« Үздіксіз
даму – мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі» атты
ЭССЕ
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»
КММ
Бастауыш сынып
мұғалімі:
Тусупбекова Жанбота
Тусупбековна
Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу
барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың
білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе
алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім
жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ШҚО педагогикалық
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
институты басты фактор ретінде қарастырып отырғаны
бәрімізге мәлім. Оларды алаңдататыны – жас ұрпақтың тағдыры деп
ойлаймын. Ал «Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп
айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге
қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның
жүрегі - мұғалім. Мына бізді жаңа білім беруге жетелеп,
өзіндік білім көтеру курстарын ұйымдастырып, алға жетелеп жүрген
«Өрлеу» орталығының қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз деп
есептеймін.
Шығармашыл ұстаз тек қана сабақ берумен ғана шектелмей,
ата-аналармен де, ұстаздармен де жан-жақты жұмыс өткізу
керек. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты
түрлендіріп өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы,
өмір бойы оқып жемісін көре
білуінде.
«Білім мен тәрбие егіз»,- деп қазақ атамыз
бекер айтпаған. Мектептегі баланың тәрбиесіне жауап беретін негізгі
мұғалім ол, әрине, сынып жетекші. Бала тәрбиелі болмай, білімді
болмайды. Сынып жетекшіні баланың мектептегі екінші анасы деуге
тура келеді. Себебі, кез-келген оқушының мінез-құлқын байқайтын,
психологиялық ахуалын зерттейтін, сабаққа құлшынысын анықтайтын
бірден-бір мұғалім - ол сынып жетекші. «Өрлеу» орталығының бізге
мұғалім ретінде де, сынып жетекші ретінде де ұсынған, бойымызға
сіңірген әрбір білімін, жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибемізде қолданып
келеміз.
Тәрбиенің негізін қалаушы ол - ана-ана, бірақ,
қазіргі кезде көп ата-аналар балаларына тәрбиені толықтай бере
алмай жатқанын байқаймыз, сондықтан осы тақырыпты өзекті деп алып,
бастауыш сынып жеткшілер кафедрасының жетекшісі болғандықтан
мұғалімдер арасында коучинг өткізуге бел байладым. Бұл коучингтің
мақсаты: сынып жетекшілердің ата-аналар жұмысындағы
негізгі проблемаларды анықтау, шешу жолдарын қарастыру арқылы жас
сынып жетекшілерге алдын - алу бағытында бағыт бағдар беру болды.
Күтілетін нәтиже: коучингте өткізілген әдіс-тәсілдерді өз іс
–тәжірибесінде қолданады. Анықталған проблемаларды шешуге арналған
іс-шаралар анықталады, іске асырылады. Бұл коучингте жеткен
жетістіктерім:
-
Жасырын суреттер арқылы топқа бөлінген кезде
қатысушылар үшін қызықты болды.
-
«Карта» атты жаңа стратегия өте тиімді
қолданылды.
-
Топта мұғалімдер барлығы бірігіп жұмыс
атқаруға тырысты, сынып жетекшінің ата-анамен жұмыс кезіндегі
проблемаларды анықтап көрсетті.
-
Жемістерге алда жоспарлауға болатын іс-шаралар
жазғызып алу тәсілі тиімді болып, диагностикалай келе келесі
тақырыптар бойынша шаралар бойынша мұғалімдердің ойлары, тілектері
қорытындыланды: Әкелер жиналысын өткізу – 12 мұғалім, ата-аналармен
бірге табиғатқа саяхатқа шығу – 10 мұғалім, ата-аналар оқуын өткізу
– 8 мұғалім, «Әке, ана, бала» тақырыбында түрлі зияткерлік,
спорттық, топтық сайыстар – 20 мұғалімдер, «Мен және менің отбасым»
тренинг, мастер кластар өткізу – 13 мұғалім, отбасылық концерттер –
6 мұғалім, мамандық таңдауға арналаған түрлі формадағы ата-аналадың
қатысуымен тәрбиелік шаралар – 14 мұғалім,
т.б.
