылар теориялық материалды алдын ала жаттамайды. Олар оны
алдында тұрған ассоциативтік интерпретатормен жұмыс жасау барысында
түсініп, оған анықтама сөздерді шығарады. Мұндай ассоциативтік
интерпретаторларға тірек схемалар жатады. Тірек схема дегеніміз – қазақ тілін
меңгерту барысында оқушылар мен мұғалімнің уақытын үнемдеуге,
19
оқушылардың танымдық, логикалық қабілетін дамытуға аз күш жұмсай
отырып, терең де көп білім меңгеруге жағдай жасайтын белгілер» [18]. Демек,
тірек схемаларды қолдану оқушылардың ойлау қабілетін ұштап, лексика-
грамматикалық материалдарды тез, өнімді игертуге мүмкіндік береді. Қатысым
оқушының топтық немесе жұптық әрекеті негізінде жүзеге асады. Ынтымақтаса
оқыту әдістерінің бірі оқушының «Бірге оқимыз» ұраны бойынша жұмыс істеуі.
Сыныптағы оқушылар 2-3 жұпқа бөлініп, бір жаңа тақырыптың бөлігі болатын
тапсырмалармен жұмыс істейді. Осы интерактивті тәсілдің негізінде оқушылар
біріге отырып тақырыптың мазмұнын толық ашады. Бұл әдісті сөйлеу
әрекетінің барлық түрі бойынша қолдануға болады. Бұл әдіс оқушыларды тілдік
әрекет түрлерінің қалыптасып, дамуына, түрлі танымдық, шығармашылық
мақсатқа жетуіне, сөйлеу мәдениетінің дамуына машақтандырады. Сондай-ақ
ұжымдық әдіс арқылы оқушының жеке мүмкіндігі ескеріліп, белсенділігі өседі.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың даму кезеңінде
оқушыларды білімді, жаңа технологияларды меңгерген азамат етіп тәрбиелеу
мұғалімнің басты міндеті. Білім ошақтарын заманауи ақпарттық
технологиялармен жабдықтау, интерактивті тақталармен, аудио -видео
құралдарымен, мультимедиалық кабинеттермен, арнайы пәндерден
электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты мәселесі.
Мұғалім интерактивті тақтаны пайдаланудың арқасында шәкірттердің
қызығушылыған туғыза отырып, сабағының қызықты, мазмұнды өтуіне ықпал
етеді. Бұл оқушының сабақ тақырыптарына байланысты өз бетінше ізденуіне,
шығармашылық жұмыспен айналысуына септігін тигізеді. Бүгінде тіл
үйренудің қатысымдық дағдысын дамыту үшін оқытудың экрандық, аудио,
визуальдық құралдары маңызды орын алады. Интерактивті тақталарды
пайдалану – интерактивті оқыту әдістерінің ең маңыздысы. Тіл үйрету
барысында интерактивті тақталарды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға
болады. Интерактивті тақталардың тіл білімінің лексика, фонетика, грамматика
салаларын меңгерту мақсатындағы жаттығу жұмыстарын, грамматикалық
материалдарды жандандыру, оқушының басқа тілді тыңдау арқылы қабылдауы
мен сауатты жазуын қалыптастыруда, елтанымдық материалдарды игеруде
пайдасы зор. Мысалы орыс мектептерінің 7 сыныпқа арналған оқулығында
«Астана» деген тақырып бар. Осы тақырыпты өту барысында алдын ала
дайындалған суреттер, қозғалыстағы көріністер, түрлі жаттығуларды
интерактивті тақта арқылы өтуге болады. Оқушы осы тақырып бойынша өз
бетінше ізденіп, түрлі слайдтар, елорда туралы қысқаша ақпарат дайындайды.
Тілді оқытып, үйрету сабақтарының басты мақсаты – біліктілік пен шеберлікті
дамыту. Бұл сабақтың мақсаты оқушының өз қаласы, еліміздің басқа қалалары
туралы түсінік-танымын кеңейтіп, сол лексикалық тақырып көлеміндегі сөздік
қорын дамыта отырып, өз бетінше жұмыс істеуді дамыту болып табылады.
