Материалдар / Ұстаз болу - жүректің батырлғы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз болу - жүректің батырлғы

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптесім туралы, үлгілі істері туралы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2018
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз болу - жүректің батырлығы

Ұстаз деген ардақты жандарға арнап қаншама әдемі өлең жолдары тізілсе де , мақтау сөздер айтылса да, әндер шырқалса да көптік етпейді. Өмір талаптарына сәйкес, жас толқын ағынымен бірге әр кезеңге жаңарып, жасарып, үздіксіз білім алып отыратын мамандық иелері – ұстаздар. Тұманбай ақын айтқандай: «Ұстаз болу үшін батырлық, білімділік, көрегендік пен жан дүниесі мықты болуы және көптеген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі маңызды,» - деген. Мұғалім он бір жыл бойы тәлім мен тәрбие берген әрбір шәкіртіне өз жүрегінің бір бөлігін беретіні айтпаса да түсінікті. Осындай қиындығы мен қуанышы қатар жүретін мамандықты таңдап, меңгеру кез келген адамның қолынан келмейді.

Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебінде, кәрі шаңырағымызда, ұстаздыққа өмірін сарп еткен көптеген ұстаз аға - апаларымыз жетерлік. Менің сөз еткелі отырған әріптесім - тәжірибелі маман , бойына ұстаздық шеберлік пен білікті жиған, бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі, шәкірттерінің сүйікті ұстазы, әріптестерінің арасында сыйлы апайымыз Қарайдарова Фариза Орынбасарқызы сондай асыл жандардың бірі. Фариза апайымыз 2001 – 2006 жылдары Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетін бітіріп,алғашқы еңбек жолын Үстірт селосындағы Махутов мектебінде бастады. Жас маман бола жүріп, көптеген сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иемденді, қоғамдық шараларға да белсене ат салысты.

2003 жылы Бейнеу селосындағы Бейнеу орта мектебінде қызметін жалғастырды. 2011 жылдан бері Ж. Қалдығараев мектебінде ұстаздық ете бастады. Ұстаздыққа табиғатынан бейім Фариза апай - өте шығармашыл жан, өз ісінің маманы, бойындағы адамгершілік игі қасиеттерімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Пәнге қатысты әр түрлі әдіс – тәсілдерді меңгерген шебер ұстаз еңбексүйгіштік қасиетімен ерекшеленеді.

2016 жылы облыстық ББҰ орталығында «Оқыту және оқу» тақырыбында біліктілікті көтеру курсында оқып, жоғары нәтижемен сертификат иемденді. Жаңа форматтағы сабақтарды өткізу шеберлігін байытып, АКТ – ны өте жоғары деңгейде қолдану дағдысын қалыптастырды.

Фариза апай – үлгілі жақтарымен жас мамандар толқынына өнеге көрсетіп жүрген беделді ұстаз. Мектебіміздегі математика пәні бірлестігін басқара жүріп, көптеген тың идеяларды ортаға салып, үлгі боларлықтай апталықтарды ұйымдастыра білді.

Сынып жетекшісі қызметін де қатар ала жүріп, оқушыларын жауапкершілігі мол, талпынысқа құштар, белсенді жеке тұлға ретінде тәрбиелеп келе жатқан мейірімді жетекші ешқашан шаршаған кейіп көрсеткен емес. «Ұстаздан шәкірт озады» демекші, оқушыларының да бағындырған белестері мен алған асулары ауыз толтырып айтарлықтай.

Апайдың пәнге қатысты мақалалары мен сабақтары облыстық және республикалық баспасөз беттерінде жарық көріп тұрады. Интернет сайттарға да түрлі тақырыптағы жаңа форматты сабақтарды жариялап отырады. Фариза апай интернет олимпиадалардан жүлделі орындарды иемденіп жүр.

Ұжымда сыйлы әріптесіміз - әрқашан жанашыр, дос, ақылшы. Бұл кісі әрдайым көтеріңкі көңіл күймен жүретіндіктен айналасындағыларға да позитивті энергия таратып жүреді. Отбасында 5 баланың анасы, аяулы жар бола білген апайымыз бала тәрбиесін қашанда жоғары қояды.

Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білетін болуы қажет, осы қасиеттерді өз бойына сіңіре білген апайымыз жайында әңгіме реті осылай. Фариза апай, әрдайым адал еңбегіңіз еленіп ,берген біліміңіз шәкірт жүрегінен орын алсын, шығармашылық шабытыңыз ортаймасын, биік шыңдардан жасындай жарқылдай беріңіз! Ойлы да ынталы, мақсатына жол таба білген тәрбиелі шәкірттеріңіз көп болғай!

Күн сәулесі жүзіңізден табылған,

Шәкірттер бар білім нәрін ұғынған.

Мәртебеңіз биік болып ,ұстаздар,

Орындалсын игі тілек армандар!





Ж. Қалдығараев мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Нуртаева Зауре Изтургановна

Моя первая учительница!

Я в шесть лет пошла в школу в ручку с мамой, и на пороге школы встретила милая и добрая учительница - Нурмухамедова Шолпан Кайратовна. Она была так мила с детьми, так с интересном учились и играли и никогда не уставали. Она научила читать, писать, считать, петь, рисовать и творить интересные вещи, воспитывала нас в добрые качества. Я начинала учиться на отлично с первых же дней . Песенки которые она научила нам я все еще помню, так как сейчас учаться мои младшие сестренки, и мы вместе повторяем. Мы всей семьей благодарны за ее заслуги .

Каждые праздники Шолпан Кайратовна устраивала интересные соревнования или мероприятия, и мы с увлечением участвовали и были так счастливы. Столько радости и веселья дарила нам новогодние праздники с дедом Морозом и Снегурочкой, словно в сказку попали. А в празднике 8 марта было столько счастья, когда мы поздравили своих мам и бабушек подарками сделанные своими руками, концертное представления подготвленные нами. Танцевали и пели как актеры, а родители удивленно и с любовью смотрели на нас. Я считаю, что эти яркие воспоминания стали удачным фундаментом в моей жизни!

И в старших классах я продолжила свои навыки, учиться на отлично, считаю это все благодаря моих учительниц. Со второго класса наш классный руководитель Айгуль Сапарбаевна, она тоже учила нас тому чтобы мы знали все и обо всем. Она сама проводила меня в областные олимпиады, соревнования, где я конечно же занимала первые и вторые призовые места. Каждый учебный год заканчиваю с отличием и это все заслуги моих любимых учителей. В этом учебном году наш класс заканчивает начальные классы и будем старше еще на один год и станем самостоятельными. И как бы тяжело не было нам стоит расстаться с любимой классной руководительницей и знакомиться с новой учительницей.

Они всегда радовалась вместе со мной моим достижениям, и оказывали поддержку. Спасибо вам за все, желаю чтобы вас все ученики радовали, и стали заслуженными деятелями в разных службах. Желаю творческих успехов в вашем не легком труде, никогда не уставайте, чтобы ваше здоровье было крепким и семейного счастья вам!

Абайская средняя школа

Ученица 4 «Д» класса Асанбаева Альбина

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!