Материалдар / «Үздік дизайн» сайысы

«Үздік дизайн» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
-ақпараттық технологиялар саласында шығармашылық қызметті ынталандыру; -қатысушылардың компьютерлік графика құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі; -өзіндік шығармашылық қызметке қызығушылықты арттыру; -білім беру және тәжірибелік іс-әрекетте компьютерлік бағдарламаларды пайдалануға қызығушылықты жоғарылату; -компьютерлік графиканың заманауи бағыттарын насихаттау; -студенттердің шығармашылық жетістіктерін насихаттау; -студенттердің көркем мәдениетін арттыру; -дарынды жастарды қолдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК














«Үздік дизайн» сайысы










Дайындаған: оқытушы:

Н.К.Мырзагужинов














Семей қаласы

2019-2020 оқу жылы

Арнайы пәндер циклдық комиссия-1 отырысында қаралып, талқыланды


Хаттама №_____ «___­_­»____________2019 ж.


Циклдық комиссия төрайымы __________ Л,А.Мукушева




«Үздік дизайн» сайысы


Өткізу мерзімі: 19.11.19 жыл

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тараптама тапсырмалар

Қатысушылар: 18 VT – 1 және 18 VT – 2 топтары

Өтетін орны: 706 ауд.

Өткізілу барысы: Сайыс 2 кезеңнен тұрады:


Мақсаты:

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды тәжірибелік қызметте қолдануға белсендіру. 


Сайыс міндеттері:

-ақпараттық технологиялар саласында шығармашылық қызметті ынталандыру;

-қатысушылардың компьютерлік графика құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі;

-өзіндік шығармашылық қызметке қызығушылықты арттыру;

-білім беру және тәжірибелік іс-әрекетте компьютерлік бағдарламаларды пайдалануға қызығушылықты жоғарылату;

-компьютерлік графиканың заманауи бағыттарын насихаттау;

-студенттердің шығармашылық жетістіктерін насихаттау;

-студенттердің көркем мәдениетін арттыру;

-дарынды жастарды қолдау.

Сайысты өткізу тәртібі

Сайыс кезеңдері

Сайыс 2 турдан тұрады: сырттай (іріктеу туры) және негізгі тур (студенттердің қатысуы).

I тур (сырттай).

Үй тапсырмасы: мамандығы бойынша эмблема әзірлеу.

1. Әр қатысушы тек бір ғана жұмыс ұсына алады.

2. Барлық жұмыстардың түпнұсқалық файлы және қосымша *.jpg, *.png кеңейтілуіндегі файлдармен жіберілуі тиіс.

3. Стандартты емес қаріптер қолданылған жағдайда олар Сіздің жұмысыңызбен бірге «Fonts» бумасында ұсынылуы керек.

II тур (студенттердің қатысуы).

1. II турға І турдың қорытындысы бойынша максималды ұпайдың 50 пайызынан жоғары ұпай алған қатысушылар өтеді (максималды ұпай - 9).

II тур екі кезеңнен тұрады:

1 кезең. Квалификациялық тапсырманы орындау. Сайысты өткізу кезінде әр қатысушы тапсырманы компьютерде орындайды. Квалификациялық тапсырманы орындауға берілетін уақыт: 30 минут.

2 кезең. II турға өткен қатысушылардың үй жұмысын ұсынуы (қатысушыға өз жұмысын қорғауға 2 минут беріледі). Қорғау кезінде жұмыс атауын, оның мақсаттарын, ұсынылған композицияның қысқаша сипаттамасын, түстерді таңдауын көрсетіп, орындау техникасына сипаттама беруі қажет. Сонымен қатар, сұрақтарға берілген жауаптар да бағаланады.

Жұмыстарды бағалау критерийлері

1.Бағалаудың жалпы критерийлері:

  • берілген тақырыпқа сәйкестігі;

  • жұмыстың жаңашылдығы, ерекшелігі – тақырыпты ашудағы жұмыс ерекшелігі, жұмыс идеясының тереңдігі, көркемдік, шығармашылық ойлаудың даралығы, қолданылатын құралдардың ерекшелігі бағаланады;  

  • жұмыстың техникалық орындалуының сапасы мен күрделілігі – қолданылған құралдарды таңдаудың тиімділігі және ұтымдылығы бағаланады.

Ескерту: барлық критерийлер үш баллдық шкала бойынша бағаланады:

0 – жоқ

1 – іс-жүзінде байқалмайды

2 – жартылай бар, әрдайым тиімді емес

3 – толық деңгейде қамтылған, ұтымды қолданылған

2 Квалификациялық тапсырманы бағалау критерийлері

Әр қатысушы біліктілікті анықтау тапсырмасын жеке орындайды.

Критерийлер:

  • орындау дәлдігі

  • құралдарды таңдау тиімділігі

  • орындау уақыты.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