Мұғалім берілген тақырыпқа тыңдалым бойынша тапсырма түрлерін беріп,
сабақты түрлендіріп, сабақты мазмұнды өткізуге болады. Тест тапсырмаларын
компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеру де маңызды. Осындай жұмыстар
арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі артып, тіл үйренуге
деген қызығушылығы дамып, өз бетінше іздену, топпен жұмыс істеу,
20
жауапкершілік қасиеті, шығармашылық қабілеттері дамиды. Интерактивті
тақтамен жұмыс сабақ материалының толық, келісімді, сабақтастықта берілуін
және оқушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білім берумен бірге оқушыны тілдік қарым-
қатынасқа даярлау міндеті қойылады. Ол баланың тілін дамыта оқыту, сөздік
қорын молайту, сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы мен ұғымы, ойы және мазмұны
арқылы оқушылардың ойында ұлттық танымды қалыптастыру. Интерактивті
оқыту әдісінің өзі мұғалім мен оқушының арасындағы өзара байланыс дейтін
болсақ, ол әрекеттер пікір алмасу, талқылау, сұрақ- жауап әрекеті және тіл
үйренушілердің сөйлеуіне көмектесетін тапсырмалар мен жаттығулар арқылы
іске асады. Мұғалім бұл тапсырмалар түрін өзінің шығармашылық қабілетіне
сәйкес түрлендіріп қолдануына болады.
Сонымен, қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы, тіл дамыту,
сөздік қорын молайту сияқты мәселелер бір-бірімен байланыста жүргізіледі.
Оқушының танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де
нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен ойдың мағынасын меңгерту және
сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрастыруға төселдіру қажет.
Соның негізінде оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеті,
икемділіктері мен дағдылары қалыптасып, нәтижесінде сөздік қоры дамып, өз
ойын белгілі жағдайда жеткізуіне мүмкіндік туады. Қорыта келгенде,
оқушылардың қатысымдық әрекет арқылы қазақша сөздік қорын молайтып,
сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру лингвистикалық білім негізінде
жүргізіледі.
21
4 Қазақ тілін орыс тілді мектептерде оқыту технологиясының
құрылымдық-жүйелік моделі
4.1 Оқытудың интерактивті әдістерінің топтастырылуы
Қазіргі педагогика баланың оқуға, өзінің танымдық қуатын ашуға, жаңа
білімді алуға үнемі талпынуға үйренуіне бағытталған. Оқу процесінің табысты
болуы мұғалімнің балалармен, балалардың бір-бірімен, әр баланың мұғаліммен,
оқушының ұжыммен өзара қарым - қатынасына байланысты.
Оқыту әдістемесі деп біз нені түсінеміз? Бұл - оқушының өзіндік ойлау
қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беретін мұғалімнің
оқушылармен жүйелі жұмыс тәсілі, білімді және ептілікті меңгеруі, оны
тәжірибеде қолдана білуі. Педагогикада оқыту әдістерін топтастырудың
бірнеше түрі бар. Дәстүрлі түрде оларды пассивті, активті және интерактивті
деп үш топқа бөледі.
Пассивті – бұл мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет ету формасы.
Мұнда мұғалім негізгі әрекет етуші тұлға және сабақ барысын басқарушы, ал
оқушылар мұғалім нұсқауына бағынатын пассивті тыңдаушылар рөлін
атқарады. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс түрлі сұрақтар, өзіндік
бақылау жұмыстары, тест жұмыстары арқылы іске асады. Заманауи
педагогикалық технология тұрғысынан алғанда, оқушылардың оқу
материалдарын меңгеруінде пассивті әдіс тиімсіз болып саналады. Бірақ өзіндік
артықшылықтары да жоқ емес. Ол мұғалімнің сабаққа оңай дайындалуына
және шектеулі уақыт аясында оқу материалдарын көбірек беруге мүмкіндік
береді. Осы артықшылықтарды есепке ала отырып, көптеген мұғалімдер басқа
әдістерге қарағанда пассивті әдісті жөн көреді.
Активті – бұл оқушы мен мұғалімнің сабақ барысындағы өзара әрекеті,
мұнда оқушылар пассивті тыңдаушы емес, сабақтың белсенді қатысушылары.
Пассивті сабақта негізгі әрекет етуші тұлға мұғалім болса, мұнда оқушы мен
мұғалім тең құқылы болады. Активті тәсіл демократиялық стилді қалайды.
