Үш тілдік оқытудың жаңа замандағы жағдайы.Тіл-халықтың ес білген кезінен бүгінге дейінгі барша болмыстың шежіресі,Халықтың мәдениеті мен ақыл ойыныңең асыл айғақтары жинақталған қоймасы.«Тіл- сөйлеу ,сөйлесу,оқу үйрену,жазу сызу арқылы өседі.Бұл үшеуінің бірде-біріне көңіл аудармау ең улкен қылмыс»-дейді академик жазушы Ғабит Мүсірепов.Тіл тағдырына қатысты өзекті осынау үш мәселенің бірі назардан тыс қалуға болмайды.Себебі жөнімен сөйлеу білу мәдениеті болсын,оқып- тоқу арқылы тілдің тоқсан толғам сырын игеру болсын немесе рухани болмысымыз көрініс табар әдеби тіліміз болсын, бұдан кім кімнің де бейтарап қала алмайтыны аян.«Тл ұлттың аса ұлы игілігіәрі оның өзіне тән ажырамас белгісі,ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардыңтарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың болашағы –тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты»-делінген Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында. Жаңа мыңжылдықтар тоғысында өскелең ұрпақ әр түрлі мемлекеттердің,халықтар мен мәдениеттердің өзара бағыныштылығы мен өзара байланысып кемелденуі негізінде дамып жетілетіндігі айқындалып келеді.Бұл тұрғыда шет тілін үйрену жас ұрпақтың қазіргі кездегі өзекті мәселесі болып тұр және де ғылыми теориялық міндеті.Себебі қазіргі таңда адамның жаңа әлеуметтік саяси әрі әлеуметтік мәдени бейімделуінің басты белгісі іспетті боп шет тілі басымдық алды.Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті,ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауында нақты айтылған.Жолдауда Елбасы еліміздегі азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын ұсынды.Жобада қазақ тілі мемлекеттік тіл,орыс тілі ұлтаралық тіл,ағылшын тілі жаһандану тіліекендігі айтылған.Тілдерді дамыту –еліміздегі мемлекттік саясаттыңең маңызды бағыттарының бірі.Мұнда ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің ,халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың көрінісі бар.XXғасырдың басында тіл жанашыры А.Байтұрсынов «Тілі жоғалған ұлттың өзі дежоғалады » деген еді.Яғни ұлттың тілінде оның даму тарихы бар екендігі кім кімге де аян.Ендеше, бұл жолдауды оңды қоғамдық көзқарас,тіл дамуына жасалған жағдай деп түсінеміз.Байқаған адамға Отанымызда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге құлшынысы күннен күнге артып келеді.Бұл қазақ тілінің мәртебесінің артуына бір қадам да болса ілгері басушылық.Бүкіл өркениетті адамзатпен бірге жаңа даму жолына түскен Қазаұстанның ,оның мемлекеттік құрылысы алдында тұрған мәселе күрделі әрі ауқымды.Солардың ішіндегі ең бір өзектісі ,рухани тарихи маңызы мен ұрпақтар сабақтастығы,тәрбиесі мен болашағыүшін орны ерекше проблема-қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін мемлекеттің барлық аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуын іс жүзінде қамтамасыз ету.Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі ұлттық руханиятымыздың өзегі.Қазіргі таңда біздің Үкіметіміз мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту,оны азаматтардың барлығы меңгеруі үшін қажетті материалдық техникалық жағдайларды тегін жасап отыр.Жыл сайын мемлекеттік тілді дамытуға қаражат еселеп құйылуда. Елбасы өз жолдауында: «…біз санғасырлық дәстүріміз бен тілі мен мәдениетін сақтап дамыта береміз.»-деген болатын.Елбасы бұл тұрғыда ерекше мін беріп ,халықаралық стандарт бойынша мемлекеттің дамудағы негізгі белгілерінің бірі-елдегі мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет жасауын қамтамасыз ету.