Міне, мұғалімнің қолында адам тағдыры, болашақ
ел тағдыры тұрады. Біз өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс
істейміз. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, ізденісте
болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беріп
отыруымыз керек. Бастауыш сынып мұғалімі сөзімен, ісімен,
мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен,
балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген
ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады деп есептеймін.
Қазіргі қоғамда қажетті де осындай
ұстаздар!
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені
мұғалім мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай:
қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік
мәдениеті басты шарт екені бәрімізге
аян!
Міне, ұстаздардың ұстазы болып, бізді білім әрімен сусындатып,
жаңартылған білім бағдарламасының мәнін ашқан «Өрлеу» орталығының
мамандарының бірі - Динара Бурабайқызына алғысым шексіз. Бүгінгі
таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеймесе, кеміген
жоқ. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл,
зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық
үйлестіруді шебер меңгерген психолог – педагогтік диагностика қоя
білетін іскер мұғалім керек. Заман талабына сай мұғалімнің сыртқы
келбетінің мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, кәсіби мәдениеті,
әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс ырғағы, сазы
ерекше, сауатты, сенімі, әділ, төзіммен сабыр сақтауы – бәрі халық
назарында. Мұғалім осыншама қасиеттерді игере отырып, педагогикалық
шеберлікпен жұмыс істеуі керек деп
ойлаймын.
Мен күнделікті сабағымды біліктілік курсынан үйренгеніме
сүйеніп, әр баланың жас және дара ерекшелігін ескере отырып,
жоспарлауға тырысамын. Лицей өмірімен байланыстырып,
ұйымдастырылатын әр апталық тақырыбымен бастаймын. Психологиялық
ахуал тудырып, жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастауға тырысамын.
Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру үшін жазуын әдемі жазатын,
әр сабаққа өте белсене қатысатын, мәнерелеп оқу деңгейі жоғары
оқушыларға ерекше көңіл бөліп, оларды үлгі тұтып, басқа оқушылардың
сол оқушыларға еліктеп, алға қарай талпынуына жол ашып отырамын.
көшбасшылық модулін басшылықта ұстадым. Оқушылардың оқу дағдысының
қалыптасуына көп көңіл бөлуге тырысамын. Сабақта оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру үшін, түрлі ойын, смс – хабарлама келтіру
арқылы, құпия достың тапсырмаларын орындата отырып, сабақты
жоспарлаймын. Топтық жұмыс арқылы балалар «Пазлы» құратқан кезде
олардың арасындағы достық, бірлік қасиеттерінің дамуы жақсы жүзеге
асатынына көзім толық жетті. Осылайша, сыныбымдағы оқушылар
арасындағы атмосфера өте жайлы екеніне барлық пән мұғалімдері де,
әкімшілік тарапынан да ізгі тілектер айтылуда. Сонымен қатар,
оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін, әрбір сабағымда
тақырыпты да өздеріне анықтатып, мақсат қойдыртамын. Қазақ әдебиеті
сабақтарында «Эстафеталық» оқу әдісі өте тиімді өтеді. Мәтінді
талдау үшін құрылған топтық тапсырамаларды да оқушылар өте жоғары
белсенділікпен орындайды. Әрбір сабақ соңында тақырыпқа байланысты
сұрақтар қойылып, рефлексия жасап отырамыз.
Формативті түрде балалардың білім деңгейін бағалап
отырамыз. Қазақ тілі пәндерінде «Жигсо» әдісі өте тиімді
қолданылады. Оқушылардың іс – әрекеті өте әсерлі болады. Оқушылар
тек қана білім алып қана қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу
арқылы оқуда балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту
белсенді жүргізілген және оқуы тиімдірек, зияткерлік жетістіктері
жоғары бағаланатын зерттеу боып тұрады. Тағыда сергіту сәті,
тренинг, бағалаудың түрлері сәтті өткізуге болады. Сыныпта оқушылар
екі жұлдыз, бір тілек айтуды өзге сабақтарда қолдану нәтижесінде
сәтті өтсе, көшбасшының бағалауы анық, нақты қолжетімді болады.
