Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
4.3.2.1 дене қызметімен
айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін
көрсету және талқылау
|
Басы
|
(Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу
мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама
жүргізеді.
Уақытты жоспарлау:
Дайындық бөлім: 12-15
мин.
Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.
. Қатардағы жаттығулар.
Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі
жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау.
Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі
жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол
кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу.
Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең
тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру
жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап
орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді
әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта
орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау
жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.
|
Оқушы өз жұбын табады
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Стикерлер, маркерлер,
қаламсаптар
|
Ортасы
|
Бір орнында тұрып қосаяқтап ұзындыққа секіру
тәсілдерін көрсету, үйрету.
Жаңа тақырып
Ұзындыққа секіру
Ұзындыққа секіру жеңіл атлетиканың бір
түрі.Ұзындыққа секірудің жаттығулары өте күрделі сондықтан
ұзындыққа секірушілер жылдам әрі күшті
болады.
Дайындық жаттығуларын
орындау.
Ұзындыққа секіру кезінде оқушылардың
іс-әрекеттерін бақылап тұру. Бір орнында тұрып қосаяқтап ұзындыққа
секіру үшін ,белгіленген сызыққа
тұрып, екі аяқты бүгіп, бір-біріне жақын
қоямыз, содан соң қолды алдыға артқа сермеу арқылы орнымыздан
ұзындыққа секіреміз. Секіру кезінде алдыға қарай еңкейе секіру
керек екендігін ескеру.
Сап бойынша кезекпен ұзындыққа
секіру.
«Ұзындыққа секіру» тапсырмасын аяқтағаннан кейін
оқушылар тапсырманы орындау барысында орын алған бір- бірінің күшті
жақтары мен кемшіліктерін бағалайды.
|
сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап
береді
Дене мүшелеріне байланысты жатығуларды
көрсетеді
қозғалу дағдылары секіру, лақтыру,
жүгіру.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын
анықтайды
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
ҚБ Бағдаршам
|
Ысқырық, секундомер
|
Сабақтыңсоңы
|
Қорытынды.
-Бүгінгі сабақтан не
білдіңдер?
-Сендер үшін не маңызды
болды?
-Сабақтың басында
айтылған мақсатымызға жеттік пе?
-
(ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз
жақсы қатыстық. Бас бармақ арқылы озімізді
бағалайық.
Рефлексия: Балалар алған білімдері
бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер
жапсырады.
1.Барлық дене мүшелерін
атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер
жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін
таңдайды
2. Атауларын білемін,
бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер одан
төменгі бөлігін таңдайды.
3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі
бөлігін таңдайды.
Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына
байланысты кері байланыс жасайды.
|
|
Рефлексия парағы
|