400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Үштілділік — заман талабы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы өзекті мәселе
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үштілділік — заман талабы»

Қазіргі таңда жастар үшін үштілді жетік меңгеру болашаққа сеніммен қарау деген сөз.Үштілдік заман талабына осы үш тілді білу маңызды, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.Қазақ тілі- біздің мәдениеттік тіліміз.Бұл тілді білу жәнеде сөйлеу өте маңызды.Орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Ағылшын тілі-  әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Жан-жақты дамыған тұлға болып өсуіне үлкен септігін тигізеді.

Шетел тілін үйрену,оны қолданыс аясына кеңейту бүгінде өзекті де, келелі мәселелердің бірі.Себебі қазір кез-келген кәсіпке де , күнделікті өміріңізге де бұл тілдің алып келер пайдасы көп. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Өз тарапымыздан қолдан келер көмегімізді аямауымыз қажет.Менің ойымша мемлекеттік тілді балабақшадан бастап үйреткен жөн.Бұл тілді меңгеру барысында тек мұғалімнің еңбек еткені аздық етеді деп ойлаймын,үйдегі ата-ананың ата-ананыңда зор үлес қосуы қажет.Екі тарап бірге жұмыс жасаса, нәтиже де болары анық.Иә,мектептегі ұстаздардың білім беру жүйесі де ерекше әрі қызық.Мысалы,неше түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ұстаздар өз шәкірттерін шаббыттандырып сабаққа деген ынтасын жоғарылатады.Ойын ,презентация, көптеген тесттер мен қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болып, оқушылардың тілге деген қызығушылығы одан аса арта түседі.Оқушылар үшін үштілде сөзжұмбақ пен логикалық ойындардың пайдасы өте көп.Олар ойлау қабілетін ұштай түсіп,еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланады. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі», салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, тақырып бойынша табу арқылы үш тілде аудармасын ұсынады үндестігін табу арқылы жан-жақты ойлауға, оқушы өзіннің пікірін айтуға дағдыландырады.

Қазір жаһандық ақпараттың дамыған кезеңі. Заманға сай  еліміздегі барлық салада жаңашылдықтар енгізілуде. Мәселен, көптеген жұмыс орындары мен жаратылыс пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр.Бұл тілдің қиыншылығы мен қызығушылығыда қатар жүреді.Сонымен қатар тиетін пайдасыда көп, мысалы шетелге шықсаңызда немесе шетелдік танысыңыз болса сіз бұл нәрседен еш қиналмайсыз,сол себепті бұл бағдарламалар мен мемлекеттегі жаңа өзгерістер қуантуда. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілімізді құрметтейтін болсақ, өзге тілді қадірлейтін болсақ елімізге елеуі, халқымызға қалаулы азаматы болатынымызға сенімдімін.

Тіл-қай елде,қай ұлтта болса да қастерлі,құдіретті.Бүгінгі нарықтық заманында біздің дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы  азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтіні ақиқат. 

Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде.  Осының бәрі күнделікті жады жағдай. Енді көптілділікті  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында халықаралық стандарт деңгейінде тиімді ұйымдастыру үлкен мәселе болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөздерінде көп ұлтты Қазақстан қоғамы үшін көптілділікті дамытудың маңыздылығы мен маңыздылығы туралы бірнеше рет айтқан болатын. Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы идеясын Президент алғаш рет 2004 жылы жариялады. Ал 2007 ж. Мемлекет басшысы "жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауында "Тілдердің үштұғырлығы"мәдени жобасын кезең-кезеңімен іске асыруды бастауды ұсынды. Дәл осы сәттен бастап Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тіл саясатының есебі басталады, ол бүгінгі күні қоғамдағы танымалдық деңгейі мен тиімділік деңгейі бойынша әлемнің басқа елдері үшін үлгі бола алады. Халықтың рухани даму процесіне үйлесімді кіре отырып, тіл саясаты ауқымды әлеуметтік жаңғыртудың жалпы саясатынан ажыратылмайды. Президент жаңғырту табысты болу үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды деп санайды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Тек осындай түсінікте ғана кең қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады.

Қорытындылай келгенде,Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт-тілдердің үштұғырлығы  Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай.  Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі.

 Қысқасы мемлекеттігіміздің  негізі – қазақ  тілін  пән  ретінде  оқыту  мен бірге  орыс  ағылшын  тілдерін  бүгінгі  таңдағы  инновациялық  технологиялардың  озық  тәжірибелерімен меңгертуіміз  қажет. Ол  бүгінгі  — заман  талабы.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі