Материалдар / «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»

Материал туралы қысқаша түсінік
жұмысқа орналасқан жас маманға керек, өз өмірі жайлы мәлімет, тұжырым жасай алады. Өмірге қажет ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
1053
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»

«Дөңгілағаш негізгі мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қуаныш Мерейгүл Қуанышқызы

Ұстаздық – ұлы іс. Ал ұстаз деген кім? Ұстаз деген – өзінің қажеттіліктерінен шәкіртінің қажеттіліктерін жоғары қоя білетін жан. Мұғалім болу әркімнің қолынан келетін шығар, алайда ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сонда мұғалім мен ұстаздың айырмашылығы неде? Мұғалім – белгілі бір мамандық иесі. Ол арнайы жұмыс тәртібімен жұмыс істеп, істеген ісі үшін арнайы мөлшерде жалақы алады. Демек, мұғалімдіктің шегі бар. Ал ұстаз – шәкіртке біліммен қатар, өмірдің, сол өмірді дұрыс сүрудің мәнін үйрететін өмір иесі. Ұстазда арнайы жұмыс тәртібі болмайды және жалақыға жұмыс істемейді. Сонымен қатар, өзінің беру керек пәнінің кемерінде шектеліп қалмайды. Демек, ұстаздықтың шегі жоқ. Осы жерде мұғалім мен ұстаздың айырмашылығы айқындалады. Бірақ мен мұғалімдікті төмендетіп тұрғаным жоқ, тек ұстаздықтың жоғары екендігін көрсеткім келеді. Ұстаз – ұлылардың ұлысы. Ұстаздық - ұлы жол.

Мен бұл жолды енді бастадым. Әзірге мен мұғаліммін, алайда менің ұстазым бар. Мен шәкіртпін. Менің екі өмірлік ұстазым бар. Бірі – бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Сәбикеновна маған бастауыш сыныптан мұғалім болғанға дейінгі өмірлік жолымда үйреткені көп. «Бір әріп үйреткен ұстазыңа қырық жыл сәлем бер», - дейді қазақ. Ол кісі маған әріп үйретіп қана қоймай, өмір әріптерін де үйретті. Ұстазымның әр сөзі, әр ісі мен үшін үлгі-өнеге. Жоғары сыныпқа көшкенде де, студент кезімде де адамгершілікті, өмір сүрудің оңай еместігін, қиындықтарға төтеп берудің жолын сілтеп отырды. Тіпті қазір – мұғалім болған кезімде де бағыт-бағдар беріп, мен үшін жанын шүберекке түйіп, тығырықтан шығуыма қол ұшын беруден тайынған емес. Мен ол кісінің сөйлеген сөзінен емес, істеген ісінен де үлгі алам. Өзінің ұстаздық етіп келе жатқан жылдарында оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оларды өмір жолына дайындаудан еш жалыққан емес. Пәндік ұғымдарды болсын, адами ұғымдарды болсын алдындағы балаға жеткізуді мақсат тұтып, сол мақсатқа табандылықпен жетеді. Осы қасиетін мен өз бойымда көргім келеді. Оқушы үшін ғана емес, ұстаз үшін де табандылық – асыл қасиет. Мен ұстазымнан табандылықпен қатар, әділдікті, адамгершілікті, намысшылдықты, шыдамдылықты, тек алға ұмтылуды үйрендім және сол қасиеттерді алдыма келген балаларға да үйретсем деймін.

Екінші ұстазым – филология ғылымдарының докторы Еркегүл Арыққарақызы. Мен ол кісімен студент кезімде таныстым. Адамның студенттік кезі – өмірді өз бетіңмен жаңа қырынан танып, сол өмірдің ығына қай кезде жығылу керектігін үйрететін кез. Еркегүл Арыққарақызы маған сол кезден қалай өту керектігін үйреткен жан. Төрт жыл ішінде мен ол кісіден тіл білімінің қыр-сырын үйреніп қана қоймай, өмірдің де қыр-сырын үйрендім. Ұстазымның: «Мерейгүл, ештеңеден қорықпау керек. Таныс емес дүниелерден де қорықпау керек. Бәріне соқтығысып көр. Сол кезде ғана өмірден бір нәрсені үйренесің. Адам қателеспей, қателіктің не екенін білмейді... Адамның жаман жақтарынан да жақсы нәрсе үйренуге болады. Біреу жаман нәрсе істеді екен деп, ол кісіні жазғырма, ол жағдайдың өзіңе жақсы жағын ал. Сол қателікті өз кезегіңде сен жасамауға тырыс... Достық – ұлы қасиет. Достықты бағала. Бір-бірінің ең ауыр қателіктерін кешіріп, ең қиын кездерінде көмек көрсете білген, ең қуанышты сәтінде бірге қуана білген жандар ғана адал дос бола алады» - деген сөздері әлі есімде. Сол кезде аса мән бермегенмен, қазір сол сөздердің мағынасын жете түсініп келемін.

Айта берсем, уақыт жетпес. Ұстаздарымның кешегі маған үйреткендері бүгінгі күні менің өмірлік қағидаларыма айналды. Олардың тәлім-тәрбиесі, айтқан ақылдары – менің бүгінгі ұстанымым. Маған оқуда да, өмірде де талай нәрсе үйретсе, бірі де ол үшін ақы сұраған емес, міндетсіреген де емес. Керісінше, әлі де жол сілтеуді жалғастыруда. Мен ұстаздарымның алдында қарыздармын және өз кезегімде ол кісілердің ізгі жолын ары қарай жалғастырып, өзгеге дәл сондай ұстаз бола білсем, қарызымның өтелгені деп білемін. Үйреткендерін өзгелерге үйретсем деймін. Мына заман қаншалықты әділетсіз болса да, балаларға әділеттілікті үйретуден соншалық жалықпасам деймін; өмірде адамзаттың қателіктері қаншалықты көп болса, сол қателіктерден үлгі ала отырып, келесіде сол қателіктерге ұрынбауға және өзгелерді ұрындырмауға соншалық үйретсем деймін; адам бойында адамгершілік қасиеттер қаншалық жойылса, сол қасиеттердің қайта жандануына соншалық ықпал тигізсем деймін; оқушылар ақын-жазушылардың өмірбаянын білмесе, білмесін, бірақ ең бастысы олар жырлаған, дәріптеген адами құндылықтарды игертсем деймін...

Мұның барлығы – қиынның қиыны. Десе де мен алған жолымнан қайтпаймын. Менің жолым – ұстаздық жол.




Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: / / Қуаныш М.Қ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!