Негізгі әдістері – бұл шығармашылық тапсырмалар, оқушылардың мұғалімге,
мұғалімнің оқушыларға сұрақтар қоюы.
Интерактивті оқытудың мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуі
арқылы жүзеге асатындығын біз білеміз. Мұнда мұғалім мен оқушы оқу
үрдісінің субьектісі болып табылады. Мұғалім ұйымдастырушы, топтың
көшбасшысы, ақыл-кеңес беруші, оқушы әрекетіне жағдай жасаушы қызметін
атқарады. Білімді меңгеруде, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмысын
бағалауда, талдауда оқушылар өздері жетекшілік етеді, өздерінің тәжірибесіне
сүйенеді. Мұғалім шығармашылық жұмыстарды орындау барысында тың
мәселелерді туғыза отырып, оқушылардың таным белсенділігін арттыруды
көздейді. Туындаған мәселе төңірегінде оқушылар өз пікірін, көзқарасын
білдіреді, оның дұрыстығын дәлелдейді. Оқушылардың жаңа білімі, шеберлігі
осындай тәжірибе негізінде қалыптасады. Интерактивті оқыту оқушының
22
санасына ғана әсер етіп қоймайды, олардың сезіміне, еркіне (әрекетіне,
дағдысына) жағымды әсер етеді. Ғалымдардың зерттеуі де интерактивті
тәсілдер арқылы оқушының оқу материалдарын жылдам меңгеретіндігін
дәлелдеген. Оқытудың интерактивті тәсілдері мынандай міндеттерді шешуге
көмектеседі:
– Әрбір оқушының оқу материалын меңгеру үрдісіне белсенді араласуы;
– Танымдық мотивациясын арттыру;
– Табысты қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру (бірін-бірі тыңдай
білу, сөйлесім құра білу, түсіністікпен сұрақтар қоя білу);
– Өзіндік оқу қызметінде дағдыларын дамыту: жетекші және аралық
тапсырмаларды анықтау, өз таңдауының нәтижесін алдын-ала қарастыра білу,
оны объективті бағалау;
– Лидерлік қасиетін тәрбиелеу;
– Топпен және топ ішінде жұмыс істей алу;
– Біріккен және жеке қызметте жетістіктерге жету үшін жауапкершілікті
сезіну.
Оқытудың интерактивті әдістерінің көпшілігі бірнеше тәсілдердің күрделі
өрілуі болып табылатындықтан оларды топтастыру өте қиын. Қай әдісті
қолдану түрлі себептерге: сабақтың мақсатына, қатысушылар мен мұғалімнің
тәжірибесіне, олардың талғамына байланысты. Көптеген әдістердің атауының
шартты түрде екендігін де айта кеткен жөн. Бір ғана атау бірнеше мазмұнды
белгілеу үшін жиі қолданылса, керісінше бір ғана әдіс түрлі атаулармен
кездеседі.
– Шығармашылық тапсырмалар.
– Шағын топтармен жұмыс.
– Ойындар (рөлдік, іскери, білімдік).
– Сергітулер (разминки различного рода).
– Мәселелерді шешу және талқылау (жобалау әдісі, пікірсайыс, зерттеу).
– Жаңа материалды үйрену және бекіту (оқушы мұғалім рөлінде, көрнекі
құралдармен жұмыс, практикалық сабақтар).
– Әлеуметтік жобалар (жарыстар, спектакльдер, қойылымдар, көрмелер).
– Қоғамдық ресурстарды пайдалану (мамандарды шақыру, саяхаттар).
Оқушыларды топқа бөлу тәсілдері. Оқушыларды оқу топтарына бөлудің
бірнеше тәсілдері бар. Топ мүшелерінің тізімін алдын ала анықтап, іліп қоюға
болады. Оқушыларды топқа бөлудің ең қарапайым жолы – «бір», «екі»
сандарымен санату. Бір санын атағандар бірінші топты, екі санын атағандар
екінші топты құрайды. Сандардың орнына түстерді немесе жыл мезгілдерін т.б.
