Материалдар / Вариативті курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Вариативті курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайтану мектеп бағдарламасына кейіннен қосылған қосымша оқыту курсы. Бул сол курсқа арнап жасалған бағдарлама. Мектептің 11 сынып оқушыларына арналып жасалған. Қойылған мақсаты,міндетті алынған тақырыптар барлығы Абайтанудың әдістемелік қорынан алынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2182
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Балдахова А.А 24.11.17ж

Сабақтың тақырыбы:«Шал мен бала»  Ө. Тұрманжанов.

Сабақтың мақсаты:  Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
Оқу нәтижесі: Өз бетімен, топта жұмыс жасау тапсырмалары арқылы мәтін мазмұнын игеруге мүмкіндік беру. Оқушыларды қиялдауға, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі:  тізбектеп дауыстап оқыту,  өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауап,іштей оқу,екі дұрыс бір бұрыс,ДЖИГСО әдісі,галерея әдісі,

Көрнекілігі : нақыл сөздер, оқулық, ақ парақ, түрлі-түсті қарындаштар, мақал-мәтелдер,интербелсенді тақта,“Болжау” стратегиясы.
,.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әректі

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау, назарларын сабаққа аудару.

Оқушылар жинақтылып, назарлары мұғалімде болады.

Психологиялық тренинг

Ширату

Психологиялық икем: 
Балалар, қазір алдарыңдағы қағазға, әрқайсысың бойларыңдағы жаман қылықтарыңды, жағымсыз қасиеттеріңді бір сөзбен жазып, қобдишаға салып қоямыз.( мыс еріншектік, жалқаулық, т.б.) Бойымыздан осындай жаман қылықтан арылып, жақсы көңілмен жаңа сабақты бастаймыз. 


Оқушылар қоқыс жәшігіне апарып салады.

Топқа бөлу

Топшама суыру арқылы топқа бөлу:

Өзі қонақ болып көрмеген,

Қонақты сыйлай білмейді.


Оқушылар топшамаларды алып,мақал құрастыру арқылы топқа бөлінеді

Топ ережелерін еске түсіру

- Өзгені тыңда!
- Өзіңді тыңдат!
- Мүмкіндікті пайдалан!
- Уақытты сыйла!
- Ойыңды ашық айт!
- Өзгенің пікірі құнды!

Топ ережесін айтады:

Үй жұмысын тексеру:

Екі дұрыс,бір бұрысәдісі

Оқушыларға «Қобыланды батыр » жырынан үзіндісін мәнерлеп оқыту.

І-топқа:

1.Нар түйедей ақырды,

Алшағыр”деп шақырды.

2.Сүйем сені туған жер,

Әжем жөргек жуған жер.

3.Қанжарменен қармасты,

Семсерменен серместі.

ІІ-топқа:

1.Қобылекең келді бұл жақтан,

Тайбуырыл аттыойнатып...

2.Шегінісіп екеуі,

Еменнен найза салысты.

3.Ұшу үшін ғарышқа

Тоқтар белін буған жер.


Әр топтан екі оқушы «Қобыланды батыр » жырынан үзіндіні оқиды.

Топ басшылары бағалау парағына бағалап отырады.

Оқушылар тапсырманың 2 дұрыс жауабын алып,дұрыс емесін сызады.

Қызығушылықты ояту












,“Болжау” стратегиясы




- Балалар бүгінгі сабағымыз жай ғана сабақ емес, ерекше сабақ, өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр. Қазақта мынадай мақал бар, «Келгенше қонақ ұялады, келгесін үй иесі ұялады». Ендеше, біз ұялмайтындай болып, қонақтарымызға жақсы білімімізді тарту етейік.
(Жерлес ақынымыз Қ. Мырзалиевтің “Қазақ осы” әнін тыңдату)
- Балалар осы әнді тыңдағанда не түсіндіңдер? Осы ән туралы не айта аласыңдар, не түсіндіңдер?
- Сонымен, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақ





Оқушылар тыңдайды,болжайды,ойларын айтады










Мағынаны тану


Жаңа сабақ: Шал мен бала


Оқулықтарын ашады

Автормен таныстыру

Слайд арқылы


Ө.Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. "Казақтың макал-мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттадды.
Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.

