Материалдар / "Ұялы телефон дос, әлде жау ма?"Ғылыми жоба, 5сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұялы телефон дос, әлде жау ма?"Ғылыми жоба, 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып оқушыларының өзбетінше ізденуіне керек ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
1012
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А лматы облысы,

Қапшағай қаласы













Мектеп:«Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп»МКМ

Жобаның тақырыбы:«Ұялы телефон дос, әлде жау ма?»

Секциясы: Информатика және математика











Орындаған: Улдахан Айша Қайратқызы

5 «Ә» сынып оқушысы

«Ы.Алтынсарин атындағы №1орта мектеп»МКМ

Қапшағай қаласы, Алматы облысы

Жетекші: Когалбаева Зинур Куатқызы

Информтика пәні мұғалімі














Қапшағай қаласы, 2020ж.




Мазмұны


Аннотация 3-5 бет

  1. Кіріспе

    1. Ұялы телефонның шығу тарихын зерттеу 6-7 бет

    2. Ұялы байланыстың адам өмірінде алатын орны 8 бет

    3. Ұялы телефонның ересектер мен балалар денсаулығына тигізетін әсері 9-10 бет

  1. Зерттеу бөлімі

2.1.Ұялы телефонның оқушы өмірінде қолданылуы 11 бет

    1. Ұялы телефон ата-ана мен бала арасындағы байланыс па? 12 бет

    2. Дәрігермен кеңесу 13 бет

    3. Ұялы телефонды дұрыс пайдаланудың ережелері 14 бет

Қорытынды 15 бет

Пікір 16-17 бет

Пайдаланған әдебиеттер 18 бет







































Аннотация


Жұмыстың мақсаты: Балалар денсаулығына ұялы телефондардың тигізетін кері әсерін төмендету үшін, оны пайдаланудың оң және теріс жақтарын зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

  • Мобильді байланыстың тарихын зерттеу;

  • Ұялы байланыстың адам өмірінде алатын орны жөнінен жүргізілген зерттеу жұмыстарына шолу жасау;

  • Ұялы телефонның балалар денсаулығына қалай әсер ететінін анықтау;

  • Мектеп оқушылары арасында ұялы телефонды пайдалану жөнінен сауалнама жүргізу.

Жұмыстың өзектілігі:

Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын, еске салғышын, сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп. Бірақ әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Ұялы телефондардың электромагниттік сәулелері жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер етеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері де осы сымсыз телефон екен. Сондықтан да ұялы телефондардың балалардың денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу әдістері:

Ғылыми жұмысты орындау барысында публицистикалық және ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс, мәліметтерді талдау мен зерттеу, жалпылау жұмыстары, оқушылар арасында сауалнама жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстың болжамы:

Ұялы телефон балалар ағзасына кері әсерін тигізеді, бірақ көп адамдар оған үлкен мән бермейді.


Жұмыстың қорытындысы:

Ғылыми жобаны орындау барысында ұялы телефондардың адам өмірінде алатын рөлі жөнінде көрсетілген. Нәтижесінде, телефон қаншалықты қажетті зат болғанымен, адам денсаулығына, әсіресе, балалар денсаулығына тигізетін кері әсері өте зор екені көрсетілді.















Аннотации

Цель: изучить плюсы и минусы использования мобильных телефонов для снижения негативного воздействия на здоровье детей.

Задачи:

Изучите историю мобильной связи;

Обзор исследований роли мобильной связи в жизни человека;

определить, как мобильные телефоны влияют на здоровье детей;
• Провести опрос школьников об использовании мобильных телефонов. Актуальность работы: Мобильный телефон - это наиболее продвинутая и доступная форма беспроводной связи. В наши дни мобильные телефоны стали очень важными. Люди не только разговаривают по телефону, у них также есть календарь, будильник, напоминание, часы и т. Д. использует. Кстати, у маленького телефона есть масса возможностей. Но ученые всего мира предупреждают, что мобильные телефоны вредны для человеческого организма. Электромагнитное излучение мобильных телефонов может вызвать осложнения нервных, эндокринных и венерических заболеваний. Этот беспроводной телефон является одной из основных причин таких осложнений, как эпилепсия, нервные расстройства и лейкемия. Поэтому важно изучить влияние мобильных телефонов на здоровье детей.

Методы исследования: В процессе исследовательской работы проводилась работа с источниками публицистической и научной литературы, анализ и исследование данных, обобщение, анкетирование студентов. Прогноз работы: Сотовые телефоны негативно влияют на детский организм, но многие люди не обращают на это особого внимания.