атауға болады. Енді бір жолы оқушылардың көзқарастары мен ұстанымдары
бойынша (өз қалауымен) құрауға болады. Қажетті уақыт бойы топ құрамының
тұрақты сақталуы оқушылардың топпен жұмыс істеуде жетістікке жету
шеберліктерін шыңдайды. Интерактивті оқытуда тұрақты топ болмайды, олар
үнемі ауысып отырады. Ал топ құрамының ауысуы барлық оқушыларға әртүрлі
адамдармен жұмыс істеуге және оларды тануға мүмкіндік береді. Топты құра
23
отырып, мынандай жағдайларға көңіл бөліңіз: оқушылардың топтық жұмысты
орындауға білімі мен іскерліктерінің жететіндігіне көз жеткізіңіз. Өз
нұсқауларыңызды мейлінше анық жасаңыз. Оларды тақтаға немесе
карточкаларға жазып қойыңыз. Тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт
беріңіз. Тапсырманы басқа топтардан бұрын аяқтаған топтың немен
айналысатынын да алдын ала ойластырыңыз. Сіздің бағалау және марапаттау
тәсілдеріңіздің топтық жұмысты қолдануға қалай әсер ететінін де ойлаңыз.
Топтың күшімен жеткен жетістікті топтық марапаттаумен қамтамасыз етіңіз.
Топішілік басқару мәселесін де назардан тыс қалдырмаңыз. Егер бір оқушы
топтың жұмысы туралы есеп берсе, әділ шешім жасаңыз. Топтың әр мүшесінің
бір-бірінің құқығын қалай сыйлайтынына көңіл бөлуге тырысыңыз. Бірігіп
әрекет етуге тән жұмыс барысындағы шуларға дайын болыңыз. Шағын
топтардағы жұмыстарға тапсырма дайындау барысында әр топтан күтілетін оқу
нәтижесін ойластырыңыз.
1. Оқушыларды тапсырма түрімен олар топқа бөлінбей тұрып
таныстырыңыз.
2. Тапсырманың түсінікті екендігін оқушылармен бірге талқылаңыз.
3. Топта жұмыс істеу ережесін естеріне түсіріңіз.
Интерактивіті оқыту әдістері мынандай мүмкіндіктер туғызады (1-сурет):
1-сурет – Интерактивті оқыту әдістерінің мүмкіндіктері
Интерактивті оқыту
әдістерінің
мүмкіндіктері
Шығарма-
шылық пен
қиял
Білімнің
беріктігі
Коммуни-
кативтілік
Сөз
бостандығы
Белсенді
өмірлік
ұстаным
Командалық
рух
24
Интерактивті әдістер жетістікке жетудің сенімді тәсілі болып саналады.
Оқушылардың табысқа жетуіне жағдай жасау. Интерактивті оқыту –
танымдық әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол нақты және
болжанған мақсаттарды көздейді. Осындай мақсаттардың бірі – оқушы өзінің
табыстылығын, ой-өресінің қаншалықты биіктігін сезіне алатындай, оқуға
жайлы жағдай жасау. Интерактивті оқытудың мәнісі – оқу үдерісін барлық
оқушыларды практикалық тұрғыда таным үдерісіне жұмылдыратындай етіп
ұйымдастыруда. Оқушылардың таным үдерісінде бірлесе әрекет етуі, оқу
материалын меңгеруі бұл үдеріске әрқайсысының өзіндік жеке дара үлесін
қосатындығын, білімдерімен, идеяларымен, әрекет тәсілдерімен бөлісетіндігін
білдіреді. Бұл оқушылардың жаңа білім алып қана қоймай, танымдық
әрекеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатындай бір-біріне тілектестік, бірін-бірі
өзара қолдау жағдайында өтеді және бірлесу мен ынтымақтастықтың аса
жоғары формасына айналады.
Қуаныш және оған бөлену сәтін күту оқушының өмірі мен оның әрекетінде
үнемі орын алуы тиіс. Тіпті ересек адамдар үшін де қуанышты сәтті күту –
оның ісінің алға жылжуының қайнар көзі болып табылады. Қуанышқа адам
табысқа қол жеткізгенде бөленеді және ол адамды қанаттандырады. «Дефицит
радости познания порожден дефицитом радости преподавания» [20].