Осындай жұмыстың нәтижесінде сыныбымның білім сапасы да шарықтап,
жоғарылап бара жатқанын байқап қайран қалудамын. Бұл да осы біздің
білімімізді көтеріп жүрген «Өрлеу» орталығының жетістігі деп
ойлаймын.
Қазіргі заманда бастауыш сынып мұғалімі – өзі
білімді, құзіретті, зерттеуші, ұйымдастырушы, сарапшы, зияткер,
тәрбиеші, сыншыл, шығармашыл, жан-жақты болуды талап етеді. Ол
әрқашан өз білімін көтеріп, педагогикалық шеберлігін арттырып,
үздіксіз даму үстінде болу керек. Мұғалімнің шығармашылығы – оның
берген сабағынан, өткізген шаралары мен алдында отырған оқушылардың
білім деңгейінің көрсеткішінен
байқалады.
Болашақта нені дамытамын: Әрі қарай сабақтарымда оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдерін іздене жүріп бағдарламаның жеті модулін әрі
қарай зерделеймін. Оқушы бойында сыни көзқарас қалыптастыра отырып,
сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдыларын жүзеге
асырамын.
Талантты және дарынды балаларды оқытуда кейс-стади
әдістерін терең зерттеймін. Оқытудың жаңа тәсілдеріне ерекше назар
аударып қана қоймай, оқушылардың жеке жұмысын одан әрі дамытып, әр
оқушының жеке мүддесін ескере отырып, бағалауды одан да
ізгілендіруді жолға қоямын деген
ойдамын.
Қазіргі заман талабы бойынша
жаңартылған бағдарламаның мақсаты – оқушылардың қалай оқу
керектігін өз бетімен үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өз ойларын
дәлелді жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни тұрғыдан ойлай
алатын, іс - әрекеттерін көрсете білетін оқушы қалыптастыру. Дайын
берілген білім, яғни, дәстүрлі оқытудан алынған білім – қалай оқу
керектігін үйрену үдерісінде салыстырмалы түрде «Мұзтаудың су
бетіндегі бөлігіндей» ғана білім беріп қояды, ал, жаңартылған
бағдарлама бойынша оқыту арқасында оқушылар оқу жоспары пәндерінің
«өзіндік ландшафттарын» зерттеуге қабілетті болады. Осындай
оқушыларды тәрбиелеу мақсатында біз сияқты педагогтерді қайта
даярлау курстарын ұйымдастырып жүрген «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалына
алғысымыз шексіз! ШҚО педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру институтының 70 жылдығымен шын жүрекпен құттықтап, алар
асуларыңыз бен барар белестеріңіз көп болғай, еңбектерініз жемісті
болсын деген ыстық тілегімді білдіргім келеді.
Рахмет!
ШҚО біліктілігін арттыру иниститутының 70
жылдығына арналған облыстық «Үздіксіз даму – мұғалімнің
педагогикалық шеберлігінің негізі» атты үздік шығармашылық эссе
байқауына тапсырыс
1
|
Автордың аты
жөні
|
Тусупбекова Жанбота
Тусупбековна
|
2
|
Маманың сертификаты, ғылыми дәрежесі, ғылыми
лауазымы құрметті атағы
|
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту
шеңберіндебастауыш сынып пәндері бойынша педагогикалық кадрлар
біліктілігін арттыру курсынан
өткені
|
3
|
Лауазымы
|
Бастауыш сынып
мұғалімі
|
4
|
Ұсынушы қала,
аудан
|
Өскемен қаласы әкімдігі «Оралхан Бөкей
атындағы №44 лицейі»КММ
|
5
|
Басшының аты- жөні, телефон
нөмірі
|
Түменбаев Танаткан
Калибекұлы
|
6
|
Телефон (қызметтік, қала/аудан кодын
көрсетіңіз)
|
87232611525
|
7
|
Телефон (үй , қала/аудан кодын
көрсетіңіз)
|
Ұ.т
87756122239
|
8
|
Е- mail
|
Vip-zhanbota
<vip-zhanbota@list.ru>,
|