Материалдар / Ұстаздық шеберліктің көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздық шеберліктің көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұстаздарға қысқаша мәлімет беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2018
1011
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰСТАЗДЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ КӨРНІСІ

Ақтау колледжінің оқытушысы Бекбердиева Тойгул Элевсановна

Ең бірінші ұстаздық шеберліктің мазмұнын, шеберліктің жолын қарағанымыз жөн. Әр мамандықтың шеберлері болады. Шебер болу үшін өз ісін жақсы меңгеріп , әрмен қарай шыңдай білуі керек. Ұстаздық шеберлікке келетін болсақ , пәнді жақсы меңгеріп, істің мәнін біліп, балалармен тіл табысып, оқу- тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады

Ұстаз өз қызметінде үш қырынан көрінеді:

а) ұйымдастыра білу;

б) қарым-қатынас жасай білу;

в) қарым-қатынас жасай отырып ықпал ету, баланың іс-әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу.

Қолданбалы қабілет- мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ түрлі спорт, шахмат ойындарымен , көркем өнер бейнелеу өнері туындыларымен айналысып, оқушыларды қызықтыра білу тиіс.

Құра білу қабілеті-оқу-тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу мен тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, терең ойлап , педагогтік тапқырлықты дамыту. Психотерапевтик немесе перцептивті қабілет-сезім мүшелерімен қабылдау- оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті ұстаз шәкірттерде ауық-ауық болатын психикалық жағдайды.(ренжу, сабаққа дайындықсыз келу,т.б) бірден байқайды.

Педагогикалық қабілет –оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу, олардың білімін дәрежесін, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, пәнге қызығушылығын арттырып , таным белсенділігін және ойын дамыту, өз пәнін өте жақсы білу. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімі –жан-жақты ұстаз. Ол көп білуі тиіс.

Қарым-қатынастық қабілет – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері:

Біріншіден,сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Қарым-қатынастық іскерлікті тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен басқа адамды түсіне , тани білуі және өзін таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек .

Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және оларды да түсінуге үйретуі қажет.

Үшіншіден , адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда , бетбұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу, оң шешімін таба білу.

Ұйымдастырушылық қабілет-оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу, оқу мен тәрбиеге байланысты міндеттерді орындауда оқушыларға бағыт беріп , рухтандыру, белсенділермен жұмыс істей білу, оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне басшылық жасау, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу, сынып ұжымын оқушыларға педагогтік ықпал жасайтын құралға айналдыру, ұстаз өз жұмысын ұйымдастыра білу.

Рухани-эстетикалық қабілет. Қабілеттің бұл түрін де Б.Т.Лихачевтің 1998ж. Жарық көрген педагогика курсынан кездестіреміз. Мұның мәні адамның толқу сезімін, әсіресе қорқыныштан пайда болған сезімді басу қабілеті. Бұл ұстаз бен шәкірттің арасындағы байланыстан туындайды. Ұстаздың шеберлігі-әр оқушыға өзііне лайықты рөл беріп, өзі де солардың ортасынан орын алып қызмет ету.

Ұстаздық шеберліктің екінші қыры- қарым-қатынас жасай білу.

Ұстаздық қатынасты екіге бөлуге болады:

1) Іс-әрекеттегі қатынас (сабақ, іс-шара, жиналыс, т.б)

2) Жай кездегі қатынас.(сабақтан, іс-шарадан тыс уақыттағы) қатынас .

Ұстаздық шеберліктің үшінші қыры- шәкіртпен қарым-қатынастың , шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаздың шәкіртке ықпал етуінің үш жолы бар: дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу.

Үш ықпал түрін іске асыру ұстазға оңай емес. Ол үшін ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!