Сондықтан мұғалім әрекетінің мәні – әр тәрбиеленушінің табысқа жетуіне
жағдай жасау. Олардың әрқайсысының өз табысына қуануына, өз мүмкіндігін
сезінуіне, өзіне сенуіне мүмкіндік жасауы керек. Баланың табысқа жету
жолындағы бір сәттік күйзелісі оның психологииялық көңіл күйін түп -
тамырымен өзгертуі де, тұлғаның болашақ іс -әрекетінің, қиындықтарға қарсы
күш қуатының, оқуға деген құштарлығының артуының қозғаушы тетігі болуы
да мүмкін. Оқушылардың табысқа жетуінің шарттары:
1) Айналасындағылардың тілектестігі: оқушылардың жайғасуы, бір - біріне
күлімдеп, достық қатынаста болуы, тапсырманың орындалуы мен күтілетін
нәтижеге деген қызығушылық – осының бәрі психологиялық қыспақты жойып,
сәтсіздік қорқынышын азайтып, субьектінің белсенділігін арттырады.
Субьектінің белсенділігін «Бұл бізге өте қажет, өйткені...», «Бұл сен үшін өте
маңызды, өйткені ...» деген сөздермен арттырып отыру керек. Оқушы
әрекетінің маңыздылығын баса айту тұлғаның өзіндік мәнін арттырып, өз
күшіне деген сенімін туғызады.
2) Қорқынышты сейілту – бұл табысқа жетуді көздейтін және сәтсіздіктен
қорқатын әрбір оқушы үшін ең қажетті әрекет. Сондықтан педагог «Бұл онша
қиын емес ... Тіпті жүзеге аспаса да ештеңе етпейді, біз басқа тәсілдерді
іздейміз ...» немесе «Біз бәріміз саған көмектесеміз» дегенді айтып отыруы
керек.
3) «Жасырын нұсқау» – бұл әрекет етудің басқаша түрі, яғни адамға
бүркеме көмек көрсету. Мұнда оқушы толықтай өзінің ресурстарына сүйене
отырып, ешқандай көмексіз жұмыс істеуге үйренуі тиіс. Тәжірибесі, икемі
болмағандықтан алғашында істей алмауы да мүмкін. Педагог мұндай жағдайда:
25
«Есіңде ме, әрине, мынадан бастау керек...», «Мына жағынан кіріскен
ыңғайлы...» немесе «Мұнде ең бастысы... » деген сөздермен қолдау көрсетеді.
Жасырын нұсқау оқушы санасына елес береді, ол өз әрекетінің барысына
қажетті картинаны көреді. Аталмыш елес субьектінің өзіндік қадам жасауына
негіз болады.
4) Достық жағымды берік қатынас – бұл адамның әлі ашылмаған жақсы
жақтарының айналасындағылар арқылы ашылуына негіз болады. Мысалы;
«Сендей ақылды (күшті) адамның қолынан бәрі келеді» деген сияқты сөздермен
қасындағылардың демеу көрсетуі.
5) «Жеке ерекшелік»: бұл операция «Тек сенің ғана қолыңнан келеді...., біз
саған ғана үлкен сенім артамыз» деген сөздер арқылы субьектінің
жауапкершілігін арттырып, тез әрекет етуіне ықпал етеді.
6) Педагогикалық иландыру - тәрбиеленушіні сендіру, нандыру тәсілі. Бұл
көп жағдайда бүтіндей педагогикалық шеберлікке байланысты.
7) Педагогикалық операция жүйесі бала әрекетінің нәтижесін бағалаумен
аяқталады. Ол баланың жеткен табысына қаншалықты қу анғанын анықтайды.
Бағалау тұтастай емес, нақты болуы керек. «Маған көбірек ұнағаны, сенің...»,
«Әсіресе саған орайы келгені...», «Мына көрініс таңқалдырды...» деген
мадақтаулар арқылы әр оқушының жетістігін жеке дара бағалаған дұрыс.
Білім берудің инновациялық технологиялары мұғалімнен терең теориялық,
психологиялық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, оқушылардың
жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Инновациялық
технологиялар оқытудың интерактивті әдістерін ұтымды қолдану мен
байланысты.