Алғаш Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы туралыойды Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді.Онан соң барлық жолдауларында осы мәселе туралы түрлі жобалар ұсынылып мақсаттар айқындалып келеді «.Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді» деген еді.Елбасының бұл тұрғыда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді еркін пайдалатын ел ретінде танылса деген асқақ арманын көреміз және түсінеміз.Бул жерде Елбасының «Мектептерге шет тілін жоғары дәрежеде меңгерту үшін тіпті шетелдерден мұғалім алдырту керек .Кез келген ортанқол мектепте болса да балаларға шет тілін үйренуге жақсы жағдай туғызу қажет»-деп атап айтты.Елбасының жолдауын қолдау мақсатында қаншама игілікті істер атқарылды десеңізші. Әсіресе Білім Министрі Е.Сағадиевтің Жоспарындағы 2019 жылға дейін елімізде үш тілде білім беруге көшуде еш кедергі болмауы тиіс деген сөзі көңілге қонымды.Енді үстіміздегі жылы жоғары сыныптарда осы жүйеге көшірілетінін айтты.Яғни мектепте жоғары сыныптарда техникалық мамандықтар пәнін(химия,физика,биология,информатика)ағылшын тілінде өткізіліп оқушылардың әлемдік үдеріске араласуына жағдай жасауы керек екендігін айтты.Ал еліміздегі орыс мектептеріндегі Қазақстан тарихы пәні қазақ тілінде және қазақ мектердегі Диние жүзі тарихы орыс тілінде жүргізілуі тиіс.Осылайша әр оқушы үш тілді еркін меңгереді деді.Бұл оқушы үшін тиімді әрі міндетті.Себебі ол кейін жоғары оқу орындарында да ағылшын тілінде оқытылатын техникалық пәндерге бейімделеді.»-деген еді білім министрі Е.Сағадиев.Шынымен де ағылшын тілі бугінде нағыз қажетті ақпараттық технологияның,компютер технологиясының тілі деуге болады.XXIғасырда ағылшын тілі халықаралық бизнес,ғылым мен жаңа технологиялар тілі міртебесіне ие болды.Бұл өздігінен ақ оку орындарының тілдерді меңгертуде түбегейлі өзгеріс керектігіне алып келді.Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгерту үшін жер жерлерде арнаулы мектептер,колледждер ашылуда әрі қарай ашыла бермек,себебі бұл заман талабы.Үштілділікті қолдау,қолдану мақсатында балабақшадан мектепке одан әрі жоғары оқу орындарында жалғасын табатын спиральды оқыту жүйесі жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп үлкен сенім артып отыр бугінде жаңа бағдарламамен жағартылған бағытта оқытушы мұғалімдер.Және олар бір кісідей атсалысып барлық қиындықтарды шешуге тырысуда.Себебі ең алдымен Елбасы мұғалімдерге зор жауапкершілікті міндетті артып барлық жағдайды жасауда.Өйткені зиялы қауым ретінде ұстаздар ғана үштілді оқыту-жас ұрпатың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашар,әлемдік құпияларға үңіліп,өз қабілеттерін танытуға бағыттатын бірден бір зор тұлға деп танылуы тиіс.Ақырында заман талабына сәйкес қазақ тілін дамыту керек болса,орыс тілінде еркін сөйлейміз және ағылшын тілін де еркін білуге талпынамыз.Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аттыхалыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек өзгелерге сыйлы боламыз.Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз.Біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буыннн өтіп,біздің деүйлесімді үлесімізбен толығатын қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз»-деді.Елбасымызды сөздеріне көңіл қойсақ,шынымен де мемлекеттік тіл үш тілдің бірі болып тұрмайды,ол өз мәртебесінде биіктеп,қалған ек тілге басшылық жасап ,бағыттаушы боладыя,ғни үш түғырдың устінде нық тұрады деп сенеміз.Қорыта айтқанда, үштілділік –заман талабы,ал үш тілді оқытудың жаңа замандағы жағдайы күннен күнге жақсарып ,жаңғырып келеді.