Ұстаз – ұлы есім
Мақсаты: оқушыларға ұстазды
құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету, ұстаз
мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, қазақтың аса көрнекті
ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсаринның мерейтойына байланысты
өмірімен тереңірек таныстыру.
Көрнекіліктер: Презентация, қабырға газеті,
суреттер, гүлдер.
Мұғалім:
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның
алтындығы, - деп ақын Ғ. Қайырбековтың жырлағандай, сөзі маржан,
ойы дана ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине ұстаз жүгі
– ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген
сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, жауапкершіліктің және
дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін
түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес
пе?!
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға
байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» , өнегелі
ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
М. Ғабдуллин: «Мұғалім
өзінің білімділігімен, жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті
сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер
етеді» - деген.
«Ұстаз
болу өзгенің бақытын аялау, өз уақытын аямау» - ұстаздық қызметтің
бұдан артық анықтамасы болмас!
Бір баланың өмірге танымын,
оқуға құштарлығын оятып, дұрыс бағыт сілтеген ұстаздың еңбегі сол
баланың бақыты өмірімен де есептелмес! Ал біздің арамызда мұндай
ұстаздар қаншама! Сондықтан да Сәбит Мұқанов:
«Мұғалім. Бұл адамның
ардақты аты» - деп жыр жазған.
Ұстазын құрметтеген қаншама
ақындарымыз небір өлең шумақтарын өмірге әкелді. Енді сол өлең
жолдарымен ұстаздарға деген оқушылардың ықылас, пейілін
тыңдайық.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен
де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз
қандай дана! Осы орайда білім саласында аянбай тер төккен
«Ы.Алтынсарин 180 жыл» атты бейнеролик тамашалайық. Өмірбаянымен
слайд арқылы таныстыру.
Ол 1841 жылы 20 қазанда
қазіргі Қостанай облысының Торғай аумағында дүниеге келген.
Әкесінен ерте айырылған ол атасының – белгілі би Балқожаның қолында
тәрбиеленді. Туып - өскен жері — Қостанай облысының Тобыл өзенінің
жағасынан топырақ бұйырған.
Ыбырай Алтынсарин
қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында
терең із қалдырды.
Ыбырай бала кезінен
бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты.
Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды.
Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В. В Григорьевпен
жақын танысып алды.
Өзінің мінез - құлқы
жағынан Қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың
қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.
Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға
талпынды.
1860 жылы Алтынсаринге
облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары
үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен
мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық
- педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына
қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды.
Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің
пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін
біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа
мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы
ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан
интернат ашылады.
1879 - 1883 жылдар
аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк,
Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер
мектебі ашылды Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш
оқу орны болды.
Ыбырай қазақ қыздарын
оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет - салттарға
қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар
мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор
еңбегі.
Ыбырай балаларды мазмұнды
олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын
кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді.
Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны
1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты құрастырғанда
мен» – деп жазды. Қазақ даласында мектептер санының артуына
байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды.
1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі
ашылды.
Орынборда 1879 жылы Алтынсариннің тұңғыш оқу
құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті
негізінде жариялады. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» балаларға
арналған өлеңдер мен шағын әңгіме - новеллалардан құрастырды.
Олардың бірқатарын өзі жазды.
«Қазақ хрестоматиясы»
балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме - новеллалардан
құрастырылды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де
іріктеп кіргізді. Жоғарыда біз Ыбырайды аудармашы дедік. Ендеше ол
кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған? Ол Ушинский, Л.
Толстой, И. Крылов, И. Паульсонның шығармаларын қазақ тіліне
аударған.
Ыбырай Алтынсарин 1889
жылы 48 жасында қайтыс болады. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз
сөнгенімен артында мәңгі өшпес мұралары мен шәкірттері халқына
қызмет етіп келеді.
Ыбырай есімі берілген
аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның
түкпір - түкпірінде кездеседі.
Оқушылардың ұстаздарына
деген алғысы мен тілектеріне кезеқ берейік.
Оқушылар өлеңдерін оқып,
тілектерін айтады.
Жақсы адам ғана жақсы мұғалім болса, ол өз ісіңе
өзі ғана сыншы, өзі ғана жауапты. Алдындағы оқушының өміріне, сана
сезіміне, рухани өсуіне жауап беру, соны сезіну мұғалімнің
темірқазығы.
Үйрете жүріп, ізгілікке
үйренетін ұстаздарымыз көбейе берсін.