Оқушылар белгілі тақырыпта сұхбаттаса отырып, нәтижесінде сыни
ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі
мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешім
қабылдауды, пікірсайысқа қатысуды, кез келген тілдік ортада интерактивті
қатысым жасауды үйренеді. Интерактивті оқыту технологиясы орыс
мектептерінде қазақ тілін оқытуда коммуникативтік-танымдық құзіреттілігін
дамыту бағытын ұсынады. Қазақ тілін интерактивті оқыту субъектілерінің бір-
бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста, бір бағытта бірлесе отырып өнімді
еңбектенуі, эмоционалдық және рухани құндылықтарының үндесуі негізінде
сипатталады. Тіл үйретудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда, интерактивті
оқыту технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы оқу әрекеті кезектесіп
ұйымдастырылады: мұғалім белсенділігі қазақ тілін үйренуші оқушының
белсенділігіне орын береді. Мұғалім тарапынан ұсынылатын деңгейлік
тапсырмалар олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Тіл үйрету сабақтарында интерактивті қатысым жасауға бағытталған жеке,
жұптық және топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылады, интерактивті ойындар
қолданылады, түрлі ақпараттармен шығармашылық жұмыс жасайды.
Интерактивті оқыту технологиясы мұғалімнің жоспарлы ұйымдасқан
жетекшілігі арқылы тіл үйренушілердің тілдік бірліктерді меңгеріп, оны тілдік
26
коммуникацияда орынды қолдана білу нәтижесін жетілдіреді. Мұғалім
оқушыларды екі немесе бірнеше топқа бөліп, әр топтың белгілі бір тілдік
жағдаятқа дискурс жүргізуін ұйымдастырады. Екі оқушының өзара сұхбатына
басқа да оқушылар қатысып, сұхбаттың мазмұнды, қызықты әрі көңілді
ұйымдастырылуына ат салысады. Сұхбатқа қарсы топтың мүшелері өздерінің
сұрақтары мен ұсыныстарын, тақырыпқа қатысты тың деректерін білдіре
алады. Сөйтіп диалог, полилогқа айналуы мүмкін. Бұл оқушылардың сөйлеу
мәдениетін жетілдіріп, тілді меңгерудің қиындығын жеңілдетуге көмектеседі.
Оқушылардың тілді меңгеру қабілеті әртүрлі. Сондықтан мұғалім жеке
деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. Топтық әрекетте артта қалмас үшін тілді
жоғары деңгейде меңгерген оқушылар білімі төмен достарына көмектеседі.
Интерактивті оқыту технологиясы тілді меңгеруді бірігіп шешуді үйретеді.
Сонымен қатар оқушылардың бір-бірімен достық қарым - қатынаста болуын
қамтамасыз етеді. Қазақ тілін интерактивті оқыту техно логиясының
дидактикалық, психологиялық талаптар негізінде ұйымдастырылуы мұғалімнің
шеберлігіне байланысты.
27
4.2 Сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің интерактивті әдістері
Интерактивті оқыту әдістері белгілі бір заңдылықтары мен ерекшеліктері
бар белсенді оқу түрі. Интерактивті оқыту әдістерінің негізінде сабақ
барысындағы мұғалім мен оқушының және оқушылардың өзара
ынтымақтастықтағы әрекеті жүзеге асады. Оқушының жұптағы, ұжымдағы тіл
үйрену іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім оқушысын
пәнге қызықтыра отырып, сабаққа ынтасын арттырып, білім дағдыларын,
қазақша ойлау қабілетін дамытып отыруы қажет.
Қазақ тілі сабағындағы интерактивті оқытудың басты тиімділігі мұғалімге
оқу үдерісін түбегейлі өзгертуге, дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың
белсенді формаларын қолдануға мүмкіндік береді. Интерактивті оқыту
әдістерінің негізгі принциптері деп төмендегілерді көрсетуге болады:
• Лексикалық (оқу терминдерін, кәсіби лексиканы, шартты түсініктерді
мұқият таңдау);
• Рөлдік (оқушының түрлі рөлдерді орындауға қатысты қызметін
практикалық мысалдар арқылы жан-жақты талдау);
• Көзбен шолу (оқушылардың барлығын көзбен көре отырып, берілген
тапсырмаларды орындауын қадағалап отыру);
• Өзін-өзі басқару (әр сабақта оқушылардың біреуі жетекшілік жасап,
тапсырмалардың орындалуына бастамашыл болады);
• Мультимедиалық (сабақта презентация, слайдтар, фильмдер, роликтер,
бейнеклиптер және тағы басқа техникалық құралдарды белсенді пайдалану);
• Интерактивті тақтаның көмегімен оқу материалдарын көрсету;
• Психологиялық климаттың болуы (мұғалімнің топтағы белсенді қарым-
қатынасты тұрақты түрде қолдап отыруы, талқылау кезінде оқушылардың
арасында жағымды әрекет туғызу).
Айтылым – адамдардың бір-бірімен тілдесуі барысында өз ойын, пікірін
жеткізуі. Сөйлем әрекетінің айтылым түрі қатысым әрекеті арқылы іске асады.
Тіл үйрену сабағында ұжымдағы, жұптағы оқу іс-әрекетін қатысымдық негізде
ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі зор. Бұл ретте мұғалім оқушының жеке
қабілетін, мінез-құлқын ескеру керек. Әр оқушының ойлау қабілеті, білімі,
жылдамдығы, ақпаратты меңгеруі бірдей емес. Бұл туралы профессор Ф.Ш.
Оразбаеваның пайымдауы мұғалімге де, оқушыға да пайдалы. «Сөйлесуге
үйретуде мұғалімге оқушының жеке басына тән өзіндік қасиеттерін, мінез-
құлқы мен қабілетін үнемі ескеріп отыруға тура келеді. Мұның өзі әр
оқушымен жеке-дара жұмыс істеуге, әрқайсысымен қарым-қатынаста болуға
мәжбүр етеді. Сөйлеуге үйрету – айтылар ойдың түпкі мақсатын анықтап
алумен тығыз байланысты, өйткені сөйлеу кезінде сөйлемдер қалай болса
солай, бет алды айтыла берсе, ой жүйесіз, түсініксіз болады. Түсініксіз, жүйесіз
айтылған сөз қарым-қатынас тудырмайды. Сондықтан екінші біреуге арнап
айтылған ауызша сөйлеу оған түсінікті болу үшін, белгілі бір мақсатты
қатысымдық мақсат деп есептей отырып, тілдік қарым-қатынастың сапалы
28
орындалуына себін тигізетіндігін ескерген жөн» [15]. Демек, оқушының жеке
қасиеттерін ескере отырып жұмыс істеу өз нәтижесін бермек. Айтылым
оқушының өз ойын, алған ақпаратын жүйелеп, екінші адаммен ұғынысуға,
қарым-қатынас жасауға үйрету дедік. Айтылым әрекетін жүзеге асырудағы
қолданылатын интерактивті әдістердің барлығы ұжымдық, жұптық әрекет
арқылы іске асады. Жұптық, ұжымдық әрекеттегі қатысымдық әдіс арқылы
тілдік әрекеттің барлық түріне жаттығады. Айтылым әрекетінде қатысымдық
ойындар, түрлі пікірталас, тақырыпқа сәйкес жағдаяттық тапсырмалар,
проблемалық сұрақтар, топтағы полилогты, жұптағы диалогты ұйымдастыруға
болады. Оқушылар осы тапсырмаларды бірлесе талқылап, орындау кезінде бір-
бірімен қатысымдық әрекетке түседі. Оқушы ақпарат алып қана қоймайды,
практикалық сөйлеуге дағдыланады, өз ойын түсінікті жеткізуге, қарсы
сөйлеушінің сұрағын, пікірін бірден түсініп, жылдам жауап беруге үйренеді,
сондай-ақ оқушы алғашқы күннен қазақша ойлауға, сөздікті пайдаланбай өз
пікірін жеткізуге, басқа да көмекші құралдардың көмегінсіз еркін сөйлеуге
үйренеді. Ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге қалыптасады, мұнда ақпарат беруші
де, алушы да білім алады.
Сонымен қатар айтылымда жеке шығармашылық жұмыс түріне де
интерактивті тұрғыдан көңіл бөлінеді. Мәселен, жобалар жасау әдісі бойынша
талқылауға белгілі бір көлемді тақырып беріледі. Оқушыларға кітапханаға
барып қосымша ақпарат алуға, тақырып бойынша бұқаралық ақпарат
құралдарынан мақалалар, суреттер қарастырып, алынған мәліметтерін топ
болып талқылап, жоба жасайды. Бұл әдісте интерактивті тақта, компьютер
арқылы түрлі слайдтар, бейнефильмдер, роликтер көрсетуге болады. Мұның өзі
оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық тұрғыдан ізденуге,
берілген тақырыптың көлемінде сөздік қорының молаюына, өз көзқарасын
еркін жеткізуге машықтандырады.