Результаты работы: Показана роль мобильных телефонов в жизни человека при реализации исследовательского проекта. В результате было показано, что телефон, каким бы необходимым он ни был, оказывает существенное негативное влияние на здоровье человека, особенно на здоровье детей.











Annotations

Objective: To explore the pros and cons of using mobile phones to reduce negative health impacts in children.

Tasks:

Study the history of mobile communications;

Review of studies on the role of mobile communications in human life;

determine how mobile phones affect children's health;

Conduct a survey of students about the use of mobile phones.

Relevance of work: The mobile phone is the most advanced and accessible form of wireless communication. Mobile phones have become very important these days. People not only talk on the phone, they also have a calendar, alarm, reminder, clock, etc. uses. By the way, a small phone has a lot of possibilities. But scientists around the world warn that mobile phones are harmful to the human body. Electromagnetic radiation from mobile phones can cause complications of nervous, endocrine. This cordless telephone is one of the main causes of diseases such as epilepsy, nervous disorders and leukemia. Therefore, it is important to study the impact of mobile phones on children's health. This cordless telephone is one of the main causes of diseases such as epilepsy, nervous disorders and leukemia. Therefore, it is important to study the impact of mobile phones on children's health.

Research methods: In the process of research work, work was carried out with sources of journalistic and literature, analysis and research of data, generalization, questioning of students. Forecast of work: Cell phones are negative for the child's body, but many people do not pay much attention to this.

Results of the work: The role of mobile phones in human life in the implementation of a research project is shown. As a result, it was shown that the telephone, no matter how necessary it may be, has a significant negative impact on human health, especially on the health of children.














  1. Кіріспе

    1. Ұялы телефонның шығу тарихын зерттеу


Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. 1875 жылғы 2 маусымда Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің дауысын естиді. Өнертапқыш шотландытықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылғы 3 сәуірден басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Өндіріле бастаған алғашқы телефон салмағы 1,15 келі болған (сурет 1). Әрі бағасы 4000 доллар болғандықтан, сол кездегі бағамен едәуір қымбат болған, телефонды тек әскерилер мен ірі кәсіпкерлер, зиялы қауымдар ғана қолданған.



   


Сурет 1 – Өндіріле бастаған алғашқы телефондардың модельдері

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

2008 жылғы қазан айында Вьетнам елінің Нгуен Суан Лин деген азаматы елдің назарына ерекше ұялы телефон ұсынды. GSMстандартында жасалған бұл телефонның салмағының 300 кг тартатындығы бізге ерекше деп айтқызып тұрған. Сонымен қатар, аталған ұялы телефонның биіктігі 3,2м, ені болса жарты метр шығады. SMS жіберу функциясының болуымен қатар 2 мегапикселді бейнекамера мен Bluetooth-модулі бар, динамигінің қуаттылығы 100 ватт, ең қызығы дисплей орнына 42-дюймдік теледидар орнатылған. Осылайша ерекшелігі жағынан алғашқы орынды иеленетін бұл ұялы байланыс құралы жарты жылда құрастырылыпты.

2011 жылдың аяғына қарай Малайзиялық Enmac компаниясы мұсылман қауымына ерекше сый жасады. Құбыланың орналасқан бағытын көрсететін, намаз уақыты кіргенде автоматты түрде дыбыссыз режімге көшетін және өзге де «ақылды» функциялары бар мобилді телефон шығарды. Телефонға араб тілін қоса алғанда барлығы 30 ұлттың тілінде Құран мәтіні орналастырылды. Сондай-ақ аталған телефоннан Пайғамбарымыздың хадистерін де кездестіреміз. Сонымен қатар телефонда орнатылған «Qibla Compass» бағдарламасының көмегімен құбыланың орналасқан бағытын білуге болса, «Zakat Calculator» арқылы зекеттің құнын тез арада есептеп шығара аласыз.




























    1. Ұялы байланыстың адам өмірінде алатын орны


Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз.

