Материалдар / "Үштілділік қажет-ақ, ал өз тіліміз ше?" Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Үштілділік қажет-ақ, ал өз тіліміз ше?" Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Үштілділікке
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Үштілділік – қажет-ақ, ал өз тіліміз ше?


Қазіргі кезде үш тілділік мәселесі қызу талқылану үстінде. Жер мәселесі сөз болса, жерге қарап, тіл тағдыры десе тілін тістеп отыра беруге болмайтынын әрбір қазақ сезініп те жүр. Оны біз естіп те, тыңдап та жүрміз. Өйткені бұл мәселеге немқұрайлы қарамайтын азаматтарымыз көптеп саналады. Сондықтан тіл маманы ретінде, өз пікірімді білдіруді міндет деп санадым. Алдымен «туған тілімізге орыс тілін араластырып, шұбарлаған қазақ едік», «енді үшінші тілді қосып, қандай қазақ болдық?» деген сауалдар оралды ойыма. Әрине, дана Әл-Фарабидың өзі жетпістен аса тіл білгенде, мұнымыз не десек те болады. Әйтсе де, Алаш азаматтарының бір ғасыр бұрын айтқан пікірлеріне құлақ түрсеңіз, құндылығының арта түскенін байқаймыз. Жүсіпбек Аймауытов: «Орыс тәрбиесін алған бала - ұлт қызметкері бола алмайды» десе, Жәлел Досмұхамедұлы: «Қазақты – елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетін қайраткер ғана басқаратын болады» депті. Сонда бала-бақшадан бастап үш тілді меңгеретін қазіргі ұрпағымыз осы зиялылардан білімді, ұлтшыл, саяси қырағы ма? Басқа тілдерді меңгеру - заман талабы екенін бәріміз де жақсы білеміз. Себебі басқа тілдер ғылым мен технологияның дамыған тілдері. Сол арқылы білім, ақпарат алып, танымдары артады. Десек те, үш тілді меңгерсе де, туған тілінде тәрбие мен білім алмаған қазақ баласы қазақы, өз ұлтының бар болмысын сүйетін азамат болып өспейді.  Асан қайғының «Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қадірін не білсін? Қырда жүрген дуадақ, Су қадірін не білсін?» дегеніндей, ана тілінің уызына жарымай, өз ұлтынан сусындамай, өзге тілде тәрбие мен білім алғандар қазақ тілін қастерлеп, оның қасиетін қайдан ұқсын? Танымы мен ой-өрісі әлі толық қалыптасып бітпеген,, тіпті ана тілінде тілі жөндеп шықпаған бүлдіршіндерге шет тілін тықпалау қаншалықты қажет? Әлемдегі ең озық елдердің бірі – Жапонияның тілдерді оқыту тәжірибесіне көз салыңызшы. Ол елдің балалары алты жасынан мектепке барып, алты жылға созылған бастауыш сыныпта тек жапон тілінде білім алады. Шет тілі ретінде ағылшын тілі бала орта мектепке өткен кезде, яғни он екі жастан бастап қана оқытылады. Сол шет тілді он екі жастан бастап үйрену олардың ұлы экономикалық державаға айналуына еш кедергі келтірген жоқ, қазір жапон рухын бойына сіңіріп өскен аса білімді, асқан патриот ұлт ретінде әлемге танылып отыр. Үш тұғырлы тілдің тағы бір тармағы – орыс тілі. Осы орайда орыс тілін арнайы тұғырға айналдырудың өзі дұрыс па деген сұрақ туындайды. Орыс тілінің елімізде ұлтаралық келісім тілі деген «мәртебесі» бар. Ал Елбасының Жарлығымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін негізгі фактор ретінде көрсетілген. Сонда бұл дегеніміз нағыз «сорақылық» қой. Сонда қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде ұлтаралық келісім тілі бола алмай ма? Тағы бір мәселе, әлі күнге дейін қазақ тілінде білім алатын оқушыларға бастауыш сыныптан бастап орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні міндетті пәндер ретінде оқытылып келеді. Бұл пәндер ЖОО-дағы қазақ тобындағы студенттерге де оқытылады. Өз басым шет тілін оқытуға қарсы емеспін, ағылшын тілін меңгеру – заман талабы. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлемді танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Сондықтан да ауыл мектебі оқушыларына тілдерді меңгеруі арқылы қазақ елін әлемге таныту. Орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытылып жатыр. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, мұғалімдер оқушылардың еркін сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеге жеткізгендері дұрыс. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Тек оны оқытуды бастауыш сыныптан кейін енгізген жөн. Ал орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері тек орыс сыныптарында ғана оқытылуы тиіс, оларды қазақ мектептерінде міндетті пән ретінде оқытудың қажеті жоқ. Орыс халқымен іргеміз карта мен глобуста ғана ажыраған сияқты, ал ой-санамыз, болмысымыз әлі де сол баяғы кеңес дәуіріндегі кезеңде өмір сүруде.

Біздің заманымызда тіл үйрену – әр адамның өз болашағының тиімділігі. Мемлекет талабына сай әрбір жеке тұлға өз ана тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруі – басты қажеттілік болып отыр. Бала-бақшалар мен мектептерде ағылшын тілі сағатының көбеюі, тіпті жоғарғы оқу орындарында магистратураға тапсыру үшін, міндетті түрде ағылшын тілін білу керектігі – осының айқын дәлелі. Көп тіл білу – заман талабы. Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол - танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени аралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеу қажет-ақ. Дегенмен де, жаппай үш тілді міндеттеу де, үш тілмен шектеу де қажет деп санамаймын. Жұрттың бәрі үш тілде сөйлеп, жазып кете алмайды. Қабілеті жеткендер төрт, бес немесе одан да көп тілді меңгерсін. Бізге қытай, француз, неміс, жапон, корей, араб, түрік және басқа да шет тілдерін білетін мамандар қажет. Әр адам өзінің қажетіне, мамандығының ерекшелігіне, болашақ жоспарларына қарай таңдау жасасын. Мәселен, медиктерге латын, музыкантқа итальян мен латын, шет елге баратын дипломатқа сол елдің тілін оқығаны тиімді емес пе? Сол себепті тілдерді үйрену қажеттілікке, нақты мақсатқа сай болса, ел де, сол елдің әрбір азаматы да ұтары сөзсіз.

Отаршылдық саясатынан құтылғанымызға ширек ғасыр өтсе де, өз бет-бейнемізді айқындай алмай келе жатқанымыз – бірнеше ұрпақты орысша тәрбиелеп,, орысша оқытып, әлі де орыстың мәдени-ақпараттық кеңістігінен шыға алмай, шырмалып отырғандығымыздан. Мыңдаған қазаққа орыс тәрбиесі, орыс оқуы өтіп кеткен. Ендеше , ұрпағына ана тілінде тәрбие мен білім беруден артық ұлттың ұлы мұраты болуы мүмкін емес. Әр қазақ баласына ана тілінде тәрбие мен білім беру – әрбір ата-ананың парызы, қазақтың атын иеленіп, қазақ атынан сөйлеп отырған мемлекеттің міндеті болуға тиіс.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007

  2. «Ана тілі» газеті, 20016 жыл, 27-шілде





Жапарова Құралай Жұмайқызы,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

ЖББ № 10 орта мектебі,

Белбұлақ ауылы, Талғар ауданы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!