Тыңдалым – оқушыларды есту арқылы қабылдаған ақпаратты түсініп,
жинақтап, соған сәйкес сөзінің жауабын айта білуге үйрететін тілдік
қатысымның күрделі түрі. Тыңдалымда оқушының есту дағдысы ескеріледі.
Әдіскерлер тыңдалымды меңгерудің мынадай қағидаларын ұсынады:
«Тыңдалымды жете меңгеру оған қатысты мынадай белгілерді үйретумен
байланысты:
1. Басқа дыбыстардан тілдік дыбыс толқынын, олардың ерекшеліктерін
ажырата білу;
2. Аудиолық тілдік тұлғалардың мағынасы мәнін дұрыс қабылдай білу;
3. Мәтіннен қажетті деректі тауып, пайдалана білу;
4. Тыңдалымға қатысты негізгі көрсеткіштерді жан-жақты меңгеру» [15].
Тыңдалым арқылы оқушыға сөздердің дұрыс айтылуын, мәнерлеп оқуды,
грамматикалық және лексикалық дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Оқушының қазақ тілін тыңдалым арқылы қабылдап, түсінуінің нәтижелі
болуын анықтайтын факторлар:
1. Тілдік хабардың қарқыны тілдік материалды нақты және жылдам
29
түсінуді ғана емес, есте сақтау қабілетін де анықтайды.
2. Тыңдалымның нәтижелі болуы тілдік хабардың көлемі және оны тыңдау
уақытына да байланысты. Мәтін көлемі оқушының тілді қаншалықты
меңгеруіне қатысты, егер мәтіннің көлемі үш минуттан артық болмаса,
оқушының оны қабылдап, қорытындылауына де жеңіл болады.
Зерттеушілер сабақты мультимедиалық бағдарламасыз өткізуде оқушының
тыңдалымдық бірліктерін дамытуда мынадай әдістерді қолдануды ұсынады:
«оқытуды ұйымдастырудың (топтық, ұжымдық) әдісі, ақпаратты берудің
аудиолық әдісі, көрнекілік әдісі, диалог әдісі, полилог, т.б. Бұл кезеңдегі
оқушыларға тыңдалуға ұсынылатын мәтін мультимедиалық бағдарламадағы
мәтінге байланысты таңдалып алынады және ол диалогтық сипатта болып,
аудиотаспадан тыңдатылады. Бұл сол тілдік серіктестер топтарына (жұптарына)
тыңдалған мәтінді түсініп-қабылдауға байланысты жұмыстар түрлендіріліп
берілді. Жұмысты оқушылар топта (жұпта) өзара ақылдаса, ойласа отырып
орындады. Жұмысты бұлайша орындау арқылы оқушылар, біріншіден, бір-
бірімен өзара әрекет етіп, коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі; екіншіден,
бірінің білмегенін бірі толықтыра отырып, бір-бірінен үйренеді; үшіншіден,
топтасып, ұйымдасып жұмыс жасауға дағдыланады. Топтағы (жұптағы) жұмыс
барысында берілген мәтін мазмұнын талдау, саралау, жіктеу негізінде ойлау
операциялары орындалып, нәтижесінде мәтін мазмұнын түсініп -қабылдау
жүзеге асырылады» [21] Осы пікірді негізге алып, ақпаратты берудің аудиолық
әдісін қолданып, оқушыларға тыңдалған мәтін негізінде мынадай тапсырмалар
орындатуға болады.
1 мәтін. Тыңдаңыз .
Ертеде бір данышпан құмырсқаның тілін біледі екен. Дән тасып жүргенін
көріп, алақанына салып:
– Кане, құмырсқа, дәнді қайда алып барасың ? – деп сұрайды.
– Илеуіме апарамын.
– Оны қайтесің?
– Кейінге сақтаймын.
– Көп жинайсың ба?
– Жаздай жұмыс істеп, азығымды жинаймын да, қыста тынығып жатамын.
Адам құмырсқаны айналдыра қарай бастайды.
– Басың неге үлкен?
– Аз сөйлеп, көп ойлаймын.
– Белің неге қылдырықтай?
– Қомағай емеспін.
– Жылына қанша дән жейсің?
– Бір дән жеймін.
– Соған қанағат етесің бе?
– Одан көп жей берсем, жер бетіндегі құмырсқалар аш қалмай ма? Қанағат
керек қой.
30