Жиырмасыншы ғасырда кез келген ауылда байланыстың қажетті бір түрі радиостанциямен жабдықталмағаны ересек адамдардың естерінде шығар. Техникалық прогресс бір орында тұрып қалмайды, бүгінде әр үйде радиотелефон бар, ал ұялы телефонды бірінші сынып оқушысының қай-қайсысы да мектеп сөмкелерінде ұстап жүреді. Бұл – ата-аналардың өз балаларының қайда жүргендігін білуге өте қолайлы нәрсе, бойына ойын түрлерін, фотоаппаратты, тіпті жерсеріктік навигаторды біріктірген қызықты ойыншық. Қазақстан халқының тең жартысынан астамы ұялы байланысты пайдаланады, ал көптеген кәсіпкерлерде 2 және одан да көп ұялы телефондар бар.
































    1. Ұялы телефонның ересектер мен балалар денсаулығына тигізетін әсері


Адамзат игілігіне арналған ұялы байланыс сияқты жаңалықтар, әрине, пайдалы. Әйткенмен, әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері де жоқ емес.

Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары – даусы көрші үйге естілетін қарапайым телефон, телеграмма немесе хат жазу еді. Техника дамығалы, бұл қызметтің бәрін бір ғана ұялы телефон атқаратын болды. Қазір алақандай ғана осы құралды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұстайды. Бар шаруа бір тетікті басумен шешіледі. Алайда, ұялы телефонның пайдасы ғана емес, зияны да бар екен. Оны ең алғаш кәдімгі тарақандар сезген. Ал, адамдар селт етер емес.

Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр. Бір ай бойына әртүрлі ұялы телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірибесін жасаған. Тәжірибеден кейінгі екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі сыр берген. Содан соң сәулеленген атжалмандардың қанын сәуле қабылдамаған «таза» буаз атжалман тышқандарға егуді жүргізген. Нәтижесінде бүкіл атжалман тұқымымен өліп қалған.

Еуропаның электронды компонеттер ғылыми-зерттеу институты жүргізген зерттеулері көрсеткендей, тіпті аз ғана мөлшерде ұялы телефон арқылы сәуле алу гемоглабин талшықтарының «таралып» кетуіне әкеліп соқтырады. Ұялы телефонға деген тым әуестенушілік адамдардың бүйрегінде тас жиналуына және жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеліп соқтыратындығы белгілі болды. Бұны дәлелдеу үшін мамандар бірнеше мәрте қан үлгілерін зерттеп, 10-нан 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстарын жүргізген.

Ресейде мұндай зерттеулер көптеп жүргізілді. Халықаралық энергоақпараттвқ ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі И.Чернозубов басқаратын Халықтық медицинаның ғылыми-практикалық орталығында компьютерде тәулігіне 6-8 сағат жұмыс жасайтын адамдарды тексеру барысында анықталуы заңды құбылыс. Екі жылдан артық жұмыс жасағандардың талақтары, ұйқы бездері, ми тамырлары өзгеріске түскен, еркектерде импотенция күшейген, ал әйелдерде түсік тастау күрт артқан, әрі бұл америкалықтар мен шведтердің бұл саладағы зерттеулерімен толықтай сәйкес келеді. Сонымен электромагниттік сәулеленудің әсерін біз көрмесек те, байқамасақ та, біздің ағзамызға тигізер әсері аз емес екен.

Ұялы телефондар балалардың денсаулығына әсер етумен қатар, олардың тәрбиесіне де үлкен ықпалын тигізеді. Ұялы телефонның балаларға «үйретпейтін» нәрсесі жоқ. Онда ойынның не шұрайы бар, сағаттап әңгіме де айта беруге болады, интернеттен не пәленің барлығын көшіріп алып, кез келген жерде алаңсыз отырып асықпай қарауға болады. Телефон кәдімгі компьютердің кішкентай көшірмесі іспетті. Бірінші сыныпта оқитын бала телефоннан аядай тордың ішінде арыстанның адамды қанын шығарып жұлмалап жатқанын, кемпірдің шынашақтай баланы теуіп ұшырып жіберетінін, атпалдай еркектің қоймен вальс билеп жүргенін, түрлі шайтани секталарға кіруге уағыздайтын нәрселерді, ауыз бармайтын тағы түрлі видеоларды еш шімірікпестен көріп, мәз болып, «менде мынадай бар» деп, мақтанышпен достарына көрсететінің, достары одан да «кереметін» көрсетіп, «кімнің телефоны, кімнің видеосы мықты» екендігін айтып жарысады

(сурет 2).


 


Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тыйым салынған. Америкада 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 75 пайызының қалта телефондары бар екен, алайда балалар сабаққа кірер алдында телефондарын арнайы орынға тапсырып, сабақтан шыққанда қайтадан алады. 2007 жылы Үндіста

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!