-Өтебай Тұрманжановтың төменгі сыныпта тағы да қандай шығармаларымен таныстық?

Слайд көреді





























(2 сыныпта Туған өлкем,Гүлдер көбелектер)


«ЖИГСО - 1» әдісі

Оқулықпен жұмыс

а) Екі топқа « Шал мен бала» әңгімесін бөліп бір рет іштей оқуға тапсыру.

І-топ:Ертедегі өмірдің ...дегеннен бастап,қош алып,үйге түсір,- депті, дегенге дейін.

ІІ-топ:Қонақтың жақындауын....дегеннен бастап,аяғына дейін оқу.


Топ өздері іштей әңгімені оқиды, оқып болған соң мүшелері өзара талдайды.

Үш қадамды сұхбат”арқылы өз тобына тиесілі жерінен түсінігін айтады

Сергіту сәті:

.”Жаман-жақсы”ойыны.

-Үлкендердің алдын кесіп өту жаман қасиет дегендерің тұрайық.

-Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, отырайық.

-Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.

-Бүгінгі сабақ ұнаса аяқты еденге ұрайық.

-Мен мейірімді адаммын десең, екі қолыңды екі жаққа жай.

-Мен көршіммен татумын десең, көршіңнің алақанын қыс.


Сөздік жұмыс
Төтелей жүру - ең қысқа жолмен жүру.
Қазан құлағын көтеру - құрметті қонаққа қазанға ет асу, ас дайындау.
Он екіде бір гүлі ашылмаған - жас бала.


Сұрақ жауап

Галерияға саяхат

1.Әңгімедегі қазақ ауылы қандай жерде орналасқан?(жапан далада,не таудың қуысында,не мидай жазық мекенде,сусыз шөлде)

2. Келген қонақты ауыл тұрғындары қалай қарсы алады?(құшақ жая,көңілді,ақ жарқын жүзбен)

3. Баланың қуануының себебі неде?

4.Баланың ауылына келген қонақ  қандай адам еді?(ақсақал,қария)

5.Қонақтың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

6.Егер сен кейіпкер баланың орнында болсаң,ақсақалға не айтар едің?

7.Қонақтың неше түрі бар?Атап шық.

Оқушылар орындарынан тұрып қабырғалардағы тұрған суреттерге барып кімге қандай сурет ұнайтынын алады, бірақ ол суреттердің артындағы сұрақтарға өздері жауап беру арқылы алады.


Ой толғаныс

5 жолды өлең жазу. 

Мысалы:бала,ата

Зат есім (1 сөз) бала.

Сын есім (2 сөз) қуанышты,сыпайы.

Етістік  (3 сөз) көрді, жүгірді, амандасты.

 Cезімді білдіретін сөйлем(4 сөз)

 Баланың аман қалғаны керемет!

Синоним  (1сөз) ұл.

Қосымша тапсырма есебінде орындайды

Білімді бекіту

Жуан сұрақтар

-Егер жылан кездеспесе, шақпаған болса, оқиға қалай өрбір еді деп ойлайсың?
-Шалдың соңғы айтқан тілегін қалай түсіндің?



Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Қорытындылау:

Өрмекші торы

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.

Бүгінгі сабақтан өзіңе нені үлгі ретінде жадыңда түйіп жүретін болдың?


Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп,” Автор орындығына ”шығып оқиды

Кері байланыс

Автор орындығы

.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Үйге тапсырма

1. «Шал мен бала» әңгімесін оқып, мазмұндауға дайындалу.

2. Әңгіме мазмұнына сай мақалдар жазып келу



Бағалау.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Күнделіктеріне баға қою.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!